Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_kurs-doc_4001-5000_4301-4400_4301-4320_kurs_4320.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

Іі.Балаларды бейнелеу өнерінің жанрымен немесе бір түрімен таныстыру методикасы.

2.1.Тақырыпқа байланысты және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу

Тақырыпқа байланысты тапсырмаларда балалардың бұрын қздері сол ортада боғанын және көрген мезгілдерін естеріне түсіру арқылы орындайтын болса, ертегіні иллюстрацилау тапсырмасында балалар кітаптағы ертегіні ой елегінен өткізіп, айтылған ертеғінің мазмұнына байланысты бұрын балалар болмаған, өмірде көрмеген зеттарын қиял деңгейлері арқылыорындайды. Бұл тапсырмалар бойынша композиция салғанда балалар бір ған затты бейнелемейді, үлкен бір тақырыпта ертегі болғаннан кейін балалар сол тақырыптың міндетті болғандықтан, соған композиция орындайды, сондықтан қағаз бетін балалар түрлі заттар кейіпкерлерге толтырып жібереді. Мысалы жазғы каникул, Астана болашақтың қаласы, Бәйтерек қазақтың сймволы, қысқы демалыс, көктем, наурыз тақырыптарына байланысты компызитция салу үшін, осындай тапсырмалар ұсынылады.Компазитция салғанда балалар бұрынғы өздерінің көрген және болған жерлерін, не болмаса кітаптан көргеніне суйенеді. Астананың бәйтерек, Ақ орда, Думан, Ұлттық кітапхана, Л.Н.Гумилев Еуразиялық ұлттық университеті, Нұр-Астана мешіті сияқты күн өткен сайын көркейіп келе жатқан елордамыздағы ғимараттарды қолдануға болады.Бұл әлемде әрі көрнекті астананың ғимараттары балалардың еліне деген сүйіспеншілігі, мақтанышын, патриоттық сезімін оятады. Баланың есіне сақтап, оны қажет кезінде есіне түсіре білу, жалғыз сурет салу үшін ғана қажет қаблет емес, ол адамға басқада мамандықтарды толық игеруге көмектесетін жоғары бөлімдерде айтылған болатын. Қоршаған ортадағы заттарға зеиін қою арқылы тақырыпқа байланысты сурет салу тапсырмасы, баплаларға заттардың өз ара ерекшеліктеін ажырата білуне көп әсерін тигізед. Тапсырманы орындағанда балалар қағаз бетіне бейнелейтін заттародың алыс жақын, компазитцияда қасы зат немесе кейіпкер басқаларына қарағанда ерекше бейнелеуі керек екенін және оны қалай, қандай өлшеммен салу сияқты ережелерге сүйенеді. Бірте бірте балалар тақырыпқа байланысты тапсырмаларға сурет салуға машықтана бастайды. Заттардың алыстағы түрін көрсеткісі келсе, ол заттардың размері кішкентай болатынын, ал егерде заттың жақын орналасуын көрсеткісі келсе қағаздың алдына қарай үлкендеу қылып салу керектігін пән мұғалімі суретшілердің шығармашылық туындыларынан мысалдар көрсету арқылы түсіндіргені пайдалы. Әрине түсіндіре салысымен бала оны тез ұғып ала қоймас, дегенменде келесі тапсырмаларда орындау барысында оны көрсетілген мысалдарды балалардың қолданылатыны анық.

Балаларды тақырыпқа байланысты тапсырмаға сурет салдырмас бұрын, қалаға шығарып экскурсия жасап, парктерді аралатып балалармен бірге алыс – жақын заттарды өзара кеңестікте орналасуын көзбен көрсетіп, жайлы әңгімелесіп бірге анализ жасаса балалардың түсінуіне көп көмек болады. Ертегіге байланысты сурет салу тапсырмасы орындауда осы жастағы балаларды өзіндік орындау ерекшеліктері бар екенін жоғарыдағы арнайы бөлімде келтірдік.

