Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
_kurs-doc_4001-5000_4301-4400_4301-4320_kurs_4320.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

Жоспар

Кіріспе 3

І-тарау. Балабақшада балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру. 4

1.1.Балаларды тұрмыстық бейнелеу жанрымен таныстыру 4

1.2.Балаларды декоративті бейнелеу өнерімен таныстыру. 5

1.3. Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнерінің құралына тәрбиелеу мақсаты 8

1.4. Белгілі топтағы балалардың эстетикалық қабылдау ерекшеліктері. 9

1.5.Сабақты ұлттық әдет-ғұрыптар мысалдарымен түрлендіріп жүргізу 16

1.6.Балабақшадағы сабақ үшін бейнелеу өнеріне шығармашылық тақырыпты таңдап алу принципі 17

ІІ.Балаларды бейнелеу өнерінің жанрымен немесе бір түрімен таныстыру методикасы. 19

2.1.Тақырыпқа байланысты және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу 19

2.2. Жүргізілген жұмыстың анализі. 22

2.3.Ересек топтардағы балалардың бейнелеу өнері шығамаларының тақырыптары 27

2.5.Балабақшада бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты мен міндеттері 29

Қорытынды 32

Пайдаланылған әдебиеттер 33

Кіріспе

Қазіргі заманда бейнелеу өнерін балабақшада оқытудың маңызы өте зор. Балалардың ой - өрісін кеңейтіп дамыту үшін бейнелеу өнері ең қажетті сабақтың бірі болып саналады.

Бұл жұмыс екі бөлімге бөліп қарастырылған, бірінші бөлімде балабақшада бейнелеу өнерін оқыту, затқа қарап заттың суретін салу және тақырыпқа және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу.

Бейнелеу өнерін осы жастарда (ересек топтағы балаларға) оқытудың басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттарды ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген бойынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өз түсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осы қабілеттері дұрыс қалыптасатын болса, мектепке барғанда баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді. Қарап салу үшін балабақшада қойылатын заттарды тәрбиеші перспективалық өзгерулері көрінбейтіндей етіп және балалардың барлығына жан–жағынан қарағанда бірдей қашықтықта болатындай қылып қойғаны абзал. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана мектепке барғандағы балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда балалар тәрбиешінің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар осындай композициялық шешімдері тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады. Бұл 50х50 размерлі плпншет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі-түсті түгі бар қалың қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар менкейіпкерлер қиылып жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі аңдардың суреттері әр-түрлі көлемде болады. Себебі балаларға композицияның алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттың көлемі үлкен болады да алыстағы зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына көмегін тигізеді

І-тарау. Балабақшада балаларды бейнелеу өнерімен таныстыру.

1.1.Балаларды тұрмыстық бейнелеу жанрымен таныстыру

Қазіргі бейнелеу өнерін осы тәрбиелеудің басты мақсаты, ол балаларға өмірдегі кездесетін қарапайым заттарды бейнелеуді үйрету болып табылады. Балалар өздерінің жас ерекшеліктеріне байланысты салған суреттерінде заттардың ұзындығы мен көлемін ғана көрсете біледі. Сондықтан сурет салудың басты негізгі затты көріп, көрген блйынша заттың биіктігін, көлденеңін, сол заттың басқа заттан өзгешілігін ажырату арқылы бейнелеу. Затқа қарап салу тапсырмасын орындау барысында, бала заттардың өзтүсін байқауға және басқа заттармен салыстыра білуді үйреніп, меңгереді. Егерде балалардың осы қабілеттері дұрыс қалыптасатын болса, мектепке барған баланың сурет салу мүмкіншілігі арта түседі. Затқа қарап салу тапсырмасы көп берілмейді. Сурет салуды үйрету балалардың көріп есте сақтау, қиял деңгейлерін дамытуға көп әсерін тигізеді. Қиял, есте сақтау сияқты танымдық процестерің дамуына арнайы аулаға шығып маңайдағы заттарды бақылаудың да маңызы ор. Осы жастағы балалар сурет салуды заттың алыс, жақын, төмен, жоғары орналасу түрлерін түсіне біліп, соны сала білуі тиіс, тек осыларды меңгере алғанда ғана мектепке барған балалар сурет салудың күрделі түрі перспектива заңдылықтарын тез қолдана алуына жол ашады. Композиция тапсырмаларын орындауда алыс, жақын, алдыңғы жақта, артқы жақтарда тұрған заттарда балалар тәрбиешінің түсіндіру арқылы айыра біледі. Сонымен қатар осындай композициялық шешімдері тез түсіндіретін фланелграфты пайдалануға болады. Бұл 50х50 размерлі планшет, оның үстіне арнайы мата керіледі, керуге қолданылатын матаның түгі болуы керек. Түрлі-түсті түгі бар қалың қағаздардан арнайы ертегінің мазмұнына қарай заттар мен кейіпкерлер қиылып жасалады. Планшеттің бетіне осы қиылған заттардың суретін жабысып қалу арқылы композиция орындалады. Сабақта қолданылатын заттар мен түрлі аңдардың суреттері әр-түрлі размерде болады. Себебі балаларға композицияның алыс, жақын, алды мен артқы жақтарында орналасқан заттарды түсіндіру үшін қажет. Мысалы, жақын жерде тұрған заттың көлемі үлкен болады да алыстағы зат кішкентай болып көрінеді. Тақырыпқа байланысты және ертегінің мазмұнына композиция салуда баланың заттарды қағаз бетіне дұрыс орналастыруына көмегін тигізеді.

