- •Мазмұны
- •1. Әдебиетке шолу
- •1. 1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, шығу тарихы, пайдаланылуы
- •1. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы
- •1.3. Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері
- •1.4. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы, оларды бағалау
- •2.1. Жамбыл облысының климаты, өсімдік жамылғысы, топырақтары
- •2.2. Шаруашылық тарихы, сипаттамасы, болашағы
- •2.3. Тұқымнан өсіруге арналған көшетханалар
- •2.4. Гүлді өсімдіктерді көбейту жолдары шырайгүл
- •2.5. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері
- •3. Шырайгүл өсімдігін өсіру технологиясы
- •4.2. Шырайгүлді тұқымнан өсіру технологиясы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар
1.3. Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері
Гүлді өсімдіктердің шамамен барлық түрі көптеген аурулармен залалданып, зиянкестермен зақымданады. Әрбір гүл өсіруші адамның басты мақсаты – дені сау әрі эстетикалық құндылықтарын сақтаған гүлдер өсіріп шығару. Гүлді өсімдіктердің өсу барысын тұқымды сепкен сәттен бастап қадағалап отыру, оның бойында қандай да бір өзгеріс пайда болғандығын анықтап отыруға және оның дер кезінде алдын алуға көмек береді. Өсімдіктің зақымдалуы екі түрлі себептен орын алуы мүмкін: бірінші тобы қоршаған орта әсерінен болатын физиологиялық ауытқулар, екінші тобы тірі организмдер әсерінен келетін зақымдар.
Физиологиялық ауытқулар жаздықтарда да, екі жылдықтарда да, көпжылдықтарда да байқалады. Бұл жағдайлар көбінесе өсімдіктің өсіп-даму барысында оптималды жағдайлардың орын алмағандығынан болады. Гүл баптаушы өсімдік үшін барлық қажеттіліктерді біліп, сонымен қамтамасыз етіп отыру қажет.
Физиологиялық ауытқулар көп жағдайда су мөлшерінің тым көп немесе тым аз болуынан туындайды. Топырақтың мөлшерден тыс ылғалдануы, ондағы аэрацияның нашарлап, өсімдік тамырының тыныс алуына кедергі жасайды, тамыры шіри бастайды, жапырақтары сарғайып, өсімдік өліміне әкеледі. Ал, су мөлшері жеткіліксіз берілетін болса, өсімдіктің төменгі бөлігі, яғни тамыры қурап, жапырақ пен гүлдерінің түсіп қалуына себеп болады.
Су режимі сонымен қатар температурамен де байланысты. Төмен температурада суаруды шектейді, әсіресе жас өсімдіктер үшін, себебі ол жапырақтарының сарғаюына, арынан өсімдік өліміне әкелуі мүмкін. Ал, қатты ыстық, өз кезегінде кейбір өсімдіктерде күйік тудырады.
Суару - топырақтың механикалық қасиетін есепке ала отырып топырақты ылғалдату дәрежесі. Сусыз өсімдік тез тіршілігін жояды. Сондай-ақ оларды көп суару зиян, өте ылғал топырақ тамыр жүйесіне зақым келтіреді. Суару өсімдікті белгілі-бір мөлшерде ылғалмен қамту үшін қажет. Қысқа қарағанда жаз айларында гүлдер көп суды қажет етеді. Бірақ та қыста да топырақ ылғалды болу қажет.
Суару тәсілдері. Гүлді өсімдіктерді өсімдіктерін көбінесе «шетінен» суару арқылы топыраққа жіңішкелеп лейкамен суарады. Әркез су құмыраның бетімен жан-жағына толады. Өсімдігі бар құмыраны, ылғал топырақтың бетіне шығу үшін, ыдыстың ішіне салып қояды, қалған сұйықтық ағып кету үшін құмыраны алып тастау керек.
Демалыс кезіндегі суару. Көптеген өсімдіктерді жыл бойы сүйсініп қадағалаймыз, ал демалыс кезі келген кезде олар құрып кетуі мүмкін. Оларды судың аздығы немесе жетіспеуі құртуы мүмкін, сондықтан да автомат құрылғыларына жүгінген жөн көршінің көмегіне жүгінгенше.
