- •Мазмұны
- •1. Әдебиетке шолу
- •1. 1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, шығу тарихы, пайдаланылуы
- •1. 2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы
- •1.3. Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері
- •1.4. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы, оларды бағалау
- •2.1. Жамбыл облысының климаты, өсімдік жамылғысы, топырақтары
- •2.2. Шаруашылық тарихы, сипаттамасы, болашағы
- •2.3. Тұқымнан өсіруге арналған көшетханалар
- •2.4. Гүлді өсімдіктерді көбейту жолдары шырайгүл
- •2.5. Шырайгүл өсімдігі, гибридтері
- •3. Шырайгүл өсімдігін өсіру технологиясы
- •4.2. Шырайгүлді тұқымнан өсіру технологиясы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымшалар
Особенности технологии выращивания и пути увеличения производства петунии в тепличных условиях ТОО “Жасулан Флора”,
“Жасулан Флора” ЖШС жылыжай жағдайында шырайгүл өсіру технологиясының ерекшеліктері және өндірісін арттыру жолдары,
"Features of technology of cultivation and ways to increase production of petunias in greenhouse conditions LLP "Zhasulan Flora"
Мазмұны
Кіріспе |
3 |
1. Әдебиетке шолу |
5 |
1.1. Гүлді өсімдіктердің жалпы сипаттамасы, шығу тарихы, пайдаланылуы |
5 |
1.2. Гүлді өсімдіктердің классификациясы |
6 |
1.3. Гүлді өсімдіктердің аурулары мен зиянкестері |
8 |
1.4. Әлемдік ланшафты дизайн даму тарихы, оларды бағалау |
10 |
2. Негізгі бөлім |
|
Жамбыл облысының климаты, өсімдік жамылғысы, топырақтары |
|
Шаруашылық тарихы, сипаттамасы, болашағы |
|
Көшетхана |
13 |
Өсімдіктерді көбейту шырайгүл |
|
Шырайгүл өсімдігі, гибридтері |
15 |
3. Шырайгүл өсімдігін өсіру технологиясы |
20 |
Субстрат торф |
|
Себу тәсілі , себу мөлшері |
|
Көшеттерді сиретіп отырғызу тәсілі |
20 |
Өсімдіктің вегетативтік кезеңдеріне жалпы сипаттама кесте |
21 |
Гүлді жинап алу |
24 |
Шаруашылық минусы және ұсыныс |
24 |
|
27 |
Қорытынды |
30 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
31 |
Қосымшалар |
33 |
1-30
КІРІСПЕ
«Неше түрлі гүл, жапырақ, әрбіреуін қолыңа ал. Құры көріп қойма бірақ, онда не бар ойға сал», - деп Шәкәрім Құдайбердіұлының айтқан сөзіндей, бақшамызда өсетін сары-қызыл, түрлі-түсті, сан алуан хош иісін аңқытқан гүлдер адам баласын өзіне тамсандырып қаратпай қоймайды.
Гүлдер кішкене түйір дәннен жер қойнауын жара шығып, бұл дүниеге келеді. Сабағы мен жапырағы жасыл тартып, гүлі шоқтай болып мың бір түрлі реңмен боянады. Үлбіреген нәзіктігіне, адам баласының қиялына келе бермейтін әр түрлі ою-өрнегіне, ондағы көркем эстетикаға, мүлтіксіз симметриялы ғажайып формасына, аңқыған сан алуан жұпар иісіне, қауырсынындағы өмірін жалғастырар мұрагері – ұрығына қарап, ерекше әсер алуға болады.
Жер бетіндегі жайқалған барлық гүл атаулының нәр қойнауы саналатын топырағы, аймалаған күн сәулесі, ішетін сулары мен жұтатын ауалары бірдей болғанымен, бірақ өздері әр түрлі, сан алуан.[1]
Гүлді өсімдіктер әлемдік флораның ең көп бөлігін алады, 450-нан астам тұқымдасы, 13000 туысы, 250 000-нан астам түрі бар. Алуан түрлілігі бойынша гүлді өсімдіктердің түр саны жоғары сатыдағы басқа барлық өсімдіктер түрлерін қоса алғанда асып түседі. Гүлді өсімдіктер барлық климаттық зоналарда және әртүрлі экологиялық жағдайларда бейімделіп өсе алады, тропикалық ормандардан бастап, тундра, шөлді аймақтарда, жағалауларда, тау етегінде, батпақты аймақтарда да өседі.