Балалардың суреттерін жиырмасыншы ғасырдың басында зерттеген неміс психологы Г. Кершенштейнер «балалар сурет салғанда көргенін емес ойындағы білгеніне сүйене отырып салады деп дәлелдеген. Балалардың салған суреті жалпы қоғамға қажеті бар өзіндік маңызды шығармашылық туынды екенін бүкіл өнер танушы ғалымдар мен қатар психологтар, тарихылар, биологтар суретшілер мойындап отыр. Балалар жер шарындағы халықтардың ең көп бөлігі болып есептеледі. Сондықтан болу керек атақты ағылшын жазушысы Ульям Блейк «балалар–азаматтың атасы» деген екен. Балалардың салған суреттеріне қарап балалық шағымызды еске аламыз, туған жеріміз есімізге түседі. Балалардың салған суреттерін анықтап қарайтын болсақ, балалардың салған суреттерінің көпшілігінде күн бейнеленетінін байқаймыз. Күн кейбір балалардың суреттерінде сары, қызғылт, тіпті көкшіл шар секілді де болып боялады. Мысалы, балалардың жұмыстарын талдағанда балалардың жартысынан көбі күнді жылы түсті қолдану арқылы бейнелеген, ауа-райының өзгеруі балалардың күнді бейнелеуге ешқандай әсер етпейтінін аңғаруға болады. Мысалы, желді, жаңбырлы күн, кешқұрым, қар жауып тұрған сәттерді бейнелесе де балалардың композицияларында бәрі бір күн ығып тұрады. Қазір балалардың жолдың үстіне, үйлердің қабырғаларына, шарбақтарға салған суреттерін көп кездестіреміз. Кейбір қалаларда мысалы, Жезқазғанда көшедегі құрылыс алаңын қоршап қойған бетон қоршауларға балалар сурет салады. Балалардың салған суреттерінен Еліміз туралы, оның болашағы, табиғатты, өнері, өнеркәсібі туралы толық мағлұмат алуға болады. Бұдан балалардың қиял деңгейлерімен болашаққа деген үлкен ойларын аңғарамыз. Таң қалатын бір жәйт, ол осы балалардың сурет салудың техникаларын дұрыс меңгермесе де адамға ой салатын деңгейге жететін туынды салып үлкендерді таңқалдыруы. Қазір біз балалар суреттеріне көп мән бере бермейміз, жастайынан сурет салудың техникаларын үйреткіміз келіп, баланың өз ойымен, өз деңгейінде орындағысы келетін қабілетін басып, табиғи қабілетінің шығуына кедергі жасаймыз. Балабақшаларда балаға жастайынан сурет салудың заңдылықтарын меңгеруге итермелеп, күштеп үйретеміз. Осыдан барып көрмелерде балалардың ішкі дүниесімен салған таза жұмысын бағалай алмаймыз[1].