Ірі өсімдіктерді құмыраның табақшасынан алмауға да болады, бірақ құмыраның астына жартылай этиленді целофан қойып, өсімдікті көлеңке жерге қою керек. Демалысқа бір апта қалғанда оларды бірнеше рет суарған жөн. Егер де сіз жеті немесе он күн болмайтын болсаңыз, онда бұл шара жарамды.
Орташа өсімдіктерді құмыраның табақшасына су құйып қалдыруға болады. Бұл өсімдікті күннің көзіне қоймаған кезде екі жетіге дейін жетеді. Сондай-ақ мата жабылған тақтайдың үстіне қоюға болады, ол матаның бір ұшы суда, ал екінші ұшын құмыраға орнату керек. Бұл тәсілді пластикалық құмырадағы өсімдіктер үшін пайдаланған жөн.
Өсімдіктерді қураудан қалай сақтап қалуға болады?. Суармаса өсімдік солады және соңында тіршілігін жояды. Өсімдік сола бастаса оны қанша көп мөлшердегі сумен суарса да, ол бәрібір тіршілігін жояды. Бірақ та көптеген өсімдіктерді тірілтуге болады, егер де уақытында суаруға көшсе. 3-4 см су құйылған ыдысқа құмыраға салыңыздар. Солған жерлерін қиып тастаңыз. Сұйықтық топырақтың бетіне жеткенде өсімдікті алып, оны бірнеше күнге қараңғыға қою керек.
Көп мөлшердегі су құйылған өсімдікті қалай сақтап қалуға болады?. Егер де топырақ өте дымқыл болса, топырақтың ішіндегі оттегі жетіспей және тамырлар өздерінің қызметтерін атқаруды қояды. Өсімдік солып, топырағын кілегей басады. Бұндай белгілерге дер кезінде мән берсе, өсімдікті қорғап қалуға болады. Тамырын қоршап тұрған топырақты қолмен ұстап тұрып, өсімдікті құмырамен қоса төңкеріп өсімдікті алып шығу керек. Түйір топырақты алып тастап құрғату үшін өсімдікті бірнеше рет шүберекке орау керек. Тамырын топырағымен оралған күйінде құрғағанша қоя тұру керек. Топырақ үгітілмей біраз кепкеннен кейін гүлді таза құмыраға отырғызу керек. Оны бірнеше күн қойып, содан кейін суарыңдар. Алғашқы кезде күн сәулесі тікелей түспейтін етіп қойыңыздар.
Жарықтың жетіспеушілігі – тез байқалатын физиологиялық ауытқуларды тудыратын маңызды факторлардың бірі. Оның белгілері – хлорафиллдің дұрыс түзілмеуі, жеке мүшелерінің ағарып, сарғаюы. Ұзақ мерзімде жарық жетіспей тұрса, жапырақтары аз түзіледі және ұсақ келеді.
Өсімдіктің дұрыс қореқтенбеуі – физиологиялық ауытқуларды тудырушы тағы бір фактор түрі. Қоректік элементтер жеткіліксіз болса, өсімдік дамуы әркелкі болады, солып, әдетте өледі. Азот, темір, магний, бор, және марганец элементтері жетіспейтін болса, өсімдікте хлороз пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, қоректік элементтердің шамадан тыс мөлшері де өсімдік бойында біз қаламаған өзгерістерді тудырады.
Аурулары мен зиянкестеріне қарсы қолданылатын химиялық препараттар да өз зақымын тигізуі ғажап емес. Бұл жерде химиялық препараттарды қай кезеңде және қанша мөлшерде қолдану керектігін білу қажет.
Вирусты аурулары
Вирустар өсімдіктерде ауруларды қоздыратын өте ұсақ организмдер. Бұл аурудың жиі кездесетін белгілері: өсімдіктің өсуін баяулатады, жапырағында дақтар мен жолақ сызықтар пайда болады. Оны емдеу мүмкін емес, бірақ вирус ауруларын тасымалдайтын зиянкестердің пайда болуын бақылау керек. Соңғы уақыттарда вирустар гүлді өсімдіктер бойында көптеген аурулардың қоздырғыштары болып отыр. Олар көп жағдайда өсімдіктің тамыр жүйесін залалдап, әртүрлі деформация тудырады. Өсімдіктің жалпы көрінісі бұзылады, олардың формалары, гүлдерінің түсі өзгереді.