Декоративті-гүлді өсімдіктердің қазіргі таңда маңызы өте жоғары: адамның көңіл күйіне жақсы әсер беріп, қаланың ішін, алаңдарды, жолдарды гүлмен сәндеп, қалаға ерекше көрік береді. Әсіресе туризм дамыған елдерде қала ішінің сан алуан гүлдермен безендірілуі өте маңызды шаруалардың бірі саналады. Сонымен қоса, олардың қоршаған ортаны таза оттегі және фитонцидтермен байытатын, топырақ бетін жабындап, шаңды басатын санитарлық қасиеттері де бар.[2]
Декоративті өсімдіктерді өсіру мәдениеті жоғары халықтардың ғасырлар бойы ұлттық дәстүріне айналған ерекшеліктерінің бірі. Қазір әсемдік қасиеті жоғары гүлді өсімдіктерді өсіру эстетикалық талғамға, өнерге айналды.
Әсемдік қасиеті бар өсімдіктердің пайдалылығы, олардың көркемдігімен ғана шектелмейді, олар қалалар мен ауылдарды безендіріп, ауасын тазартады, яғни көгалдандыруда пайдаланылатын сүректі өсімдіктермен бірге адамға қажетті оттегінің мөлшерін үнемі толықтырып отырады.
Ауада жай көзге көрінбейтін алуан түрлі микробтар тобы болады. Олардың көпшілігі адамның денсаулығына зиян келтіреді. Қалалар мен ауылдарда осы микроорганизмдердің тіршілігіне кері әсер ететін, яғни эфир майлы хош иісті, фитонцидті активті заттарды бөлетін декоративті өсімдіктер пайдаланылады. Сондықтан ірі қалаларды көгалдандырудағы гүлзарларға қойылатын талап екі міндетті атқаруға тиісті: біріншіден- қалаға әсем көрік беру; екіншіден- ауа атмосферасын тазарту. Осы негізде гүлзарларды жасауда әсем қасиеті бар өсімдіктердің көп түрлілігіне ерекше көңіл бөлінеді.
Гүлзарларды жасауда жергілікті жерлерде өсетін өсімдіктермен қатар, басқа елдерден әкелінген өсімдіктер де пайдаланылады. Басқа жерлерден әкелініп, жергілікті табиғи- климаттық жағдайларда өсірілетін өсімдіктерді интродукциялау деп атайды.
Декоративті, яғни әсемдік қасиеттері бар өсімдіктердің басым көпшілігі тропикалық және субтропикалық Азия, Африка, Америка, Австралия елдерінің орманды, далалы, шөлді аймақтарынан тараған өсімдіктер. Бұл аймақтарда жауын- шашын мөлшері өте жоғары, сондықтан декоративті өсімдіктерді біздің еліміздегідей континентальді климатты жерлерде өсіру, яғни интродукциялық зерттеу жұмыстарын қажет етеді.
Қазақстанның қалалары мен ауылды жерлеріне көрік беретін, яғни көгалдандыруда пайдаланылатын декоративті өсімдіктер өсіп- даму ерекшеліктеріне байланысты екі топқа бөлінеді. Бірінші топты көпжылдық әсем өсімдіктер құрайды, олар тұрақты гүлзарларды жасауда кеңінен пайдаланылады. Екінші топты әсем гүлді бір жылдық өсімдіктер құрайды. мұндай гүлзарлар жыл сайын жаңадан жоспарланып, жаңа өсімдік түрлерін пайдалануды қажет етеді. Осыған байланысты бір жылдық декоративті өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын интродукциялау жұмыстарын жүргізу қажет.[3]
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Жасыл - Ел» бағдарламасы жайында: «Бұл жай ғана экологиялық шара емес, терең өмірлік мәні мен маңызы бар дүние. «Жасыл Ел» дегеніміз - Мәңгілік Ел дегеніміз. Біз елімізді жапырағы қурамайтын, тамыры суалмайтын, көрген жан тамсанбай тұра алмайтын Мәңгілік жасыл елге айналдырумыз керек. Кейінгі ұрпаққа желден ық, суықтан пана, ыстықтан сая болатын мәңгілік бәйтерек тұрпатты жасыл елді табыстауымыз керек», деген болатын.
