II.1.Отбасы скулптурасы социометриялық техникасы
Мақсаты: отбасы қызметі және құрылымының өзгеруі
Жүргізілу кезеңдері: Отбасы жүйесінде жағдайдың шынайылық ерекшеліктерін бейнелейтін жағдайлары:
- мүсін жасауда аз дегенде отбасының 3-4 адамы болуы.
- жеңіл орнынан жылжытуға болатын үй жиһаздары.
- отбасы мүшесінің (келмеген адамды еске түсіретін заттың ) бейнеленуі.
-жеткілікті кеңістік отбасы мүшелерін еркін мүсіндеуге барлық жағдай туғызу.
Мүсінді талдау кезеңі
Клиенттің идеалды отбасы туралы түсінігін бейнелейтін мүсін жасау.Қатысушылардың біреуі (өз еркімен) отбасы композициясын жасайды. Ол үшн ол өзіне қажетті адамдарды таңдайды және оларды отбасыдағы өзара қарым-қатынас түрін бейнелей отырып орналастырады. Нәтижесінде қатып қалған мүсін немесе «жанды сурет» жасалады. Мысалы, отбасының түскі ас кезіндегі үстелдің айналасында тырғандарын немесе серуенде жүргендерін бейнелеуге болады. Әр қатысушыға оның қандай кейіпте тұратыны хабарланады. Көрініс қойылғаннан кейін, «суретші» суретте кім бейнеленгенін немен әуестенетінін әңгімелейді. Содан кейін әр қатысушы кезекпен өз сезімдерімен бөліседі: сол көз-қарас қаншалықты жайлы болды, бауырлары өзара өте жақын немесе алыс қашықтықта орналасқаны, жанұяның барлық мүшелері көз алдында болды ма т.с.с. Талдаудан кейін олар өз қалаулары бойынша өз орындарын мен позаларын өзгертулеріне болады, нәтижесінде жаңа бір сурет пайда болады.
ІІ.2. «Кино» жаттығуы
Нұсқау: «Көздеріңді жұмыңдар, сен отыздасың осы уақытта сен туралы фильм түсірілді. Сен ол фильмді ойда жоқа көріп қалдың. Сол фильмнің басты кейіпкері ретінде қалай көрініп тұрсың, немен шұғылданасың, кімдермен тұрасыз тағы басқада ерекшеліктеріңді байқап, әңгімеле. Сол фильмнен қандай да бір үзінділер суретін сал».
Талдау: Осы фильмге көңілің толды ма? Ол жерде саған көбірек ұнаған жері? Саған ұнамаған жерлер болды ма? Толық қанағаттанбасаң, онда өзіңнің қай жерлеріңді өзгерткің келеді? Ол үшін саған не істеу қажет?
ІІ.3. «Еске алу кеші» жаттығуы
Бұл жаттығуға дайындау үшін медиациялық техникалар қолдануға болады.
Нұсқау: «Көздеріңді жұмыңдар. Көздеріңді ашқанда сіз 25 жаста боласыз. Көздеріңді ашыңдар. Бөлме ішінде жүріп, өз жағдайларыңды сезініп көріңдер... ».
Содан кейін балалар жұп болып жұмыс жасайды: «бір-біріңмен еске алу кешіндегідей әңгмелесіңдер, яғни 13 жаста қандай болдыңыз, 25 жаста қандайсыз...»
ІІ.4.Ойын терапиясы
(ойыншықтармен түрлі жағдайларды ойнау)
8-10 жасқа дейінгі балалар үшін, кейде ересек балалар үшін де бұл әдіс тиімді, өйткені бір жағынан бұл жағдай қауіпсіз формада мазалайтын тақырыптарды ойнауға мүмкіндік береді, екініші жаынан, ересектерге мәселенің шешілу жолын көрсетеді. Әдістің негізгі идеясын баланың қандай да бір рөлдерді ойнап отырып өз мәселелерін, мазасыздануларын, қоршаған әлем туралы түсініктерн анықтауға мүмкіндік білдіреді.
Ересектер үшін жағымсыз жағдайларға қатысты ойындарын баланың бірнеше рет қайталауынан қорқудың қажеті жоқ. Осылайша балалар өздерін мазалайтын тақырптармен жұмыс жасайды. Бұл ойындар уақытының өзгеруі, жағымды аяқталуы маңызды.
