Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
PVL.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
126.83 Кб
Скачать

Экономика

Павлодар облысы – Қазақстанның басты индустриалдық өңірлерінің бірі. Мұнда дәстүрлі күрделі өндірістер мен минералдық және көмірсутекті шикізатты игерумен айналысатын кәсіпорындардың оңтайлы үйлесімділігі бар ТМД-нің экономикалық кеңістігіндегі аса ірі аумақтық-өндірістік кешен тарихи қалыптасқан. Облыстың орасан зор табиғи-ресурстық әлеуеті, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымының бар болуы, жоғары ғылыми-техникалық әлеуеті, оның Орталық Азия мен Сібір арасындағы байланыстырушы рөлі түрлі елдер мен континенттердің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің мұқият назарын аударуда. Сонымен қатар, экономикалық деңгейдің осы көрсеткіштеріне өңірдің өзге де тартымды сипаттарын: дамыған банк саласын, шағын және орта бизнестің серпінді дамуын, біліктілігі жоғары мамандардың болуын, қазіргі заманғы көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымды, шетелдік инвесторлардың, мемлекеттік даму бағдарламаларының бар болуын да қосуға болады Павлодар облысының аумағында көп салалы индустриалдық кешен қалыптасты. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті ірі экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік компаниялармен айқындалады. Олар көмірді, электр және жылу энергиясын, алюминий тотығын, ферроқорытпаларды өндіреді. Облыс үлесіне республиканың өнеркәсіптік өндірісінің 7%-ы, республикалық көмір өндірісінің 70%-ы, ферроқорытпалар өндірісінің 3/4, электр энергиясы мен мұнай өнімдері өндірісінің 40%-ы тиесілі. Облыстың әлеуеті химия, машинажасау және металл өңдеу салалары кәсіпорындарының дамуына жеткілікті. Облыста түрлі меншік нысанындағы 5 мыңға жуық кәсіпорын белсенді қызмет етеді. Бұдан басқа, өңірде ауылшаруашылық өнімдерінің шикізат базасы мен оларды өңдеуге арналған өндірістік қуаттылықтар бар. Қазақстанның энергетикалық жүрегі – аса ірі Екібастұз электр станциялары, Ақсу ГРЭС, сондай-ақ Павлодар өнеркәсіп кешенінің энергияны қажетсінетін кәсіпорындарына қызмет ететін бірқатар ірі жылу станциялары болып табылады. Осы электр станцияларының даусыз артықшылығы көмір көздеріне және электр мен жылу энергиясын тұтынушыларға жақын орналасқандығы болып табылады.[4]

Өнеркәсіп

  • Қара металлургия

Сала облыста Ақсу қаласындағы зауыты арқылы әйгілі. Ферроқорыту Ақсу зауыты —ТНК «Казхром» АҚ филиалы болып табылады, феррохром, ферросилиций, ферросиликомарганец, ферросиликохром секілді әлемдік нарықта сұранысқа ие жоғары сапалы өнімдерді өндіреді. Ақсу қаласындағы ферроқорыту зауыты— әлемдегі ең ірілердің бірі — пайдалануға 1968 жылы берілген. Жылына 1 млн тонна өнім өндіреді. Дайын өнімді зауыт Теміртауға, ТМД (Ресей, Украина, Белоруссия, Грузия, Өзбекстан) мен қиыр шетелдердің (Люксембург, Жапония, Германия, Австрия, Швеция, Болгария, Румыния және т.б.) металлургиялық зауыттары мен комбинаттарына жібереді.

  • Түсті металлургия

Өнеркәсіптің жас саласы. Бұл глиноземді өндіру, Майқайыннан алынған полиметаллдық кендер мен Бозшакөлден алынған мыс кендерін байыту. Қазақстанның алюминий өндірісінің алғашқысы – Павлодар қаласындағы «Қазақстан Алюминийі» , қуаттылығы жылына 1,5 млн тонна, 1964 жылы қазан айында салынған және пайдалануға берілген. Кәсіпорын алюминий, сонымен қатар керамика, отқа берік материалдар мен электр өнеркәсібі материалдарын өндіру үшін қажет шикізат болып табылатын глинозем өндіреді. Жолай бокситтардан галлий мен пятиокись ванадия шығарылады. Галлий — шетелдерде үлкен сұранысқа ие сирек металл. Ол Жапонияға, Германия мен АҚШ-қа экспортталады. Республикада түсті металлургия кластерін құру мен дамыту мақсатында облыста бастапқы алюминийді өндіру үшін «Қазақстан электролизді зауыты» АҚ салынып, іске қосылды. 2009 жылы Павлодар алюминийі ресми түрде Лондон металл биржасында тіркелді, ол Қазақстандық электролизді зауыты өнімдерінің халықаралық стандартта екендігін дәлелдеді және бастапқы алюминийді биржалық бағада жеткізуге жол ашты. «Кастинг» ЖШС Павлодар филиалы. Кәсіпорында болат дайындау мен прокат, қайыс шарларын, өзектер мен арматураларды өндіру игерілген. Мұнайгаз саласы үшін болат жапсарсыз құбырларды үздіксіз-құю өндірісін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда. «Кастинг» ЖШС-нің дамуының негізгі бағыты сорттық прокат, құрылыс арматуралары, құбыр мен сымдар, сонымен қатар мұнайгаз саласы үшін болат жапсарсыз құбырларын өндіру болып табылады. Болатты үздіксіз құю мен пластикалық деформациялау жаңа технологиясы негізінде тау-металлургия кешені үшін қайыс өнімдерін өндіру жалғастырылуда Облыста алтын, күміс, мыс, цинк полиметаллдық кен орындары бар. Бұл кен орындары «Майқайын алтын» АҚ –мен өнделеді. Майқайын комбинатында кен ошақтары мен байыту фабрикасы бар. «Майқайналтын» АҚ мысты мыс концентратында, цинкті цинк концентратында, алтыны бар концентраттарды шығарады «Майкаин» кен орны — кешенді алтын-барит-колчеданды-полиметалды кен орны, Қазақстан Республикасында Астана қ. 400 км жерде орналасқан, 1924 ж. ашылған. «Майқайыналтын» БАҚ РМК-ні 2005 жылы алған. Қазіргі кезде кәсіпорында «Майқайын В» жер асты кеніші қызмет етеді. 2006 жылдың сәуірінен бастап «Алпыс» кен орнында жер асты кенішінің құрылысы жүргізіліп, өнімділікті 500 мың тонна кенге дейін артумен байыту фабрикасы қайта құрылуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]