Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7c337a63-c4af-11e5-bf37-f6d299da70eeЭПП.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
226.76 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СМЖ 3 деңгейлі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-14-3-04.09/03-2012

ПОӘК

«Табиғатты пайдалану экономикасы» пәнінің

оқу-әдістемелік материалдары

Басылым № 1

28.08.2012

Табиғатты пайдалану экономикасы” пәнінен

050731Мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған

Оқу-әдістемелік кешен

Пәннің оқу-әдістемелік материалдары

Семей 2012

Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Семинар сабақтары

  4. Студенттердің өздік жұмысы

1. Глоссарий

Автаркия – нақты бір елді экономикалық оқшаулау саясаты, жеке бір мемлекеттің шеңберінде томаға – тұйық, өзін - өзі қамтамасыз ететін экономика құру мақсатымен оны әлемдік нарықтан ерікті немесе мәжбүрлі түрде тұйқтау.

Автократия – экономиканы, кәсіпорынды басқарудың билікті бір адамның қолына шоғырландыруға негізделген тісілі, стилі; шексіз билікке ие ұйым басшысына көссіздікпен, сөзсіз бағынушылық.

Автономия - өзін - өзі басқару, аумақтарды, кәсіпорындарды басқарудағы тәуелсіздік, дербестік.

Авторитаризм – демократияға қарсы, құқыққа қарсы тұжырымдама және билік жүргізу практикасы.

Авторитарлық - өкіметке құлдық ұрып бағынушылыққа негізделген басшылық стилі.

Әдіс – табиғи құбылыстарын, қоғамдық өмірді танып білу тәсілі; теория, ілім, тәсілдері немесе нақты міндетке бағындырылған тұрмыс салт.

Әміршілдік экономика - экономикалық жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық ресурстар мемлекеттік меншікті құрайды, ал экономикалық қызметтің бағыты мен үйлестірілуі бір орталықтан жоспарлау арқылы жүзеге асырылады.

Бизнес – кәсіпорындардың немесе ұйымдардың, жекеше тұлғалардың өңделмеген түрде өнім шығару, тауар өндіру немесе сатып алу және сату немесе табыс табу мақсатымен басқа тауарларға немесе ақшаға айырбас ретінде қызмет көрсету.

Бизнес-жоспар – кәсіпорынды белгілі бір кезеңде дамыту жоспары;пайда алу мақсатыменмәмлені жүзеге асырудың бағдарлама-жоспары.

Бизнесмен, табыскер – бизнеспен айналысушы адам, коммерсант, кәсіпкер.

Болжау мен жоспарлаудың әдістері – кәсіпорынның оның бөлімшелерінің, басқарудың басқа деңгейлеріндегі болжамдары мен жоспарларын әзірлеу тәсілдері.

Бюджет – мемлекеттің нмесе отбасының не жеке тұлғаның белгілі бір уақыт кезеңіндегі ақшалай кірісі мен шығысының тізімі, сметасы.

Жергілікті бюджеттер – жергілікті өкілдікті органдардың қаржы базасы, олардың қажетті шараларды қаржыландыруға арналған қаражатын қалыптастырудың негізгі жоспары.

Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің ақшалай қаражатының белгілі бір уақыт кезеңіндегі кірісінің құралуы мен шығысының атқарылуының заңды тәртіппен бекітілген смета.

Республикалық бюджет – жалпы республикалық мәні бар шараларды қаржыландыру үшін қаражатты құраудың негізгі жоспары.

Бюджет жүесі – түрлі деңгейдегі бюджеттердің экономикалық қатынастар мен заңдылық нормаларға негізделген жиынтығы.

Бюджет кірісі – салық түсімдер мен салыққа жатпайтын түсімдердің, алымдардың көлемі.

Бюджет процесі – мемлекеттік өкімет пен басқару органдарының бюджетті әзірлеу, қарау, бекіту, атқару бақылау жөніндегі заңмен және тбасқа нормативті актілермен тәртіптелген қызмет.

Бюджет статистикасы – мемлекеттік бюджет статистикасы-қаржы статистикасының аса маңызды бөлімі; отбасы бюджеттерінің статистикасы- әлеуметтік –статистиканың құрамдас бөлігі.

Бюджет тапшылығы – бюджеттің шығыс бөлігінің кіріс бөлігінен асып түсуі.

