- •Мазмұны
- •1. Әдебиетке шолу
- •1. 1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, шығу тарихы, пайдаланылуы
- •1. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы
- •1.3. Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері
- •1.4. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы, оларды бағалау
- •2.1. Жамбыл облысының климаты, өсімдік жамылғысы, топырақтары
- •2.2. Шаруашылық тарихы, сипаттамасы, болашағы
- •2.3. Тұқымнан өсіруге арналған көшетханалар
- •2.4. Гүлді өсімдіктерді көбейту жолдары шырайгүл
- •2.5. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері
- •3. Шырайгүл өсімдігін өсіру технологиясы
- •4.2. Шырайгүлді тұқымнан өсіру технологиясы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар
2.2. Шаруашылық тарихы, сипаттамасы, болашағы
Гүлдің адам баласына әсер ететін ғажайып қасиеті бар. Содан болар, құлпырған хош иісті гүлдер бағында біреумен біреудің жанжалдасып, адамдардың бейәдеп қылық танытып, ашуланып, дөрекі мінез көрсетіп жатқанын кездестірмейміз.
Жамбыл облысының басты ерекшеліктерінің бірі – гүл бизнесінің дамығаны. Мұнда қазір елімізде баламасы жоқ «Жасұлан-Флора» гүл фабрикасы жұмыс жасауда. Аталмыш кәсіп түрін ашқан серіктестік директоры Жұмакүл Омароваға мұндай идея шет мемлекеттерде жүрген кезінде туған екен. Содан 2007 жылы бұл бизнесті қолға алып, аясын кеңейткен.Танымал кәсіпкердің негізгі мамандығы – фармацевт. Еңбек жолын дәріханада технолог қызметінен бастап, кейіннен жеке дәріханасын ашқан. Ал гүл өсіру оның қарапайым «хоббиі»» болатын. Қазір елімізде кенжелеп қалған бұл салаға білек сыбана кірісіп, қала мен даланы қызыл ала кілеммен көмкеруге мықтап кіріскен жайы бар.
Жұмыс барысымен шетелдерге жиі шығып жүргенде, Еуропа елдерінің гүл қаптаған қалалары талай көзінің жауын алған. Қазақстан да дәл осылай құлпыра түссе екен деген арман, қиялға да жиі бой алдырған. Ал ел аумағын гүлдендіруді кім қолға алуы тиіс? Іштей оның жауабын жұптап, бұл орайда жүктелер міндет пен талап тізімін де түзіп шығады. «Алдымен, бұл бизнесті бастайтын кәсіпкер гүлді жақсы көруі керек, екіншіден, тәуекелі көп бизнес болғандықтан, ақшалы болуы шарт. Үшіншіден, патриот болуы тиіс деп топшыладым.Себебі, жерін сүймеген адам ақшасын жинап алып, шетелде тұрып-ақ сұлулықты тамашалай беруі мүмкін. Қарап отырсам, осы талаптарға басқа емес, өзім сайма-сай келіп тұр екенмін. Оның үстіне, бір істің кемеліне келгенде, адам жаны жаңа нәрсені іздей бастайды. Менде де сондай сезім болды», – дейді ол.
Осы кәсіпті бастауға тәуекел еткен кәсіпкер алғашында Қытайға барып, «шырайгүлдің» 3 миллион ұрығын Шымкентке әкеледі. Кез-келген кәсіп шығынсыз болмайтыны анық.Отырғызған ұрықтан 1 миллион гүл ғана өніп шығып, сол өскіндердің өзімен-ақ Шымқаланың шырайы кіріп қалады. Айтуға оңай болғанмен, өте нәзік өсімдікті егу, өсіру, жерсіндіру, күтіп-баптаудың қыр-сыры көп.Сан түрлі технологияны қолданып көріп, ақырында голландиялық әдістің ең үздік екеніне көз жеткізеді. Тәжірибе алмасу мақсатында, «қызғалдақтар отанына» мамандарын жіберіп отырады.Мекеме көбінесе дала гүлдерін өсірумен айналысады. Қала көшелерін гүлзарларға толтырып, оның жаз бойғы күтімі мен күз мезгілінде жинап алу жұмыстарын да өз мойындарына алған. Мұнда науқан барысында 250-дей адам жұмыспен қамтылады.
