Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
disse_zhoba.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.77 Mб
Скачать

1. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы

Гүлді өсімдіктер классификациясы әртүрлі принцип бойынша жүргізіледі. Солардың ішіндегі ең маңызды критерийі гүлдерінің орналасуы мен тұқымы. Классификациялауда ең кіші бірлік өсімдіктерді вегетативті және генеративті мүшелерінің ұқсастығына қарай біріктіретін - түр, түрдің ішінде түршелерге бөлінеді, ол формалары мен әртүрлілігіне қарай ажыратылады. Бір-біріне ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Әрбір туыс біртекті гүл құрлысы мен тұқымымен сипатталады. Жақын туыстар тұқымдасқа біріктіріледі.

Гүлді өсімдіктердің алуан түрлілігі таңқаларлықтай. Дүние жүзі ботаниктерінің жүргізген зерттеулері нәтижесінде, гүлді өсімдіктердің шамамен 250 мыңдай сан алуан түрі белгілі. Сонымен бірге ботаник-ғалымдар ғылымға бұрын белгісіз болып келген өсімдіктердің жаңа түрлерін тауып, оларды сипаттап жазуда.

Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Мысалы, ермен жусан мен дермене жусан бір туыстық — жусанның түрлері. Бұл туысқа тағы да көптеген басқа түрлер жатады. Әр тілде бір өсімдіктің өзін әр түрлі атайды. Соған байланысты ғалымдар өсімдіктердің латын тіліндегі ғылыми аттарын енгізді. Өсімдіктердің латын тіліндегі аттары дүние жүзі ботаниктерінің барлығына түсінікті. Жақын туыстар бір тұқымдасқа жатқызылады. Мысалы, бидай туысы, қарабидай туысы, арпа туысы және оларға жақын көптеген туыстар бір үлкен астық тұқымдасына біріктіріледі.

Гүлді өсімдіктерді дара жарнақтылар класы және қос жарнақтылар класы деп екіге бөледі. Өсімдіктің қай класқа жататынын оның ұрығының, тұқым жарнағының санына қарай анықтайды. Бірқатар өсімдіктердің жапырақтарының жүйкеленуі мен пішіні, тамыр жүйесінің типтері де негізгі белгілерге жатады. Қос жарнақтылар класы (Magnoliopsida немесе Dicotyledones) - тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қос жарнақтылар класына жатады. Гүлді өсімдік түрінің 75%-ы қос жарнақтылар болып есептеледі. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Қос жарнақтыларды ажыратуға болатын негізгі белгілер мыналар: олардың ұрығында 2 жарнақ болады. Тамыр жүйесі кіндік тамырлы болып келеді. Жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі болуы мүмкін. Жапырақ жүйкелері қауырсынды немесе саусақ салалы болады. Күлтесі және тостағаншажапырақшасының саны - 5 немесе 4-тен. Көпшілігінде түзуші ұлпа - камбий болады. Егер өсімдік ұрығының жарнағы біреу болса, жапырағы параллель немесе доға тәрізді жүйкеленсе, шашақ тамырлы болса, онда ол даражарнактылар класына жатады.

Даражарнақтылар класына астық тұқымдастарының, қиякөлеңдердің, лалагүлділердің, т. б. тұқымдастары жатады. Өсімдіктерді олардың тек бір ғана белгісіне карап, қай класқа жататынын анықтау, көп ретте мүмкін бола бермейді. Мәселен, орманда өсетін шөптекті өсімдік қаракөздің жапырағы торлы жүйкеленеді, бірақ ұрығының тұқым жарнағы жалғыз болады. Қарғакөз - даражарнақты өсімдік. Жолжелкеннің жапырағы доға тәрізді жүйкеленеді, шашақ тамырлы, бірақ оны қосжарнақтылар класына жатқызады. Себебі ұрығының екі тұқым жарнағы болады. Қос жарнақтылар класы 6 класс тармағына, 128 қатарға, 418 тұқымдасқа бөлінеді. Класс тармақтары: Magnoliidae – Магнолидтер, Hamamelididae – Гамамелидидтер, Caryophyllidae – Кариофиллидтер, Dilleniidae – Диллениидтер, Rosidae – Розидтер, Asteridae – Астеридтер. Дара жарнақтылар класына 5 класс тармағы, 37 қатар, 125 тұқымдас, 3000-нан астам тек және 59 000-дай өсімдік түрлері жатады. Класс тармақтары: Alismatidae – Алисматидтер, Liliidae – Лилиидтер, Commelinidae – Коммелинидтер, Arecidae – Арецидтер, Zingiberidae – Зингиберидтер.

