|
ҚРДСжӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар кафедрасы |
044 - / - ( ) |
«Биостатистика» пәні бойынша силлабус |
Силлабус
Пәні: «Биостатистика»
Мамандық: 6М110400 «Фармация»
Оқу сағатының көлемі: 90 (2 кредит)
2017-2018 Оқу жылы
Силлабус кафедра мәжілісінде талданған және мақұлданған.
Кафедра меңгерушісі, ф.м.,ғ.к., профессор _________________ Қ.Ж.Құдабаев
№ хаттама «____»______ 20__ ж.
Оқытушылар туралы мәлімет:
№ |
Аты-жөні |
Дәрежесі |
Қызметі |
Ғылыми жетістіктері |
Электронды мекен-жайы |
1. |
Құдабаев Қанапия Жұмағазыұлы |
ф.-м.ғ. кандитаты, академия профессоры |
кафедра меңгерушісі |
90-нан астам ғылыми және әдістемелік мақа-лалары жарық көрген, 5 окулық және 5 оқу құралы мен 10-нан астам типтік бағдар-ламалардың авторы. |
kanash48@mail.ru |
2. |
Сапрыгина Марина Борисовна |
ф.-м.ғ.к. |
доцент міндетін атқарушы |
15-тен астам ғылыми мақалалары, сонымен қатар оқу құралы және әдістемелік өңдеулер, пәнді оқыту үшін жасалған әдістемелік өңдеулер мен жұмыс бағдарламалары бар. |
marina-iv@mail.ru |
3. |
Халметов Закиржан Султанкұлұлы |
Магистр |
доцент міндетін атқарушы |
Бірнеше ғылыми мақа-лалары жарияланған, пәнді оқыту үшін әдістемелік өңдеулер мен жұмыс бағдар-ламаларды жасаған. |
zakir78@mail.ru |
Байланысу ақпараты:
Кафедраның мекен-жайы: әл-Фараби алаңы 1, ОҚМФА-ның бас ғимараты, 5-қабат, № 500-508 дәрісхана. Тел. 40-82-22 (126).
Кафедраның электрондық адресі (e-maіl) -Fіzmatіn@maіl.ru
Саясат және шаралар:
Магистрантқа қойылатын талаптар:
себепсіз сабақтан қалмау;
сабаққа кешікпеу;
сабаққа формамен келу;
тәжірибелік сабақтарда белсенді болу;
сабаққа дайындалып келу;
магистранттың өзіндік жұмыстарын уақытылы кесте бойынша тапсыру;
сабақ үстінде басқа іспен шұғылданбау;
сабырмен өзін-өзі ұстай білу, оқытушыларды және өзімен бірге оқитын жолдастарын сыйлау, мейірімді болу;
кафедраның мүліктеріне қамқорлық жасау.
Бағдарлама
Пәннің қысқаша сипаттамасы
Денсаулық сақтау, фармация және клиникалық медицинада клиникалық диагноз, тұрғындардың белгілі бір тобында қандай да бір бағдарламаның мүмкін болатын нәтижелерін болжау, науқастың сырқаттанушылығының ағымын болжау, халықтың белгілі бір тобы немесе белгілі бір науқас үшін емдеу түрін таңдау сияқты мәселелер бойынша шешім қабылдау және т.б. барысында әртүрлі статистикалық тұжырымдамалар жиі қолданылады.
Статистика күнделікті зертханалық тәжірибеде қолданыс табуда. Статистиканы білу қазіргі заманғы медициналық басылымдарды түсіну үшін және оларды сын көзбен бағалай білу үшін де өте маңызды. Сондықтан, статистиканың принциптерін білу жоспарлауға, денсаулық сақтаудағы әртүрлі жағдайлар мен үрдістерді бағалауға арналған зерттеулерге талдау жүргізу және медициналық биология, клиника және денсаулық сақтау салалары бойынша ғылыми зерттеулер орындау үшін қажет.