Қалыпты жағдайда, өте жылдам көбейеді, олардың мүмкіндіктері өте жоғары. Көбінесе, олар вегетативті көбеюде жылдым таралады. Бірақ, олардың басты тасылмалдаушысы жәндіктер болып табылады.
Вирустардың байқалуы оның залалдану ошағының көлеміне байланысты. Көп таралғандары теңбілділік және бұйралануы.
Гүлді өсімдіктердің вирусты аурулары: вироз, жапырақтың бұйралануы, ақкекіре вирусы.
Вироз қиярдың мозайкалы вирусынан туындайды, көбінесе пеларгония, нарғызгүл, үлпек деген гүлді өсімдіктер залалданады. Тасымалдануы бітелер, құстар, өсімдік шырыны арқылы жүзеге асырылады.
Жапырақтарының бұйралануы темекі вирусы әсерінен туындап, пиязшықты гүлді өсімдіктерді заладайды. Сүмбіл, қызғалдақ, жиі түрде шырайгүл де осы вирусты ауру түрімен ауырады. Тасымалдану жолы топырақ арқылы болып табылады.
Ақкекіре вирусы гүлді дақылдарда көптеп кездесетін вирусты ауру түрі, әсіресе жаздықтар көп шалдығады. Олардың ішінде ақкекіре, бархат, гайлордия, үлпек, шырайгүл деген гүлдер осы аурумен жиі ауырады. Ауру тасымалдаушысы трипстер.
Өсімдік қорғау шараларының басты жолы сау материал қолдану. Күресу барысында басты күш вирусты тасымалдаушы көздерін жоюға бағытталуы тиіс. Қазіргі таңда гүлді өсімдіктерге олардың төзімділігін арттыру мақсатында көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ең басты жолы, ол оның меристемалық ұлпасын пайдаланып, көбейтіп, сау таза өсімдік алу, екінші бір жолы, өсімдіктерге вирустарды жұқтырып, оларға төзімділігін анықтау.
Саңырауқұлақты аурулары
Саңырауқұлақты аурулары – барлық өсімдіктерде көп таралған ауру қоздырғыштары. Ол өсімдіктің барлық дерлік мүшелерін залалдайды. Олар өсімдікте әрқилы байқалады, мысалы жапырақ бетінде дақтар түрінде, өсімдіктің кез келген мүшесінде зең түрінде, т.б. Саңырауқұлақты аурулардың таралуына әртүрлі жағдайлар себеп бола алады, мәселен гигиеналық шараларды сақтамау, аса жоғары ылғалдылық, кенеттен болған жылу және т.б.
Саңырауқұлақты аурулардың прафилактикасы келесідей ұстанымдарға негізделген. Өсімдікпен жұмыс барысында гигиеналық тазалықты ұстау, өсімдікті отырғызатын топырақты залалсыздандыру, жоғары ылғалдылықты желдету арқылы оптималды деңгейге жеткізу, қыс кезеңінде жылыту, өсімдік отырғызатын алаңды дұрыс таңдау, дұрыс жарықтануын қадағалау.
Саңырауқұлақты аурулармен күресу шаралары өсімдіктің қандай бөлігінің залалданғандығына байланысты. Топырақтағы саңырауқұлақтар сол залалданған жер бөлігіндегі топырақ және топырақтағы жәндіктер мен тұқымдар арқылы таралады. Гүлді өсімдіктер саңырауқұлақты аурулармен ауырғанда, олардың әсіресе гүлдері залалданады, соңында эстетикалық құндылығын жоғалтады. Гүлді – декоративті өсімдіктерді жиі залалдайтын және ең кең таралған сұр зең саңырауқұлағы . Олар гүлдің күлтесінде сұр-қоңыр келген дақтар тудырады. Оның ішінде споралардың үлкен массасы жинақталады. Шырайгүл, пеларгония, бақытгүл, фуксия, бәйшешек секілді гүлдер осы аурумен жиі ауырады. Олармен күресу шарасы ретінде фунгицидті препараттармен өңдейді.
Ботритоз - бұл ауру өсімдіктердің жұмсақ бөліктерінде сұр дақтардың пайда болуына әкеледі, әсіресе гүлдер, жас жапырақтар, өркендер зардап шегеді. Бұзылған мүшелерін кесіп, тіршілігін жойған гүлдерді алып тастаңыз және өсімдікті фунгицидпен өңдеңіз. Өсімдіктің айналасында ауа ағымын күшейтіңіз.
