- •050731Мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған
- •Пәннің оқу-әдістемелік материалдары
- •1. Глоссарий
- •Дәрістер
- •Тақырып . Экологияның ғаламдық проблемалары.
- •2.2. Озон қабатының таусылу проблемалары.
- •Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық – экономикалық стратегиясы.
- •4. Экономиканы экологияландырудың негізгі бағыттары.
- •Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.
- •Таукен өндірісін ұйымдастыру және минералдық ресурстарды орынды пайдаланудың принциптері
- •Осы заманғы құнды анықтаудың әдісі
- •Дисконтталған таза табысты анықтаудың әдісі
- •Жер ресурстары.
- •Топырақ жамылғысының осы заманғы жағдайы
- •Қазақстанның топырақ жамылғысының және жер ресурстарының сипаттамасы
- •Қр Мемлекеттік жер комитетінің мәліметі
- •Қазақстанның топырақ жамылғысының және жер ресурстарының сипаттамасы
- •Су ресурстарын эконмикалық тұрғыдан бағалау және ұтымды пайдалану
- •Әлемдегi су ресурстары (Калинин мен Быков бойынша)
- •19.Әлем елдерiнiң сумен қамтамасыз етiлуi
- •Қазақстанның су ресурстары.
- •Жер үстi суы сапасының өзгеру сипаттамасы
- •Табиғат ресурстары үшін төлемдер
- •Жер қойнауын пайдаланудың төлемдерін белгілеу әдістері
- •Өнімдерді бөлу туралы келісімшарттар
- •3. Семинар сабақтары
- •Тақырып Табиғат пен қоғамның өзара әрекеті жөніндегі ғылыми тұрғыдағы экология.
- •Тақырып . Экологияның ғаламдық проблемалары.
- •3 Тақырып. Экологиялық дағдарыстан шығудың экологиялық – экономикалық стратегиясы.
- •4 Тақырып. Экономиканы экологияландырудың негізгі бағыттары.
- •5 Тақырып. Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалануының бар әдістеріне шолу.
- •6 Тақырып. Таукен өндірісін ұйымдастыру және минералдық ресурстарды орынды пайдаланудың принциптері
- •7 Тақырып. Жер ресурстары.
- •8 Тақырып. Су ресурстарын эконмикалық тұрғыдан бағалау және ұтымды пайдалану
- •9 Тақырып. Табиғат ресурстары үшін төлемдер
- •Студенттердің өздік жұмысы
- •Сөж орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:
Өнімдерді бөлу туралы келісімшарттар
Шетелдік іс-тәжірибеде табыстан салықты өндіріп алудың әдісімен қатар салықтық емес әдіс те пайдаланылады. Оғаң ең алдымен өнімдерді бөлу туралы келісімшарт (ӨБК) жатады.
Бұл тұрпаттағы келісімшарт пайдалы қазбаларды (әдетте бұл мұнай немесе газ) барлауды және әзірлеуді қамтитын тіркелген нақты уақыт аралығында шетелдік компаниялар түрінде, мемлекеттік компаниялар мен кеңселер түрінде мемлекеттер арасында нақты мерзімге бекітіледі. Мемлекет шетелдік фирмалармен бірлесіп қалыптастырған ұлттық мұнай компаниясы түрінде барлық жұмыстарды жүргізуге белсенді қатысады. Шетелдік контрактор ұлттық компанияның алдында алдын ала келісілген жоспар бойынша қызметтің ұтымды ұйымдастырылуына жауап береді; ол жобаны қаржыландырады әрі бүкіл жобаны жүзеге асырудың тәуекелдігі олардың мойнында болады. Шетелдік контрактор өз шығындарын бұрын тіркелген проценттен (20-50%-жыл сайынғы өнімнен) артық болмайтын мөлшерде өндірілген мұнаймен өтейді. Бұл үлес табиғи ахуалы күрделі кен орындары үшін жоғары әрі өндірудің деңгейіне қарай қойылуы ықтимал.Содан соң өндірілген ресурстың өтемақыдан артылғаны ұлттық компания (70% ) мен контрактор – компанияға (30%) белгілі бір пропорцияда бөлінеді. Пропорция өнімнің өсуімен бірге өзгереді. Контрактор бөлуден кейін өзінде қалған барлық ресурсты - өзін қабылдаушы елдің ішкі нарығында тіркелген баға бойынша сатылуы тиіс бөлігін қоспағанда – емін-еркін (өз қалауынша) сатуға құқылы.
Ресурстағы үлесі сатылғаннан кейін контрактордың табысына оны (контракторды) қабылдаған мемлекеттің ішкі салығы салынады. Әдетте ол роялти тұрпатындағы салықты қоспағанда жоғарыда сипатталған барлық салықты төлейді. Соңғы уақытта роялти салығы өнімді бөлудің келісімшарттың бекіту барысында қолдануға бастады.Өзара шартты бекіту барысында әдетте бонус төленеді, кейде порциямен төленеді. Өндірістің көлемі белгіленген бірнеше деңгейден асатын болса, бонус айтарлықтай өседі.
