Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_kurs-doc_4001-5000_4301-4400_4301-4320_kurs_4320.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

1.3. Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнерінің құралына тәрбиелеу мақсаты

Бейнелеу өнерін мектепке дейінгі балаларда оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттардың ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егер де балалардың осы қабілеттері дұрыс қалыптасатын болса, ересек жасқа қарай баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді. Қарап салу үшін бөлмеге қойылатын заттарды тәрбиеші перспективалық өзгерулері көрінбейтіндей етіп және балалардың барлығына жан–жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана мектепке барғанда балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда балалар тәрбиешінің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар осындай композициялық шешімдері тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады. Бұл 50х50 размерлі плпншет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі-түсті түгі бар қалың қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар мен кейіпкерлер қиылып жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі аңдардың суреттері әр түрлі размерде болады. Себебі балаларға композицияның алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттың көлемі үлкен болады да алыстағы зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына көмегін тигізеді.

Балалардың суреттерін жиырмасыншы ғасырдың басында зерттеген неміс психологы Г. Кершенштейнер «балалар сурет салғанда көргенін емес ойындағы білгеніне сүйене отырып салады деп дәлелдеген. Балалардың салған суреті жалпы қоғамға қажеті бар өзіндік маңызды шығармашылық туынды екенін бүкіл өнертанушы ғалымдар мен қатар психологтар, тарихшылар, биологтар суретшілер мойындап отыр. Балалар жер шарындағы халықтардың ең көп бөлігі болып есептеледі. Сондықтан болу керек атақты ағылшын жазушысы Ульям Блейк «балалар-азаматтың атасы» деген екен. Балалардың салған суреттеріне қарап балалық шағымызды еске аламыз, туған жеріміз есімізге түседі. Балалардың салған суреттерін анықтап қарайтын болсақ, балалардың салған суреттерінің көпшілігінде күн бейнеленетінін байқаймыз. Күн кейбір балалардың суреттерінде сары, қызғылт, тіпті көкшіл шар секілді де болып боялады. Мысалы, топтағы балалардың жұмыстарын талдағанда балалардың жартысынан көбі күнді жылы түсті қолдану арқылы бейнелеген, ауа-райының өзгеруі балалардың күнді бейнелеуге ешқандай әсер етпейтінін аңғаруға болады. Мысалы, желді, жаңбырлы күн, кешқұрым, қар жауып тұрған сәттерді бейнелесе де балалардың композицияларында бәрі бір күн ығып тұрады. Қазір балалардың жолдың үстіне, үйлердің қабырғаларына, шарбақтарға салған суреттерін көп кездестіреміз[6].