Іі.5 Арттерапия
Баламен көптеген мәселелер бойынша талдау жасауға мүмкіндік беретін тағы бір жан-жақты әдіс болып табылады. Олардың бірнеше сәттеріне тоқталуға болады.
- Ойын кезіндегіндей, бұл жерде де сюжеттің ауысуына және мәселелі тақырптардың айқындалу тәсілдерінің өзгерісіне ерекше көңіл бөлген маңызды. Өзгеріс бірден ауқымды болмайды. Мұндай өзгеріс кейіпкерлер көлемінен, түстерінен байқалады. Сурет түсінің қара түстерден ашық түстерге өзгеруі, кейіпкер көлемінің ұлғаюы - басым позитивтіліктің қалыптасуын білдіретін маңызды критериилер болып табылады.
- Баланың салған суреттері бойынша әңгіме құрастыру пайдалы болып табылады.
Бұл жерде не болды? Бұл кім? Ол қандай? Ары қарай не болды? Суретте саған не ұнайды? Егер де жағымсыз кейіпкер туралы әңгіме қозғалатын болса- оны қалай реттеуге болады? Оған қалай көмектесуге болады? Одан жақсы болу үшін не істеуге болады? Оны жақсарту үшін не істеу керек?
- Оқиға түрінде сурет салу әдісін қолдануға болады- мысалы, «әзіл суреттер». Балаға бірнеше шаршыларға бөлінген парақ беріледі, онда баламен бірлесе отрып оны мазалайтын қандай да бір жағдай бейнеленеді. Бейнелеу үшін сызбалы суреттер қолданылады (қалайтын болса, бала суретті толық аяқтайды). Берілген оқиғада жағымды динамика да маңызды болып табылады.
Іі.6. Ертегі терапиясы (терапиялық оқиғалар шығармасы)
Әңгімелер, әсіресе ертегілер балалармен қарым-қатынас жасаудың тиімді құралы. Ертегілер бірнеше ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді. Ертегілерде балалық дүниетаным үшін маңызды мәселелер қалыптасады. Ертегілерде мейірімділік пен зұлымдықтың, олардың арасындағы қарама- қайшылықтардың, қорқыныш пен әділетсіздіктің болатын туралы айтылады, бірақ ең бастысы- онда қиын жағдайлардан шығу жолдары айтылады.
Ертегілер ыңғайлы жағдайда балаға өз қиындықтарын сезінуге және олармен әрекетті тәсіл арқылы күресу мүмкіндіктерін береді. Баламен оны мазалайтын тақырпқа әңгімелесуден гөрі, баланың ертегілерді жақсы қабылдауы өте маңызды, өйткені онда баланы айыптамайды, мазалап жүрген мәселе бойынша сұрақтар қойылмайды.
Оқиғаларды құрастыру кезеңдері
1. Баланы мазалайтын мәселе туралы ойланыңыз, баланың мәселелі жағдайдықалай қабылдайтынын түсіндіріңіз.
2. Әңгіменің негізгі мәселесін құрастырыңыз. Балаға қандай ойд жеткізгіңіз келеді? Сіз балаға қандай практикалық қадамдар, шешімдер ұсынар едіңіз?
3. Әңгімелесуді мәселелері ұқсас кейіпкерді бейнелеуден бастау қажет. Балаға өзін кейіпкер тарихымен ұқсастыруды жеңілдету үшін оны максималды түрде балаға сәйкестендіру қажет- мүмкіндігінше оған ұқсас есімдер беріп, жастары мен бауырларының санын да сәйкестендіру керек.
4. Баланың абыройы, мінезінің күшті жақтарын, қасиеттері және дарынын да ескеру қажет.
5. Әңгіме кейіпкерін әңгімелеп болағаннан кейін, әңгімеде көрсеткіңіз келген негізгі мәселеге бірден көшуге болады.
6. Әңгіме барысында баланы мұқият бақылаңыз. Егер бала мұңайып отырса, онда сіз оны мазалап жүрген жағдайды таппағаныңызды білдіруі мүмкін. Егер сіз әңгіменің ары қарайғы бағытын таңдауда қиналатын болсаңыз, сіз баладан «қалай ойлайсың, ары қарай не болды?», «ол не істеді?» деп сұрауыңызға болады. Бала белгілі бір бағытты анықтап беруі мүмкін.
7. Егер де бала сұрақтар қойып немесе сіздің әңгімеңізді толықтыратын болса- бір жағынан бұл өте жақсы белгі, себебі сіз оны әңгімеңізбен әсерлендірдіңіз, оны мазалап жүрген жағдайды таптыңыз, екінші жағынан бұл сіз үшін ұсыныс, яғни ары қарай не тыңдағысы келетінін білдіреді- бұл жерде баланың айтқандарын назарсыз қалдырмаңыз.
