«АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік коғамы
Қазақ және орыс тілі кафедрасы
№ 2 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
Пән: Қазақ тілі
Тақырыбы: Қазақстаным- алтын бесігім
Мамандығы: РЭТ-17-6
Орындаған: Исмаилов А. Т.
Қабылдаған: Бейсекенова А. С.
_____ ___________________ «__» ___________
Алматы 2017
Мазмұны
Географиялық жайлау 4
Климаты 4
Жер бедері және гидрологиясы 4
Пайдалы кендер 5
Экология 7
Демография 7
Этникалық құрам 7
Облыстың таңбасы 7
Экономика 8
Өнеркәсіп 9
Ауыл шаруашылық 10
Кіріспе
Павлодар облысы — 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан.
Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Географиялық жайлау
Облыс Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан. Павлодар облысы аумағының көп бөлігі Ертіс өзенінің орта ағысындағы Батыссібір жазығының оңтүстік шегінде орын алған, қазіргі кезде 127,5 мың ш.км. аймақты алып отыр. Солтүстігінде облыс Ресей Федерациясымен (Омбы облысы), оңтүстігінде – Қарағанды облысымен, шығысында – Шығыс-Қазақстан облысымен, батысында – Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарымен шектеседі.
Климаты
Павлодар облысының климаты тым континенттік және құрғақ. Қыста ашық және аязды ауа райын түзейтін Сібір антициклоны әсер етсе, жазда құрғақ және ыстық ауа, қуаншылық пен қарадауыл әкелетін Тұран ауа массасының әсері күшті. Қаңтар айының орташа температурасы 17 – 19,4ӘC, кей жылдары ол 48 °C-қа дейін төмендейді. Шілденің орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай 19 °C-тан 22,2 °C-қа дейін жоғарылайды, кей күндері 41 °C-қа дейін барады. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшесі солтүстіктен оңтүстікке қарай 292 мм-ден 194 мм-ге дейін кемиді. Баянаула тауларында 340 мм. Жылдың суық мезгілінде жел көбінесе оңтүстік-батыс бағытта, жылы мезгілде солтүстік-батыс бағытта соғады. Олардың орташа жылдамдығы 4,0 – 4,5 м/с. Көктем мен күзде жылдамд. 15 м/с-қа дейін баратын қатты дауылды желдер де соғып тұрады. Павлодар облысында көктем қысқа, жаз айлары ыстық, құрғақ және желді келеді. Күзі қысқа, салқын және жаңбырлы. Алғашқы үсік тамыз айының соңғы онкүндігінде болады. Қыркүйектің соңғы онкүндігі мен қазанның басында алғашқы қар түседі.[4]
Ертіс өзені
Жер бедері және гидрологиясы
Павлодар облысының жер бедері екі бөлікке бөлінеді. Солтүстігінінің негізгі бөлігін Батыс Сібір ойпатының жалғасы – Ертіс жазығы, оңтүстік-шығыс бөлігін Cарыарқаның солтүстік-шығыс сілемі, солтүстік-шығысын Құлынды даласы алып жатыр. Жер беті мұнда теңіз деңгейінен 120 – 150 м биіктікте, Ертіс аңғарында 100 – 110 м шамасында. Сарыарқа бөлігі көбінесе ұсақ төбелермен алмасып отыратын жазықтардан тұрады. Мұнда Баянаула (1026 м), Қызылтау (облыстың ең биік жері – Әулие тауы, 1055 м), Желтау (959 м) және Семізбұлақ таулары орналасқан.
Ертіс өзені облыс жерін шығыстан солтүстік-батысқа қарай ұзына бойы қиып өтеді. Өзеннің облыс бөлігіндегі ұзындығы 420 км және оған бір де бір сала қосылмайды. Оң жағалауы биік жарқабақты, сол жағалауы жайпақ. Қараша айының орта кезінде өзен суы қатып, наурыз айында мұздың қалыңдығы 115 см-ге дейін жетеді. Облыс жеріндегі ұзындығы 147 км болатын Ертіс – Қарағанды каналы Екібастұз қ. мен Ақсу кентін сумен қамтамасыз етеді. Облыстың батыс жағымен кішігірім Өлеңті және Шідерті өзендері ағып өтеді. Облыста көлдер көп (1210 көл). тауларында көлдер тектоникалық ойыстарда (Жасыбай, Торайғыр, Сабындыкөл), Ертіс бойындағы көлдер жайылмадағы қазаншұңқырлар мен ескі арналарда, ал жазықта әр түрлі көлемді қазаншұңқырларда орналасқан. Ірі көлдері: Сілетітеңіз (ауданы 965 км²), Жалаулы (398 км²), Қызылқақ (180 км²), Үлкен Әжболат (110 км²), Маралды (80 км тік бөлігінде тараған. Одан оңтістікке қарай тұзды көлдер саны арта береді. Жер асты суларының құрамы әр түрлі. Сарыарқа жағындағы тау жарықшақтарында жер асты сулары жер бетіне әр түрлі бұлақтар арқылы шығады. Жалпы, облыс аумағында тәулігіне 3816,5 мың м3 болатын пайдалануға жарайтын жер асты суының 11 кен орны барланған. Қазіргі кезде тәулігіне 118,5 мың м3 су беретін 6 су көзі пайдаланылады. Жер асты суының негізгі горизонты Ертіс артезиан алабында орналасқан. Мұнда судың минералдығы 4,4 – 5,5 г/дм3. Құрамы бромды, йод-бромды келген. Олардың жалпы минералдығы 8,0 г/дм3.3