Бейнелеу іс әрекетінде балалары өз көзімен көрмеген нәрселерін қағаз бетіне бейнелей алатынын білеміз. Мысалы, ертегідегі оқиғаларды не көрмеген ертегінің мазмұнымен танысқанда балалар жаңа елестеулер арқылы композицилық пайда болады. Балаларда сол тыңдаған ертегілердің мазмұны иллюстациялық кейіпкерлерін және заттары туралы қиял деңгейері арқылы елестеулері қалыптасады да осы материалдар төңірегінде әңгіме компазиция пайда болады. Қиял деңгейіне байланысты орындалатын бұл тапсырмаларды балалар өте қызықты және кейде ересек адамдардың ойына келмейтін мазмұнды суреттермен таң қалдыратын жағдайлар да кездеседі. Қазіргі уақыттағы қала балаларының компьютер ойындарымен көп ойнайтындығы, балалардың жалпы психологиясына әсер етпей, тіпті салатын суреттеріндегі басты кейіпкерлерге айналып кетті. Мысалы, кейбір бастауыш сынып оқушыларының жұмыстарына бейнелеу өнері сабағында орындалған еркін тақырыптарының мазмұны кампьютер ойындарындағы кейіпкерлергк байланысты салынғанын байқауға болады. Сондықтан бенелеу өнері сабағында отан сүйгіштік, экологиялық, эстетикалық тәрбиелер беруге бағытталған тапсырмалар көбірек қолдануы тиіс және оның келешекте оның орны басқа мектептегі басқа сабақтарға қарағанда бөлек. Әр баланың қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болады. Қиялдың мазмұны мен формасы баланың жас және дара ерекшелектеріне де білім тәжірибесіне де байланысты.

«Күз» тақырыбына байланысты композиция салу жолдары.Тақырыпқа байланысты сурет салу тапсырмасы балаларды қағазбетінде әр түрлі заттарды бейнелей білуге және тақырыптың мазмұнын бере білуге үйретеді. Қағаз бетінде жер, аспан табиғаттың өзара байланысымен болады. Мұғалімнің бастауымен қалаға, табиғатқа саяхат жасау арқылы балалар алдағы орындайтын тақырыптарына қажетті материалдар жинап алады[14].

Тапсырмаға байланысты сурет салуды бастамас бұрын тәрбиеші балаларға атақты ұлттық суретшілерміздің табиғат көрністеріне байланысты шығармашылық туындыларымен таныстырады. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар тек сурет салуды үйретумен ғана шектелмеу керек, сонымен қатар балаларға эстетикалық, экалогиялық, патриоттық тәрбие жұмыстарын бірдей жүргізіліп отырлуы қадағалау ең басты шарт болып есептеледі. Қазақ халқының тұңғыш суретшісі Ә.Қастеевтің еліміздің әсем табиғат көрністерін бейнелеген көптеген шығармашылық туындыларын мысал ретінде қолдану қажет. Мысалы күзгі көрініс, қысқы көрініс, қазақыстан тауларында, шалкөде жазғы жайлымы, астық жинау, табиғат көрінісі сияқты шығармашылық туындыларындағы суретшінің табиғатмезгілдеріндегі өзіндік шешімдерін көрсету үшін, суретшінің қолданған бояу түстерін балаларға салыстырма ретінде түсіндіру керек. Бояу түстерін біле отырып, балалар кеңістікті қалай бейнеленгендігін, заттардың алыстағы және жақындағы көріністерін ажыратуды үйренеді. Белгілі орыс суретшісі И.Левитаның алтын күз шығармашылық туындысында балаларға салстырмалы материал ретіде көрсетсе артық болмайды. Балаларға суретшілердің еңбектері бойынша түсіндіргеннің өзі 1-2 сынып оқушыларына жеткіліксіз, сол себептен қосымша фанелеграф тақтасын қолданып, балалардың композиция туралы білімдерін практика жүзінде қолданып, балалардың композиция туралы білімдерін практика жүзінде толықтыра түскен абзал. Фланелеграф тақтасынна балаларға көрсету үшін, бір ертегіге немесе тақырыпқа байланысты тапсырмаларының заттары мен кейіпкерлерінің әртүрлі размердегі түрлі түсті қағаздардан ойылған суреттері дайындалады. Егер де бұндай тақта жасауға мүмкіншілік болмаса, қосымша бір ватманды алып, оны көлденеңнен бөліп астыңғы жағынан көбіріктеу алып сарғыш түспен, кұзгі жерге ұқсатып, үстіңгі аздау жағын көкшіл түспен аспан ретінде бойалып дайындалады. әртүрлі размердегі дайындалған талдардың, қайыңдардың, бұталардың қиылған суреттерін тақырыпқа байланысты қағазға жапсырып композиция құрастырылады. Көшеде көрген көріністерін балалардың естеріне түсіру арқылы тақтаға іліп қойылған ватманға балалармен бірге композицияны орындайды. Балалар қағаз қиындыларының ішінен іріктеп, суреттегі заттардың алыс, жақындығына байланысты жапсырады. Талдардың суреттерін жапсырарда балаларға талдардың айырмашылықтары, талдардың жапырақтарының тстерінің қалай өзгеретіндігі және қандай ағаштың түрі өзгермейтінін туралы сұрақтар қойылып, балалрдан дұрыс жауап беруге тырысуын күтеді.