8. Егер де сіз қандай да бір жағдайда не мазалап жүргенін нақты білмесеңіз, оқиғаны сипаттап және баладан ары қарай не болғанын, кейіпкерді қандай жағдай ренжіткенін сұрастырыңыз.
9. Баланың даму деңгейін ескеріңіз- әңгімені күрделендіріп, созып жібермеңіз.
ІІ.7. Коллаж «Менің қазіргі отбасым» және «Менің болашақтағы отбасым»
Отбасының барлық мүшелері қатысады. Оларға осы тақырыптарда екі коллаж жасау ұсынылады немесе қалаулары бойынша бір тақырыпты таңдайды. Коллажбен жұмыс жасау үшін бір көлемдегі қатты қағаз, түрлі-түсті қағаздар, ескі кітаптар, газет, журналдар қажет.
Коллаж жасап болғаннан кейін жанұя мүшелері өз жұмыстары туралы әңгімелейді.
ІІ.8. «Пілдің аяғы» жаттығуы
Мақсаты: ата-аналармен және балалардың дене деңгейінде өзара әрекеттесу; өзара әркеттесудің дағдыланған тәсілдерін сезіну, қажет болған жағдайда қарым-қатынасты жүзеге асыру үшін ыңғайлы жағдайларды іздестіру; негізгі мүмкіндіктерді ашу; күрделі жағдайларды шешуде одан шығу жолдарын игеру; ішкі мазасыздануларды көрсету, әсіресе қоғамда қабылданған мінез-құлыққа сәйкессіздіктен туындаған мазасыздануларды, яғни түрлі қарсылықтарды көрсету.
Топ қатысушылары жұптарға бөлінеді (ата-ана- бала). Олардың біреуі өзін пілдің аяғы ретінде көрсетеді және осы рөльде өз көзқарасы бойынша сәйкс әрекеттер жасайды. Екіншісіне «Аяқты» кез-келген тәсілмен қозғалту ұсынылады. Әрі қарай жұптағы рөлдер алмастырылады.
ІІ.9. Сенімді құлау
Мақсаты: сенімділік сезімін және басқа адам үшін жауапты болуды дамыту. Сонымен қатар үрей және қорқыныш сезімдерін төмендету.
Жұптарда: ата-ана бала. Бала ата-анасының алдына арқасымен тұрып, аяқтары мен тізелерін бүкпей, еденнен аяғын көтермей артқа қарай құлайды, осы жерде ата-ана баласын қолтығының астынан алақандарымен ұстауы қажет. Тапсырманы орындау мөлшері бойынша ата-ана баласын төмен жарлерден ұстайды, соңында еденнен ұстайды.
ІІ. 10. Менің және анамның қолы.
Мақсаты: Ең алдымен дене және эмоционалды есте сақтауға сүйене отырып, қатысушылардың дене сызбасы туралы түсініктерін нығайту. Сол жұпта дене деңгейіндегі өзара қарым-қатынасқа әсерлену, қайта жасау; ата-аналардың осы тәжірибені сезіну.
Бала-ата-ана жұптарына бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады. Психолог тізбекті түрде келесілерді ұсынады:
Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»
Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.
Ортаңғы саусақтар көмегімен күш сынасу.
Серіктестің біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру
Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.
Сабақта жаттығу тек сол қолмен орындалады. Үй тапсырмасы ретінде қатысушыларға тура осыны қарама-қарсы саусақтармен жасау ұсынылады.
ІІ.11. Бала денесі суретін бірлесіп салу
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы демократиялық қарым-қатынасты нығайту, баланың өзін-өзі қабылдауын және жағымды эмоционалды жағдайда өзіндік бағасын көтеру.
Жаттығу бала-ата-ана жұптарында жүргізіледі. Еденге 1,5 метр көлеміндегі обой қағазы төселеді. Бұл қағазға бала жатады, ала ата-ана оның денесінің сыртынан жүргізіп сызбасын жасайды. Осыдан кейін бала орнынан тұрады және ата-анасымен бірлесе отырып бейнеленген сызбаны ішінен бояйды, бірақ түстерді таңдауда бала жетекшілік етеді. Жұмыстың соңында жалпы шеңберде талдау жүргізіледі.
ІІ.12. «Көліктер»
Мақсаты: ата-ана мен бала арасындағы физикалық контактіні реттеу, тактильді түйсіктерді дамыту.
Жаттығу жұппен жүргізіледі: ата-ана және бала. Бала «көлік» рөлінде болады- ата-ана «көлікті жуушы». «Жуушының» көздері жабық немесе байланған. Бес минут ішінде «көлікті» ретке келтіреді: барлық әрекеттерін айта отырып жуады, сүртеді, мүмкіндігінше мейірімді сөздер көбірек қолданылады. Содан кейін ата-аналар мен балалар орындарымен алмасады.