Биостатистика – медицина, фармация, денсаулық сақтау және эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді өңдеу және қолдануға негізделген ғылыми сала. Тәжірибеге дәлелді медицинаның принциптерін ендіру медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері үшін биостатистиканы түсіну қажеттілігінің қаншалықты маңызды екендігін айқындап отыр.
Теориялық зерттеулерде болсын, сол сияқты қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушысының тәжірибелік қызметінде болсын, биологиялық, медициналық және фармацевтикалық деректерді статистикалық талдау мәдениетін жоғарылату қажеттілігінің туындауы, ең алдымен, деректерді бейнелеу мен жүйелеу мәселелерін компьютерлік құралдармен іске асырудың заманауи жетістіктерімен түсіндіріледі. Магистрантка әмбебап қолданбалы бағдарламалар пакеттерін (Statistica) қолдана білу және алынған нәтижелерді дәл түсіндіре білу ерекше маңызды.
Пәннің мақсаты: биостатистиканың теориялық негіздерін үйрету және статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қолдануды қалыптастыру.
Міндеттері:
медициналық, фармация және биологиялық деректерді өңдеудің заманауи статистикалық әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;
медициналық, фармация және биологиялық деректерді өңдеу үшін заманауи статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру.
Магистрант білуі қажет:
пәннің болашақ мамандығы үшін маңыздылығының анықтамасын, статистикалық талдаудың мақсаты мен міндетін және оны кәсіптік қызметте пайдалануды:
статистикалық ақпараттарды өңстатистикалық ақпараттарды өңдейтін, талдайтын және түсініретін арнайы қолданбалыбағдарламаларды;
медициналық, фармациялық және биологиялық зерттеулер үдерісінде ( деректер қоры, электрондық және қағаз журналдар, анықтамалық және нормативті құжаттар және т.б.) түрлі ақпарат көздерімен қалай жұмыс істеуді, медициналық ақпаратты іздеудің негізін;
іздеу жұмыстарының ( болжамды пайымдау, ғылыми-медициналық зерттеу жүргізу принциптерін) әдіснамасын;
медицина мен фармациядағы статистикалық талдаудың негізін;
медицина-биологиялық және фармацевтикалық зерттеулер жүргізгенде негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін математикалық аппаратты қалай қолдануды;
Магистрант істей алуы тиіс:
сандық жәнне сапалық д,еректерді шектеу мен қолданудың дұрыстығын анықтауды;
ғылыми іздеу ауданын анықтауды;
іздеу үрдісінде алынған және өңделген ақпаратты басқа тұтынушыларға жеткізе білуді;
ғылыми публикацияларға сынай талдама жүргізуді;
статистикалық материалдарды арнайы қолданбалы бағдарламалардың көмегімен өңдеуді;
ақпараттық технология және статистикалық талдаудың әдістерінің көмегімен материалды өңдеуді және талдауды;
өзінің жеке зерттеулерінде алған нәтижелері бойынша online режимінде және электрондық конференцияларда көрме жариялауға;
G-Global көп қырлы платформасында өзінің пікірлерімен бөліседі.
