Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
(((Сынып жетекшіге қажетті .docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55.96 Кб
Скачать

Оның тәртібі мынадай болуы мүмкін:

§      Сынайды екенсің- ұсыныс жаса;

§      Бір-біріңді жәбірлеуге жол берме;

§      Өзгелердің пікірін сыйла;

§      Қабылданған шешім орындалуы тиіс; 

4.     Ендігі жерде сынып жиналысын кімнің ұйымдастыруы тиістігін анықтайық. Ол міндетті түрде тұрақты жүргізуші болуы тиіс пе, әлде әрбір сынып жиналысында ауысып отыра ма? Өзнұсқаларыңды ұсыну барысында дәлелді жауап беріңіздер. Оқушылар өздерінің нұсқаларын ұсынады:  

-        Тұрақты жүргізуші сынып жиналысын қалай жүргізуді біледі;

-        Ол ауысып отыру керек, себебі ол жалғыз өзіне   

Сынып жетекшісінің құқықтары

  • Оқушылардың денсаулығы және психологиялық  жағдайы туралы мағлұмат алып отыру;

  • Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау;

  • Уақытында көмек көрсету мақсатымен оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктері туралы толық мағлұмат жинап отыру;

  • Кіші педкеңестер, консилиумдер өткізу арқылы сынып оқушыларына тәрбиелік ықпал жасайтын пән мұғалімдерінің жұмысын ұйымдастыру;

  • Сыныптағы қыздармен, ұлдармен, ата-аналармен өткізетін жұмысты мектеп психологы, әлеуметтік педагогтар, дәрігер немесе медбикелермен бірге жоспарлау керек.

  • Ата-аналарды мектепке шақырып тұру.

  • Егер сынып жұмысының бағасымен келіспесе, өзінің намысын қорғау үшін, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарында немесе мұғалімдер кеңесінде сөз сөйлеуге құқығы бар

Сынып жетекші не істеуге болмайды?

  • Оқушының намысын қорлауға;

  • Қосалқы ат қоюға, кемсітуге; 

  • Оқу бағасын оқушыны жазалау үшін қолдануға;

  • Оқушының сенгіштігін пайдаланып, уәдесіне тұрмай, қате бағдар беруге;

  • Отбасын оқушыны жазалау үшін әдейі пайдалануға;

  • Әріптестерін сыртынан жамандауға немесе кәсіби беделін түсіруге құқы жоқ

  • Мектептен тыс уақытта оқушыларды жеке басының жұмысына пайдалануға

Сынып жетекшінің іс – қағаздары

  • Сынып журналы;

  • Тәрбие жұмысының жоспары;

  • Сынып жетекшісінің дәптері;

  • Оқушының күнделіктері;

  • Тәрбиелік шаралар жинақталған папка;

  • Оқушының жеке құжаттары;

  • Оқушыларды зерттеуге арналған психологиялық-педагогикалық карталар;

  • Сынып жетекшінің циклограммасы;

  • Ата – аналармен байланыс дәптері;

Жаңа ғасырдағы

оқушының моделі.

  • Білімді және алған білімін

пайдалана білетін

  • Ашық коммуникативті, әрі ортада орнын табатын.

  • Кешегіні білетін, бүгінді түсінетін, ертеңіне сенімді азамат боламын деуші.

  • «Жер – үйім, табиғат – тынысым,

адамдар – бауырым» деген

гуманист

Оқушы анты

Мен – Қазақстан азаматы “Сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы әділетті, өркениетті ел болу үшін сапалы білім аламын. Туған халқымның ата – дәстүрін жалғастырамын. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын. қазақстан 2030 жылға дейінгі бағдарламасында айтылған міндеттерді іске асыруға үлес қосамын. Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын, Алтын ұя Мектебімді сыйлап, қастерлеймін” деп Ант етемін!

Қазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері

1,2 қаңтар

Жаңа жыл

7 қаңтар

Православтық Рождество Христово

8 наурыз

Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23 наурыз

Наурыз мейрамы

1 мамыр

Қазақстан халқының бірлік күні

7 мамыр

Отан қорғаушылар күні

9 мамыр

Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)

6 шілде

Астана күні

30 тамыз

Қазақстан Республикасы Конституциясының күні ( 1995 жылы қабылданды)

4 қазан (шамамен)

Құрбан Айт

1 желтоқсан

Қазақстан Республикасы Президентінің алғашкы күні

(2011 жылы қабылданды)

16 - 17 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Қазақстан Республикасының кәсіптік мерекелері

Геолог күнi

сәуiрдiң бiрiншi жексенбiсi

Ғылым қызметкерлерi күнi

12 сәуiр

Отан қорғаушы күнi

7 мамыр

Саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнi

31 мамыр

Химия өнеркәсiбi қызметкерлерiнiң күнi

мамырдың соңғы жексенбiсi

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi күнi

4 маусым

Эколог күнi

5 маусым

Қаржы полициясы күнi

6 маусым

Полиция күнi

23 маусым

Жеңiл өнеркәсiп қызметкерлерiнiң күнi

маусымның екiншi жексенбiсi

Медицина қызметкерi күнi

маусымның үшiншi жексенбiсi

Байланыс және ақпарат қызметкерлерiнiң күнi

28 маусым

Дипломатиялық қызмет күнi

2 шiлде

Ұлттық қауiпсiздiк органдары қызметкерлерiнiң күнi

13 шiлде

Металлург күнi

шiлденiң үшiншi жексенбiсi

Көлiк қызметкерлерi күнi

тамыздың бiрiншi жексенбiсi

Құрылысшы күнi

тамыздың екiншi жексенбiсi

Спорт күнi

тамыздың үшiншi жексенбiсi

Шахтер күнi

тамыздың соңғы жексенбiсi

Бiлiм күнi

1 қыркүйек

Мұнай-газ кешенi қызметкерлерiнiң күнi

қыркүйектiң бiрiншi жексенбiсi

Қазақстан халқы тiлдерiнiң күнi

қыркүйектiң үшiншi жексенбiсi

Атом саласының қызметкерлерiнiң күнi

28 қыркүйек

Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң күнi

30 қыркүйек

Мәдениет және өнер қызметкерлерiнiң күнi

қыркүйектiң соңғы жексенбiсi

Машина жасаушы күнi

қыркүйектiң соңғы жексенбiсi

Мұғалiм күнi

қазанның бiрiншi жексенбiсi

Құтқарушы күнi

19 қазан

Әлеуметтiк қорғау жүйесi қызметкерлерiнiң күнi

қазанның соңғы жексенбiсi

Ата – аналардың міндеті

  • Бала тәрбиесінің негізі ата – анада жатқанын естен шығармау.

  • Мектеппен және білім беретін мекемелермен тығыз байланыста болу, баланы сабақтан қалдырмау.

  • Балалардың өмірі үшін, оқуы үшін олардың рухани және қауіпсіз дамуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау.

  • Баланы оқулықтармен басқа оқу құралдарымен толық қамтамасыз ету.

  • Мектепте сынып жетекшілерімен, мұғалімдерімен байланыс жасап, оқушыны оқулықтармен қамтамасыз етілуін ескерту.

  • Оқушы мектепке кешігіп қалмау үшін таң ертен уақытылы балаларын үйден шығарып салу.

  • Сабақтан тыс уақытта бала тәрбиесіне жауапты екендігін естен шығармау.

  • Жыл мезгілдерінің ауа – райына байланысты киімдерін қадағалау.

  • Үйде баланың тапсырмасын орындауын қадағалау.

  • Көше ережелерін сақтауды еске салып тұру.