ІІ. 13. «Ия-жоқ» өзін қабылдауға арналған жаттығу
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауды қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Ата-аналар мен балалар бір-бірлеріне иықтарымен сүеніп кілемнің үстінде отырады. Сенімді түрді «Ия-жоқ», «Жоқ- ия» сөздерін айтады.
Жаттығудан кейін талдау жасалады: «ия» немесе «жоқ» сөздерінің қайыссын айту қиын?
ІІ.14. Бірлесіп сурет салу
Мақсаты: Ата-аналар мен балалар арасында жақындық сезімдерін, бір-бірлерін қабылдауларын қалыптастыру, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Қатысушыларға жұпта бір қаламмен сурет салу ұсынылады, бірақ өзара сөйлесіп, келісім жүргзуге болмайды.
Аяқтап болғаннан кейін әр жұп өз шығармасы туралы әңгімелейді: сурет қалай салынды. Қатысушылар сурет салудың түрлі кезеңдеріндегі өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін көрсете алады: бірлескен, бір қатысушының екінші қатысушны басынуы, бәсекелестік, келісім, серіктес қызығушылықтарына бағдарлану.
Қосымша ІІІ.
«Бала тұлғасын дамыту мектебінің» сабақтар кестесі
5- сабақ. Тақырыбы: «Мен және мені қоршағандар»
Мақсаты: Рефлексия процесін белсендету. Өзін-өзі ашу, өзі-өзі тану, Мен-концепциясын анықтау.
Міндеттері: 1) Айналасындағы адамдармен қатынас жасауда өзіндік стратегияларды сезіну;
2) Эмоционалды күйді диагностикалық және психологиялық тұрғыда түзеу.
3) Коммуникативті қабілеттерді дамыту.
№ |
Мазмұны |
Уақыт, мин |
Құрал-жабдықтар |
1 |
Сәлемдесу. «Жаңа тәсіл» Балалар жарты шеңбер құрайды. - Қазір әр қайыссымыз ортаға шығып, топқа қарап, бір-бірлерімізді қайталамай, кез-келген тәсілмен топпен сәлемдесеміз. Біз әр сәлемдесуді қайталаймыз. |
10 |
|
2 |
«Құқықтар тізімдері» Психолог барлық «құқықтар» тізімдерінен өтініштерін айту және өтінішті орындаудан бас тартудың қандай үлкен орын алатынына көңіл бөлуі керек. Содан кейін ол балаларға тізімнен келісім шарттарын қарауды ұсынады және оны не үшін құқыққа енгізгенін немесе енгізбегенін түсіндірулерін сұрайды. |
10 |
|
3 |
«Тәтті тоқаш» Психолог қандай да бір өтініштің тәтті тоқаш екенін ескертеді: формасы бір, ал мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: тоқаш тәтті және ашты болуы мүмкін т.с.с. Балаларға түрлі тоқаштардың суретін салып олардың түстерін, дәмдерін сипаттау ұсынылады. Қысқаша талдау жүргізіледі. 4 |
|
А-4 пішіндегі парақтар, қалам |
4 |
«Чемпионат» Балалар жұптарға бөлінеді. Бір жұп тапсырма орындап жатқанда қалғандары оларды бағалап отырады: А) тапсырман нақты орындауы Б) құралдарды пайдалануы Жүргізуші басты бағалаушы рөлінде болып, ұпайларды санайды. Қатысушыларға нұсқау: -Қазір сендер жұптарға бөлінесіңдер. Әр жұп қуыршақтармен қойылым қоюды қажет ететін тапсырмаларды жәшіктер алады. Дайындалуға бір минут уақыт, орындауға үш минут уақыт беріледі. Қалғандары оларды бағалайды. Психолог балаларға өтініштерді дұрыс айту, одан бас тарту іскерліктерін сезінулері үшін бағалау критериилерін айтады. Әр қойылымнан кейін психолог бағалаушылардаң қойған бағаларын негіздеулерін сұрайды және қатысушылардан өздерін қалай бағалайтындарынсұрайды: өздеріне сенімді болды ма?
