Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
педагогика лек 2017-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.41 Mб
Скачать

29 Тақырып Мектептегі әдістемелік қызмет

Тапсырмалар

1.Әдістемелік басқару жұмысына сипаттама беріңіз.

2. «Жаңашылдық» ұғымы нені білдіреді?

3.Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарын атаңыз.

4.Мұғалімнің басқару әрекетіндегі ақпараттың ролі қандай?

5. Оқу-тәрбие жұмысындағы гуманизациялық бағыттың сипат алуы.

6.Мектептің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда басшылыққа алынатын қағиданы атаңыз.

Әдебиеттер

1. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. В помощ лектору. Алматы, 2004.

2. Проблемы и тенденции развития школы в современным мире. М.,2006.

3. Жалпы педагогика. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Алматы, 2005.

4. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы,2006.

5. Храпченков В.Г. Тенденции и особенности развития всеобщего среднего образования в Казахстане. Алматы, 2001.

30 Тақырып Педагогикалық практикада мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау

Тапсырмалар

1.Мектеп басқарудағы педагогикалық талдаудың мазмұны қандай және оның ролі?

2.Тексеру мен реттеу басқа мектепішілік басқару қызметтерімен қалай байланысқан?

3.Мектепішілік басқаруда қандай әдістер қолданылады?

4.Педагогикалық процестің барлық сипаттамалары мен оған сәйкес көрсеткіштерінің арасындағы өзара байланысты сызбада көрсетіңіз.

5.Сыныптағы педагогикалық процесті диагностикалау жөніндегі алынған ақпарат негізінде сынып жетекшісі жұмысының үлгі жоспарын құру.

Әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының педагогикалық білім берудің стандарты Алматы,2001

2.Р.М.Қоянбаев Педагогика Алматы,2004

3. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизация школьного образования. –Алматы:Ғылым, 1998. –226 с.

4.Ж.А.Қараев. Кредиттік оқыту жүйесіне арналған педагогикалық технологиялар.Алматы. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты. 2004.- 21-б.

5.Р.К.Бекмағамбетова, Д.Қ.Азимбаева Педагогиканың жалпы негіздері және тәрбие теориясы (әдістемелік құрал) Алматы,2003

Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК

БЕКІТЕМІН

Факультет ОӘК шешімімен

Төраға

Құрманова А.Қ.

«28» 08 2015ж.

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Сулейменова Зауре Екпиновна

Барлық педагогикалық мамандықтар

студенттері үшін __Педагогика_

пәні бойынша СӨЖ сабақтарға арналған

Әдістемелік нұсқаулар

Оқыту түрі: күндізгі, сырттай

Көкшетау 2015ж.

Әдістемелік нұсқаулар педагогика пәнінің оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және СӨЖ сабақтарға арналған талаптарын орындауға қажетті барлық мәліметтерді қамтиды.

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында қарастырылған

«27 » 08 2015 ж. хаттама №1

Кафедра меңгерушісі Мурзина С.А.

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

« 28 » 08 2015 ж. хаттама №1

ОӘК төрағасы Құрманова А.Қ.

Кіріспе

2005 жылдан бастап Қазақстан ЖОО оқыту кредиттік технология жүйесінде жүруде. Кредиттік технология оқытудың дербестігін, студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) мәні жоғары сапада болуын талап етеді. СӨЖ ұйымдастырудың негізі студенттердің дәрісханадағы және дәрісханадан тыс жұмыстарын тұтас, үздіксіз жүйесіне айналдыруды көздейді.

Казақстандық білім беруді модернизациялау тұжырымдамасы студенттің оқу үдерісінде өзіндік жұмысының рөлін арттыруға бағытталған белгілі деңгей мен профильдегі білікті мамандарды даярлауды, еңбек нарығында бәсекелес және құзіретті, өз мамандығын еркін меңгерген мамандарды даярлауды қарастырады.

Студенттің өзіндік жұмысы – оқу, зерттеуші және өзіндік білім алу сипатындағы әртүрлі тапсырмаларды орындау, кәсбіи білім жүйесін меңгеру құралы, танымдық және кәсіби іс-әрекет тәсілі, телекоммуникация құралдарын қолдану арқылы, кәсбіи шеберлік пен шығармашылық іс-әрекет дағдылары мен біліктерін қалыптастыру құралы, дәріс және мәтіндік материалмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру құралы.

Студенттің өзіндік жұмысының көлемі, соның ішінде ЖММБС сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын меңгеру бойынша ғылыми-зерттеу жұмысының көлемі, студенттің оқу мерзімінің 50 %-дық көлемін құрайды. Оқу семестрі барысында студенттің өзіндік жұмысына жүйелі түрде бағыт беріледі, түзетіледі және оқытушының тарапынан тексеріліп отырады.

Педагогика пәнінен жүргізілетін СӨЖ негізгі міндеттері:

  1. Студенттердің лекция барысында алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту.

  2. Студенттерде ғылыми-педагогикалық әдебиеттермен, анықтамалықтармен өздігінен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

  3. Студенттерді негізгі педагогикалық іскерліктермен қаруландыру.

  4. Студенттердің шығармашылық қабілеттері мен педагогикалық бағытта ойлауын дамыту.

