- •Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
- •Тақырып Қауіпсіздік ережесі Қысқа қашықтыққа жүгіру
- •Тақырып Орта және алыс қашықтыққа жүгіру
- •Тақырып Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру
- •Тақырып Секіру және оның түрлері
- •Тақырып Әртүрлі құралдарды лақтыру
- •Тақырып Эстафеталық жүгіруді түрлендіру
- •Тақырып Ойын әдісін жақсарту
- •Тақырып Ойын әдісін жақсарту
- •Тақырып Ойын әдісін жақсарту
- •Тақырып Командадағы көшбасшылық дағдыларын дамыту
- •Тақырып Командадағы көшбасшылық дағдыларын дамыту
- •Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Саптық жаттығуларды оқып үйрену
- •Тақырып Акробатикалық элементтер кешені
- •Тақырып Акробатикалық элементтер кешені
- •Тақырып Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері
- •Тақырып Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері
- •Тақырып Орындауды құрастыру процесі және топта бағалау
- •Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
- •Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
- •Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
- •Тақырып Зияткерлік ойындар
- •Тақырып Зияткерлік ойындар
- •Келтіру әдістері
- •Тақырып Кедергілерді өтуге арналған арнайы жаттығулар
- •Тақырып Баламалы ойын жағдайын құру
- •Тақырып Баламалы ойын жағдайын құру
- •Тақырып Топтарда шытырман оқиғалы ойындар құру
- •Тақырып Топтар да шытырман оқиғалы ойындар құру
- •Тақырып Өздерінің ойындарын құрастыру және өткізу
- •Тақырып Сауықтыру жүгірісі
- •Тақырып Белгілерге тез жауап қайтару ойындары
- •Тақырып Денені қыздыру және қалыпқа келтіру құралдары
- •Тақырып Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту
Тақырып Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру
Оқу мақсаты 7.3.2.1 Жалпы дене жаттығуларын өткізу және ағзаны
қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жүгіру барысындағы қателіктер мен жақсартуды
қажет ететін тұстарын көрсетеді
• Жүгіруден кейінгі ағзаны қалыпқа келтіретін
жаттығуларды көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Ұзақ қашықтыққа (1000 метр ара қашықтыққа) жүгіріңіз. Алаңда 2,5 айналым жасаңыз және ағзаны қалыпқа келтіретін жаттығуларды көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
− ұзаққа жүгіру барысында аяқ-қол алысын дұрыс орындайды; − денені қалыпқа келтіру жаттығуларын көрсетеді; − жүгірістің түрлерін қолданып, қажеттіліктерді анықтайды.
6
ЖОБА
Тақырып Секіру және оның түрлері
Оқу мақсаты 7.1.2.1 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың
кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жетілдіру және қорытындылау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында туындауы
мүмкін қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды
• Қозғалыстарды орындаған кездегі ағзадағы болатын
өзгерістерді анықтайды
• Дене белседілігіне шынығу арқылы жетуді
анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Екпінмен ұзындыққа секіру техникасын түсіндіріңіз және жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің этаптарын (фазаларын) атаңыз және орындаңыз:
Екпінмен жүгіру
Серпілу
Ұшу
Жерге түсу.
Екпінмен жүгіруде – белгіленген жерден жүгіріп келу.
Серпілуде – белгіленген сызықты баспай бір аяқпен серпіле ұшу.
Ұшу кезінде – қос аяқты алға тастап, қолдың көмегімен барынша алға қарай ұшу.
Жерге түсу кезінде – аяқты алға тастап, секіру шұңқырына жамбаспен түсу.
Дескриптор Білім алушы
− қозғалыс түрін (секіру) анықтайды;
− секіру (жүгіру, серпілу, ұшу, қону) техникасын орындайды;
− секіру кезіндегі (екпінмен жүгіру, тізесін ішке алмауы, жарақат алып қалуы т.б) тәуекелдерді анықтайды.
7
ЖОБА
Тақырып Әртүрлі құралдарды лақтыру
Оқу мақсаты 7.1.1.1 Кең ауқымдағы арнайы спорттық қимыл-қозғалыс
әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қозғалыс машықтары бойынша өзінің жақсы
жақтарын және кемшіліктерін анықтайды
• Лақтыру кезіндегі ағзадағы болатын өзгерістерді
анықтап, айтады
• Дене жаттығуларын орындауға қажетті қолайлы
кеңістік пен ресурстарды анықтайды және
басқалармен бөліседі
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
150 г кіші допты лақтыру әдісін орындаңыз.
Бір орында тұрып доп лақтырудың, бес қадамнан екпін алып келіп лақтырудың техникаларын қайталап, орындау техникаларын көрсетіңіз.
дәлдікке кіші допты лақтыру;
серіктеспен имитациялық қорытынды күшпен жұмыс;
серіктеспен имитациялық «қарама-қарсы (крест)» қадамдар;
кіші допты төменнен жоғары ала лақтыру.
Дескриптор Білім алушы
− көлденең нысанаға (бір қолмен) лақтыруда, өзінің жақсы жағын айтады;
− өз идеясымен бөліседі;
− өзінің жіберген кемшілігін (нысанаға дұрыс тұрмауы, лақтыру барысында қолды толық жазбауы ,аяқты тізеден бүкпеуі, жақынға лақтыруы т.б.) анықтайды.
8
ЖОБА