|
|
|
5 |
«Сезімдерді түстер арқылы анықтау» Балаларға үйшікті 8 түрлі түспен бояп, содан кейін бағдарлар жүргізіп және сезмдерді орналастыру ұсынылады. |
15 |
Қағаз, түрлі-түсті қағаздар, 8 түсті қалам, арнайы бланкілер |
6 |
«Жануарды бейнеле» ойыны Бұл жаттығу фанттан басталады: қатысушы оған аталған жануарды бейнелеуі қажет: қораз, мысық. Кейінгі жеткіншектерді қандай да бір жануарды дербес түрде көрсету ұсынылады. |
|
|
7 |
Серіктіру жаттығуы |
|
|
8 |
«Жағымды әңгіме» Айналасындағылардың ол туралы «жақсы серіктес» деп айтуы адамға ұнайды. Бұл шын мәнінде пайдалы іскерілік- жеңіл түрде қатынасқа ену және шығу. Әңгіме жүргізу іскерлігі адамға өзін сенімді сезінуге мүмкіндік береді.Қазір біз бірнеше кездесулер серияларын жүргіземіз және әр кезде жаңа адамдармен кездесесіз. Сізге әңгімені бастап, өз серіктесіңізге жағымды нәрселер айтып және жағымды түрде қоштасуыңыз қажет. Топ балалары әткешнектер принципі бойынша тұрады, яғни бір-бірлеріне қарап ек шеңбер құрайды: ішкі (қозғалмайтын) және сыртқы (қозғалатын) Жүргізуші белгісі бойынша сыртқы шеңбер қатысушылары бір мезгілде оңға қарай 1 немесе 2 қадам жасап, жаңа серіктес алдына келеді. Мұндай ауысулар бірнеше рет болады. Әр уақытта оларға рөлдерді сіз беріп отырасыз. Кездесу жағдайларының мысалы: А) «Сіздің бұл қалаға бірінші рет келуіңіз сіздің алдыңызда сіз бұрын тіпті көрмеген адам тұр, бірақ баратын жеріңізді білу үшін сіз бұл адаммен міндетті сұрауыңыз қажет ». Бүкіл әңгімеге, яғни қарым-қатынас орнатуға 2-3 минут уақыт беріледі. Содан кейін белгі бойынша, қатысушылар 10 секунд ішінде бастаған әңгімелерін аяқтап, жаңа серіктеске өтуі қажет. Бұл ережелер төмендегі жағдайларға да қатысты. Б) «Сіздің алдыңызда сізге өте ұнайтын адам тұр. Сіз онымен бұрыннан сөйлескіңіз келіп жүр» В) Сіздің алдыңызда бір нәрсеге қатты ашуланып өз-өзіне келеалмай жатқан адам тұр. Оған жақындап, сабырлыққа шақырып, әңгімені бастаңыз. Г) «Сіз көшеде кетіп барасыз. Артыңыздан біреу айхайлайды. Артыңызға қарап бейтаныс адамды көрдіңіз, ол адам да қателескенін түсінді. Сіз былай дейсіз....»
|
|
|
9 |
«Ассоциация» Тренингке қатысушылардың біреуі есіктің сыртына шығады. Қалғандары топтан, ассоциация бойынша анықталатын адамды таңдайды. Жүргізуші кіріп, сұрақтар қоя отырып, кімді жасырғанын табуға ұмтылады: Түсі қандай? Қандай дәмге ұқсайды? Қандай әнге ұқсайды? Қандай кітапқа ұқсайды? т.с.с. Бірақ жүргізуші дәл кімнің жауап бертінін көрсетеді. Ол бес сұрақ қояды, содан кейін жасырылған адамның атын атайды. Егер тапса, орнына отырады, таппаса қайтадан сыртқа шығады. Екі мәрте шеше алмаса, ойыннан шығады. Талдау:
|
|
|
10 |
«Әрекетті жібер» ойыны Топ шеңбер құрайды. Ұлмен қыздар аралас тұрғандары дұрыс. Психолог барлығының көздерін жұмуларын және солға бұрылуларын сұрайды. Жұмулы көздерімен алдында тұрған адамның оң иығын тауып оң алақанын қояды. Содан кейін келесі нұсқау беріледі:
Түсінікті ме? Бастадық! Бір-бір жарым минуттан кейін жаттығуды тоқтатып, көздерін ашып бір-бірлеріне бетпе-бет қарау ұсынылады. Психолог бірқатар сұрақтар қояды: Кім шынай жұмыс жасады, кім көздерін ашып қарады? Барлық әрекеттер берілді ме? Кімге ауыр, жағымсыз болды? Осылайша жаттығуды 5 рет қайталауға болады. Әр реттен кейін талдау жүргізіледі. |
|
|
11 |
«Адамның төрт түпкі қажеттіліктері» әдісі Мақсаты: түпкі қажеттіліктер диагнстикасы Балаларға парақты 4 бөлікке бөлу ұсынылады. Біріншісіне- өсімдік, екіншісіне- қару, үшіншісіне- зергер бұйым, төртіншісіне- ыдыстар суреті салынады. |
10 |
А-4 пішіндегі парақ, түрлі түсті қалам |
12 |
«Автобус» ойыны Толы автобус пассажирі ретінде қатысушылар қысылып, үйіріледі. Ойыншының мақсаты- осы адамдар ішінен шығу, алдауға болмайды, физикалық күш пайдалану қажет. |
|
|