Жамбыл облысында гүл өсіретін 86 жылыжайы бар «Жасұлан-Флора» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылына 10 млн. дана гүл өсіруде. Бұл – бүгінде шаһардың шырайын келтіріп, абаттандыру жұмысын қолға алған серіктестіктің жылдық қуаты. 21 қыстық, 65 жаздық жылыжайлары, соның бірі «Қысқы бақ» жылыжайы. Тек гүлзар бағы ғана емес, тұрғындардың жиі баратын демалыс орнына айналып отыр. Сондай-ақ 2007 жылы серіктестің ең үлкен агрокешені Байзақ ауданы Жетібай ауылында іске қосылды. Ал, 2010 жылы Үдемелі Индустриалды Инновациялық Даму бағдарламасы аясында «Ауқымды гүлдерді өнеркәсіптік бағытта өсіру» жобасының құрылысы аяқталған. 2011 жылы жалпы аумағы 4000 га құрайтын Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған «кореялық жылыжай» іске қосылды. Бүгінде бұл жылыжайлар жемісін беріп, жылына 10 млн. дана гүлзар өсірілуде.
Сурет – 1, 2. Оңтүстік Кореяның технологиясымен жабдықталған «кореялық жылыжай» кешені
«Жасұлан – Флора» Голландия,Алмания, Чехословакия, Германия, Чехия, Ресей мемлекеттерімен тығыз байланыс орнатқан. Тек гүл өсіруден бөлек, қаланы абаттандыру жұмысымен де айналысады. Қазір тендер бойынша осы гүлдермен Тараз қаласымен қоса, өзге өңірлердің де, Түркістан, Шымкент, Қызылорда, Алматы, Павлодар, Орал, Ақтөбе, Астана қалаларын,гүлзарлары мен саябақтарын гүлдендіреді.
Қызылордада 20 мың шаршы метр жерге петуния, кохия, портулак, пеларгония, тагетес сынды гүлдер егіп, жаз бойы айналаны саялы мекенге айналдырған «Жасұлан-Флора» мекемесі енді күздік өсімдіктер отырғызуда. Соңғы 4-5 жылда Сыр бойының бас шаһары ерекше гүлге көмкерілді. Климаты құрғақ Қызылорда топырағына әсем де нәзік өсімдікті өсіру оңай шаруа емес. Дегенмен, көркейту-көгалдандыру жұмысымен ғылыми түрде айналысқан «Жасұлан-Флора» серіктестігінің мамандары сортаң жерді гүлдендіре білді.
Жылыжайда 30 шақты гүл түрінің 20-30 шақты сұрыптары өсіріледі екен. Таңдау көбіне «шырайгүл», «тагетес», «алиссум», «пеларгония» сынды гүлдерге түседі.Арасында бөлме гүлдері де бапталады. Шет елден, дәлірек айтсақ, Голландия мен Германиядан алып келінген гүл тұқымдары бүгінде қаланың негізгі көріктендіруші құралдарына айналып отыр.
Германияда гүлдердің биологиялық кодтарын біліп, сол арқылы көпжылдық гүлдерді бір жылдық, яки бір маусымдық гүлдер етіп қойған. Бұл – олар үшін үлкен табыс көзі. Өйткені, біздер жыл сайын солардан гүл тұқымын сатып алып отыруға мәжбүр боламыз. Егер бізден сондай мамандар шықса, гүл өсірудің, жалпы өсімдік өсірудің жолы жеңіл болар еді. Елімізде бұл саладағы мамандар тапшы екені айтапаса да белгілі.
«Жасұлан-Флора» алдағы уақытта мамандарын шетелге оқуға жіберуді жоспарлап отыр. Осы қырынан қарағанда, гүл зауытында мамандар мәселесі бірер жылда өз шешімін тауып қалатын секілді. Мүмкін сол кезде Жамбыл облысының гүлдері шет мемлекеттердің де гүлзарларында жайқалып тұратын күн туар. [12]
