Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_kurs-doc_4001-5000_4301-4400_4301-4320_kurs_4320.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

1.4. Белгілі топтағы балалардың эстетикалық қабылдау ерекшеліктері.

Я.А.Коменский «Бейнелеу өнері» мен сурет салу балалардың сұлулық сезімін дамытуға ықпал етіп, заттардың мәнерлілігі мен мүсінділігін көруге үйретеді, өнер туындылары мен табиғат сұлулығынан ләззат алу қабілеттері жетіледі деп есептеді. Адамды қалыптастыру үшін сурет салудың жан-жақты маңыздылығын айта отырып, ол сурет салуды балалардың бақылағыштығы мен түйсіктерін дамыту үшін қажетті сабақ ретінде енгізуді ұсынды. «Егер олар қаласа, суреттерді көшіріп салуға мүмкіндік беріңдер. Олардың сурет салуға ынтасын оятыңдар. Бұл олардың заттарға деген зейінін ұштайды» деп көрсеткен. Міне, бұл қағида қоршаған дүние көрінісі мен бейнелеу өнерін ұштастыра жүргізудің негізі етіп алынды.

Педагог С.Т.Шацкий: «Балалар өнерді сезінеді, себебі өнер оларға жақын, әрі қажет. Тек бала жанына жол таба білу керек. Балалар өнердің қаншалықты көп беретінін (алғашқыда қарапайым болса да) түсінгеннен кейін, өздері–ақ білімдер мен дағдыларды меңгеріп, алға жылжып, түсінігіне лайықты саланы кеңейтуге тырысады», – деп ой-тұжырым жасаған.

Баланың өнер құбылыстармен қарым-қатынас үрдісінде әр-түрлі эстетикалық әсерлер жинақталады. Суретші өзінің туындысын жасау барысында өмірді терең зерттейді. Кейіпкерлерін жақсы көреді, жек көреді, күреседі, жеңеді, қаза табады, қуанады және қайғырады. Олай болса, кез-келген шығарма адамның сезімін тудырады. Аяқталған көркемдік шығарманы кез-келген адам оны жасаған суретшімен бірге көрген сайын мазмұнына енеді. Ол өзінің қабілетіне қарай жасаушы «суретші» болады, өмірді шығарманы тудырған «автордың жанымен» бастан кешіреді: қуанады, шаттанады, таң қалады, үрейленеді, жек көреді, өкінеді.

Белгілі педагог Н.К.Крупская жеке тұлғаның жан-жақты дамуындағы, әсіресе, адамгершілік және эстетикалық тәрбие берудегі бейнелеу өнерінің рөліне үлкен мән беріп, «Біртұтас еңбек мектебі жайлы ереже», «Біртұтас еңбек мектебінің негізгі принциптері», «Бейнелеу өнері» біртұтас еңбек мектебіне – коммунаға сияқты мектептің қызметі жайлы негізгі құжаттарында бала тәрбиесінде эстетикалық циклдегі пәндердің, әсіресе, сурет салу мен мүсіндеудің маңыздылығын көрсетті. «Біртұтас еңбек мектебінің принциптері» еңбегінде үйретудің алғашқы кезеңдерінде сурет салу мен мүсіндеу қатар жүруі тиіс, бұл көздің жаттығуы мен сипап сезуге, көрген әсерлер мен қозғалыс реакцияларының үйлесімділігін орнатуға, заттар дүниесімен нақты таныстыруға жәрдемдеседі»,-деп ой-қорытындысын жасады. Ғалымның пікірінен бастауыш сынып оқушыларының сезімталдық, қабылдау қабілеттерінің жоғары болатындығы көрінеді.

Балаларға эстетикалық тәрбие беру мәселесінің негізгі бағыты, қоршаған ортаны бейнелі қабылдау негізінде эстетикалық қарым-қатынас, эстетикалық білім мен көркемдік талғамды қалыптастырудың тиімді жолдарының бірі білім кеңістігіндегі кіріктіру үрдістері болып табылады.

Кіріктіруді жүзеге асыруда табиғат, қоғам және адам олардың мәні мен қасиеттері, өзіндік ерекшеліктері мен даму процестері белгілі бір білімдер жүйесін құрайды. Бұл іштей байланысқан бөліктер, байланыстар, қарым-қатынастар, процестер жүйесі.