Тат кеселі - зиянкес саңырауқұлақтар қоздыратын өсімдік кеселі. Бұл ауру бөлме өсімдіктерін сирек зақымдайды. Күн сәулесі түсетін әйнекті гүл-жайда өсетін өсімдіктерді де тат кеселі зақымдайды. Жапырақта қара немесе сұр түсті тозаңның сақиналары пайда болады. Бүлінген жапырақтарды жинап алып жағып жіберіңдер. Ауа ағының күшейтіп өсімдікті фунгицидпен өңдеңдер.
Жалған ақұнтақ ауруы - аурудың бұл түрінде жапырақтың екі бетінде ақ дақтар пайда болады. Сабағы мен гүлдері зақымданады. Ауырған бөлігін алып тастаңыз, бөлмені жиі желдетіңіз, ауа құрғақ болу керек. [9]
Бактериалды ауралары
Бактериалды аурулар өсімдіктің инфекция кіретін аймақтарын залалдайды. Өсімдік қолайсыз жағдайда өсірілсе, бактериалды ауралар кең таралады. Олар өсімдіктің барлық жерасты және жерүсті мүшелерін залалдайды. Шығу тегіне қарай бактериалды ауруларды бірнеше топтарға бөледі. Жұмсақ масса түзетіндерді шіріткіш бастериялар, олардың басты қоздырғыштары Erwinia және Pseudomonas. Олар өсімдіктің жер асты мүшелерінде шіру тудырады, мысалы пеларгония және бақытгүл. Erwinia тобының бакериялары өсімдікте өзекті шіруді тудырып, гүлдерін құртады. Келесі бір бактериалды ауру қоздырғыштарының тобы Xanthomonas. Олар өсімдіктің түтікше жүйесі арқылы еніп, барлық мүшелеріне таралады. Бегония мен пеларгонияны Xanthomonas begoniae және Xanthomonas pelargoniae атты түрлері залалдайды.
Agrobacterium fumefaciens атты қоздырғышы өсімдік тканіне сұйықтық бөледі, ол жасушалардың шамадан тыс көп бөлінуіне әкеліп, әртүрлі формадағы ісіктерді тудырады. Ісіктер өсімдіктің төменгі бөлігінде, тамыры мен сабақ түбінде байқалады. Мұндай ісіктер ірі гүлді пеларгонияда, бақытгүлде кездеседі. Қорғау шараларына топырақты залалсыздандыру, тұқымды дәрілеу, жас өсімдіктерді вегетация бойында химиялық препараттармен, фунгицидтермен өңдеу жатады.
Қара сирақ. Бұл ауру негізінен өсімдік қалемшелерін зақымдайды, әсіресе қазтамақты. Сабақтың негізі жұмсарып қарая бастайды. Аурудың таралуына дымқыл, салқын қиыршық тастар әсер етеді. Қатты зақымдалған өркендерді жойып жіберу керек.
Тамыр шірігі. Бұл аурумен көбіне пальма, кактус және тағы басқа суккуленттер ауырады. Өсімдік сола бастайды, оның жапырақтары сарғаяды. Ауру себептері топырақтың ұзақ уақыт өте ылғалды болуында.
Зиянкестер
Гүлді өсімдіктердің зиянкестері оларға тура және жанама әсер етеді. Тура зиянды өсімдіктің жұмсақ тканінен шырынын сорып алу, өсімдік жапырақтарын, гүл бүршіктерін жеу арқылы тигізеді. Оларға орман қандаласы, жұлдызқұрттар, аққанаттар, кенелер, бітелер жатады. Жанама зиянды олар вирусты ауруларды тасымалдаушы болғандығымен тигізеді. Бұл жағдайда, әсіресе аққанаттылар өте қауіпті келеді.
Гүлді дақылдар үшін аса қауіпті зиянкестер тобы:
Нематодалар – өсімдіктердің тамырын, жапырақтарын, түйнектерін зақымдайды. Тамыр нематодасы бегония мен бәйшешекті зақымдап, топырақ арқылы таралады. Зақымданған өсімдіктерді түбегейлі жою олармен күресте тиімді шаралардың бірі саналады. Сонымен қоса, гигиеналық тазалықты сақтап, топырақты залалсыздандыру керек.
