Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шекенов Е.Ш.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.17 Mб
Скачать

7 Сойыс малынан алынған қанды өңдеу

Қанды тамақ жасауға алу үшін әдейі жасалынған қуыс пышақ лданылады. бауыздалғаннан соң, ірі қара малдан 40-45 секунд шамасында, барлық қанның 70-75 %, шошқадан 60 % ағып шығады. Ұсак қара малдан тамақ дайындауға қан алынбайды. Малдың денесінде калған қанды бөлек ағызып, техникалық және азықтық қан ұнын дайындауға пайдаланады. Негізінен малды түгелдей қансырату процесі 6-8 минуттай. Бұл уақыт арасында ірі жөне ұсақ қара малдан тірілей салмағына шаққанда 8 %, шошқадан - 4,6 %, жылқыдан-9,8% қан бөлінеді. Дегенмен, әртүрлі малдан алынатын қанның нормасы болады: ірі қара малдан-4,2%, ұсақ қара малдан -3,2%, шошқадан -3,5% , оның ішінде тамақтық қан қара малдан жобамен -3,2 %, шошқадан-3,0%. Жалпы алғанда қанның бөліну мөлшеріне малды есеңгірету, қансырату әдістері, әр малға тән қасиеттері әсерін тигізеді.

Қанның құрамына плазма және формендік элементтер кіреді эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер . Бұл заттардың ара қатынасы әртүрлі малда әртүрлі болады. Ірі қара малдың қанында 63 % плазма, 37 % формендік элементтер, ұсақ қара мал қанында 72 % және 28 % болса, шошқа қанында 56,4% және 43,6% болады. Судың шамасы-79-82 %, белоктар 16,4-18,9%, белоксыз органикалық заттар -0,7-1,2 %, минералдық заттар -0,8-0,9 %. Құрғақ заттың негізгі бөлігі-белоктар альбумин, глобулин,фиброген /. Бұл белоктар толық құнды белоктар болып есептелінеді. Альбимун жақсы қорытылады, суда ериді. Қаннын глобулин фракциясы пепсинмен қосыла нашар қорытылады. Фибриноген суда жақсы ериді. Қанның құамында ферменттердің әсерінен қалыптасқан жағдайда ол ерімейтін белокқа фибринге айналады. Құрамында фибриноген (фибрин) жоқ қанның плазмасын. Қанның сарысуы деп атайды.

Қанның формендік элементтерінің негізін эритроциттер құрайды 1 мм қанда 6-10 млн. дана). Олардың қызыл түсін, құамындағы гагменттің (белок-гемоглобин) бары анықтайды. Эритроциттер 60 % мДан тұрады, қалғаны құғақ заттар, оның 90 % гемоглобиннен тұрады.

Плазма мен эритроциттің арасында осмотикалық тепе – теңдік зылғанда, ия болмаса механикалық және химиялық заттардың, сырт қабаты ыдырайды, оның салдарынан гемоглобин азмаға еніп оны қызыл түске бояйды-гемолиз процесі жүреді. Мөлдір не боялмаған сарысу алу үшін, қанда гемолиз процесін жүргізбеу • Ол үшін қан сумен араласпауы керек, өйткені су осмостық нциццен эритроцитке еніп, оның көлемін үлкейтеді, сыртқы қабығы, пигмент-гемоглобин плазмаға өтеді. Сол сияқты қанды қатыруға

(аяздауға), ия болмаса химиялық препараттармен консервілеу болмайды. Гемолиздік жағдайды болдырмау үшін,қанды құбыр бойымен тасымалдайды, айырғыш (сепарирование) процестерін жүргізеді. Бұл үргізілетін процестердің мақсаты қанныңритроцитін түгелдей сақтау. 1 Дегенмен гемолиз болған жағдайда, гемолизденген плазманы (сары суды) сірке қышқылымен аздап қышқылдатады, сосын сутегі перекисімен өңдейді. Ортаның қышқыл болғанда және сутегі і перекисімен өңдеудің алдында плазманы аздап, температурасы 50-55°С 1 дейін жылытады. Мұдағы мақсат, плазманың түсін ағартуды жеңілдету гемоглобин гематин және глобинге ыдырайды.

