Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қалыпт 7-сын..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.61 Mб
Скачать

Тақырып Орындауды құрастыру процесі және топта бағалау

Оқу мақсаты 7.2.2.1 Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында

жұмыс істей білуді талқылау және көрсете білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Ритмикалық гимнастика жаттығуларын орындауда

көшбасшылық дағдыларын көрсетеді

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Гимнастикалық құрал-жабдықпен кешенді жаттығу жұмыстарын көрсетіңіз.

Бір орында тұрып гимнастикалық құрал-жабдықтармен (доп, гимнастикалық таяқша т.б) жалпы дамыту жаттығу түрлерін жеке-жеке немесе кіші топтарда көрсетіңіз.

Дескриптор Білім алушы

  • кемінде 4-5 элементті көрсетеді;

  • жаттығуды дұрыс орындайды;

  • өз идеясымен бөліседі;

  • көшбасшылық және командалық істерді орындайды.

22

ЖОБА

Тақырып Орындауды құрастыру процесі және топта бағалау

Оқу мақсаты 7.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық

қабілеттерін қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, шешу

жолдарын ұсынады

Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі

Тапсырма

Гимнастикалық құрал-жабдықпен кешенді жаттығу жұмыстарын көрсетіңіз (ұлдар гантелмен, қыздар обручпен).

Бір орында тұрып гимнастикалық құрал-жабдықтармен (гантел, гимнастикалық шеңбер т.б) жалпы дамыту жаттығу түрлерін жеке-жеке немесе кіші топтарда көрсетіңіз. Өзіңіздің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін қолданудағы жақсы жақтарымен кемшіліктерін және оны шешу жолдарын талқылаңыз.

Дескриптор Білім алушы

  • кемінде 2-3 элементті көрсетеді;

  • жаттығуды орындайды;

  • шығармашылық қабілеттерін қолданудағы жақсы жақтары мен кемшіліктерін және оны шешу жолдарын талқылайды;

  • өз идеяларымен бөліседі.

23

ЖОБА

4-бөлім. Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаты 7.2.7.1 Жарыс кезінде әділ ойнау, патриотизм және

ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетуді талқылау

және бейімдей білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Қазақтың ұлттық ойындары арқылы патриоттық сезімді

оятып, әділдіктің әсерін ойын арқылы көрсетеді

• Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін ажыратады және

балама ұқсас ойындарды құрастырады

• Қазақтың ұлттық ойындарының атауларын атайды және

қандай физикалық қасиеттерді дамытатынын анықтайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

«Көкпар» ойынының ережесін түсіндіріңіз және топқа бөліп ойнатыңыз. Ойын кезінде қыздар мен ұлдарды жұптастырып, тең топқа бөлу. Топта жұптар ажырамай жүгіріп ойынды ережесімен ойнауы қажет, «салым» ретінде ауыр допты, «қазандық» ретінде шеңберді пайдаланамыз.

Дескриптор Білім алушы

  • ұлттық ойындардың ептілік, күш-жігер, дәлдік т.б. қасиеттерін дамытатынын анықтайды;

  • қазақтың барлық ұлттық ойындарын атап, әр ойынға терең сипаттама береді;

  • ұлттық ойынның дене қасиеттерінің дамуына, қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдірудегі маңызды рөл атқаратындығын айтады;

  • ойында барлық мүмкіндікті пайдаланады.

24

ЖОБА