Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
((Әдебиеттік оқу 2 сынып нұсқаулық 1 бөлім.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701.48 Кб
Скачать

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Шешендік сөз ерекшелігін балық сызбасына түсір.

Балықтың басына не туралы болатынын, үстіңгі қабырғасүйегінеерекшеліктерін,астыңғықабырға сүйегінеосыерекшеліктерініңсебебін,құйрығына қандайқорытындыойларболатынынжазуұсыны- лады.

Қосымша тапсырма

Бір шешендік толғаудан үзінді жатта.

Оқушылардың білімін бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.

2.1.3.1 шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп, оқиғаның соңын болжау;

2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру;

2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу.

абыз, бата алу, солқылдақ шыбық, ауызбірлік.

парақтар, бояу қарындаштар.

  • мәтіннің үзіндісі арқылы оқиғаның соңын болжайалады;

  • мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құраалады.

Сабаққа қатысты нұсқаулар

Тапсырманың негіздемесі:оқушылардың би- лер мен шешендер туралы не білетіндерін және оларды халықтың шешен деп тануының себеп- терін ортаға салу арқылы тақырып бойынша білетін мағлұматтары жинақталады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылардың назары оқулықтағы суретке аудартылады. Сурет- тен не көргендерін оқушылар айтады. Олардан қазақтың дана үш биі туралы не білетіндері сұра- лады. Оқушылар би-шешендер туралы білетін мағлұматтарын ортаға салады.

Осы би-шешендерді халық дана, шешен, ретін- де тануының себебі неде деп ойлайсыңдар? – де- ген сауал бойынша ойларын сәйкестік аймағы арқылы талдайды. Берілген А3 парақтарына ор- таға қойып, өз ойларын өз бөлігіне жазады. Ой- ларын топта айтады да, ортақ шешімге келіп ор- тадағы аймаққа жазады. Жұмыстарын сыныпта таныстырады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:топпен жұмыс ұсы- нылады.

Тапсырманыңнегіздемесі:берілген мәтін үзі- гімен болжам жасау арқылы сыни ойлаудағдыла- рыартады.

Тапсырманыңорындалуы:алдымен оқушы- лардың назары оқулықтағы суретке аудартыла- ды. Суреттен не көргендерін оқушылар айтады. Мұғалімтолықайтылмағанжағдайдасұраққойып нақтылайды. Онда сурет арқылы оқушылардың қандай болжам жасайтынытыңдалады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:жеке жұмыс ұсыны- лады.

Тапсырманыңнегіздемесі:тапсырма оқушы- ның тыңдалым дағдысын дамытуға арналған.Тыңдалыммәтінініңмазмұнынанықтап,мазмұны- на жоспар құру арқылы оқушының тыңдалымды түсінуіне мүмкіндікжасалады.

Тапсырманыңорындалуы:аудиомәтін бірін- ші тыңдалғанда, сыныптан не туралы, қандай оқиға болғаны ғана сұралады. Екіншітыңдалғанда жұптар аңыз мазмұнын өзара айтады. Суретпен байланыстырыпәңгімелейді.

Жұптар мазмұнды топта айтады. Мазмұныды шолып шыққанннан кейін ұсынылған оқиғалар- ды реті бойынша қойып шығу тапсырылады. Оқу- лықтағы берілген сөйлемдер парақтарға шыға- рылып қиықтармен беріледі.Топтасөйлемдерді оқиғаретібойыншақойыпшығады.Топтарорнын сағат тілімен ауыстырады. Жұмыстар өзаратоптар арасындатексеріледі.

Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі оқушыларды топтау арқылы саралау орын алады. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп нәтижелі болады.

Сыныпты ұйымдастыру:жұмысты жұппен, топпен орындау ұсынылады.

Аудиомәтін

Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

  • Балам, мынаны сындырыпкөрші.

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сынды- ра алмайды.

  • Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы?Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:

  • Бұдан не түсіндің, балам? – дейді. Сонда Төлебала:

  • Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ын- тымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала ал- майды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңізғой.

  • Бәрекелде,балам,дұрыстаптың.Елбилеуүшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа ба- рамын" дегенінің мәнісі осы, -депті.

Тапсырманың негіздемесі:шешендік сөз мазмұны бойынша кейіпкерге мінездеме беру арқылы сыни ойлау дағдылары артады.

Тапсырманыңорындалуы:оқушылар тапсы- рманы топта орындайды. Екі топқа әкесіне,екі топқа Төле биге мінездеме беру тапсырыла- ды. Мінездемені сызбамен жазу ұсынылады. Өз жазғандарын сыныпқа таныстырады, толықтыра- ды. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылайды. Төле бидің дана болып қа- лыптасуына әкесінің әсері туралы жұп арасын- да айтады, топта ойларын ортаға салып, ортақ шешімдерін сыныпта айту сұралады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:топпен жұмыс ұсы- нылады.

Көрсетйік

Тапсырманыңнегіздемесі:тапсырма оқушы- ның айтылым дағдысын дамытуға арналған. Берілгенбіліммазмұныбойыншаойынжинақтап, өз ойларын оқиға арқылы бере алуға мүмкіндік жасалады.

Тапсырманыңорындалуы:оқушылардан шешендік сөздегі Төленің әкесіне берген сауалы- на өздері қалай жауап беретіндіктері сұралады. Оқушылардың ойлары тыңдалғаннан кейінөздері айтқан ойларды оқиға арқылы қалай түсіндіруге болатыны сұралады.Тапсырманытопта ойланып, осы сауалға жауап болатын оқиғаны плакатқа түсіру ұсынылады. Плакатта оқиғаның баста- луы, дамуы, шешімі бөліктермен берілу талабы ескертіледі. Көркем суретпен ғана емес, әңгіме арқылы беруге болатыны айтылады. Соңындажұ- мыстары таныстырылады. Әр жұмыс ең үздік, ең қызықты деген атауларменмарапатталады.

Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі оқушыларды топтау арқылы саралау орын алады. Топта бір-біріне қолдау көрсетіп, нәтижелі бола- ды.

Сыныпты ұйымдастыру:жұмысты жұппен орындау ұсынылады.