- •1 Билет.
- •2 Билет Психикалық таным процестері, қалыптары, тұлғаның психикалық құрылымы
- •3 Билет. Түйсік, оның физиологиялық негіздері және түрлері
- •4 Билет Қабылдау, түрлері, қызметі.
- •5 Билет
- •8 Билет Қарым қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, құрылымы,түрлері,қызметі.
- •9 Билет. Қиял күрделі психикалық үрдіс. Оның түрлері.
- •10 Билет. Зейін түрлері, қасиеттері, бұзылыстары.
- •11Билет. Эмоционалды қалып және тұлғалық қасиеттер.
- •12. Ерік. Адамның еріктік қасиеттері мен даму жолдары. Еріктің бұзылуы.
- •15 Билет. Психологиялық үрдістерді зерттеу әдістері
- •16 Билет.Коммуникативті үрдіс жөніндегі негізгі түсінік.
- •17Билет. “Коммуникативті дағдылар” ұғымының анықтамасы
- •18 Билет. Дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативті дағдылардың мәні
- •21 Билет. Коммуникативті компоненттілік жөніндегі түсінік
- •25 Билет.
- •27 Билет. Дәрігер мен науқастың арасындағы қарым-қатынас
- •28 Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
- •31)Дәрігер мен пациент арасындағы тиімді қарым-қатынас
- •32)Тиімді қарым-қатынасына кедергі келтіретін қалыптастырушы факторлар
- •33.Дәрігер тұлғасы.Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.
- •34.Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктер: үйреншіктік,депрессивтік,интроверттілік.
- •35. Эмоциональды куйреу синдромы. Пайда болу себептерi жане алдын Алу жолдары.
- •36. Медициналык интервью угымынын аныктамасы
- •37 Билет
- •38 Билет
- •39 Медициналық интервьюге кіріспе :Пациентпен сұхбаттасуға дайындалу,алғашқы түсіністікке қол жеткізу ,пациенттің дәрігерге келу себебінің анықтау, Пациентпен сұхбат.
- •40«Дəрігер және пациент» қарым-қатынасын ұйымдастырудың негізгі модельдерді
5 Билет
Ес - бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет құбылысы. Оньң арқасында субъекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.Естің түрлері:
1) іс - әрекетте үстемдік ететін психикалық белсенділіктің сипаты бойынша есті қозғалыс, эмоциялық, бейнелік және сөздік-логикалықес деп бөледі;
2) материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.
Қозғалыс ес - бұл әртүрлі қозғалыстар және олардың жүйелерін есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту. Естің басқа түрлеріне қарағанда естің осы түрі анық байқалатын адамдар кездеседі.
Барлық адамдар қозғалыс есін меңгереді.
Эмоциялық ес — бұл бастан кешкен сезімдердің есі. Жағымды немесе жағымсыз сезімдер ізсіз жойылып кетпейді, ал белгілі жағдайда есте қалады және қайта жаңғыртылады. Эмоциялық ес адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді. Ол бұрын бастан кешкен сезімдерге байланысты адамға өз мінез-құлқын реттеп отыруға мүмкіншілік береді.
Бейнелік ес — бұл дүниедегі заттар мен құбылыстардың бұрын қабылданылған бейнелерін есте сақтау және қайта жаңғырту. Бейнелік ес көру, есту, сипай сезу, иіс, дәм болып бөлінеді.
Сөздік — логикалық ес — ойлауды есте қалдыруда және қайта жаңғыртуда аңғарылатын ес. Сөздік-логикалық естің мазмұны біздің ойымыз болып табылады. Ойлау тілсіз өмір сүрмейді сондықтан да ес тек ғана логикалық делінбей, сөздік-логикалық деп аталады.
Қысқа мерзімді ес — материалды есте сақтау белгілі аз кезеңге шектеулі ес. Қысқа мерзімді ес ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.
Ұзак мерзімді ес салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне есептеледі.
Жедел ес дегеніміз қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығыңдағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталған мерзім бойында материалды есте сақтауға есептелген.