Бюджетті тәртіпке келтіру – бюджет жүесін ұйымдастыру және оның құрылымының негізгі қағидаларын тұжырымдау.

Бюджеттен тыс қорлар – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін таратылатын және ұйымдық дербестігі негізінде кешенді түрде жұмсалатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдалану нысаны.

Бюджеттік есеп – бюджеттің атқаруына және бюджеттік мекемелер шығысының сметаларына бухгалтерлік есеп жүргізу.

Бюджеттік жоспарлау – бюджеттің жоспарлы түрде жасалуы, қаралуы, бекітілуі және атқарылуы барысы.

Бюджеттік несие – бекітілген бюджет бойынша шығыстың белгілі бір түрлерін қаржыландыруға берілетін қаражат.

Бюджеттік қаржыландыру – кәсіпорындарға олардың қызметін жүзеге асыру және дамыту үшін тегін берілген бюджет қаражаты.

Бюджеттік реттеу – жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге олардың кірісі мен шығысын тепе- тең ұстау үшін бөлінетін қаражат.

Бюджеттік тексру – халықтың әртүрлі қоғамдық топтарының тұрмыс дәрежесін туралы алынатын мәліметтердің көзі болып табылатын отбасының бюджеттің статистикалық тұрғыдан іріктеп тексеру.

Жобалау – кәсіпорынды, ғимаратты салу немесе оларды жаңғырту үшін қажетті техникалық-экономикалық негіздемеден, сызбалардан, түсіндірме жазбалар мен басқа да материалдардан тұратын техникалық құжаттама кешенің әзірлеу.

Стратегия – қоғамдық, саяси күреске басшылық өнері, оны жүргізудің қоғам дамуының нақты кезеңінің жағдайларынан туындайтын жалпы жоспар.

Тактика – экономикалық әлеуметтік және басқа саясатта алға қойылған мақсатқа жету үшін қолднылатын құралдар мен тәсілдер.

Ретроспективті талдау — объектінің бұрыннан қалыптасқан техникалық, әлеуметтік, экономикалық даму тенденциясын оның даму стратегиясын қалыптастыру мақсатында зерттеу әдісі.

Верификация - болжау моделінің ақиқатын (адекваттығын) тексеру.

Ықтималдық – берілген жағдайдың аяқталу мүмкіндігінің деңгейі (0 ден 1 дейін өзгереді).

‘’Мақсаттар ағашы’’ – жүйеленген, иерархиялық қағида бойынша құрылған жүйе, бағдарлама, жоспар мақсаттарының жиынтығы.

Динамикалық қатар – болжау объектісі айнымалысының өткенді шолатын мәндерінің уақытша тізбектелуі.

Болжау тапсырмасы – болжау мақсаттары мен міндеттерін анықтайтын, оны жасау тәртібін реттейтін құжат.

Болжау объектісінің мағыналы айнымалысы – болжау міндетіне сәйкес объектіні сипаттау үшін қолданылатын болжау объектісінің айнымалысы.

Корреляциялық дала - әрбір фактор мен функция арасындағы байланыс формасы мен тығыздығын анықтау мақсатында құрылған функцияның фактордан тәуелділігін көрсететін графикалық сызба

Стьюдент критериі – модельге кіретін факторлар мағынасын сипаттайтын математикалық критерий.

Болжау әдісі- болжау жасауға бағытталған болжау объектісін зерттеу әдісі.

Болжау әдістемесі – нақты болжам жасау барысында болжау әдсітерін қолдану тәртібінің жиынтығы. Параметрлік әдіс – бір жағынан объект параметрлері мен өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі арасындағы тәуелділікті көрсетуге негізделген, екінші жағынан пайдалы тиім немесе шығын элементтері арасындағы тәуелділікті көрсетуге негізделген пайдалы тиім, шығын және басқалардың элементтерін болжау әдістері.

Экономикалық-математикалық әдістер - жоспарланған немесе қалыптасқан экономикалық жағдайлардағы шаруашылық шешімдерді анықтайтын ең жақсы, оңтайлы нұсқауларды таңдауда қолданылатын талдау және оңтайландыру әдістері.

Экспертті әдістер – осы облыстағы мамандар тобының ұжымдық пікірлесуіне негізделген болжау әдістері.