Мектеп жасына дейінгі балаларда қабылдау сараланып жіктелмеген. Олар заттар мен суреттерді мақсатты түрде қарағанның өзінде де мектеп жасындағы балалар сияқты көзге анық түсетін, негізінен түс, пішін және мөлшерді бөліп көрсетеді. Балалардың заттардың сапасын жақсы талдауы, оны бақылауға үйрете отырып, арнайы жұмыс түрлері жүргізілу тиіс.

Осы жұмыстар нәтижесінде біртіндеп дамуы бастауыш сыныпқа қарай балалардың жинақтай отырып қабылдауы қалыптасады. Қабылданып отырған нәрсенің бөліктері арасындағы байланысты табуға тырысып, оны тұтас қабылдау және түсіну мүмкіндігіне ие болады. Бұл балалардың картинадағы бейнелерді суреттеулерінде жақсы байқалады.

Қиялдау бала өмірінде ересектерге қарағанда үлкен рөл атқарады. Қиялдау толассыз жүреді, ол баланың қоршаған ортаны тануы мен меңгеруінің, іс-жүзіндегі тәжірибе шеңберінен шығуының тәсілі ретінде жүзеге асады. Балалардың шығармашылыққа бейімділігін дамытудың маңызды психологиялық шарты қиялдың тікелей жұмыс істеуіне байланысты. Баланың өмір тәжірибесі неғұрлым мол болса, солғұрлым оның қиял- елестері де күшейе түспек. Ал осы өмір тәжірибесінің молаюына көп әсер ететін қоршаған орта заттары мен құбылыстары және олардың суреттегі бейнесі[7].

Эстетикалық тәрбие берудің маңызды құрамдас бөлімдері - балаларды көркемдік шығармашылыққа бейімдейтін бейнелеу өнері мен авторлық бағдарламалар. Авторлық бағдарламалардың көпшілігі бейнелеу өнері пәнінің басқа пәндермен байланысына негізделген, олар балалар үшін қызықты ақпаратқа толы, пайдалы дағдылар мен шеберліктерді дамытады. Бірқатар еңбектерде баларға бейнелеу өнерінен білім беруде төмендегі бағыттарды ескеру көзделеді: өнердің жалпы тәсілдері арқылы баланың жеке тұлғалық, гуманистік және интеллектуалдық қасиеттерін қалыптастыру мен дамыту (В.С.Кузин, Б.М.Неменский, Т.Я.Шпикалова және басқалар); өнердің нақты тәсілдер мен түрлерін пайдалану арқылы жеке тұлғаның жеке қасиеттерін арнайы дамытушы бағыттар (С.А.Золочевский, С.А.Полищук, Ю.А.Полуянов және басқалар).

Осы бағыттағы бағдарламаларды оқыту мазмұнын таңдаудағы эстетикалық-тәрбиелілік, эмоциялы-құндылық, мәдениеттану т.б. жетекші принциптері бойынша ажыратуға болады.

Бейнелеу іс-әрекеттері түрлерінің өзара байланысы мәселелерін қарастыруымыз да кездейсоқ емес. Тәжірбиені кеңінен сараптау сурет салу, мүсіндеу мен дизайн сабақтарында осы өзара байланыстық есепке алынбай жоспарланатынын, ал сабақ тақырыптары оқушылардың заттар мен құбылыстар туралы бақылаулары, білімдері ескерілетін іс-әрекеттердің басқа да түрлерімен өзара байланыспайтынын көрсетті. Сурет салу, мүсіндеу мен дизайн арасындағы өзара байланыстың жоқтығынан оқушылардың әрбір бейнелеу іс-әрекетіне тән бейнелеу тәсілдерін есепке алмай, бейнелеу өнері пәнінің бағдарламалық міндеттерін жеке-жеке шешетіндігі де байқалады.

Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеттері әр түрлі шындық өмір заттары мен құбылыстарын көркемдік әсерлеуге көмектесетін өзіндік арнайы құралдар-тәсілдері бар.

Бейнелеу іс-әрекет түрлерінің (сурет салу, мүсіндеу, дизайн) өзара байланысы оның мазмұнын байытып қана қоймай, балалардың әдіс-тәсілдерді өздігімен меңгеруіне де ықпал етеді. Бейнелеу іс-әрекетінің әр түрінен құралған педагогикалық жұмыс жүйесі баланың көркемдік дамуын қамтамасыз етеді.

