1 Сәлемдесу.
2. «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.
3. «Мен қандай адаммын?» тест
4. «Мюнстерберг» әдістемесі.
5 .Тест. «Суреттен нені байқадыңыз?»
6. «Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.
7. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Қажетті құралдар: Доп, ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер
бейнеленген парақ қағазы, түсті және ақ қағаз, қайшы, турлі-түсті қаламдар т.б.
Ұйымдастыру.
Психолог: Құрметті ұстаздар,тәрбиешілер өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр
ой, алғыр зейін,ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
1. Сәлемдесу.
Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бір-бірін қайталамай
топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз.
Жаттығудан кейін талқылау. Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды және
неліктен?
2. «Түрлі-түсті доптар» жаттығуы.
Мақсаты: есту арқылы есте сақтау деңгейлерін дамыту.
Психолог: қазір сіздер алдарыңыздағы бланкіге бірнеше доп саласыздар, ол үшін
мені мұқият тыңдап алыңыздар. Мынадай нұсқау беріледі:
қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп салыңыз, қызыл доп пен жасыл
доптың ортасына үлкен сары доп салыңыз, ал жасыл доптың жанына кішкентай көк
доп салыңыз.Жаттығудан кейін талқылау.
3. «Мен қандай адаммын?» тест
Мақсаты: қоғамда өзіңізді қалай ұстайтыныңды анықтау.
Айналамызды бақылап, өзгелерге сын айту барлығымыздың қолымыздан келеді. Ал сол сынды өзімізге айта аламыз ба? Бұл тесттің көмегімен қоғам ортасында өзіңізді қалай ұстайтындығыңызды анықтауға болады. Мінезіңізді өзгертуге әлі де кеш емес.
1. Біреумен ренжісіп қалған соң, татуласудың жолдарын іздейсіз бе?
А) әрдайым деп айта алмаймын
Ә) кейде
Б) ешқашан
2. Өзіңізді оқыс оқиғаларға тап болған жағдайда қалай ұстайсыз?
А) іштей ұяламын
Ә) өте сабырлымын
Б) өзімді басқара алмай қаламын
3. Сізді достарыңыз бен сыныптастарыңыз қандай деп ойлайды?
А) өзіне барынша сенімді, өзгелерге қызғанышпен қарайды
Ә) кіммен болса да жылдам дос болатын
Б) қарапайым әрі тәуелсіз
4. Сізге бір мекемеде басшылық қызметін ұсынса, қандай әрекет жасайсыз?
А) іштей қорықсам да, міндетті түрде қабылдаймын
Ә) қуана отырып келісемін
Б) өмірімнің тыныштығын қамтамасыз ету үшін бас тартамын
5. Достарыңыз сізден рұқсат сұрамастан дәптеріңіздегі үй тапсырмасын көшіріп алса не істейсіз?
А) ұрысамын
Ә) қайтаруын талап етемін
Б) басқа ештеңе керек емес пе деп сұраймын
6. Ата-анаңыз жұмыстан көп уақытқа кешігіп келсе қалай қарсы аласыз?
А) не себепті кешіктіңіздер?
Ә) бұл уақытқа дейін қайда жүрдіңіздер?
Б) мен уайымдай бастайған едім...
7. Көліктің рөлінде отырсаңыз қандай әрекет жасайсыз?
А) алдыма шыққан көліктермен жарысамын
Ә) маған менен жылдам жүріп жатса да бәрібір
Б) ешкім жетіп алмауы үшін барынша жылдам жүруге тырысамын
8. Өзіңіздің өмірге деген көзқарасыңыз қандай деп ойлайсыз?
А) белгілі бір дәрежеде тепе-теңдік бар
Ә) жеңілтекпін
Б) тым қатыгезбін
9. Қолыңыздан келмейтін іске тап болсаңыз төмендегі әрекеттердің қайсысын орындайсыз?
А) кінәні өзгелерге артамын
Ә) көнемін
Б) келесі жолы сақ боламын
10. «Қазіргі жастар бұзылып барады» тақырыбында жазылған мақалаларға көзқарасыңыз қандай?
А) толықтай келісемін, қазіргі жастарға тыйым салуымыз керек
Ә) жастарға мәдени ошақтарға бару үшін жағдай жасау керек
Б) оларға көңіл бөлудің қажеті жоқ
11. Сіз армандап жүрген зат басқа біреуге берілсе қандай сезімде боласыз?
А) бұған сонша жүйкемді тоздырып нем бар еді?
Ә) маған қарағанда бұл адамға көбірек қажет болған шығар
Б) мүмкін келесі бірде алармын
12. Қорқынышты фильм көріп отырғанда қандай сезімде боласыз?
А) қорқамын
Ә) маған қызық емес
Б) ләззат аламын
13. Маңызды кездесуге бара жатып көлік бұзылып қалса не істейсіз?
А) кездесу барысында кешіккенім үшін қобалжып, ыңғайсызданамын
Ә) жолда болған жағдайды түсіндіруге тырысамын
Б) өкінемін
14. Спорт жаттығуларына көзқарасыңыз қандай?
А) біреумен жарысқан жағдайда міндетті түрде жеңуге тырысамын
Ә) спорт пен салауатты өмір салтын қолдаймын
Б) жеңіліс тапқан жағдайда қатты қапаланамын
15. Сізге дәмхана даяшылары ойдағыдай қызмет көрсетпеген жағдайда не істейсіз?
А) сыпайылық танытып, көз жұма қараймын
Ә) дәмхана басшылығына ескерту жасаймын
Б) шағым кітапшасын пайдаланамын
16. Мектепте біреулер қарындасыңызды немесе бауырыңызды ренжіткен болса, не істейсіз?
А) сынып жетекшісімен сөйлесемін
Ә) ренжіткен адамның ата-анасымен жанжалдасамын
Б) сыбағасын өзің бер деп кеңес айтамын
