- •1 Билет.
- •2 Билет Психикалық таным процестері, қалыптары, тұлғаның психикалық құрылымы
- •3 Билет. Түйсік, оның физиологиялық негіздері және түрлері
- •4 Билет Қабылдау, түрлері, қызметі.
- •5 Билет
- •8 Билет Қарым қатынас әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, құрылымы,түрлері,қызметі.
- •9 Билет. Қиял күрделі психикалық үрдіс. Оның түрлері.
- •10 Билет. Зейін түрлері, қасиеттері, бұзылыстары.
- •11Билет. Эмоционалды қалып және тұлғалық қасиеттер.
- •12. Ерік. Адамның еріктік қасиеттері мен даму жолдары. Еріктің бұзылуы.
- •15 Билет. Психологиялық үрдістерді зерттеу әдістері
- •16 Билет.Коммуникативті үрдіс жөніндегі негізгі түсінік.
- •17Билет. “Коммуникативті дағдылар” ұғымының анықтамасы
- •18 Билет. Дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативті дағдылардың мәні
- •21 Билет. Коммуникативті компоненттілік жөніндегі түсінік
- •25 Билет.
- •27 Билет. Дәрігер мен науқастың арасындағы қарым-қатынас
- •28 Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
- •31)Дәрігер мен пациент арасындағы тиімді қарым-қатынас
- •32)Тиімді қарым-қатынасына кедергі келтіретін қалыптастырушы факторлар
- •33.Дәрігер тұлғасы.Дәрігер тұлғасына қойылатын психологиялық талаптар.
- •34.Дәрігердің коммуникативтік біліктілігін төмендететін психологиялық ерекшеліктер: үйреншіктік,депрессивтік,интроверттілік.
- •35. Эмоциональды куйреу синдромы. Пайда болу себептерi жане алдын Алу жолдары.
- •36. Медициналык интервью угымынын аныктамасы
- •37 Билет
- •38 Билет
- •39 Медициналық интервьюге кіріспе :Пациентпен сұхбаттасуға дайындалу,алғашқы түсіністікке қол жеткізу ,пациенттің дәрігерге келу себебінің анықтау, Пациентпен сұхбат.
- •40«Дəрігер және пациент» қарым-қатынасын ұйымдастырудың негізгі модельдерді
1 Билет.
Психикалық үрдістердің мына түрлері болады: • Танымдық • Эмоцианалды • Еріктік
2 Билет Психикалық таным процестері, қалыптары, тұлғаның психикалық құрылымы
Таным процестері жеке адамның жан дүниесінде ішкі өміріне байланысты адамның психологиялық сезінуі, қабылдауы, түсінуі. Адамның таным процестері әртүрлі түйсіктер, рецепторлар арқылы дамып отырады. Танымдық үрдістің түрлері Зейін,Ойлау,Қабылдау ,Түйсік,Сөйлеу,Қиял,Ес.
Тұлға психологияда ең күрделі категория болып саналады. Бүгінгі таңда тұлға түсінігінің қаншалықты анықтамасы болса, соншалықты психологтар осы мәселені зерттеумен айналысады, тұлға – бұл ерекше қасиет, ол индивидтің қоғамдағы ерекше «жоғарғысезімді» қасиеті болып табылады. Тұлға – бұл әлеуметтiк ұғым, адамдағы табиғи, тарихи қасиеттерді бiлдiредi. Тұлға туа пайда болмайды, мәдени және әлеуметтiк даму нәтижесінде туындайды. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент қасиеттеріне негізделген – конституциялық типология (Э. Кречмер). Бұл теорияның мәні: әр адам өз дене құрылымына орай өзіндік психикалық ерекшелікке ие. Осыдан, дене мүшелерінің сырттай өлшемдеріне байланысты төрт конституционалды психикалық тип белгіленген:
1Лептосоматик- бойшаң, нәзік денелі, тар иықты, қол-аяғы ұзын, сидыйған.
2 Пикник- мығым, сезімшең, кіші не орта бойлы, қарны қампиған, домалақ бас.
3Атлетик- бұлшық еттері күшті дамыған, денесі мығым, берік, ұзынша не орта бойлы, кең иықты, жамбас сүйектері тартылған.
4 Диспластик-дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар әрқилы мүшелік зақымдарға ұшырағандар.
Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы. Сангвиник- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш. Флегматик-өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Холерик.-өкілі тездігімен, шапшаңдылығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Меланхолик- психикалық процесстер өте баяу жүреді.
3 Билет. Түйсік, оның физиологиялық негіздері және түрлері
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерiнiң сезiм мүшелерiне тiкелей әсер етуiнен пайда болған мидағы бейнелердi түйсiк деп атайды, сезу және білу үрдісінің төмеңгі сатысы. Түрлері: Экстерорецептор – көру, есту,иісті сезу, сипап сезу және т.б.жатады (сыртқы құбылыстар) Интерорецептор – дәмтүйсіну, ауруды түйсіну және т.б.( ішкі құбылыстар) Проприорецептор –бұлшықеттер, діріл, тамыртартылу ( қозғалысты түйсіну)
1. Сезгіштік – адамның түйсіне алу қабылеті. Ол екіге бөлінеді : абсолюттік жәнеайырма. Абсолюттік – сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түсіндіре алуы. Айырма – сезім мүшелерінің тітіргендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуы. 2. Адаптация – сезім мүшелерінің біртіндеп бейімделуін айтамыз. Сезгіштіктіңартуын және төмендеуін көрсетіп отырады. Мысалы, жарық жерден қараңғы бөлмегекіргенде, немесе керісінше. 3. Сенсибилизация – сезгіштіктің артуын ғана көрсететін құбылыс. Біреуініңәсерінен басқаларының сезгіштігі артады. 4. Синестезия – тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсіктуғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды. Қосарланған түйсіктер. Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қосатүрлі дәмдер мен түстерді де сезеді. 5. Бірізді бейнелер – тітіркендіргіш әсерінің тоқталғандығына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің қалатын кездерін бірізді бейнелер деп атайды