Лейкоциттер-қанның ақ шариктері 5-20 мкн 1 мм2 5 тен 10 мыңға дейін. Тромбоциттер - қанның табақшалары (пластинкалары) 2-4 мкн Імм3 қанда 200 ден 600 мыңға дейін. Тромбоциттің ыдырауы қанның үюына жол береді (тамырдан аққанда).

Қанның тығыздығы-1,055, плазманікі -1,030, эритроциттердікі 1 1,09, фибриндікі-1,08, сарысудікі-1,024. Эритроциттердің салмағы плазмадан жоғары, сол себептен плазмаға ұнады (оседает). Бұл асиеттерді плазмадан формендік элементтерді айыруға пайдаланады-1 бұтыру әдісімен центрифуга арқылы, ия болмаса айырылғыш қолдану жолымен.

Қанның тұқырлығы, қоюлығы (вязкость) оның қүрамындағы эритроциттердің санына байланысты, олардың ұқырлығы 80 реті қаннан және 5 рет судан жоғары. Қанның бұл қасиеттері, оның құрамындағы белоктардың, органикалық және минералдық заттардың барлығына байланысты.

Қанның юы (свертывание) қан аққаннан соң, көп уақыт өтпей ұйыйды, оның консистенциясы иленген қамырға ұқсайды. Бұл процесс фермент тромбокиназаның әсерімен жүреді, яғни ол тромбогеннің (протромбин) жұмысын пәрмендетеді, бұл процесте кальцийдің ионы да қатысады. Протромбиннен тромбин пайда болады, мұның қатынасуымен плазмадағы белок еритін фибриноген, ерімейтін фибринге айналады. Фибрин өте жіңішке келген және созылмалы жіптес, олар бірімен-бірі араласа жалғасып, қанның ұюының негізі болады. Ірі қара малдан қан ағып, ұйығанша 6,5-10 минут, ұсақ қара малдан-2,5 минут, шошқадан 3,5-5 минуттай уақыт өтеді.

Қанды түрақтандыру (стабилизация) - қанның ұюын болдырмау. Қанға тұрақтандыру заттар қосады, ол қанды өңдеу технологиясын жеңілдетеді. Сұйық қанның құрамында толық құнды белок фибриноген қалады. Тұрақтандыру процесін тамақтық және техникалық мақсатка арналған қанға қолданады. Малды сояр алдында, тұрақтандыру заттың өдейілеп қан жыйнайтын ыдысқа қйып қояды. Алғаш қанды ыдыстз жыйнап, 30-40 сек. араластырады. Тамақтық қанды тамақтық тұзбен тұрақтандырады (қанның салмағынан 10 %), бұл қан 1-2 тәуліктеЙ; ұйымайды. Жақсы тұрақтандыру заттарына фибризол, лимон қышқылдьі.! натрий, фосфорқышқылды натрий жатады. Оларды 10% сулы ертінді; мөлшері 0,25 % қанның салмағына шағып қолданады. Бұл спея тұрақталған қанды 5 тәулікке дейін сақтауға болады. Өте оы тұрақтандыру қасиеті бар заттар қатарына табиғи гепаринді Ол малдың өкпесінде, қара бауырында және т.б. мүшелерінеады- Оның 1 грамымен 20 л қанды тұрақтандыруға болады, дегендың мүшелерінен бөліп алу қиын, сол себептен өте қымбат.

Техникалық мақсатқа алынған қанды тұрақтандыру үшін синатрин _130 қолданылады, 1 тонна қанға 67 г. Тұрақтындыру процесін малды кансырату кезінде жүргізе беруге болады, синатрин ертіндісін әдейі қойылған форсунка арқылы қосады.

Қанды консервілеу - тамаққа пайдаланатын қанды мен консервілейді, 10 % түзбен консервіленгенде қан -5-6°С 15 тәулікке яейін сақталады. Аммиакпен де консервілеуге болады. Иісін ұшыру максатпен қанды пайдаланар алдында аздап жылытады. Техникалық максатка пайдаланатын қаннан фибринді беліп, күшті антисептиктер (крезол, ия болмаса фенол)қосады, 2,5 кг Ітонна қанға. Қан бұзылмау үшін оны аяздайды, минус 10 градус С 6 айға дейін сақтауға болады.