Жабық (гүлді) тұқымды өсімдіктердің тіршілік түрлері – ағаш, лианалар, бұталар, шөптесін (көп, екі және бір жылдық) болып бөлінеді.

Биологиялық және ботаникалық ерекшеліктеріне және шаруашылық сапасына қарай гүлді өсімдіктерді үш топқа бөледі: біржылдықтар (жаздықтар), екіжылдықтар, көпжылдықтар.

Біржылдық гүлді өсімдіктерге бір вегетациялық кезең ішінде тұқым қалыптастырып үлгеретін өсімдіктер жатады. Бұл топтың өсімдіктері өздерінің ерекше декоративті сыр-келбетімен, гүлдерінің әртүстілігімен, әдемілігімен басқа топ өкілдерінен асып түседі. Жаздық гүлді өсімдіктерді жалпы үш топқа бөледі, олар: әдемі гүлдейтіндер, декоративті жапырақтылар, шырмалып өсетіндер. Жаз бойына жаздық гүлді өсімдіктерді қала ішін безендіру мақсатында кеңінен қолданылады.

Екіжылдық гүлді өсімдіктерге вегетациялық кезеңі екі жылға созылатын бұталы өсімдіктер жатады. Бірінші жылы өсімдіктің қысқа сабағы мен жапырақтары дамиды, көбінесе жапырақты өсімдік күйінде болады. Екінші жылы - көктемде немесе жазда өсімдік гүлдейді, тұқым береді, соңынан тіршілігін тоқтатады. Сәндік мақсатта кеңінен қолданысқа ие.

Көпжылдық гүлді өсімдіктерге бірнеше жылға дейін тіршілік ететін шөптесін өсімдіктер жатады. Олардың бірнеше бағалы қасиеттеір бар:

- ерте көктемде біржылдық гүлді өсімдіктер енді өніп келе жатқанда, көпжылдықтар гүлдеп тұрады; күзде екінші рет гүлдеуге қабілеті бар, жалпы алғашқы аязға дейін гүлдейді.

- көпжылдық гүлді өсімдіктердің көбісінің гүлдері, гүлшоғырлары ірі келеді; олар ұзақ гүлдеп, өзінің декоративті сапасын сақтап тұрады.

- қаланы безендіруде жақсы қолданылады. [6]

Зерттеген көпжылдық әсем өсімдіктер ішінде канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), жалғыз гүлді болып келсе, қалған тұқымдас өкілдерінде гүлшоғыры кездеседі. Жалғыз гүлді өсімдіктердің гүлдері өте ірі, реңді болып келеді: қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), лалагүлдер (лилиейные-lilaceae), таушымылдықтар (пион-paeonia).

Гүлшоғырлы көпжылдық әсем өсімдіктер өзінің әсемділігіне байланысты көгалдандыруда кеңінен пайдаланылады. Әдемі гүлшоғырлары бар канна (канна-canna), өсімдігінен, хризантемалардан (хризантема-chrysantehem), баршынгүлдерден (гладиолус-gladiolus), нарғызгүлдерден (георгина-dahlia) тұратын ірі композициялар көгалдандыруда пайдаланылады. Композицияларды құруда өсімдіктердің гүлдеу уақытына көңіл бөлінген жөн. Ерте көктемде мамыр айында гүлдейтіндерге: қызғалдақ (тюльпан-tulipa), таушымылдық (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), шөмішгүл (водосбор-aguilegia) жатады. Көпжылдық әсем өсімдіктердің қалғаны жаз айларында канналар (канна-canna), лалагүлділер (лилиейные-lilaceae), қалампыр (гвоздика-diathus), шегіргүл (фиалка-viola), және күз айларында гүлдейді. Өте кеш гүлдейтін өсімдіктерге; баршынгүл (гладиолус-gladiolus), хризантема (хризантема-chrysantehem), нарғызгүл (георгина-dahlia) жатады. Олардың жаппай гүлдеуі тамыз айының аяғында, қыркүйектің басында гүлдеуі жүреді.