Бейнелеу іс-әрекеті түрлерінің кірігуі біздің тарапымыздан көркемдік тәрбиені кешенді жүзеге асыру жолы ретінде, балаларының мақсатты және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін педагогикалық жағдай ретінде қарастырылады[8].

Өзара байланыс арқылы балалар қоршаған орта заттары мен құбылыстарын әр-түрлі құралдар, амал-тәсілдер мен материалдарды іздестіру барысында бейнелі түрде суреттеу мүмкіндігіне ие бола отырып, әсерлі бейнелеу тәсілдерін салыстыруды, таңдауды және бағалауды үйренеді. Сөйтіп, балалардың дамуы неғұрлым белсенді жүргізіледі. Мәселен, «Көңілді алаң» тақырыбы бейнелеу іс-әрекеттерінің барлық түрлерін кіріктіру. Балалардың эстетикалық тәрбие беруде бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерінің пәнаралық байланысы негізіндегі кіріктіруге көп көңіл аударылады. Мұнда басты мәселе негізгі білімдерді біріктіру және ешқандай пән өз мағынасын жоғалтпайтындай жоғары нәтижеге жету.

Кіріктіру бейнелеу өнері мен дүниетану пәндерінің білімдері мен оқу материалдарын біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар мүлдем жаңа білімнің пайда болуына әкеледі. Эстетикалық тәрбие берудегі пәнаралық байланыстар ғылыми білімдер, атап айтқанда деректер, түсініктер негізінде бекітіледі.

Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі-балалардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы олардың бойында адамгершілік, мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру. Әр баланың көркемдік ойлау қабілітін дамыта отырып, шығармашылық, қиал сезімін дамыту. Ал, осы мәселелер балабақша қабырғасында әлі де болса өз мәнінде шешілмей келеді. Соның салдарынан балалардың ынтасының төмендеуі, енжарлық етек алуда.

Бала өзін қоршаған ортадан әсемдікті сезінуі, оны бағалай білуге талпынуы бүкіл жан дүниесіне, сезіміне әсер етеді. Дегенмен, баланың көркем өнерге деген қабілетінің дамуы, оның шығармашылықпен ұштасуы, бала кезінен тәрбиенің сол түрлерімен айналыстыруға және жеке-дара ерекшеліктерін ескеріп, тәрбиені белгілі мақсатқа бағыттап жүргізуге байланысты[9].

Балалардың көркем білімге талпынуын арттырып, қиялын шарықтатып, бойын сергітіп, әдемілік әлеміне ынтасын арттыруда балабақшада оқытылатын бейнелеу өнері пәні зор роль атқарады. Ол дүниені түсініп, көрген-білгендерін, алған ұғымын көркем образ арқылы бейнелеуге үйретеді. Балаларға эстетикалық тәрбие берудің табысты болуы тәрбиешілердің көркем талғам мен білімді игерту әдіс-тәсілдеріне байланысты. Қазіргі кезеңде эстетикалық тәрбиені халқымыздың озық, дәстүрлерін ескере отырып жүргізгендері жөн.

Өскелең ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде балабақшадағы бейнелеу өнері сабағының алатын орны зор екендігі белгілі. Себебі балабақша кезеңінде баланың эстетикалық мәдениетінің негіздері қолданылады.

Балаларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады. Ол үшін біздің зерттеу жұмысымызда төмендегідей міндеттенр қарастырылады:

•бейнелеу өнер пәні арқылы балаларды әдемілікке әсемдікке деген сезімдерін жетілдіріп, жаңа сапалық деңгейге көтеру, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу;

•бейнелеу өнері пәні арқылы эстетикалық тәрбие берудің тиімді жолдарын анықтау;

•эстетикалық тәрбиені ұйымдастыру деңгейін анықтау;

•балалардың көркем өнерге деген қызығушылығының шығармашылықпен ұштасуына көмектесу;

•бейнелеу өнері пәні бойынша балаларға эстетикалық тәрбиелеу жолдарын анықтау;