Жапырақ нематодасы – барлық жапырақты зақымдап, өліміне әкеледі. Олардың таралу жолы су арқылы, сондықтан да оның алдын алу шарасы өсімдік жапырақтарын суарып қажет емес.
Апатты нематода – өсімдік бойында қисаю, майысу, гүлшоғырының дұрыс жетілмеуі сияқты әртүрлі деформациялар тудырады. Гүлді дақылдар ішінде аса зияны сүмбілгүлге тиеді. Сондықтан да өсімдік баданасын жылы сумен өңдеу және тек сау материалдарды қолдану ұсынылады.
Өрмектор кенелері – аса зиянды зиянкес түрі саналады. Олар жапырақ астында кездеседі, жапырақ шырынымен қоректенеді. Нәтижесінде жапырақ сарғыш түске енеді, қатты зақымдалған жағдайда өледі. Өрмектор кенелерінің дене бітімі сопақша келген, ұзындығы 0,5 мм шамасында, түсі сарыдан қызылға дейін. Өсімдік гүлдеріне көп зиян тигізеді. Олармен күресте интратион, фосфатион, полибарит, акаритион, метатион Е-50, арацид препараттары қолданылады.
Кенелер – бәрінен бұрын олар жапырақтарына зиянын тигізеді, одан бөлек жерүсті және жерасты мүшелерін зақымдай алады. Зақымдалған өсімдік кенеттен деформацияға ұшырайды. Кенелер сопақша келген, ұзындығы 0,3 мм болады. Олар бегония, пеларгония, шырмауық, фуксия деген гүлдер ү.шін қауіпті саналады. Бұл зиянкестермен күресуде интратион (0,02 %), фосфатион-50 (0,2 % ), тиодан (0,15 %) препараттарымен апта сайын өңдеп отыру қажет.
Бітелер – кең таралған гүлді өсімдіктер зиянкесі. Ұзындығы бірнеше мм дейін барады, сопақша келген, түсі жасыл және қара, ұсақ қоңыр қанатты зиянкестер, аяқтары ақшыл түсті. Олар бір өсімдіктен екінші өсімдікке қонады, жапырақ пен гүлдің шырынымен қоректенеді, оның салдарынан өсімдікте күміс түсті жолақ пен дақ қалады. Гүлдер сола бастайды. Бұндай жағдайға әсіресе құрғақ жердегі өсімдіктер ұшырайды. Өсімдікке бірнеше рет су шашу қажет. Біте өсімдік шырынын сору арқылы зиянын тигізеді. Өсімдік денесін тескен жерлерінде дақтар қалып қояды. Зақымдалған өсімдік бөлігі бұйраланып деформацияға ұшырайды. Өсімдік өсіп-дамуын тоқтатады. Бітелер өсімдік шырынын сорып қана қоймай, оның жоғарғы бөліктерін кірлейді. Бітелермен күресте, алдымен микроклиматты қалыпқа келтіру қажет. Көшеттерді өсіріп отырған жерді жиі желдетуі тиіс. Химиялық препараттардан метатион, арафосфатион, фосдрин және пиримор қолданылады. Оларды ауыстырып кезекпен қолдану қажет, себебі бітелерде оларға қарсы төзімділік пайда болады.
Аққанаттылар – өсімдік жапырағын зақымдайтын зиянкес, ұзындығы 2 мм шамасында, көп жағдайда жапырақ астында кездеседі. Бұл кішкентай ақ түсті бунақдене күйе көбелекке ұқсас. Өсімдіктің айналасында ұшып жүреді. Жас даралары жасыл түсті болып келеді және өсімдік сөлімен қоректенеді. Шырыштық бөледі, ол қара зеңнің пайда болуына әкеліп соғады. Бұл зиянкесті жою оңай емес. Ол үшін өсімдікті жүйелі түрде химикаттармен өңдеу қажет. Гүлді өсімдіктердің барлық дерлік түрлеріне зиян тигізеді. Өте жылдам көбейетіндіктен, олардың пайда болған уақытынан кеш қалдырмай күресу шараларымен айналысу керек. Ол үшін инсектицидтерден метатион, фосфатион, фосдрин, арафосфатионды қолдануға болады. Бүркуді 6-7 күннен соң қайталау керек. Қорғаулы алаңды жиі желдетіп отыру қажет.
