Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
педагогика лек 2017-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.41 Mб
Скачать

Алғы сөз

Жоғары оқу орындарында педагогиканы оқыту болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады. Педагогика пәні психологиялық-педагогикалық пәндер жүйесіндегі маңызды пәндердің бірі және жас ұрпаққа әлеуметтік тәжірибені үйретудің теориялық-әдіснамалық негізін, әлеуметтік заңдылықтары мен механизмін ашады.

Мектептегі оқу-тәрбие процесінің сапасы мұғалімнің біліміне, қабілетіне, педагогикалық шеберлігіне байланысты екені белгілі. Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктерін біліп тануда, оқушылардың оған сүйіспеншілігін қалыптастыруда педагогика пәні зор ықпал етеді.

Педагогика курсы негізінен төрт бөлімнен тұрады:

І бөлім. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы

ІІ бөлім. Педагогиканың теориялық–әдіснамалық негіздері

ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы

ІҮ бөлім. Мектептің ТПҮ басқару

І бөлім педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуы мен даму тарихына арналған.

ІІ бөлімде педагогика ғылымының пәні мен міндеттері, ғылыми зерттеу әдістері туралы материалдар беріледі.

ІІІ бөлім модуль тәрбие мен оқыту теориясына арналады. Онда тәрбиенің мақсаты мен міндеттері, тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде тәрбие процесінің заңдылықтары, принциптері, әдістері, оқушылар ұжымын қалыптастыру, тәрбиенің түрлері, сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы, отбасындағы тәрбие туралы айтылады. Сонымен қатар дидактика туралы түсінік, оқыту процесінің ерекшеліктері, тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде оқыту процесінің заңдылықтары, принциптері, әдістері, оқытуды ұйымдастырудың тарихи және қазіргі кездегі формалары туралы баяндалады.

ІҮ бөлімде білім беру жүйесін басқару, мектеп басшысына қойылатын талаптар, мектепішілік менеджмент пен бақылау, педагогикалық технологиялар тақырыптары қарастырылады.

Оқу-әдістемелік кешенде дәрістердің мәтіндері, практикалық сабақтар мен студенттердің оқытушымен бірге орындайтын өзіндік жұмыстары (СОӨЖ) және студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының (СӨЖ) тапсырмалары, өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар, аралық және қорытынды бақылау материалдары, глоссарий мен қажетті әдебиеттер тізімі берілген.

СИЛЛАБУС

  1. Титул беті

  1. .Оқытушы туралы мәліметтер

Кошанова Мараш Төлегенқызы.

Жұм. Тел. 40-21-99, ұялы тел: 8 705-33-44-847

3. Пән жөнінде мағлұмат

Пән аты: Педагогика

Өткізілу уақыты және орны: сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспары

Курс

Семестр

Кредиттер

Лекция

практ

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

Күндізгі бөлім

2

1

3

2

3

3

30

30

15

15

45

45

45

45

135

135

Аралық бақылау

Емтихан

Сырттай бөлім

2

3

3

6

3

12

72

90

емтихан

4. Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, психология және адам дамуы, әлеуметтену, педагогикалық мамандыққа кіріспе.

Постреквизиттер: этнопедагогика, тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, мамандықтары бойынша оқыту әдістемесі.

Құзыреттіліктер:

Әдістемелік:

  • Ғылым мен білімнің қоғамдық өмірдегі ролі туралы;

  • Әлемдік білім кеңістігіндегі қазіргі тенденциялар туралы;

  • Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін және олардың шығу тарихын, әлемдік педагогикалық мұраларды;

  • Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы мен практикасын;

  • Педагогикалық үдерісті жүзеге асыру технологиясын;

  • 12-жылдық орта білім беретін мұғалімнің кәсіби құзыреттіліктері туралы және т.б. түсініктерінің болуы;

Басқарушылық:

  • Білім беру жүйесін басқару мәселелерін;

  • Мектепішілік менеджмент пен педагогикалық диагностиканы;

  • Мектептің педагогикалық үдерісін басқарудың мазмұны мен ерекшеліктерін білу;

Жобалаушылық:

  • Педагогикалық үдеріс заңдылықтарына, тәрбиелік тетіктеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмыстарын жобалау және жүзеге асыру;

  • Сыныпта негізгі сипаттамасына (өзгермелі) және оныі ары қарай дамуын болжау бойынша оқу-тәрбие үдерісін диагностикалауды іске асыру;

  • Оқу-тәрбие міндеттерін тұжырымдау, осы міндеттерге адекватты іс-әрекет түрлерін, формалары мен әдістерін таңдау;

  • Білім беру мен тәрбиелеу үдерісіне өзіндік қатынасын дайындау, тарихтың әртүрлі кезеңдеріндегі білім беру жүйесінің даму тенденцияларын жете ұғыну т.б. біліктіліктерін игеру;

Ғылыми-зерттеушілік:

  • Ғылыми-зерттеушілік іс-әрекетті;

  • Педагогикалық қатынас пен педагогикалық техниканы;

  • Педагогикалық үдерістің барлық қатысушыларымен субьект-субьектілі өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;

  • Білім беру кеңістігінде педагогикалық технологияларды қолдану;

  • Педагогикадан алған білімді кәсіптік практиканы өту барысында қолдану, сонымен қатар кәсіби міндеттерді шешу;

  • Кәсіби іс-әрекетке байланысты алуан түрлі жағдаяттар мен жағдайларда икемді және мобилді (ұтқыр) болу дағдыларын меңгеру;

Тәжірибелік-бағдарлық:

  • Білім беру жүйесіндегі нормативті құжаттарда бекітілген кәсіби міндеттерді орындауда;

  • Қазіргі мектептегі кәсіби-педагогикалық іс-әрекет саласында;

  • Кәсіби біліктіліктер мен дағдыларды ары қарай дамыту тәсілдерінде құзыретті болуға міндетті.