Ес теориясы1-Алғашқы ес теорияларының бірі, өз мәнін қазіргі кезге дейін жоймаған, XVII ғасырда пайда болған. Ассоциативті психологиялық теорияболды. Бұл теория негізінен Англияда кеңінен тарады. Оның негізіне ассоциациятуралы ұғым жатады. Ассоциация — жекелеген психикалық үрдістердің арасыңдағы байланыс, сонымен қатар қоршаған дүниедегі құбылыстар мен заттардың арасыңдағы байланысы айтылады.Бұл теория бойынша ес қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді өте күрделі жүйе ретінде түсіндірілді. Ассоциялардың өзі бірнеше түрге бөлінеді: ұқсастық ассоциациясы, көршілестік ассоциациясы, қарама-қарсылық (контраст) ассоциациясы, адамның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есіне жататын уақыт пен кеңістікке жақындық ассоциациясы.2-XIX ғасырдың аяқ кезінде естің ассоциативтік теориясының орнына кезекке Гештальт теория келді. Теорияның негізгі ұғымы мен басты қағидасы алғашқы элементтердің ассоциациясы емес, ал оның тұтас ұғымы — гештальт болып табылады.Гештальтизм теориясы естің ассоциативтік теориясын қатты сынға алды (гештальт - неміс сөзі, қазақшалағанда бейне, тұтас құрылым деген мағынада қолданылады).Гештальтизм теориясының негізгі ұғымы - гештальт ұғымы — тұтас ұйымды, құрылымды білдіреді.
Естің негізгі ерекшеліктері.
Әрбір адамның есінің өзіндік ерекшеліктері болады. Естің негізгі ерекшеліктері оның күшінен байқалады. Кейбір адамдар күшті есімен ерекшеленсе, ал енді біреулеріне әлсіз ес тән. Ес сапасыңда белгілі дара ерекшеліктері аңғарылады. Жеке тұлғаның іс-әрекетін сипаттайтын естің даралық ерекшеліктері жеке тұлғаның қасиеттері болып табылады. Адамдар әртүрлі материалды әртүрлі тәсілдермен есте калдырады. Біреулер суреттерді, адамдарды, заттарды, түстерді, дыбыстарды ерекше жақсы есте қалдырады. Бұлар көрнекілік - бейнелік түрдегі естің өкілдері болып табылады. Екінші бір адамдар ойларды, сөздік ережелер, ми ұғымдары, формулаларды және т.б. есте жақсы қаддыруға бейім тұрады. Олар сөздік-логикалық түрдегі естің өкілдеріне жатады. Үшінші топтағы адамдар көрнекілік-бейнелік және сөздік-логикалық естерді бірдей жақсы ұстайды.Олардан басқа, есте қалдыру және қайта жаңғырту үрдісінде негізгі анализаторлардың қатысу дәрежесіне байланысты естің типтерін ажыратады. Осы тұрғыдан естің төмендегі түрлерін бөледі: көру, есту, козғалыс және аралас естер (көру-есту, көру-қозғалыс және есту-қозғалыс). Бір топтағы адамдар көрген заттар мен құбылыстарды есінде берік қалдырады, екінші топтағылар — естігенін ұмытпайды, үшіншілер — қозғалыс түйсіктерінің көмегімен, төртіншілері — аралас естің тәсілімен жақсы есте қалдырады.
6 билет Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелеуі. Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас процесінде туындап отырады.
Ойлау тәсілдері: әрбір ойлау қызметін бірнеше кезеңге бөлуге болады.
1. Талдау (анализ)- дегеніміз ойлау кезендегі бүтінді бөліктерге бөлу, заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерін анықтау.
2. Жинақтау(синтез)- заттар мен құбылыстардың әртүрлі қасиеттері мен белгілерін біртұтас жасау,біріктіру.
Талдау мен жинақтау қарама –қарсы ойлау тәсілдері болғандықтан, олардыің бір кезде орындалады және бір бірімен тығыз байланысты . Ой кезеңдерінде анализ бен синтезден басқа:
3. Салыстыру – арқылы заттардың ұқсастығы мен айырмашылығы анықталады.
4. Жалпылау – ортақ белгілері мен қасиеттерінің арқасында заттар мен құбылыстардың ойлау кезіндегі біріктірілуі. Жалпылау кезінде адам заттардың белгілерінің айырмашылығынан өзәнің назарын аударады. Осындай алаңдатылу абстракция деп атайды. Абстракция мен жалпылау тығыз байланысты.
Жоғарыда айтылған анализ бен синтез, салыстыру мен жалпылау, абстаркция мен нақтылық оцлаудың негізін құрап, ұғым пайда болады.