Қаннан фибринді айыру - тамаққа, ия болмаса дәрі жасауға алынатын қаннан фибринді бірінші минутта, қан ұйымай тұрғанда тездетіп айырады. Тамақтық қанды 2-5 минуттай қолмен не болмаса дефибринатор апаратымен араластырады. Фибринді жіп түрінде айырады, ал қалған фибриннен толық айыру мақсатпен, қанды елеуіштен (1-2 мм) өткізеді. Фибриннің шығымы 5%-дай шамасында болады,. Фибриннен айырылған, ұйыған техникалық қанды ұсақтайды, 2-3 минут (десмембратор, дезинтегратор аппараттары). Бұл процесте де 10-12% - дай фибрин бөлінеді, ол қанға қарағанда өте жеңіл, сол себептен бетіне қалқып шығады.

Қаңды айырғыштау (сепарирование)- қанды 2 фракцияға бөлу: плазмаға жөне формендік элементтерге. Керек болғанда әртүрлі фракцияларға бөлгіштейді эритроциттерге, лейкоциттерге, тромбоциттерге. Бұл процесс айырғыштың барабан бөлігінде өтеді. Қан, ортаның температурасы +25 +30° С болғанда тұрақты ағыммен айырылғыштың табақтарына құйылып ондағы центробеждік күштің әсерімен 2 Фракцияға бөлінеді: жеңіл фракция-сарысу, ия болмаса плазма, ауырлау Фракция-формендік элементтер. Барабанның айналу жылдамдығы, 10 х паскел қысымнан аспауы керек, артық болса гемолиз процесі жүруі мүмкін. Айырғыштау барысында көбік пайда болмау мақсатпен, олеин Қыфшқылын (арақатынасты және 50-55°С қыздырылған) аидаланады. Қолданылатын айырғыштардың маркасы СК-1,өнімділігі -ЗООл/сағ. АС-2ж 140 л/сағ және т.б. Қазіргі уақыттағы айырғыштан ньщ жеңіл фракцияларының шығымы 65%-дай, айырғыш үзіліссіз 2-ағатқа дейін жұмыс істей алады, одан әрі қарай ластанып, түйіліп ады, оны бөлшектейді, тазалайды, жуады, аланды кептіру - кептіру арқылы қара және ашық түссіз альбуминды. Қанды сарысуды ия болмаса плазманы тамақтық және

Кесте 21 – Азықтық ұнның сапалық көрсеткіштері

техникалық альбумин алу үшін ылғалсыздандырады, мұндағы мақсат белоктың ерімеуін сақтау. Ылғалсыздандыру қанды кептіру арқылы, ия болмаса булау және кептіру арқылы жүргізіледі. Бұл өдіс экономикалық жағынан тиімді, үйткені булауға көп қуат шығынд алмаиды. Көп жағдайда кептірер алдында, әртүрлі малдан алынған қанды араластырады, дегенмен ірі қара мал қаны 35%-дан кем болмауы керек. Кептіруді камерада, кептіру шкафында, ия болмаса ашық ауада өткізеді. Кептіру ұзақ процесс, сол себептен қанды алдын ала консервілейді.

Алъбуминді буып-тұю және сақтау. Елеуіштен өткізілген (диаметрі 2 мм) және суытылған 26-28 градус С дейін, альбуминді буып-түйеді, өлшейді және маркировкалайды. Жоғары сапалы және 1 сортты I тамақтық альбуминді шыныға салып (сиымдылығы 10 кг-дай) целофан, ия болмаса А маркалы пергамент қағазын төсеп жайғасытырады. Техникалық альбуминді жыртылмайтын қағаздан жасалған қапқа сальщ сақтайды. Буып-түйілген өнімді маркировкалайды-өнімнің аты, сорты, і салмағы (брутто-нетто), партияның нөмірі, дайындалған күні, мест. Оны салқындау, құрғақ, ылғалдылығы 70% орында сақтайды.

