Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7_Лаб_работы.doc
Скачиваний:
19
Добавлен:
13.02.2016
Размер:
122.88 Кб
Скачать

Бөлім ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Зертханалық жұмыстар

Тақырып

Зертханалық жұмыстың мақсаты

Зертханалық жұмыстың нәтижесі

Жұмыстың орындалуының бақылау түрі

1

Өткізілген сабақты талдау. Өзіндік талдау. Сабақты талдаудың түрлерімен типтері.

Сабақтың талдауы мен өзіндік талдауын қарастыру.

Сабаққа өзіндік талдау жасауды үйрену.

Сабаққа өзіндік талдау жасай білу.

2

Информатика пәні бойынша оқу бағдарламалары. Информатиканы тереңдетіп оқыту.

Информатика пәні бойынша 7-11 сыныптардың оқу бағдарламаларын қарастыру.

Информатика пәні бойынша күнтізбелкі тақырыптық жоспарын келтіру

Топ ішінде өткізетін сабақ жоспарын анықтау.

3

Информатика мектеп оқулықтарына талдау.

Информатика пәні бойынша 7-11 сыныптардың оқулықтарын талдау

Әрбір сынып информатика оқулығының 3 түрін анықтау

Информатика оқулықтарының авторларын жатқа білу

4

Информатика сабағын жүргізу.

Әдіс тәсілдерді пайдалана отырып сабақ жоспарын құруды үйрену

Сабақты өткізу кезеңдерін дұрыс сақтау және 3 мақсатты қоя білу

Әртүрлі әдіс тәсілдерді сабақ жоспарында тиімді қолдану

5

Орта мектептің 7- сыныптың тапсырмаларын орындау.

Дидактикалық материалдағы тапсырмаларды орындау

Әрбір тарау бойынша студенттің білімін тексеру

Қарастырылған тараудың әрбір тақырыптарының оқытылуы жағдайын анықтау

6

Орта мектептің 8-сыныптың тапсырмаларын орындау

Дидактикалық материалдағы тапсырмаларды орындау

Әрбір тарау бойынша студенттің білімін тексеру

Қарастырылған тараудың әрбір тақырыптарының оқытылуы жағдайын анықтау

Әдістемелік нұсқаулар:

1 зертханалық жұмысты орындағанда төмендегі сабақтың талдауы мен өзіндік талдауын қарастыру және сабақ талдау сұлбасымен танысу.

Сабақтың талдауы мен өзіндік талдауы жалпы білім беруші, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттары мен алынған нәтижелерді салыстыруға бағытталуы қажет. Талдау мақсаты - оқушы мен мұғалімнің сабақтағы позитивті нәтижелерге не жеткізетін, не жеткізбейтін іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін анықтау. Ал негізгі мәселе мұғалім мен оқушы жұмысының нәтижелілігін жоғарылатудың қосымша жолдарын іздеу.

Талдаудың кең тараған түрлері толық, кешенді, қысқаша және аспектті талдау.

Толық талдау сабақтың барлық аспекттерін қарастырып, жекелей талдау үшін қолданылады.

Қысқаша талдау - негізгі мақсат пен міндетке жету.

Кешенді талдау - сабақтың мақсаттары, жүргізу әдістемесі және мазмұнының бір-бірімен байланыстылығын ұйымдастыру үшін қолданылады.

Аспектті талдау – сабақтың жеке элементтерін талдау.

Жоғарыда көрсетілген талдау типтерінің келесідей түрлері болуы мүмкін:

  1. дидактикалық;

  2. психологиялық;

  3. әдістемелік;

  4. ұйымдастырушылық;

  5. тәрбиелік және т. с.с.

Мұндай көп түрлілікті сабақ талдау сұлбаларының да көп түрлілігімен түсіндіріледі. Осы мақсатпен келесі сабақ талдау сұлбасын ұсынуға болады.

Сабақ талдау сұлбасы.