Жылыжай биті. Жасыл түсті, жұмсақ терімен қапталған болып келеді, жапырақ шырынымен қоректенеді, оның әсерінен өсімдікте теңбіл пайда болады. Бит шырыншық бөліп шығарады, ол қара зең тудырады. Өсімдікке жиі су шашып тұрыңдар, әсіресе жазда.
Жұлдыз құрт. Бұл зиянкестер үй жағдайларында сирек, ал күн түсіп тұрған жерлер мен жылыжайларда жиі кездеседі. Жапырақтың бетіне саңылау қалдырады. Оларды лақтырып тастап, өсімдікті химикаттармен өңдейді. Қажетінше қайта өңдеу керек.
Цикломенді кене. Бұл зиянкес өрмекші тәріздес кене, ол цикламен, сенполия, қазтамақ өсімдіктерін зақымдайды. Нәтижесінде өсімдік өсуін баяулатады, жапырақтары оралып, қыртыстанып қалады, гүлдері пішіндерін өзгертіп түсіп қалады. Зақымданған өсімдіктерді өртеу керек.
Уховёртка. Зиянкес бөлме өсімдіктері мен бақша өсімдіктерін зақымдайды. Күндіз олар көрінбейді, ал түнде олар жапырақтар мен гүлдерін жейді, соның нәтижесінде оларда саңылау пайда болып жиектері қисық болады. Түнде жапырақ пен гүлдің астында тығылып жатқан зиянкестерді жинап оларды жою керек.
Жұмыр құрт. Бұл паразитті құрттардың бірнеше түрі бар, олардың кейбіреулері хризантема мен баданалы өсімдіктердің тамырларын жеп қояды, ал кейбіреулері тамырлардың ісініп кетуіне әкеліп соғады. Егер де бұл зиянкес өсімдікте болса, онда бұл өсімдікті өртеп жіберіндер.
Ақұнтақ құрттары. Бұл зиянкестер түкпен қапталған және ақшыл болып келеді. Олар сабаққа жабысады және субтропикалық пен тропиктік өсімдіктердің жапырақтарына тығылады, шырынын сорып жапырақтың сарғаюына әкеліп соғады. Оларды спиртке батырылған мақтамен сүртіңдер.
Өрмекші қызыл кене. Шағын өрмекші тәрізді зиянкес, ол жапырақтың төменгі жағын зақымдайды. Ол өсімдік шырынымен қоректенеді, ал ол сары дақтың пайда болуына әкеліп соғады. Күнделікті су шашу зақымдануын тоқтатады. Егер де өсімдік қатты зақымдалған болса, онда оны өртеп жіберген дұрыс.
Тамырдың ақұнтақ құрттары. Ақұнтақ құрттарынан айырмашылығы бұл зиянкес өсімдіктің кактус және басқа да суккуленттердің тамырын зақымдайды. Тамырларын жақсылап қараңыз, әсіресе өсімдікті топыраққа отырғызар кезінде. Қиыршық тастарға, топыраққа химикат құйыңдар.
Сымырлар – өсімдік зиянкестерінің басқа бір үлкен тобы. Олар тұмсықты жәндіктер, сорғыштар. Бұл зиянкестер тобымен күресу қиын, өсімдіктің зақымдалған мүшелерін жойып отыру оңтайлы нәтиже береді. Кей жағдайда сабын ерітіндісін пайдаланып, зақымдалған жерлерін осы ерітіндімен жуады. Өсімдік жабысқақ болып келеді, онда ісіп тұрған қоңыр түсті қорғаныш балауыз дискі пайда болады. Оның астына ұрғашы сымыр ұрпақ әкеледі. Өсімдікті спиртке батырылған мақтамен сүрту керек. Қатты зақымданған өсімдіктерді өртеуге тура келеді. [8]
Гүлді өсімдіктерді өсіруде олардың аурулары мен зиянкестеріне қарсы күрес шараларына аса мән беріледі. Озық технологиялы дұрыс жүргізілген шаралардың арқасында, өсімдіктің декоративті сапасын сақтап, өмірінің тоқтауының алдын алуға болады. Әлсіз болып дамыған өсімдік аурумен, зиянкеспен зақымдалуға бейім келеді. Сау, таза өсімдіктерді алу барысында, тұқымдарының дәріленуі, төзімді сорттарының іріктеп алынуы, уақытында арамшөптерді жойып отыру деген шаралардың маңызы зор.