Қаннан өнім дайындау. Альбумин - тамақтык қанды ізінше; ұрақтандырады (стабилизирует) және фибриннен айырады. Гемолизденбеген плазма сүзгіштен өткізіліп, кептіріледі. Алынған түссіз тамақтық альбуминді елеуіштен өткізіп, суытады, ыдысқа салып өлшейді және маркировкалайды. Техникалық альбуминді осы мақсатпен алынған қаннан жасайды. Тұрақталған қанды кептіреді, кептірілгеш альбуминді жинақтап, буып-түйеді, өлшейді, маркировкалайды. Техникалық альбуминнің шығымы 14%, ылғалдығы 11%.

Қаратүсті техникалық альбуминнің сапасы түссіз альбуминге қарағанда өте жоғары. Үйткені оны табиғи ауада кептірген себептен, тым қызбайды да құрамындағы белок ұйымайды. Түссіз альбумин, қара альбумин сияқты кристалды, ия болмаса ұнтақты түрде дайындалады. Түссіз техникалық альбуминді дайындау үшін фибриннен айырылған қанның сарысуы пайдаланылады. Бұл өнім тәжірибеде көп қолданылмайды.

Қан ұнын дайындау. Қан ұны ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда, протеин жетіспеген жағдайда, негізгі рационға қосып беретін құнды азықтардың бір түрі.

Көбіресе оны өсіп -өніп келе жатқан жас малдарға азықтандыру; тиімді. Оның ағзада қорытылуы, дайындау технологиясына тіке байланысты. Қанды кептіргенде шамадан тыс қыздыру, қорытылу коэффициентінің тым төмендеуіне жол береді.

Азықтық қан ұнын, тамақтық және техникалық мақсаткз пайдаланатын қаннан алынған фибриннен дайындайды. Кейбір жағдайларда қан ұнын дайындау үшін қанның өзін қолданады.

Фибринді универсал қазанда, ия болмаса кептіргіщ апаратурасында, стандарттық талабына сай болатындай етіп кептіреді құрамында ылғалдық мөлшері 10-12 %, май-3-5%, күл 5-8%-дан керек, ал протеиннің мөлшері 74-81 %-дан кем болмауы тиіс.

Қанды барабанды кептіргіште кептіреді. Кептірер алдында артық ғалды бөлу үшін, қанды тұндырады және тығыздайды. Кептіргіштің көлденең орналасқан бу беретін барабан және қалақшалы келген аластырғыш (кай жаққа болсын айналатын 18 рет 1 мин.) орналасқан.

Осы механизмдердің өсерінен шикізат мүқият араласады, сосын өңкеріледі. Кептіруді екі фазамен жүргізеді-зарарсыздандыру Гстерилизация)-қысым 3 атм, температура 130-140°С, уақыты 30 мин., кептіру -вакум 600 мм сынап бағасы, температура -70-80° градус.

Құрғак қанның шикізаттан шығымы 20%-дай. Құрғатылған қан ұнымен катар, зауыттарда консервіленген қан ұнын да шығарады, дегенмен оның мал азықтандыру тәжірибесінде пайдалануы аз.

Дайын қан өніміне қойылатын талаптар. Тамақтық және техникалық альбумин құрамындағы белокты сақтай алатын қасиетімен бағаланады. Сол себептен жоғары сортты тамақтық альбуминнің құрамында еритін белоктық заттардың мөлшері 85%-дан кем болмауы керек, ал техникалық альбуминнің құрамындағы мөлшері, оны қандай әдіспен дайындалғанына байланысты: жоғары сорттыұтақ түрлі альбуминде - 85%, 1 сортта -70% және 2 сортында 60%.

Стандарт бойынша, альбуминнің құамында оптималды ылғалдылық болуы керек, үйткені альбуминді сақтағанда және тасымалдағанда оның маңызы өте зор. Тамақтық альбуминнің ылғалдылығы 10%, ұтақталған техникалық альбуминде 11% және кристалдық түрінде -13% аспауы керек. Консервіленген канның құамында еритін белоктық заттар мөлшері 10-15% және құғақ қалдық 11-16% шамасында. Азықтық қан ұының 1 сортында белоктық заттар мөлшері 81%, 2 сортында - 74%.

Кесте 21 - Азықтық үнның сапалық көрсеткіштері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]