Ертегіге байланысты суретсалудың жолдары. Ертегінің мазмұнына байланысты иллюстрация салу балалардың шығармашылық қиял байлығын нәтижесінде жүзеге асырылады

Сабақ ертегіні қысқаша түсіндіруден басталып, балаларға түсінікті болуы үшін арасында сұрақтар қойылады, кейбір оқушылар тапсырманы өз білгенінше бір – бір эпизодтарын айтып болашақ композицияларын анықтап береді. Мысалы, « Бауырсақ » ертегісіне байланысты болғандықтан балалар сол ертегінің мазмұнын жақсы біліп, салатын композицясы жайлы ойын жеткізеді. Мұғалім балалардан « Бауырсақ » терезеден не себептен және қалай шығып кеткені туралы сұрақтар қояды. Тапсырманы орындау үшін бала ертегіге байланысты кейіпкерлерді қағаз бетіне қарындаштың күшімен қалай бейнелейтінін айтып берулерін сұрайды. Балалардан ертегі туралы өз ойларын айтып беруін талап ету тек, балалардың ойлау қаблеттерін тексеру ғана емес, баланың айтқанын бір эпизоды ол сол ертегі бойынша баланың болашақ композициясында қалай мазмұны ашып көрсетуне бағыт беретін әдіс. Ертегінің мазмұны бойынша басты кейіпкері « Бауырсақ » болады, ол шал мен кемпірдің үйінде бірге тұрып, кейіннен қаып кетеді. Кейіпкердің түрін салу үшін балалар оның қандай болатынын елестетуі керек. « Бауырсақ » ол дөңгеоек нан, сондықтан кейіпкердің формасы домалақ болады. Ертегідегі « Бауырсақ » жәй жансыз зат емес, ол тірі, өз бетімен домалау біледі, терезеден секіре де алады, сөйлейді, тіпті өлең де айта алады. Кейіпкердің мінезі көңілді болуы тиіс, кейіпкерге көз, ауыз мұрын салу керек себебі оның жаны бар. Бұл тақырыптың мағынасы дұрыс ашып көрсету үшін қағаздың бетін толық пайдаланған дұрыс.

Бұл тапсырманы орындау барысындағы балалардың жеке белсенділігін ескеру, композицияларын ерекше орындалысы аяқталған балалардың жұмыстары ағалау кезіндегі тәрбиешінің басты ұстанымы болуы шарт. Балаларының орындаған композициялары балалардың сурет салу ерекшеліктеріне, психологиялық айырмашылықтарына байланысты болатындықтан, әр түрлі бір – біріне ұқсамайтын жұмыстар болып шығады.