Ұғым – адамның санасында заттар мен құбылыстардың жалпы және негізгі сапасы мен қасиеттерінің бейнелеуі. Олар :
· Нақтылы ұғым – заттар мен құбылыстардың байланысын және қарым-қатынасын ақиқат түрде бейнелейді. МЫсалы: гүлдер,жиһаз, көкөніс т.б.
· Абстракциялы ұғым- заттар мен құбылыстардың біріккен ұғым құрайтын қасиеттері ғана бейнеленеді. Мысалы: күш,бақыт,сақтық т.б.
5. Түсіну(суждение)- бір нәрсені мақұлдай не теріске шығару.
6. Байымдау(заключение)- қорытынды не жаңа түсіну ретінде бірнеше түсініктерден туады.
Ойлаудың түрлері:
1. Көрнекті – қимылды ойлау дәл жағдайға негізделген. Ойлаудың бұл түрі 2 жастағы балаларға тән. Осы жастағы балалар дәл сол кездегі заттарды қабылдап, солар туралы ойлайды. Жоғары сатыдағы жануарларда білінеді.
2. Бейнелі ойлау- бұл еске алу арқылы ойлау. Мектеп жасына дейінгі балаларға тән. Осы жастағы балалар қазіргі көріп, қабылдап отырған заттар туралы ғана ойламай, бұрынғы көрген не естіген заттар туралы ойлай алады.
3. Абстракті логикалық ойлау- көрнекті заттар мен оларды еске түсіру емес, дерексіздік ұғымдар мен түсініктерге негізделген. Білім қоры бар мектеп оқушыларына тән.
4. Интуиция- ойлай үрдісіне көмектесетін жағдайлар мен себептердің қорытындысы. К.К.Платонов бойынша интуиция – үлкен тәжірибенің арқасында ұсақ, қиын еске алынатын факторлардың санада қорытындылауы,біріктірілуі. Б.М.Тепловтың ойы бойынша интуициияның негізінде мағынасы жағынан терең және сезімтал, жылдам қорытындыға келетін ойлау жатыр. Ойлаудың бұзылуы ауырған адамның сөйлеуінен не жазуынан білінеді.
Ойлаудың бұзылуы:
Үзілгендік (разорванность)- сөйлегендегі логикалық байланыстың болмауы.
Толықтық (обстоятельность)- сөйлегенде екінші дәрежедегі жағдайларды артығымен айту.
Өсиетшілдік (резонерство)- көп сөздің ішіндегі негізгі мәнін түсіну қиындығы.
Патологиялық түсініктер: Жабысқақ ойлар(навязчивые мысли)- ауырған адамның санасын жайлап, ол сын көзімен қарап күресіп тырысқанымен бұл ойдан құтыла алмайтын жағдайға келеді.
Қалыптан тыс құнды ойлар (сверхценные идеи)- негізінде шындығы бар ойлар, бірақта оларға қалыптан тыс мән беру.
Сандырақ ойлар(бредывые идеи)- ақиқатқа қарама-қарсы, қателігіне қарамай ауырған адам бұл ойлардың шындық екеніне сенеді.
Ойлаудың формалары.
Ойдың бастапқы формасы –ұғым. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымдар :
· Жалпы. Мысалы: «кітап», «адам», «жұлдыз» т.б.
· Дара. Мысалы: «Шымкент қаласы», «Ғ.Мұратбаев» т.б.
Ойлаудың күрделі формаларының бірі- ой қорытындылары. Ой қорытындылары- бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі, Қорытынды шығару үшін оны белгілі тәртіпке бір-бірімен байланыстыруымыз қажет. ой қорытындылары 3 түрден тұрады:
· Индукция- жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Индукцияда жеке жағдайлардан жалпы ереже, фактірлерден қорытындылар жасалады.
· Дедукция – жалпыдан жекеге қарай ой қорытындысы.
· Аналогия – ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.