Балабақшада бейнелеу өнері сабағында эстетикалық тәрбие беруде балалармен бірлесе отырып, олардың өнердегі әсемдік пен әдемілікті түсіну, байқай білу қабіліетін дамыту үшін көптеген ұжымдық жұмыстар жүргізілсе, сабақ барысында ойындар мен көрнекіліктер («Түстерді ажырат», «Кім алғыр», «Үйлестіре біл», т.б.ойындар)тиімді қолданылса, балалардың табиғат сұлулығын, көркем өнер шығармаларын эстетикалық мәнде қабылдаулары күшейіп, сабақ сапалық жаңа деңгейге көтеріледі. Сапалы сабақтарды жүргізу нәтижесінде балаларының эстетикалық танымы, білімі, талғамы артып қана қоймай, олардың әрбір жұмысы шығармашылықпен ұштасып отырады.

Эстетикалық тәрбие біздің байқауымызда дүние жүзілік және ұлттық мәдениет салалары негізінде көркемділікке, әсемділікке, сезімталдыққа баулу жүйелерін қамтиды. Әрине бұл өте ауқымды процесс. Ол жан-жақты зерттеуді, оны жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Сондықтан біз өз тәжірибемізде бейнелеу өнері сабақтарында эстетикалық тәрбие беру мәселелерін қарастырып отырмыз.

Эстетикалық тәрбие мәселелері көптеген ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қамтылған. Оның жасөспірімдерді тәрбиелеудегі маңызы, эстетикалық тәрбие беру мәселелері В.В.Алексеева, А.В.Бакушинский, Г.В.Лабунская, Н.П.Сакулина, Б.П.Юсов, еңбектерінде қарастырылған халқымыздың ұлттық мәдени мұралары, қол өнері, сәндік өнер түрлерінің маңызы туралы Республика ғалымдары Б.Қазыханов, А.Қасымова, Ә.Тәжімұратов ғылыми еңбектерінде нақты көрсетілген.

Эстетикалық имандылық, адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрлерін пайдалану Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ж.Наурызбаев, С.Қасиманов еңбектерінде көрсетілген.

Кейінгі кездері бейнелеу өнері пәні құралдары арқылы эстетикалық тәрбиеге тәрбиелеу С.Аманжолов, Ш.Әлібеков, Б.Әлмуханбетов, Б.Байжігітов, Ж.Балкенов М.Жанаев еңбектерінде орын алып жүр. Көптеген еңбектерде эстетикалық тәрбиенің мәні мен мазмұны қамтылып, оның тәрбиелеу жолдары әдіс-тәсілдері нақты көрсетілмейді. Сондықтан біз эстетикалық тәрбие беру мәселелерін жан-жақты қарастыруымыз қажет.

Сонымен балабақшадағы кезек күттірмейтін мәселенің бірі; көркем эстетикалық тәрбие, яғни балалардың эстетикалық талғамын дамыту, сол арқылы мейірбандық, имандылық қасиеттерін қалыптастыру; екіншіден, әр баланың ойлау қабілетін дамыта отырып, қиял–сезімін шарықтату болып табылады.

Балалардың эстетикалық тәрбиесінің маңызды бөлігі көркемдікке тәрбиелеу ісінде көптеген аса күрделі мәселелер туады. Бала өнер арқылы өзінің көңіл сезімін тереңірек түсіне білуі айқын ойлап, терең сезіне білуі тиіс.

Бала эстетикалық жағынан дамып, жетілуі үшін тәрбиені өте ерте, баланың жас кезінен бастау керек. Өйткені, балалық сезім-саналы өмірдің негізі. Бұдан саналы өмір негіздерін қалауда қандай да берік сенімді тірек қажет болатыны түсінікті[10].

Қалай болмасын әрбір адам өнердің игілікті күшін бала кезден бастап сезінеді. Ол біздің рухани жағынан жетілмеуімізге ықпал етеді, жеке бастау және қоғамдық өмірде кездесетін мәселелердің шешімін табуға, тіпті кей жағдайда өмірден өз орныңды табуға көмектеседі. Балалардың талғампаз болуы жазушы, ақын, суретші, композиторлардың еңбектерін, ондағы сұлулықтарды түсінуі олардың рухани азығын молықтырады, адам баласы жасаған мәдени мұралармен таныстырып, соны терең түсінуге тәрбиелейді.

