Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛ_маг_каз(2год-17-18).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438.27 Кб
Скачать

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Дәріс тақырыптарының аталуы

Қысқаша мазмұны

Кредиттің

көлемі

(сағат)

1 кредит

1.

Биостатистикаға кіріспе.

Биостатистика пәні және міндеттері. Биометриканың дамуына Ф. Гальтон, К. Пирсон, Р. Фишердің қосқан үлесі. Мәліметтерді жинау, ұсыну және топтастыру. Медициналық-биологиялық зерттеулерді қолданылатын өлшеу шкалаларының типтері. Биостатистикадағы өлшеудің сенімділігі және ақиқаттылығы.

1

2

Жиынтықтар параметрлерін бағалау.

Бас және таңдамалы жиынтық. Статистикалық таңдаманың үлестірімі. Үлестірімнің дискретті қатары.Үлестірімнің аралық қатары. Статистикалық қатарды зертеудің сызбалық көрінісі: полигон және гистограмма. Вариациялық қатардың негізгі сипаттамасы. Бас жиынтықтар параметрлерін бағалау. Стандартты қателік. Бас орташаның сенімділік аралығы. Қажетті таңдама көлемін бағалау.

1

3.

Статистикалық болжамды тексерудің негізгі теориясы.

Биостатистикалық медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын статистикалық болжам. Сенімділік ықтималдылығы, маңыздылық деңгейі, белгінің (критерий) қуаттылығы. Статистикалық болжамды тексерудің тізбесі. Келісім белгілері. Пирсонның χ2 келісім белгісі. Колмогоров – Смирнов келісім белгісі.

1

4.

Биомедициналық берілгендерді талдау үшін Стьюденттің t-белгісі.

Биомедициналық берілгендерді талдау үшін Стьюденттің t-белгісі. Екітаңдамалы Стьюденттің t-белгісін қолдану сызбасы. Екітаңдамалы Стьюденттің t-белгісін қолдану мысалдары. Жұптасқан Стьюденттің t-белгісін қолдану сызбасы. Жұптасқан Стьюденттің t-белгісін қолдану мысалдары.

1

5.

Орташаның біркелкілік болжамын тексеру үшін параметрлік емес белгіні қолдану.

Параметрлік және параметрлік емес белгілер.

t- Стьюдент белгісіне балама Манна-Уитни және Уилкоксонның параметрлік емес белгілері.

Манна-Уитни белгісін қолдану сызбасы. Манна –Уитни белгісін қолдану мысалдары. Уилкоксон белгісін қолдану сызбасы. Уилкоксонбелгісін қолдану мысалдары.

1

Барлығы:

5

2 кредит

1.

Медицина және денсаулық сақтау саласындағы дисперсиялық талдау.

Дисперсиялық талдаудың негізгі түсініктері және әдістері. Жалпы, факторлық және қалдық дисперсиялар. Бір факторлы дисперсиялық талдауды қолданудың сызбасы. Бір факторлы дисперсиялық талдауды қолданудың мысалы. Крускала-Уоллистің параметрлік емес критериясы- бір факторлы дисперсиялық талдаудың баламасы. Крускала-Уоллис критериясын қолданудың сызбасы. Крускала-Уоллис критериясын қолданудың мысалы. Екі факторлы дисперсиялық талдау.

2

2.

Корреляциялық талдау.

Корреляциялық талдау ауру асқынуының қауіп қатер факторын сандық бағалайтын әдіс ретінде.

Шашырау диаграмасы. Пирсонның жұптасқан корреляция коэффициенті. Корреляция коэффициентін бағалаудың сенімділігі. Спирменнің корреляция коэффициенті.

1

3.

Регрессиялық талдау.

Регрессиялық талдау: негізгі түсініктер. Регрессия түрлері. Сызықты регрессия параметрлерін ең кіші квадраттар әдісі (ЕКӘ) бойынша бағалау. Регрессия коэффициентінің маңыздылығы туралы болжамды тексеру. Регрессия теңдеуінің маңыздылығы туралы болжамды тексеру. Детерминация коэффициенті. Жұпталған сызықты регрессия теңдеуін тұрғызудың мысалдары және оның талдауы.

1

4.

Статистикалық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру.

Медициналық-биологиялық тәжірибенің кезеңдері. Мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдісін таңдау. Биостатикада қолданылатын заманауи статистикалық бағдарламалар. Статистикалық пакеттердің жіктелуі және оларға қойылатын заманауи талаптар.

1

Барлығы

5

Барлық сағат:

10