7 билет Сөйлеу – тіл арқылы басқа біреуге жеткізуді айтамыз. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеудің бірнеше үлкен топқа бөледі: Сыртқы сөйлеу және ішкі сөйлеу. Сыртқы сөйлеу - ауызша және жазбаша сөйлеу. Ауызша сөйлеу- сөйлеудің негізгі түрі. Ол екі түрі ажыратылады: Диалогтық сөйлеу- екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог және монолог создер кобінесе беттің мимикасының озгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозгалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жүртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Ауызша сойлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пасив сөздер тілімізде сирек пайдаланатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын создер. Сойлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы одістер арқылы меңгерілетін сойлеудің түрі. Сойлеудің жеке бір түрі — ішкі сөйлеу. Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр үлттың окілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен оз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сойлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам озінің ойлау өрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сойлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жүмысы деуге болады. Ойткені мүнда оның жүмысы жонді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде сойлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендір-гіштерге орай туып отыратындығы анықталган. Ішкі сөйлеу жонінде И. М. Сеченов былай дейді: "Бес жастағы баланың ойы созбен немесе сыбырлап сойлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мүның озі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті озімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозгалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бүлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы оте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын" . Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әр кез оз ойлауының мазмүнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сойлеуге үзақ түжырым жасап жатудың қажеті де болмайды. Сөйлеудің бұзылыстары: Сөйлеудің бұзылуына алып келетін себептерді негізгі екі топқа бөледі: · биологиялық және · әлеуметтік.
Биологиялық себептерге көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі, толғақ кезіндегі (гипоксия, жарақаттар) жэне туылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы (ми инфекциялары, жарақаттар, т.б.) патогендік факторлар жата-ды. Әлеуметтік-психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезек-те психикалық депривациямен байланысты.
Депривация дегеніміз — үзақ уақыт аралығында және жеткілікті түрде субъектінің негізгі өмірлік жэне психикалық қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына кедергі келтіретін өмірлік ахуалдар нэтижесінде пайда болатын психикалық көңіл күй.. Сөйлеу патологиясының механизмдері мен симпто-матикасы клиникалық-педагогикалық түрғыдан зерттеледі. Бүл жерде төмендегідей ауытқушылықтар қарастырылады:
Дислалия- дауыстың бүзылуы.
Ринолалия- грек тілінен аударғанда «мұрын», «тіл» - немесе маңқа сөйлеу аппаратының анатомиялық - физиологиялық ақаулығының бұзылыстары болып табылады.
Дизартрия - сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігінен болатын сөйлеу тіліндегі дыбыстарды айту кемістігін айтамыз. адамның дауысы біресе қатты біресе ақырын шығуы.
Алалия - сөйлеу тілінің дамымауы немесе мүлдем жоқ болуы.
Афазия- дегеніміз бас миының жайылмаған зақымына байланысты сөйлеу тілінің толық немесе жарым-жартылай жойылуы. Афазияның пайда болу себебі мидың қан айналымының бұзылуынан (ишемия,геморрогия) зақымданудан,ісіктен,бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады.
Мутизм- сойлеу аппаратының жұмысы бұзылмаған кездегі науқастың сөйлемеуі. Реактивті неврозда, истерияда, психикалық ауруларда шизофренияда кездеседі.
Дислалия — дыбысты дауыстап айтудың бүзылуы. Дислалиялық дыбыстық бүзылулар артикулярлық аппарат қүрылымының ақауларымен, сондай-ақ сөздік тэрбиенің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Осыған байланысты дислалия
1. механикалық
2. функционалдық.
Механикалық (органикалық) дислалия артикулярлық аппараттың бүзылуына байланысты туындайды. Оған тіс жігінің дұрыс қабыспауы, тіс қатарының аномалиялары, таңдай қүрылысының ақаулары, өте үжен немесе өте кішкентай тіл, тіл жүгенінің қысқалығы жатады. Функционалдық дислалия, көбінесе бала сөйлеуін дұрыс қада-ғаламаған, тэрбиелемеген жағдайда, қоршаған адамдардың сөйлеу дефектілері болған кезде, балада фонемалық қабылдау нашар дамығанда, педагогикалық ықпал төмендегенде дамиды. Логопедиялық практикада дыбыстарды айтудың бүзылуы бірнеше түрге бөлінеді: Сигматизм (ысқырып, ышылдап айтылатын дыбыстарды айта алмау);
Ротацизм(«р»эрпін айта алмау); Ламбдацизм («л» -ды айтудағы кемістіктер); Таңдайлық дыбыстарды айта алмау дефектілері (к, қ, ғ, г, х, й); Жүмсарту дефектісі (қатаң дыбыстың орнына оның үяң жүбы айтылады).