Эстетикалық тәрбие дегеніміз – бұл-әсемдік, сұлулық, пәктік қасиеттер музыка, сурет, кескіндеме, мүсін және қолөнері өнерлері арқылы балалардың көркемдік танымын, сезімін тәрбиелеу.

Бейнелеу өнерінің барлық түрлері графика, живопись, мүсін, сәндік- қолданбалы өнері, сулет өнері, барлығы эстетикалық тәрбие негізі. Көркем өнер туындыларын түсініп сезіну, оның образдық мазмұнын қабылдау, өнер тілін меңгеру барлығы балалар эстетикалық талғамын дамытады.

Қоршаған ортамен таныстыру арқылы балалардың эстетикалық талғамын қалыптастыру бейнелеу өнері сабақтары түрлерінде іске асырылады.

Әсемдіктің таптырмас бұлағының бірі–табиғат. Ол эстетикалық сезімнің, байқампаздықтың, қиялдың дамуына үлкен әсерін тигізеді.

Табиғат үйлесімділігінің, әсемдіктің, мәңгілік жаңарудың, әлемдік заңдылықтары әр-түрлі болу, түстер, жарық сәулелер, көмегі арқылы балаларды әсемдік талғампаздық, әсерленушілік сезімге тәрбиелейді.

Табиғатқа топ серуен жасаған кезде балалардың оның сұлулығын эстетикалық тұрғыда қабылдауы күшейеді, ерекше рухани серпеліс, сүйсіну сезімі туады, ойы мен қиялы дамиды. Жаратылыстың сұлу заттары бала жанында сұлулық сезімдерін оятады.

Үлбіреген түрлі түсті гүл, көк-жасыл орман-тоғай, сылдыраған су, шексіз-түпсіз көк теңіз, түрлі шөптермен, толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан асқар тау, сұлу ай, жұлдызды түн, міне, осылар секілді жаратылыстың сұлу көріністері, жанды билеп әкететін ән, күй, сиқырлы сөз, сұлу суреттер әсері баланың жанында бір сұлулық толқынын оятып тұрғызбай қоймайды.

Егер оқушылар табиғатты қорғауға атсалысатын болса, табиғаттың эстетикалық ықпалы да айтарлықтай арта түседі.

Міне, сондықтан да балардың табиғатты қорғау әрекеттеріне (күнделік жүргізуде, табиғат бұрышында, балабақшаның оқу-тәжірбие алаңында, табиғатта, үйде, жануарларды қорғауда, балабақша ауласын көгалдандыруда) эстетикалық бағыт беру керек.

Табиғатқа, қоршаған ортаға эстетикалық қатынасты тәрбиелеу үшін дүнижүзілік және ұлттық көркем туындылар (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің т.б.) мысалдарын, үлгілерін көрнекі қолдану қажет.

Балаларды табиғатқа серуендеуге шығарғанда, оларға әр қилы тапсырмалар орындатуға болады: заттың өзіне қарап суреттер салып, ұнаған жерлерді суретке түсіру.

Табиғат – біздің өміріміздің сәні. Ол бізді мол шаттыққа кеңелтеді. Кең байтақ далаға, айнадай жарқыраған су айдынына, ұлы тауларға қарап, сүйсіне ләззат аламыз. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сондықтан да балалардың эстетикалық танымын қалыптастыруда қоршаған ортаның әсері мол.

Балалардың эстетикалық талғамын жетілдіре, бекіте түсу үшін сабақ барысында табиғат көріністерінің сұлулығы жырланған шығармалардан (жазушылардың, композиторлардың, суретшілердің) көбірек пайдаланған тиімді. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасы, Абайдың табиғатты суреттеуі, Ілияс Жансүгіровтың «Жетісуды суреттеуі» т.б.

Негізінде эстетикалық тәрбие экологиялық тәрбиемен тығыз байланысты, өйткені экологиялық тәрбиенің де басты бағыты жас ұрпаққа табиғатпен қатынаста жоғары мәдениеттілікті, қоршаған ортаға деген азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру. Мектепке дейінгі балаларын эстетикалық тәрбиеге баулу туған табиғатты бейнелейтін көркем сипаттама мен көріністерді жақсы түсінуге негіз салады, балаларды суретке, қиып жапсыруға баулу, түстердің, сызықтардың тамаша келісті үйлесімділігін таңдай білу қабілетін дамытуға жәрдемдеседі.