  1. Жалпы мағлұматтар: күн, сынып, мектеп, сабақ беретін мұғалімнің тегі, аты-жөні. Оқу бағдарламасының тақырыбы және өткізілетін сабақ тақырыбы.

  2. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік және гигиеналық талаптардың орындалуы.

  3. Сабақ құрылымы. Сабақтың негізгі кезеңдері және оларға кеткен уақыт. Мұғалімнің жетекшілігі мен сыныптың өзіндік жетекшілігі. Сыныптың жекелей, топпен жұмыстары. Сабақты қайталау және бекіту кезеңдері, оны жүргізу әдісі.

  4. Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаттары және оған жетуі.

  5. Сабақ мазмұны мен оқулықта берілген мәліметтерді салыстыру.

  6. Сабақты дидактикалық тұрғыдан бағалау:

Ғылымилығы – информатикадағы жаңа технологиялық жетістіктер (синтаксистік диаграммалар, алгоритмнің дұрыстығын дәлелдеу және т.с.с ),

Көрнекілігі – графикалық мәлімет қолдану, кесте, мәтінді қолдану,

Тізбектілігі- берілетін мәліметтердің логикалық құрылуы, мазмұндаудағы бірізділік және күрделі ұғымдарды оқытудың кезектілігі,

Практикалық бөліммен байланысы – қолданбалы есептер, олардың өмірде қажеттілігі.

  1. Сабақты мұғалімнің жүргізу әдістемесі. Оқушылардың сабаққа дайындау. Мәліметтерді пайдаланудағы мұғалімнің еркіндігі. Сабақ барысындағы туындаған сұрақтарға жауап беруі. Сабақ барысында үлгерімі жоғары оқушыны үлгерімі төмен оқушыға көмекке тартуы. Түрлі деңгейлік тапсырмалар. Тақтаны қолданудағы мұғалім қателігі немесе өзін дұрыс ұстауы.

  2. Мәліметке қызығушылықты ояту әдістері мен тәсілдері. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда берілетін есептердің оқулық, қосымша әдебиеттер немесе мұғалімнің өз еңбегінен қолдануы.

  3. Оқушылардың сабақтағы жұмысы. Оқу материалына оқушылардың қызығушылығы. Сабақта оқушылардың белсенділігі және ЭЕМ-мен өзіндік жұмыстарды орындау деңгейі.

Оқытудың нәтижелілігі - оқу уақытының тиімді әрі толық көлемде қолданылуы. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас: авторитарлық, либералдық, жұмыскерлік. Оқушылардың ұйымдасқандығы - компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік және гигиеналық талаптардың орындалуы. Өздері ЭЕМ-мен мұғалімнің көмегінсіз жұмыс жасай алуы.

  1. Кері байланыс. Сабақ жүргізетін мұғалімнің білімін тексеру. Компьютер көмегімен білімін тексеру. Осы мұғалімнің бағалау критерийі. Үйге берілген тапсырманы өзі орындап, уақытты өлшеп алу.

  2. Сабақтың тәрбиелік бағыты. Мұғалімнің өзіндік ерекшеліктері және оқушыларға көрсететін тәрбиелік әдістемесі.

  3. Қорытынды.

- Сабақ жоспарының орындалуы;

- Сабақ мақсатына жетуі;

- Сабақ барысындағы көзге түсерлік кезеңдері;

- Осы тақырыпты қайтара жүргізгенде өзгерту енгізетін кезеңдері;

- Сабақты бағалау.

2 зертханалық жұмысты орындағанда төмендегі информатика пәні бойынша 7-8 сыныптардың сабақтың күнтізбелік тақырыптық жоспарымен танысу керек.

Информатика пән бойынша 7-9 сыныптарға арналған тақырыптық күнтізбелік жоспар оқу бағдарламасы негізінде жасалады.

Әрбір сыныпқа арналған информатикадан жасалған тақырыптық күнтізбелік жоспарға қарап, сабақ жоспары құрылады. Сондықтан болашақ маман, студенттер белгілі бір тақырыпқа арналған сабақ жоспарын жасағанда, қанша сағат бөлінетінін ескеру керек.

