Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні
Сөзін жазғандар: Жумекен Нәжімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев
Әнінжазған: Шәмші Қалдаяқов
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным!
Оқушы ережесі
1. Оқушы сабаққа келгенде қажетті кітап, дәптер, жазу-сызу құралдарымен келуі керек. Әр сабақтың алдында сол сабаққа қажетті оқу құрал – жабдықтарын дайындап қоюға тиісті.
2. Сабақ кезінде оқушы мұғалімнің айтқандарын тиянақты тыңдап, жазып отыру керек. Үй тапсырмасын күнделікке мұқият жазып алу керек, аптаның соңында мұғалім күнделікті тексеріп, ата-ананың қолын қойдыруды талап етеді.
3. Мектеп оқушыларына тыйым салынады:
- өзімен бірге сабаққа кедергі жасайтын заттарды,
басылымдарды, ойын заттарын әкелуге;
- ақша салып ойнайтын ойындар ойнауға;
- бөтен нәрселер әкеліп сатуға, айырбастауға;
- сабақта, үзіліс кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзуға;
4. Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
5. Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек.
6. Оқушылар себепсіз сабақ босатпауы тиіс, босатқан күнде себебін мұғалімге жеткізуі керек.
7. Ауру себепті немесе басқа да себепті жағдайлармен сабақтан қалғанда, оқымай қалған сабақтарын мұғалімнің көмегімен оқып түсінуі қажет.
8. Оқушылардың білімі мен тәрбиесі үшін жасалған мектептің барлық талаптарын оқушылар міндетті түрде орындауға тиісті.
9. Оқушылар мектептің ішкі- сыртқы тазалығын сақтауға, кезекші оқушылардың талаптарын орындауға міндетті.
10. Каникул күндерінің алдында, соңында оқушылар сабақтан қалмауға, уақытында сабаққа келуге тиісті.
11. Осы Ереже барлық оқушылар үшін бірыңғай міндетті.
Сынып жетекшісінің циклограммасы
Күнделікті атқаратын қызметі:
Сабаққа кешігіп келген оқушылармен жұмыс және оқушылардың
сабаққа келмей қалған себептерін анықтау
2. Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
3. Оқушылармен жеке жұмыс
Апта сайын:
1. Оқушылардың күнделіктерін тексеру
2. Жоспар бойынша сыныппен іс – шара өткізу
3. Ата – аналармен жұмыс
4. Пән мұғалімдерімен жұмыс
5. Оқушылардың ауырып қалуына байланысты алған анықтамасы
бойынша, мектеп дәрігерімен кездесу
6. Экологиялық патруль жұмысын ұйымдастыру
Ай сайын:
1. Оқушылардың қозғалыс есебі жөнінде есеп беру
2. Сабақ үлгірімінің қорытындысы жөнінде есеп беру
3. Тоқсан бойынша тәрбие жұмысын қорытындылау, жаңа тоқсанға
жоспарды толықтыру, өзгерістер енгізу
4. Ата – аналар жиналысын өткізу
5. Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру
6. Сынып жұмысының жоспарын жасау және талдау
7. Тоқсан бойынша сынып журналын толтыру
8. Сынып жетекшілерінің оқуына (семинарына) қатынас
Тоқсан сайын:
1. Өз сыныбында сабақтарға қатысу
2. Мектеп психологымен кездесу
3. Ата – аналар комитетімен кездесу
4. Жұмыс жоспарлауға байланысты мәжіліске қатынасу
5. Сыныптың пән бойынша үлгерімінің диагностикалық картасын
толтыру
Жартыжылдық сайын:
Істелінген жұмыс туралы есеп беру
Ашық іс – шара өткізу
Оқушылардың жеке құжаттарын толтыру
Сынып жетекшісі нені білуі тиіс?
Қазақстан Республикасының “Білім туралы”заңын;
Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияны (1993ж);
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасын;
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру саласында әрекет ететін нормативтік – құқықтық актілерді:
Педагогиканы, этнопедагогиканы, этнопсихологияны, мектеп гигиенасын;
Қызмет этикасын;
Педагогикалық әдепті;
Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс:
Мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады;
Сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді;
Жарты немесе бір жылға арнап сыныптың ұжымдық жоспарын ұйымдастыру;
Ата – аналар жиналысын ұйымдастыруды және өткізуді;
Өз сыныбының тәрбие жұмысы жоспарын жасауды;
Тәрбиелік іс – шараны ұйымдастыра алуды: әңгіме, пікір талас, экскурсия, жорық, сынып кеші, сынып сағаты т.б:
