- •1.1.Балаларды тұрмыстық бейнелеу жанрымен таныстыру
- •1.2.Балаларды декоративті бейнелеу өнерімен таныстыру.
- •1.3. Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнерінің құралына тәрбиелеу мақсаты
- •1.4. Белгілі топтағы балалардың эстетикалық қабылдау ерекшеліктері.
- •1.5.Сабақты ұлттық әдет-ғұрыптар мысалдарымен түрлендіріп жүргізу
- •1.6.Балабақшадағы сабақ үшін бейнелеу өнеріне шығармашылық тақырыпты таңдап алу принципі
- •Іі.Балаларды бейнелеу өнерінің жанрымен немесе бір түрімен таныстыру методикасы.
- •2.1.Тақырыпқа байланысты және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу
- •2.2. Жүргізілген жұмыстың анализі.
- •2.3.Ересек топтардағы балалардың бейнелеу өнері шығамаларының тақырыптары
- •2.5.Балабақшада бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1.2.Балаларды декоративті бейнелеу өнерімен таныстыру.
Балабақшада өтілетін сәндік сурет салу сабағы эстетикалық, патриоттық тәрбиелерді балалардың бойына сіңірумен қатар, бейнелеу өнерінің басты міндеттері, сурет салудың қарапайым дағдылары мен сапалары әрі қарай дамытуға бағытталған. Сәндік сурет салу сабағында балалар алғаш рет өз еліміздің ғажайып ою-өрнектерінің шығу тарихымен танысады, ою-өрнектердің жеңіл түрлерінің суретін салып үйренеді. Оюларды арнайы сызылған сызықтардың арасына өз беттерімен орналастыруға бейімделеді. Сонымен қатар балалар аппликация техникасына байланысты тапсырмалар орындап үйренеді. Коллаж техникасымен танысып қызықты да әрі әсем суреттер жасап шығарады[2].
Мектепке дейінгі бейнелеу өнерінің басқа тапсырмаларына қарағанда бұл тапсырмалардың өзіндік ерекшелігі бар. Бұл тапсырмаларды орындау үшін, қолданатын заттар, ол балалардың күндегі маңайында кездесетін түрлі табиғи материалдар. Сәндік сурет сабағында балалар мереке күндеріне байланысты құттықтау қағаздарын, түрлі-түсті қағаздардан ойыншықтарды ойып, ермексазда жануарлар мен құстардың пішіндерін жасап үйренеді. Балалар ұлттық оюларымыздың қарапайым түрлерін қағаздан қайшыны пайдалана отырып орындайды. Балалардың оюларды терең меңгеруі халқымыздың сан ғасырлық тарихымен, тыныс тіршілігімен, тұрмыс-салтымен және мәдениетімен танысуына жол ашады. Ою - өрнек бізде сәндік қолданбалы өнердің ең көп тараған түрі. Ол киім – кешектерді, тұрмыс заттарын, зергерлік бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданылғаны жайлы балаларға мағлұмат беріледі. Балабақша қабырғасында халқымыздың ұлттық өнері мен толық сусындған және оны меңгере білуге балайтын болашақ мамандығына жалпы қоғамда мәдениетті болып қалыптасуына тигізетін әсері орасан зор. Қазақтың ою-өрнектері табиғаттағы өсімдіктер, жануарлар, аңдар мен қоршаған ортадағы заттардың негіздерінде пайда болғаны тарихи деректерден белгілі. Қазіргі таңда біздің ұлттық ою-өрнектеріміздің жалпы саны жүзге жуық көрінеді.
Сәндік сурет салудағы тәрбиешіге ең қиын мәселе ол, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ою - өрнектерді реттеп алып сабақта қолдану. Іріктеуде ою-өрнектердің әдемілігі мен жеңілдігі ескерілуі тиіс. Бір қарағанда жеңіл көрінетін оюлардың өзі, балаларға суретін салу барысында оңай болмайды. Мысалы балаларға тік сызықпен салынатын оюларды салғызса отырып, біртіндеп өсімдіктерге ұқсас оюлармен жалғастырған дұрыс. Ою - өрнектерді салу барысында балалар ештеңенің көмегінсіз түзу сызықтарды жүргізуге, сызықтарды көзбен бірдей бөліктерге бөлуге, төрт бұрыштың тең ортасын табуға, түрлі түсті карандаштарды қолдана отырып, бояуға және ою салудың кезеңдерін меңгеруге үйренеді. Балалардың көзбен қағаз бетіндегі сызықты тең бөліктерге бөлу өте қиын болады, сондықтан балалар қосымша құрал ретінде алдын ала тең бөліктер сызылған өлшем қағазды пайдаланғаны дұрыс. Бірте-бірте балалардың көздері үйреніп өз беттерімен сызық жүргізуге мүмкіндіктері болғанда, балалардың өздері қосымша пайдаланып келген өлшем қағазын қолданудан бас тарта бастайды.
Ересек топтағы балар болса, ою-өрнектердің өсімдіктерге ұқсас күрделі түрлерінен бастап сала бастайды. Сәндік сурет салу сабағында балаларға арнап тақтаға салған тәрбиешінің педагогикалық суреті, затқа қарап салу сабағындағыдай емес, өшірілмейді, сабақтың соңына дейін, көрнекілік құралмен бірге көрсетіліп отырады. Балалардың орындаған оюларының фоны боялмай, ақ күйінде қалатын болса, ересек топ балаларының орындайтын ою-өрнектерінің фоны түсті бояулармен боялып, берілетін тапсырмалары күрделене түседі.