  5. Студенттердің болашақ мұғалім ретінде педагогика ғылымына, педагогикалық қызметке деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

СӨЖ дайындалғанда әр студент:

  • ұсынылған әдебиеттерді оқып-үйренуге;

  • реферат, баяндама дайындауға;

  • практикалық тапсырманы орындауға;

  • өз пікірін қорғауға;

  • тақырып бойынша қосымша материалдар жинақтауға міндетті.

Студенттердің өзіндік жұмыстары қамтиды:

- реферат, кейс, кроссворд, проблемалық міндеттерді шешу, т,б, үй тапсырмаларын орындауды көздейді (Үй тапсырмаларын студент кітапханада, т,б, орындарда орындайды).

- оқытушының тапсырмаларды орындау жайлы кеңес пен ұсыныстары. Бұл жерде семестр бойы жүйелілікті сақтау керек. СӨЖ тиімділігі оның әдістемелік қамтылуына байланысты. Ең алдымен, оқулықтар мен оқу құралдары, оқытушылар құрастырған әдістемелік нұсқаулар, Интернет ресурстары, оқу залының мүмкіндігі, т.б. құралдар.

Тапсырмаларды орындағанда оқулықтармен қатар сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, т.б. құралдарды пайдаланып, соңында көрсету керек.

Рефератты даярлауға берілетін ұсыныстар:

Оқу пәнін зерттеу үдерісінде студентке аса маңызды зерттелетін мәселе бойынша реферат жазу ұсынылады. Студент сонымен бірге өз бетімен проблеманы терең зерттеу мақсатында, белгілі тақырып бойынша рефератты өз бетімен жазуына болады.

Реферат жазудың объектісі ретінде монография, мақалалалар немесе құжаттар жинағы, мақала немесе жеке құжат алынады.

Реферат дайындаудың негізгі мақсаты – зерттелетін проблеманы, оның қаншалықты сараланғанын көрсету. Реферат жазудың басқа да мақсаттары бар: ол өз бетіндік оқу-зерттеу жұмыс дағдыларын қалыптастыру; талдау, жалпылау, ақпаратты саналау әдістемесін оқыту; студенттің зерттелетін тақырып брйынша білімін тексеру болып табылады.

Рефератта ғалымдардың әдебиеттерде баяндаған ақпаратының белгілі көлемін жалпылау және бастапқы саралау жүзеге асырылады. Бұнда зерттелетін мәселе бойынша өзіндік пікірді білдіруге болады, оны болжам немесе гипотеза түрінде беруге болады. Рефераттың мақсаты зерттелетін мәселеге тұлғалық қатынасты қалыптастыру болып табылады.

Рефератты даярлау бойынша жұмыстың негізгі кезеңдері:

- рефераттың тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинау және зерттеу;

- рефератты жазу және безендіру.

Әдебиеттерді жинақтаудың алдында рефераттың тақырыбы бойынша библиографиялық тізімді даярлау жүзеге асырылады. Оны даярлаудың базасы ретінде ұсыныдатын әдебиеттер тізімі, оқытушының ұсыныстары алынуы мүмкін.

Материалды библиографиялық тізімге негізілген әдебиеттерден таңдап алады.

Әдебиеттерді әртүрлі зерттеуге болады. Монографиялар мен мақалаларды конспект жасау арқылы зерттеуге болады, ал басқа әдебиеттерді қызықты деректер мен көшірмелер жасау арқылы зерттеуге болады.

Конспектілеу әдісі рефераттың тақырыбы бойынша бір немесе екі монография болған жағдайда қолданылады.

Көшірме әдісі рефераттың тақырыбы бойынша әдебиеттердің саны көп болған жағдайда қолданылады.

Фундаменталды жұмыстарды терең зерттеу және конспектілеу үшін таңдайды, ал қалған жұмыстарды қарап, ой-пікірдің, идеялардың тақырыптық мазмұнын ашу үшін қажетті көшірмелер жасайды.

Көшірмелерді жеке парақтарда мақалалар, монографияларға сүйене отырып, библиографиялық сілтеме жасау арқылы жүргізеді.

Материал цитаталар, сызбалар, кестелер, иллюстрациялар түрінде берілген жағдайда, ақпаратты талдауға және жүйелеуге көшеді, негізделген және аргументтелген жазбаларды таңдайды.

Рефератты жазу (тақырыбы таңдау бойынша), оны қорғауға дайындалу. Реферат келесі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек:

  • құрылымы: кіріспе (тақырыпты негіздеу, оның өзектілігі мен мәнділігі, әдебиеттерге шолу); негізгі бөлім (проблеманы теориялық саралау, деректі материалды баяндау, теорияны бекіту); қорытынды (проблеманы саралаудың нәтижесі, тұжырымдар); библиография;

  • сауатты, қазақ тілінде, стилистикалық нормаларды сақтау арқылы жазылуы керек, мәтін логикалық және бірізді болуы керек;

  • «мен» есімдігі қолланылмайды;

  • бір бетте 3 цитатадан артық болмауы керек;

  • қолданылған әдебиеттерге сілтеме жасау міндетті емес;

  • библиографиялық тізім құжаттың мәні бойынша, алфавит бойынша, құжаттың баспа хронологиясы бойынша құрылады;

  • компьютерде басылады, формат А4; әріп өлшемі 14; 1,5 интервал; жоғары және төменгі шеттері – 2,5; сол жағы – 3; оң жағы – 1,5; абзац – 1,25;

  • көлемі – 10 –15 бет.