Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_kurs-doc_4001-5000_4301-4400_4301-4320_kurs_4320.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

1.5.Сабақты ұлттық әдет-ғұрыптар мысалдарымен түрлендіріп жүргізу

Бейнелеу өнерінің басқа тапсырмаларына қарағанда ою - өрнектерді салуда балалардың көз өлшемдерінің дамуы көденең тік сызықтарды дұрыс жүргізуі, сызықты тепе тең бөліктерге бөле білуі ең басты міндеттері болып саналады. Балалар жолақтың ішінде оюдың қарапайым түрлерін салуды үйренеді. Оюдың үлгісі ретінде пән оқытушысы қатты қағаздан кесіп жалақ қағаздарды дайындайды жолақ қағаздың размері 20-50 см. болуы шарт және бір столда отыратын 2 балаға ортақ бір жалақ қағаз дайындауы керек. Пән мұғалімі орындайтын оюлардың түрімен таныстырып, балаларға бұл жолақтың кітап парақтарының арасында салатын арнайы қағаз болатын және оюлап, қолдан да осылай жолақты істеуге болатынын түсіндіреді. Тәрбиеші балаларға оюды сағанда кейбір қарапайым заңдылықтарлды сақтау арқылы орындау қажет екендігін көрсетеді. Ою, көлденең және көлбеу сызықтарды жүргізу арқылы орындалады. Барлығын толық түсіндіргенне кейін мұғалім балаларға дайындалған жолақ қағазды үлестіреді. Балалар сурет салуға кіріспес бұрын тәрбиеші, бір баланың альбомын алып, жаңағы үлестірілген жолақты сол альбом парағының бетіне қойып, қарандашпен екі жақ шетін сызып көшіреді, себебі бірінші сыныптың балалары әлі өз еріктерімен ұзын көлденең сызықтарды түзу сыза алмайды. Балалардың барлығын альбом беттеріне сызып көшіргеннен соң жолақтар жинап алынады. Тәрбиеші балаларға оюды салуды қалай бастау керек екендігін түсіндіре бастайды.

Ең бірінші қағаз бетіндегі жоақты бірнеше бөліктерге бөл үшін, алдымен сол жолақты ортасына теңге бөлу қажет. Тең ортасын табу үшін, алдымен көзбен жолақтың үстіңгі жағына бір нүкте және қарама – қарсы астыңғы жағынан бір нүктемен белгілеу керек, егерде балаларға түсініксіздеу болып, дұрыстап бөлуге мүмкіншілік болмаса, бір парақ қағаздан өлшем жасап сол арқылы өлшеп білуге болады. Жолақтың ортасы табылғаннан соң, сол нүктелерді бір – бірімен қосамыз, сонда екі жолақ пайда болады, егерде осы екі жолақты тағы орталарынан бөлсе, төрт жолақ пайда болады. Міне осындай әдіспен балалардың барлығы оюды салатын жолақты бөліп дайындай алады. Сәтті бастаған балалардың басқа балаларға үлгі ретінде қолданылады. Қателерін білген балалар тез арада қателерін түзеуге асығады. Мұғалім сабақты түсіндіруді әрі қарай жалғастыра береді. Қарандашпен оюдың суреті орындалғаннан кейін балалар бояу қарандашпен бояуға кіріседі. Практикалық сабақ барысында, үлгере алмайтын жатырған балаларға қосымша түсініктер беріп, сурет салуға сенімдіктерін атттырады. Сынып балаларының әртүрлі ерекшеліктеріне және мүмкіншіліктеріне байланысты, тәрбиеші үлгерімі нашар балалардың қабілеттерін көтеру мақсатында үй тапсырмасы ретінде қайтадан орындаған оюларын салып келуді тапсыра ретінде беруі керек[13].

1.6.Балабақшадағы сабақ үшін бейнелеу өнеріне шығармашылық тақырыпты таңдап алу принципі

Балалардың назарын сурет салу үдерісіне аудару, ересектердің сурет салу үдерісін бақылауға, қағаздағы қарындаш немесе бояудың бедерін байқауға, ересектерге еліктеуге мүмкіндік беру.

Бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакциясын тудыру.

Балалардың бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ынталарын қолдау; қағаз бетіне ашық түсті дақ, бояу жағу, алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіру мүмкіндігін ұсыну.

Қағаз бетін қарындашпен тоқылдату, сызықтар жүргізу, не шыққанын баладан сұрау (күн, шарбақ, гүлдер).

Балаларды сазбалшықтың қасиеттерімен таныстыру, сазбалшықпен тәжірибе жасау ниеттерін мадақтап, көмектесу. Сазбалшықты алақанына алып, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауға үйрету. Жалпақ дөңгелек пішінді «тәрелкелер», «үлкен және жуан шұжықты» мүсіндеуге үйрету.

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- қағаз бетіндегі қарындаш немесе бояудың бедерін байқай білуі, ересектерге еліктеуді;

- бояудың ашық түстеріне эмоционалдық реакцияларын білдіруді;

- бояулармен, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ниетті;

- қағаз бетіне ашық түсті дақ, бояу жағу, алақанға бояу жағып, қағаз бетіне түсіруді;

- сазбалшықпен тәжірибе жасауды;

- сазбалшықты алақанына салуды, алақан арасында домалатып «кішкентай шарлар» жасауды;

- жалпақ дөңгелек пішіндер мүсіндеуді білуі тиіс[14].