Өмірді, оның қоғамдық тәрбиелік мәнін жан-жақты түсіну үшін әсемдік, әдемілік заңдарын жақсы түсіну шарт. Өнер біздің қоғамда адамдардың, әсіресе балаларды рухани, эстетикалық тәрбиелеуде сенімді күшті құрал болып табылады. Балаларды көркем өнерді сүюге, адамға тән ізгі қасиеттерді қастерлей білуге үйретеді[11].

Қазақ халқы ерте заманнан – ақ сұлулық пен әсемдікті таңдай да, талдай да білген. Өз тұрмысы мен мәдениетінде шеберліктің небір сан –саласын, асқан ұқыптылықпен көкірегінде қастерлей сақтап, меңгеріп, біздің дәуірімізге ұштастырған.

Өнер қашанда қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен, жанашырлықпен қарауды қажет етеді. Әсіресе, балабақшада бейнелеу өнері жүйелі оқыту жайы, оған жастай баулап тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер қояды. Сурет салуды сүю-өмірді, табиғатты, айнала қоршаған ортаны сүю. Ол баланың ақылын, ойын, парасатын, өсіреді, танымын кеңейтеді, ізгілікке, әсемдікке үйретеді. Өмірдегі келеңсіз құбылыстармен ымырасыз күресуге тәрбиелеп, халқына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Халық шеберлері ою-өрнек салу тәсілін белгілі-бір ізбен қалыптастыруда өз өнерін үздіксіз жетілдіру жолымен кейбір ою-өрнектердің композицисына, әшекейлейтін заттардың түріне қарай табиғи байланысты бейімдеп түрлендіріп отырады. Демек ою-өрнектермен әшекейлеп бейнелеушілік қандай уақытта болмасын халықтың дәстүр негізінде орындалады. Осы халық қолөнерінен туған бұйымдарды көрмелер мен мұражайларға сақтап қана қоймай, оны күнделікті сабақ барысында кеңінен қолдануы қажет.

Бейнелеу өнері-ерте заманда пайда болып, барлық дәуірде өмір сүрген. Ол бірнеше түрге бөлінеді: кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік қолданбалы өнер.

Сурет салуды үйрету әдістемесінде натюрморт кез–келген ыдыс-аяқтан немесе басқа да затттардан құралады.

Бір жағынан натюрморт қозғалмайды. Сол себептен натюрмортты асықпай отырып қолдың икемділігін жаттықтыруға, түсініп, сызуға және де сурет техникасын жете меңгеруге таптырмайтын құрылым болып табылады. Ал, жануарларды салу, енді сурет салып, үйреніп келе жатқан оқушыға қиынға соғады. Өйткені олар натюрморт сияқты «өлі зат» емес, үнемі қозғалыста болады.

Бейнелеу өнері сабағында тапсырманы түсіндірген кезде бейнеленіп отырған объектінің эстетикалық мазмұнының нақты ашылуының маңызы зор. Оның үстіне құбылыстағы, заттағы нақты әсемдікті педагог асқан сезіммен, әсерлі түрде әңгімелеп беруі тиіс. Егер мұғалім сурет салу үшін қойылым, ретінде ашық түстерге боялған заттарды қойып, оларға әдеттегі, біркелкі дауыспен талдау жасаса және қойылымның ашық жарқындығын, әсемдігін, бірегейлікпен білдіретін сөздерді таба алмаса, онда балалардың сезіміне қозғау салмайды, олар бейнеленіп отырған затқа және өз жұмысына аса ынта қоймайды.

Қорыта келгенде бейнелеу өнері сабағында балаларға эстетикалық тәрбие беруде халық дәстүрлерін, ұлттық өнердің түрлерін көбірек пайдалану қажет. Себебі балаларды халқымыздың өнері, ұлтық ойындар және халық ертегілеріндегі кейіпкерлер бейнесі қызықтырады. Бейнелеу өнері пәні сабығында эстетикалық талғамды қалыптастырып, негізі мынадай іс - әрекеттерге тоқталу қажет. Жаңа сабақты түсіндіру барысында көрнекіліктерді түрлендіре отырып, сұрақ-жауап, әңімелесу әдістерін қолдану[12].