Көпжылдық әсем өсімдіктерді өсіру тұқыммен қатар, вегетативті жолмен жүзеге асырылады. Бұл өсімдіктердің ішінде қызғалдақтар (тюльпан-tulipa), таушымылдықтар (пион-paeonia), құртқашаш (ирис-iris), шөмішгүл (водосбор-aguilegia), лилейник (лилейник-heterocallis). Климаттық жағдайында қыстап өзінің жер астындағы вегетативті, әсем мүшелерін сақтайтын декоратвиті гүлдер бар, сондықтан оларды гүлзарларда қалдыруға болады. Қалған көпжылдық әсем өсімдіктерді (нарғызгүл-георгина-dahlia, канна-canna, хризантема-chrysantehem, баршынгүл-гладиолус-gladiolus) гүлзарлардан қазып алып, олардың түйнектерін немесе тамырсабақтарын төменгі температурада сақтайды. Ерте көктемде оларды қайтадан гүлзарларға отырғызады. Сондықтан бұл өсімдіктер гүлзарларды құруда егу, күтуге байланысты еңбекті қажет етеді.

Көпжылдықтар өздерінің жер асты мүшелерінің құрылыстарына сәйкес келесідей бірнеше топтарға бөлінеді:

- пиязшықтар - нәркес, қызғалдақ, гиацинт, лалагүл, т.б.

- түйнектілер - запыран, гладиолус, монтребеция, т.б.

- тамырсабақтылар - бәйшешек, қоңыраугүл, т.б.

- тамыр-түйнектілер - нарғызгүл, бегония, т.б.

Тұқыммен көбейетін көпжылдық гүлді өсімдіктердің сорттары - бұл гүлді өсімдіктердің жаңа тобы. Көп жағдайда гүлді өсімдіктерді вегетативті жолмен көбейтетін. себебі олар тұқыммен көбейген бойда өзінің сорттық қасиеттерінен айырылатын. Тек XX ғ. ортасына карай АҚШ, Жапония, Англия, Канада елдерінде тұқыммен көбею барысында ата-аналық қасиеттерін толығымен сақтап қалатын көпжылдық гүлді өсімдіктердің сорттарын ойлап шығарды. Оларға мысал: тегеурінгүл, гибридті алтыншар, т.б.

Ылғал сүйгіш өсімдіктерге (гүлтәжі-амарант-amaranthus, шытырлақ-бальзамин-impatiens, барқытшөп-бархатцы-tagetes, календула-calendula, нарғызгүл-георгина-dahlia, никандра-nicandra, мальва-malva, шырайгүл-петуния-petunia, лобулярия-lobularia т.б.) жатады, қуаңшылыққа төзімділерге (гүлкекіре-василек-centaurea, целозия-celosia, мақсыр-сафлор-carthamus, космос-cosmos т. б.) жатқызылады, жарық сүйгіштер қатарына (гүлтәжі– амарант-amaranthus, шытырлақ-бальзамин-impatiens, барқытшөп-бархатцы-tagetes, ночная красавица-mirabilis, диморфотека-dumorphotheca, цинния- zinnia, үлкенгүлді зығыр-лен крупноцветковый-linum grandiflorum т.б.)атты өсімдіктер енсе, ал көлеңкелі жерде өсе алатындарға (мақсыр-сафлор-carthamus, космос-cosmos, никандра-nicandra, жұқа жапырақты барқытшөп-tagetes tenuifolia-бархатцы тонколистные) жатқызылады, жылу сүйгіштер қатарында (гүлтәжі-амарант-amaranthus, шытырлақ-бальзамин-impatiens, барқытшөп-бархатцы-tagetes, ночная красавица-mirabilis, целозия-celosia, үлкенгүлді зығыр - лен крупноцветковый- linum grandiflorum т.б.) өсімдіктері, суыққа төзімді (гүлкекіре-василек-centaurea, календула-calendula, петуния-petunia, мальва-malva, мақсыр-сафлор-carthamus, космос-cosmos т.б.) өсімдіктер. [7]

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]