Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.49 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Педагогика факультеті

Педагогика және психология кафедрасы

«Бекітемін»

Факультет деканы

____________Жусупова Ж.А

« __» ________ 2017 ж.

Студентке арналған пән бағдарламасы

(SYLLABUS)

Мамандық

5В050300-Психология

Модуль

10.2. Педагогикалық психология және психологияны оқыту әдістемесі

Пән

ЕРВРР 3207 - «Психодиагностика және эксперименталды психология бойынша практикум»

Оқыту формасы

Күндізгі

Семестр

5

Кредит саны

2

Емтихан

2 сағат

Дәріс

15 сағат

Практикалық (семинар)

15 сағат

ОСӨЖ

16 сағат

Барлық аудиториялық

46 сағат

Ақтөбе 2017

Студентке арналған пән бағдарламасы (SYLLABUS) типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Құрастырушы: Қ.Т. Қуанжанова «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, «6D010300 – Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD)

Кафедра мәжілісінде қарастырылды. №__ хаттама, «__» _______201_ж.

Кафедра меңгерушісі ____________ Ахметова Д.Б

(қолы) (Т.А.Ә.)

Факультеттің Әдістемелік кеңес мәжілісінде мақұлданды.

№__ хаттама, «__» ______ 2017 ж.

Әдістемелік кеңес төрағасы ______________ Жазыкова М.К

АЛҒЫСӨЗ

Құрметті студент! Бұл бағдарлама сізге арналып дайындалады. Барлық пункттермен мұқият танысыңыз.

Сіз «ЕРВРР 3207 – Эксперименттік психология бойынша практикум және психодиагностика» пәні бойынша өзіңізге қажетті барлық ақпараттарды осы бағдарламадан таба аласыз.

Пәнге жауапты_ Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Қуанжанова Қ.Т

Офис: кафедра ____Педагогика және психология кафедрасы___(№307каб.)

Мекен жайы: __А.Молдағұлова даңғылы, 34________________________

Сабақ уақыты бекітілген кестеге сәйкес

Консультация сағаты консультация кестесіне сәйкес

Пән туралы мәлімет:

Модуль атауы 10.2. Педагогикалық психология және психологияны оқыту әдістемесі

Пән атауы мен коды __ «ЕРВРР 3207 – Эксперименттік психология бойынша практикум және психодиагностика»

Кредит саны _2___

Аптадағы сағат саны _3_____

Модульдік оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Барлық кредит саны

Дәріс

Семинар

(практ.,зертх)

ОСӨЖ

СӨЖ

Бақылау формасы

3

5

2

15 сағат

15 сағат

16 сағат

44 сағат

емтихан

Пререквизиттер: "Жалпы психология", "Мамандыққа кіріспе", «Мамандану практикумы».

Постреквизиттер: «Психологиялық зерттеулердің әдіснамасы», «Педагогикалық психология», «Практикалық психология».

Пәннің қысқаша сипаттамасы: Бүгінгі таңда еліміздегі жоғарғы кәсіби білім берудің жаңа жүйеге өтуі жаңа білім беру бағдарламаларын өңдеуді талап етіп отыр. Аталған оқу құралы «Эксперименталды психология және психодиагностика бойынша практикум» негізгі психологиялық пәндердің кешенінің құрамына кіреді. Өйткені практик психологтың қызмет ету саласының барлық түрлерінде аталған пән бойынша жинақталған білім жүзеге асырылады. Әсіресе болашақ магистрлерді дайындау барысында зерттеушілік мәдениет пен құзыреттілікті қалыптастыруда маңызы зор.

«Эксперименталды психология және психодиагностика бойынша практикум» курсының мазмұны «5В050300 – Психология» мамандығы студенттеріне психологиялық эксперимент және психологиялық зерттеулердің әдістері саласындағы жүйелі білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

Пәннің мазмұнына психологиялық факт, психологиялық теория, психологиялық-педагогикалық заңдылық туралы арнайы білімдер енеді. Студенттер психологиялық зерттеулердің әдістерін ойластырып, психологиялық факт мен құбылысты зерделеу туралы тұжырымдар жасайды.

Курстың мақсаты: психология саласында эксперименттік зерттеу жұмысын жоспарлау, жүргізу және нәтижелерін өңдеу бойынша теориялық және практикалық білім қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

  • психологиялық зерттеудің әдісі ретінде эксперимент туралы теориялық білім беру;

  • психологиялық экспериментті жоспарлау, жүргізу принциптерін үйрету;

  • өзге авторлар жүргізген эксперименттік зерттеулерді сауатты талдауға үйрету;

  • өзбетімен психологиялық эксперментті жоспарлап, жүргізіп және нәтижелерін талдауға үйрету.

Бакалавр компетенцияларының негізгі формалары (білімдер, іскерліктер, дағдылар)

«Эксперименттік психология бойынша практикум және психодиагностика» пәнің меңгеруде білімдер болуы қажет:

  • Қазіргі эксперименттік психологияның және психодиагностиканың қалыптасқан тәірибелік амалдарын;

  • Эксперименттік психологияның және психодиагностиканың өзекті бағыттарын, амалдарын, қолданбалы салаларын;

  • Эккперименттік ғылымның қазіргі заман әдістерін және оның жеке салаларын және оларды қолдану мүмкіншіліктері мен шектеулері.

Мынадай іскерліктерге ие болуы тиіс:

  • Психологиялық эксперимент ұйымдастыруда танымдық процестер психологиясының (қабылдау, ес, зейін, ойлау) әр түрлі салаларындағы мәліметтерді үйлестіру;

  • Эксперименттік ғылымның және психодиагностиканың пән аралық мәселелерінің психологиялық негіздерін ажырату, оларды шешу үшін ең қолайлы амал таба білу;

  • Қазіргі эксперименттік психологияның және психодиагностиканың негізгі түсініктерімен және бағыттарымен жұмыс істеу.

Мынадай қағидаларды меңгеруі тиіс:

  • Қазіргі эксперименттік психологияның және психодиагностиканың зерттеулерін ғылыми тұрғыда талдау

  • Қазіргі эксперименттік психологияның және психодиагностиканың қолданбалы зерттеу жүргізу дағдылары