Сәндік сурет сабағы балалардың оюлар жайлы эстетикалық талғамын, халқымыздың өнеріне деген сүйіспеншілігін қалыптастырылады.
Халқымыздың сәндік қол өнерінің түрлерімен таныстыру арқылы балаларды еліне деген патриоттық сезімін оятамыз. Салынған оюларды бояу барысында балаларға бұрынғы жасалған халқымыздың не болмаса атақты суретшілердің қол өнер туындыларын көрсетіп, бояу түстерін қолданулары жайлы түсінік берсе сабақ сапалы өтілер еді. Оюларды бояу үшін бояу түстерін қолдану балалардың еркіне берілгені дұрыс. Оюды шығармашылық жағынан сәтті сала бастаған баланың суретіне тәрбиеші аса көңіл аударып қолданылатын бояу түстерін бірге ақылдасып анықтайды. Сәндік сурет тапсырмасы халық өнерімен және түрлі түсті бояулармен тығыз байланыста болатындықтан мектепке дейінгі жастағы балаларда аппликация, коллаж, техникасын меңгеруге көп әсер етеді.
Аппликация дегеніміз ол – сәндік көркем туынды, қағаздың немесе шүберектің әр-түрлі қиындысын желімдеу, тігу арқылы орындалады. Аппликация техникасын қолдану мектеп оқушыларына ғана тән емес, онымен мектепке дейінгі балабақшаның балалары көбірек тапсырмалар орындап, қызықты да және өте әдемі жұмыстар жасап таң қалдыруда. Сонымен қатар осы аппликация түрімен көркемөнер көрмелеріне қатысып жүрген суретшілерді кездестіруге болады[3].
Балабақшада аппликация техникасымен түсті қағаздардың маталарын қиындыларына ұлттық киімдердің күрделі түрлері орындалады. Аппликация техникасындағы түстердің мәнерлі қолданысы сол жұмыстың соңғы нәтижесіне көп әсер етеді. Өте сәтті түстерді қолдану арқылы орындалған жұмыс кез келген адамды таң қалдырмай қоймайтыны белгілі. Сәндік суреттегі дұрыс қолданылған түстері кескіндеме жанырындағы сияқты туындының түс шешімі бойынша колориттті болып есептелінеді. Түстердің қанық болуы орындалған жұмыстың сәттілігін қолданылатын түстері өз еріктеріне байланысты болады. Аппликация техникасының қолдану арқылы композиция орындалатын болса ол жүргізілуі төмендегідей жүйеде жүргізілуі керек:
композицияның сюжетін анықтау,
көлемін анықтау,
бастапқы эскізін салу,
фигуралар салу,
фонын анықтау
фигураларды қағаздан ою,
фигураларға кішкентай бөлшектермен желімдеу,
- үлкен фигураларды және басқа деталдарды фонға желімдеу.
Апликацияда қолданылатын сапалы фигуралар үшін және фон үшін әр-түрлі болу керек. Фонға қолданылатын қағаз қаттылау болу шарт, себебі соған композициядағы барлық заттар желімделеді. Фонға пайдаланатын қағаздың түсі басқа заттардың түстері мен қарағанда көмескелеу көзге аса қатты әсер етпейтіндей болғаны жөн, бұған әрине тапсырманың ішіндегі заттардың да тигізетін әсері мол. Мысалы, «Аквариум» тақырыбыны байланысты аппликация орындағанда заттардың барлығы, түрлі балықтар, шөптер, тастар жеке-жеке қойылады. Бұл тапсырмадағы заттардың формасына өзіндік ерекшеліктеріне байланысты қағаздың түрлі дайындалады. Аппликация тапсырмасын орындауда балалардың эстетикалық талғамы, әсемдік түсінуі, түстерді таңдау талғамның дамуы, қиял қаблетінің қалыптасуы жүзеге асады[4].
Коллаж–техникасы бір қаттылау дененің бетіне әр-түрлі түстегі және сапасы әр-түрлі заттарды желімдеу арқылы орындалады. Бұл техника жаңадан ойлап табылған бейнелеу өнерінің түрі емес. Франсуздың сөзімен айтқанда «коллаж» деген ереше техникалық тәсіл деген түсінік береді ол техника бойынша бір көркем шығарманы орындауға әр-түрлі заттар желімденеді, оның ішінде көп қолданылатын заттар, ол қағаз бен маталар. Бұл техниканың ерекшелігі сол, ол жұмыс істейтін суретшілерді аса шыдамдылық пен төзімділік баулиды. Кезінде есімдері дүние жүзіне әйгілі атақты Пикассо, Матисс сынды суретшілер де осы техниканы меңгерген көрінеді. Мысалы, халқымыздың сәндік киімін жасағанда балалар ең алдымен өз ойларымен туынды жасауға, өзінің қиял деңгейін көтеруге машықтанады. Коллаж техникасыда қолданылатын материалдары әр-түрлі, тіпті үй тұрмысында керексіз болып қалған киімдерді де қолдануға болады.
Жүйелі жүргізілген сәндік сурет салу тапсырмалары балаларға жеке бастарының мінез–құлқын, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі, еліне, халқына, отансүйгіштікке деген тәрбиені шешуді жеделдетеді[5].