Пәнді оқытудың соңғы нәтижесі:
Дескрипторлар |
ОҚМФА дайындаған мамандықтың компетенция-лары |
Пәнді оқытудың нәтижесі |
(ЖМББС) Концепция бойынша оқытудың нәтижесі |
|||||
|
|
Зерттеп отырған саладағы алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу |
Жаратылыстану және арнаулы ғылымдар аясындағы құзіреті |
Биологиялық статистиканың мақсаты мен міндеттері және оны кәсіби қызметінде қолдану болашақ мамандықтар үшін пәннің белгілі бір маңызын береді. |
Р2 |
||||
Медицина-биологиялық зерттеулерде қолданылатын ғылыми терминдерді біледі. |
||||||||
Компьютерлік және ақпараттық құзірет |
Статистикалық ақпаратты өңдеуге, талдауға және түсіндіругет арналған арнайы қолданбалы бағдарламаларды біледі. |
|||||||
Медицина-биологиялық зерттеулер үдерісінде әртүрлі ақпараттар көздерімен жұмыс істеуді (деректер қоры, қағаз және электронды журналдар, анықтамалар мен нормативті құжаттар және т.б.), медициналық ақпараттарды іздеу негіздерін біледі. |
||||||||
«Денсаулық адвокаты» құзіреті |
Медициналық және экспериментальді зерттеулерді жүргізуге қажетті әдеп және құқық нормаларын біледі. |
Р10 |
||||||
«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті
|
Деректердің түрін және оларды ұсыну түрін біледі. |
|||||||
Өлшеу шкалаларының түрлерін біледі. |
||||||||
Сәйкестік және келісім белгілерін біледі. |
||||||||
Жүйелік қателіктің түрлерін және оның зерттеулердегі бағасын біледі. |
||||||||
Белгілердің қалыпты үлестірілген заңының қасиеттерін біледі. |
||||||||
Дисперсиялық талдау жүргізудің әдісін біледі. |
||||||||
Пирсонның сызықтық корреляция коэффициентінің және Спирменнің шендік корреляция коэффицентінің көмегімен корреляциялық тәуелділікті анықтауды біледі. |
||||||||
Болжамды тексерудің параметрлік емес белгісін біледі. |
||||||||
Стьюдент t-белгісін біледі. |
||||||||
Эпидемиологиялық көрсеткіштерді, эпидемиологиялық талдаудың негізгі белгілерін біледі. |
||||||||
Медицина-биологиялық эксперименттің кезеңдерін, жоспарлауды біледі. |
||||||||
|
|
|
Statistica 10. ҚБП біледі |
|
||||
Кәсіпкерлік конпетенциясы |
Медициналық зерттеулер жүргізуде негізгі экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін математикалық аппараттарды қолдануды біледі. |
|||||||
|
|
Осы білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу. |
«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті |
Деректерді өңдеудің статистикалық әдістерін қолдануды біледі. |
|||||
Биостатистикада өлшеудің анықтылығы мен сенімділігін бағалауды, айырмашылықтың статистикалық маңыздылығын анықтауды біледі. |
||||||||
Таңдама жиынтық үшін бірлікті таңдауды біледі. |
||||||||
Статистикалық үлестірім қатарын анықтауды және үлестірімнің теориялық заңымен сәйкестігін, нақтылығы мен сенімділігін бағалауды біледі. |
||||||||
Қуаттылық белгісі, сандық сипаттамасы бойынша сенімділік аралығын анықтауды біледі. |
||||||||
Бір факторлы дисперсиялық талдаудың негізгі әдістерін қолдануды біледі. |
||||||||
Статистикалық болжамды тексеруді біледі. |
||||||||
Таңдаманың корреляция коэффициентін есептеуді біледі. |
||||||||
Нәтижесімен кесте алуды біледі. |
||||||||
Алынған нәтижелерді түсіндіруді біледі. |
||||||||
Statistica 10. ҚБП жұмыс істеуді біледі. |
||||||||
«Коммуникативті дағдылар» құзыреті
|
Іздеу мен өңдеу үдерісінен алынған ақпараттарды басқа тұтынушыларға жеткізе алады. |
|||||||
Компьютерлік және ақпараттық құзірет
|
Ғылыми басылымдарға сынай талдау жасай алады. |
|||||||
Библиографиялық көрсеткіштерін қолдана отырып каталогтардан, картотекалардан, электрондық берілгендер қорынан, Интернет ресурстарынан ғылыми ақпаратты іздеуді жүргізе алады. |
||||||||
Арнайы қолданбалы бағдарламалардың көмегімен статистикалық материалды өңдей алады. |
||||||||
|
|
Дәйектемелер құрастыру және зерттеп отырған саласындағы мәселелерді шешу |
«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті |
Ғылыми зерттеулердің мақсаты мен міндеттерін қоя алады, ғылыми зерттеулердің мақсаты мен міндетіне жауап беретін жоспар құра алады. |
Р2 |
||||
Материалдар жинауды жүргізеді.