Экстраполяция әдістері -1) бағдарламаның сол немесе басқа аспектісін жүзеге асыруға қажетті өнімді болжауға негізделген әдістер.

-2) объектінің оның бұрынғы даму тенденциясы бойынша болашақта дамуын болжау әдістері.

Модуль – объектінің болашақта мүмкін болатын жағдайын болжауда қолданылатын оның жеңілдетілген көрінісі.

Анықталмаған жағдайлар – потенциалды нәтижелердің ықтималдығын бағалау мүмкін болмаған жағдайда пайда болады.

Нормативті болжам – болжау объектісінің белгілі бір жағдайға жету мерзімі мен жолдарын белгілейтін болжам.

Алдын-ала саралау кезеңі – бұл болжам жасалынып жатқан кезең.

Жоспар – белгілі бір мақсаттар мен ресурстарға байланысты іс-әрекеттер тізімі мен мерзімін директивті анықтау, шешім.

Ізденіс болжамы – болжау объектісінің мүмкін болатын жағдайын көрсететін болжам.

Көрсеткіш – объект жағдайын білуге мүмкіндік беретін көлем, өлшем.

Жорамал – белгілі бір объектінің немесе процестің болашақтағы жағдайы туралы пікрдің логикалық тізбегіне негізделген қорытынды.

Болжам әдісі – белгілі бір кезеңде нақты объект алуға бағытталған бір немесе бірнеше логикалық немесе математикалық операциялар.

Болжау – объектінің болашақтағы жағдайы немесе осы жағдайға жетудің альтернативті жолдары туралы ықтималды пікір.

Болжамдық ретроспекция (өткенді шолу) – олардың жүйелі сипатын алу мақсатында болжамдық фон және болжау объектісінің тарихы зерттелетін болжау кезеңі.

Болжау шегі – болжаудың нақтылығы мен сенімділігі қамтамасыз етілетін саралаудың максималды кезеңі.

Болжамдық диагноз – мәселелерді, даму тенденци көрсету және болжау әдісін таңдау мақсатында болжамдық фон және болжау объектісінің тарихы зерттелетін болжау кезеңі.

Прогностика (футурология) – болжау жасау заңдылықтары туралы ғылыми пән.

Жоба – нақты шараға, құрылысқа қатысты шешім.

Проспекция – таңдалған әдістерді пайдалана отырып болжау, болжау фонының объектілері болжанатын, олардың верификациясы жүргізілетін болжау кезеңі.

Менеджментті жүйелі қарастыру – кез-келген объект, жүйе бір-бірімен байланысты элементтер жиынтығы ретінде қарастырылатын жағдай.

Құрылым – оның басты мақсатын дұрыс орындауға қажетті жүйенің құрамды бөлімдерін сәйкестендіру әдісі.

Басқарушылық шешім – менеджмент жүйесінің нақты мақсаттарына жету үшін альтернативаларды таңдау, экономикалық негіздеу, оңтайландыру, болжау, талдау нәтижесі.

Фактор – функцияға әсер ететін, жүйедегі объектінің немесе процестің жеке көрсеткіші.

Сырт көзге ғана дұрыс статистикалық мәліметтер – болжау объектісін талдау немесе ресми статистика мәліметтерін пайдалана отырып ретроспекция кезеңінде алатын мәліметтер.

Функция – регрессия деңгейі бойынша есептелген нәтижелі белгі, болжамдық көлем.

Болжау объектісінің сипаттамасы – болжау объектісінің кез-келген қасиетінің сапалық немесе сандық жағынан бейнеленуі.

Мақсатты болжам – жиынтығында жүйе эволюциясын құрайтын оқиғаның уақыт және кеңістікте жүйелі түрде өрбуінің гипотезалық суреті.

Болжау объектісінің экзогенді айнымалысы – болжау фонының (сыртқы ортаның) қасиеттерін бейнелейтін болжау объектісінің маңызды айнымалысы.

Болжау объектісінің эндогенді айнымалысы – оның өз қасиеттерін бейнелейтін болжау объектісінің маңызды айнымалысы.

Энтропия – объектінің белгісіздік деңгейін сипаттайтын көрсеткіш.

Болжау кезеңі - өзінің міндеттерімен, әдістерімен, нәтижелерімен сипатталатын болжау жасау процесінің бөлімі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]