Экология
Негізгі өндіріс саласы кен өндірісі, мұнайды қайта өндеу, химиялық өндіріс, қара және түсті металлургия, энергетика болғандықтан, Павлодар облысының жоғары техногенді ластануға шалдығу қаупі зор. Ластанудың басты көзі жоғары козолды Екібастұз көмірін тұқанды агрегаттар оттығында жағу технологиясын пайдаланатын жылу электр станциялары болып табылады. Шығарылып тасталынатын негізгі масса Екібастұз (46 %), Ақсу (26,5 %) және Павлодар (25,5 %) қалаларында орналасқан өнеркәсіп кәсіпорындарына тиесілі, облыстың қалған аудандарына шығарылып тасталынатын өнімнің 2%-на жуығы тиесілі.
Демография
Облыс халқы 2012 жылғы 1 қаңтарда 747,1 мың адамды құрады. Облыс бойынша (1 км² аумаққа) халық тығыздығы орта есеппен 6 адамды құрайды. Қала және ауыл тұрғындарының саны 514,4 мың мен 232,7 мың адамға тең. Облыста әйел тұрғындар тұрғындардың жалпы санының 52,9%, ал ер адамдар — 47,1% құрайды. 2012 жылғы 1 қаңтардағы кезеңге сәйкес Павлодар облысында 0-15 жас (жалпы санның 21,2%) аралығындағы балалар саны - 158,2 мың, 16-63 (58) жастағы тұлғалардың саны - 491,7 мың (65,8 %), 63 (58) жастағы егде адамдар мен олардан жоғары жастағы адамдар саны — 97,2 мың (13 %). 2011 жылы халық санының табиғи артуы 4682 адамды немесе халықтың 1000 адамына 6,3 құрады, бұл орта республикалық көрсеткіштің 54,3% немесе екі еседен артық болып табылады. 2011 жылы 1000 адамға неке қию саны 9,4 және 1000 адамға ажырасу саны— 4,0 құрады. Павлодар облысы халықтың жоғары көші-қонымен ерекшеленеді, көші-қон айырмасы соңғы бес жыл ішінде теріс сипатта келеді. Көшіп-қонушылар көп бөлігініңТМД елдеріне жылыстауы байқалады. Өзге елдерден көшіп-қону айырмасы соңғы бес жылда оң көрсеткішті көрсетіп келеді.
Этникалық құрам
Облыстың этникалық құрамы халықтың келесі этникалық топтарымен айқындалады - қазақтар, орыстар, украиндер, немістер, татарлар, белорустар, молдовандар, азербайжандар, шешендер, ингуштар, башқұрттар, корейлер, поляктар, болгарлар, чуваштар, мордвалар, удмурттар және басқалары. 2012 жылдың басында барлық этникалық топтардың ішінде халықтың жалпы санының көп бөлігін қазақтар — 48,8% және орыстар— 37,9% құрады. Өзге этностар мен этникалық топтардың үлесі облыс халқының 13,3% болып табылады. 2012 жылғы 1 қаңтарда қазақтардың саны 364,9 мың, орыстардың саны — 283,4 мың, украиндердің саны — 37,9 мың, немістердің саны — 21,1 мың, татарлардың саны — 14,2 мың, белорустердің саны — 5,1 мың, өзге ұлттардың саны — 19,3 мың адамды құрады.
Облыстың таңбасы
2011 жылдың 3 қазанының сессияда - облыстың маслихат депутаттары облыстың тарихында бірінші логотипты бекітті. Сол конкурстың қорытындысының аймақтың мәдениетінің басқармасымен жарияланды. Ең сәтті үлгімен комиссия Қасымханның Жапанованың жұмысын мойындады.
Павлодар облысының таңбасы
Логотипте Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің белгілері бар. Таңбаның түсі мемлекеттік рәміздер түсіне негізделген – көгілдір түстің алтын түспен үйлесуі тәуелсіз мемлекет халықтарының бірлігі мен гүлденуінің белгісі. Өткен салт-дәстүрлерімізді ұстану белгісі ретінде логотипте қазақ ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Орталық бөлігінде Қазақстан Республикасы елтаңбасының негізгі идеясынан алынған – киіз үйдің шаңырағы бар. Шаңырақ – отбасы құт-берекесінің, бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны. Киіз үйдің түндігі көгілдір ашық аспан астындағы жарқыраған күнді елестетеді. Ал таңбаның ортасынан бастап көгілдір кеңістік бойымен таралған уықтар - өмір мен жылудың көзі есептелетін күн сәулесі іспеттес. [4]