Кесте 1. 7 – сынып информатика пәніне жасалған күнтізбелік жоспар

Тақырып аты

Сағат саны

1

Адам. Ақпарат. Компьютер. Компьютердің ақпараттық құралдары

8

2

Windows 98-дің операциялық жүйесі

6

3

Paint графикалық редакторы

7

4

WordPad мәтіндік редакторы

7

5

Блокнот және калькулятор.

Компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктері. Компьютерлік желілері

6

6

Барлығы

34

Кесте 2. 8 – сынып информатика пәніне жасалған күнтізбелік жоспар

Тақырып

Сағат

1

Кіріспе. Қауіпсіздік техникасы және есептеуіш техника кабинетінде жұмыс істеу ережелері.

1сағ

2

Ақпарат. Ақпараттық үрдіс. Ақпараттық қасиеттері. Ақпарат өлшемі. Ақпаратты кодтау. Санау жүйелері. Сандарды бір санау жүйесінен басқасына аудару. Екілік арифметика.

3сағ

3

Логика пән ретінде. Формальды математикалық логика. Пікірлер алгебрасы. Логикалық операциялар. Ақиқаттық кестелер. Орындау кестелер. Компьютердің логикалық негіздері.

3сағ

4

ЭЕМ - де деректерді кескіндеу түрлері. ЭЕМ - нің техникалық сипаттамалары мен ондағы орындалатын міндеттердің өзара байланысы. ЭЕМ – нің элементтік базасы және оның буындары.

2сағ

5

Операциялық жүйелер. Операциялық жүйе түрлері. Операциялық жүйенің ядросы. Қапшық, файл, дискілермен жұмыс істеудің негізгі командалары. Қолданбалы программалар.

3сағ

6

Windows қосымшалары. Графикалық және мәтіндік редакторлар.

10сағ

77

Электрондық кестелер. Сандық ақпаратты өңдеу. Кесте құру және толтыру.

8сағ

8

Деректер базасы және деректер базасын басқару. Іздестіру операциялары. Деректер базасын жасау және өңдеу.

4сағ

9

Барлығы:

34сағ

3 зертханалық жұмысты орындағанда силлабуста көрсетілген әдебиеттер тізіміндегі (6-семестр, 3, 8, 14-19) информатика пәні бойынша 7-8 сыныптарға арналған оқу-әдістемелік құралдарымен танысу және оны талдау керек. Оқу құрал, дидактикалық материалдар және әдістемелік құралдардың авторларымен мазмұнын біліп шығу керек.

4 зертханалық жұмысты орындағанда 7-8 сыныптардың информатика оқулықтарын пайдалану керек, яғни осы сыныптарға арналған сабақ жоспарын құру керек. Төменде бір сабақтың үлгісі келтірілген.

«Miсrosoft Word мәтіндік процессоры» тарауы бойынша сабақ жоспары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Miсrosoft Word мәтіндік процессоры»тарауы бойынша алған білімдерін меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыларды зеректілікке, шыдамдылыққа, өз-өзіне деген сенімін арттыруға сонымен қатар логикалық ойлауын арттыруға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Тақырыптың негізгі идеясын ашу, оқушылардың ой- өрісін, есте сақтау қабілеттерін, танымдық қабілеттерін және белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу сауаттылықтарын жақсарту.

Сабақтың көрнекіліктері: оқу есептегіш техника кешені (компьютер), 8 сынып оқулығы, плакаттар, тапсырмалар, презентация.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың жоспары:

Сабақ жоспары

Уақыты

1

Ұйымдастыру

5 мин

2

Үй тапсырмасын тексеру

8 мин

3

Тапсырмалар орындау

25 мин

4

Үйге тапсырма

2 мин

5

Бағалау

3 мин

6

Қорытынды

2 мин

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру (сәлемдесу, оқушылардың бар жоғын, сабаққа дайындықтарын тексеру, сынып оқушыларын 2 топқа бөлу)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]