|
||||||||
Ақпараттық технология және статистикалық талдау әдістерін қолданып материалды талдайды және өңдейді. |
||||||||
Статистикалық зерттеу нәтижесінде алынған деректерді жалпылайды және талдайды. |
||||||||
|
|
Әлеуметтік, этикалық және ғылыми көзқарастарды ескере отырып, пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және түсіндіруді жүзеге асыру |
Компьютерлік және ақпараттық құзірет
|
Statistica 10. ҚБП көмегімен алынған деректердің нәтижесін түсіндіруді біледі. |
|||||
Түрлі құжаттарды сауатты рәсімдейді және зерттеу нәтижелерін баяндайды. |
||||||||
«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті
|
Ғылыми мақалаларды жазуда статистикалық талдау нәтижелерін қолдана алады. |
|||||||
Жоғары оқу орны ішіндегі студенттердің ғылыми конференцияларында және аймақтық, республикалық, халықаралық конференцияларда баяндама жасайды. |
||||||||
|
|
Ақпаратты, идеяларды, мәселелерді және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді |
«Коммуникативті дағдылар» құзыреті
|
Студенттерге /оқытушыларға/емтихан алушыларға медициналық, биологиялық және фармацевтикалық ақпараттарды өңдеуде, тұрғындардың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты талдау мен жинауда алған дағдылары мен өз білімдерін жеткізе алады, бақылаған фактілері мен алынған нәтижелерін түсіндіреді. |
|||||
Пікірталасқа және оппоненцияға қатысуға қабілетті. |
||||||||
«Ғылыми зерттеулердегі дағдылар» құзыреті |
G-Global көпқырлы платформада өз идеясын бөлісуге қабілетті. |
|||||||
|
Өздігінен оқуды әрі қарай жалғастыру бейімділігі |
|
Дәлелдеулі медицина аясында жаңа дағдылар алуды меңгереді. |
Р3 |
||||
Ескерту:
Р2 – Кәсіптік қызмет аясында информациялық технологияларды қолдануды біледі, заманауи техникамен жұмыс істеу дағдыларына ие.
Р3 – Күнделікті кәсіби іс әрекеттерінде және магистратурада оқуын жалғастыруда жаң білімге ия болу дағдыларын меңгерген.
Р10 – Заманауи ақпараттық ағындарға қалыптаса алады және әлемдік экономикадағы үдерістер мен динамикалық өзгеретін жағдайларға бейімделеді.
Оқыту әдіснамасы
Дәрістер: мәселелік, шолу, ақпараттық.
Тәжірибелік сабақ: жеке тапсырмаларды жазбаша орындау, тест тапсырмаларын орындау, STATISTICA компьютерлік бағдарламаларын қолданып деректерге статистикалық өңдеулер жүргізу.
Оқытушының жетекшілігімен магистранттың өз бетінше атқаратын жұмысы (ОЖМӨЖ) – ситуациялық тапсырмаларды шешу, берілген бағдарлама бойынша деректерді статистикалық өңдеу, компьютерлік бағдарламаларды қолданып статистикалық талдау жасау, нақты материал бойынша көпфакторлы дисперсиялық талдау жүргізу.
Магистранттың өзіндік жұмысы (МӨЖ) - негізгі және қосымша әдебиеттермен, ақпараттарды электронды тасымалдағыштармен жұмыс істеу; есептерді өз бетімен шешу, өзіндік жұмыстың тақырыбы бойынша дайындық деңгейін өзіндік бағалау, STATISTICA компьютерлік бағдарламаларды қолданып деректерге статистикалық өңдеулер жүргізу, тақырыптық рефераттарды дайындау және қорғау.