Рента әдетте коммерциялық кен өндіру әлі жүргізілмеген территориядан төленеді.
Мемлекет өнімдерді бөлудің әр түрлі пропорциясында салық салудың әр қилы мөлшерлемелері арқылы контрактор-компанияның пайдасын реттей алады.Мемлекеттік компания да салық салынатын объекті болып табылады. Жобамен жұмыс істеу аясында контрактор сатып алған барлық құрал-жабдық – үшінші тұлғаға тиісті, жалға алынған құрал-жабдықты қоспағанда – ұлттық компанияның меншігінде қалады. Сатып алынған құрал-жабдықтардың барлық бастапқы құны ағымдағы шығындардан бірдей мөлшерде коммерциялық пайдаланудың алғашқы жылынан бастап тіркелген кезен ішінде өтеледі.
Бизнес – жоспарды қоспағанда, көбінесе мұндай тұрпаттағы контрактордың міндеттері мен құқықтарын, барлық шаралардың орналасатын орны мен ұзақтығын, геологиялық барлау кезеңіндегі территорияны зерттеудің графигін, жылдар бойынша өнімнің мөлшерін, барлау мен инвестицияның шығындарын, айырбас бағамы туралы келісімді,есеп беруді ұсынудың тәртібің, аудирлеуді, ішкі нарықта сатудың мөлшерін, импорт пен экспортты және дау-таластарды шешудің тетіктерін қамтиды.
Мұнай өзара шарттарды сәтті жүзеге асырудың маңызды сәтіне барлық операцияларды жүзеге асыруда контрактордың жеткілікті дәрежеде жербес болуы кіреді.Егер мемлекеттік компания шығындардың орнын толтыру проценттерін бақылау мақсатында барлық ағымдағы шығындарды негіздеуге ұмтылса, онда бұл контрактордың тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Барлау кезеңі әдетте 3-6 жылға, ал өндіру кезеңі 20-30 жылға тіркеледі. Мемлекет кен орнының аз жылдың ішінде таусылып қалмауын көздеп кен өндірудің мерзімін ұзартуға ұмтылады. Алайда, мемлекеттің бұл әрікеті кен орнына өз залалын тигізуіне ықтимал кен өндірудің қарқынын арттыруға әкеп соғады
Жоба бойынша жұмыстар әдетте бірнеше кезендерде дамиды және егер өткен кезеңнің орындалмаса, келесі кезеңге өтуге болмайды. Іс-тәжірибе көрсеткендей, контрактор жоба аясында сатып алған кеден бажын немесе жалға алған құрал-сайманның төлемін төлеуден босатылады.Сондай-ақ контрактордың үлесіне қатысты өнімнің еркін экспортталуын қамтамасыз етуі қажет.
Өнімді бөлу туралы келісімшарт үшін теңдей жүзеге асырудың ережесін белгілеудің маңызы зор. Бұл мынаны білдіреді: өндіріс процесінің шарттары сырттай өзгерген жағдайда қабылдаушы мемлекеттің өкілі контрактордың өнім үлесін арттыруы керек немесе оның өзгерген қаржылық жағдайына тиісті өтемақы төлуі қажет. Федералдық мемлекет үшін әр түрлі бюджет арасында өндірілген шикізатты өткізуден түскен түсімдерді ұлттық компания капиталындағы олардың үлесіне пропорционалды түрде процентпен бөлуді ұсынуға болады.
Мысалы: Индонезияда қолданылатын заңға сәйкес келетінмұнай кен орны бойынша ӨБК-ты қарастырайық. Айталық:
ағымдағы шығындар ол жүзеге асырылатын жылда өтеледі, оның құрамына бұрғылаудың да шығыны кіреді;
капиталдық шығындар - әрбір жылы олардың 2/7 шамасы бойынша – жылдамдатылған схема бойынша амортизацияланады;
орны толтырылмайтын шығындар шектеусіз жүзеге асырылуы ықтимал;
жыл сайын 20% капиталдық шығынның орны толтырылады (инвестициялық несие секілді),бұл сомаға салық салынады;
шығынды өтейтін сома коммерциялық өндірудің алғашқы жылында жалпы табыстың 80% - інен аспайды;
пайда арақатынаста бөлінеді: контракторға – 30%; ұлттық компанияға – 70%;
контрактордың үлесінен 25% ресурсты мұнайды коммерциялық тұрғыдан өндірудің алтыншы жылынан бастап, әлемдік бағадан 10%-ті баға бойынша ішкі нарықта сату қажет;
корпорация табысының салығы – 50%;
роялтиді контрактор төлемейді.
