Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
педагогика лек 2017-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.41 Mб
Скачать

Әдістемелік нұсқаулар

Оқыту түрі: күндізгі, сырттай

Көкшетау, 2015

Әдістемелік нұсқаулар педагогика пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және СОӨЖ сабақтарға арналған талаптарын орындауға қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында қарастырылған

«27 » 08 2015 ж. хаттама №1

Кафедра меңгерушісі Мурзина С.А.

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

« 28 » 08 2015 ж. хаттама №1

ОӘК төрағасы Құрманова А.Қ.

Кіріспе

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ) – кредиттік жүйедегі оқытудың бір формасы. Ол дәрісханада өтеді. СОӨЖ екі функцияны атқарады:

  1. Кеңес беру функциясы:

  • Оқу жұмыс жоспарына енетін пән бойынша студенттің өзіндік жұмысын орындауға педагогикалық мақсатта көмек көрсету. Оқу материалын меңгеруде студентке жұмыс әдістерін таңдауға көмектеседі. Оқу материалын бекіту тапсырмаларын орындау мүмкіндігі бар.

  • Оқу материалын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Талап бойынша, студенттер алдын-ала дайындалатын нақты тақырыппен өтеді.

  • Студенттің өзін қызықтыратын ғылыми жұмыспен терең айналысуына ықпал етеді.

  1. Бақылау функциясы:

  • Студенттердің білімін күнделікті тексеру. Осы сабақта студент бағдарлама бойынша бақылау жұмыстарын, СӨЖ тапсырмаларын тапсырады.

  • Неғұрлым жоғары балл алу үшін нақты мүмкіндік туады.

Кейбір студенттер, әсіресе 1-курстағылар өздігінен білім алуға әлі дайын болмайды. Біреулері көмек сұрамайды, екіншілері өздерінің оқудағы кемшілігінің себебін білмейді, үшіншілері өздерінің жұмыстағы кемшіліктерін көрмейді. Тек оқытушының басшылығымен, оқытушымен бірлесіп қана туындаған қиындықтан шығатын жолды табуға болады.

СОӨЖ сабақ кестесіндегі уақытқа сәйкес, көрсетілген дәрісханада өтеді. Алайда ол өздігінен жақсы жұмыс істей алатын студенттер үшін міндетті емес. Сондықтан оқытушының міндеті студенттердің оқудағы жетістігінің мониторингін жүргізіп, олардың бәрі де оқу курсын толық игеріп, емтиханды табысты тапсыруын қадағалау. Сол үшін де СОӨЖ жүргізіледі.

СОӨЖ жүргізудің формалары әр түрлі. Сұрақ-жауап формасы: бір немесе бірнеше студенттер сұрақ қойып, оқытушы оларға жауап береді. Немесе қойылған сұраққа байланысты оқытушының студенттермен әңгімелесуі түрінде өтеді. Алайда студенттердің оқуын тексеруге бағытталған оқытудың белсенді әдістері - СОӨЖ өткізудің негізгі формасы болып табылады. СОӨЖ әрбір сабағы жоспарланып, сабақтың әр элементі алдын-ала ойластырылғаны жөн.

СОӨЖ әр сабағына қажетті көрнекі құралдар дайындалады (кейстер, рольдік ойындар, тестілер, кроссвордтар, т.б.). Олар кезінде лекцияда көрсетуге мүмкін болмаған материалдар және кейбір сұрақтарды кеңітіп тереңдетеді, ұсынылған жағдаяттарды талдауға, қойылған міндеттерді шешуге, шешім қабылдауға көмектеседі.

     Оқытушыда СОӨЖ тиімді өткізуге қажетті әдістемелік материалдар, әдебиеттер жеткілікті болуы керек.   

СОӨЖ-дың тақырыптары бойынша тапсырмалар

1 тақырып Вавилонның ежелгі жазбаларындағы тәрбиелік құндылықтар. «Кестелер үйі» - Ежелгі Месопатамиядағы алғашқы оқу мекемелері

Тапсырмалар

1. Алғашқы қоғамға сипаттама беріңіз

2. Рулық қоғамға сипаттама жасаңыз

3. Бұл қоғамда қандай ғылымдардың негізі қалана бастағанын негізге ала отырып жауап дайындаңыз.

Әдебиеттер

1.Қ. Бержанов, С.Мусин Педагогика тарихы Алматы. Мектеп 1984

2.Ж. Әбиев Педагогика тарихы Алматы. Дарын 2006

3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008.

2 тақырып Ежелгі Египеттегі мектеп және тәрбие. Эллинизм дәуіріндегі ағартушылық

Тапсырмалар

1. Ежелгі Египеттегі білім мәдениеті

2. Эллинизм дәуіріндегі оқу және тәрбиелік ойлар

Әдебиеттер:

1.Қ. Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Аалматы, Мектеп. 1984

2.Ж. Әбиев. Педагогика тарихы. Алматы. Дарын, 2006. 50-80 б.

3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008.

3тақырып Сақ және ғұн тайпаларындағы отбасы тәрбиесі

Тапсырмалар

1.Сақтар мәдениеті.

2. «Алтын адам» ескерткіші

3.Сақтар мен ғұндардың әскери тәрбиесі

Әдебиеттер:

1.Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы: Сана, 1995.

2.Ж. Әбиев. Педагогика тарихы. Алматы. Дарын, 2006. 50-80 б.

3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008.

4 тақырып Византиядағы тәрбие. Үндістандағы білім беру реформалары

Тапсырмалар

1. Ежелгі Византиядағы тәрбиелік ой-пікірлер

2. Үндістандағы білім беру реформалары

Әдебиеттер:

1.Қ. Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Аалматы, Мектеп. 1984

2.Ж. Әбиев. Педагогика тарихы. Алматы. Дарын, 2006. 50-80 б.

3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008.

5 тақырып Шыңғысханның «Ұлы Жасақ» заңдар жинағы. Жәңгір хан мектептеріндегі білім беру

Тапсырмалар

1. Қазақ жеріндегі кадими мектептері

2. Қазақ жеріндегі жәдид мектептері

3. Қазақ жеріндегі орыс мектептері

4. Жәңгір мектебі

Әдебиеттер:

1. Ә.Омаров Патша үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты. Алматы.

2.Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008.

3.Ж. Әбиев. Педагогика тарихы. Алматы. Дарын, 2006. 50-80 б

6 тақырып Еуропадағы классикалық педагогика: Я.А.Коменский, И.Песталоцци, т.б.

Тапсырмалар

1. Я.А.Коменскидің «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» еңбектері

2. Дж.Локк “Тәрбие туралы ойлар”.

3. И.Песталоцци – «Лингард және Гертруда».

4. И.Ф.Гербарт «Педагогикадан лекция очеркі»

5.Ф.Дистервег «Неміс мұғалімдерінің білімін жетілдіруге басшылық».

Әдебиеттер:

1. Хрестоматия по истории зарубежной школы и педагогической мысли/под ред. Пискунова, М., 1981.

2. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогиканың тарихы. Алматы, 1984.

3. Қосымша әдебиеттер. Я.ВА.Коменский «Ұлы дидактика.» Алматы, 1965.

4.Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008.