Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қалыпт 7-сын..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.61 Mб
Скачать

Тақырып Өздерінің ойындарын құрастыру және өткізу

Оқу мақсаты 7.1.6.1 Түрлі қимыл-қозғалыс белсенділігін орындауды

сынақтан өткізу кезіндегі қауіп-қатерді білу және алдын алу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Қорғаныс қызметін орындауда белсенділік танытады • Командалық ойын кезінде түрлі тәсілдерді орындайды

Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары

деңгейі

Тапсырма

Тең командаға бөлініп, футбол ойынын өз ережесімен ойнаңыздар. Білім алушылар өздеріне төрелік жасайды. Ойын барысында қауіпсіздік ережесін сақтаңыз.

Дескриптор Білім алушы

  • ойын кезінде шеберлік танытады;

  • ойын барысында икемділік, ептілік дағдыларын көрсетеді;

  • қауіпсіздік ережесін сақтайды.

49

ЖОБА

8-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салты

Тақырып Сауықтыру жүгірісі

Оқу мақсаты 7.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене жаттығулары

кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтай білу

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жеңіл атлетика бөлімінде техника қауіпсіздік ережелерін

сақтайды

• Орта қашықтыққа жүгіру тапсырмасын орындайды

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Жеңіл атлетика бөлімі бойынша қысқаша түсіндірме жұмысын жасаңыз . Жеңіл атлетика бөліміндегі ҚЕ таныстырыңыз. Орта қашықтыққа топпен жүгіріңіз. Яғни, жоғарғы сөреден 800 метр (алаңды екі айналым жасау) ара қашықтыққа жүгіріңіз.

Дескриптор Білім алушы

  • жоғарғы сөренің орындалу техникасын көрсетеді;

  • орта қашықтыққа жүгіруде аяқтың қадамдарын орындайды, не істеу керектігін айтады;

  • жеңіл атлетика тарауында ҚЕ сақтайды.

50

ЖОБА

Тақырып Белгілерге тез жауап қайтару ойындары

Оқу мақсаты 7.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін

қолдана білу, сондай-ақ оны шешудің балама жолдарын ұсыну

Бағалау критерийі Білім алушы

• Жүгіру ойындары арқылы шығармашылық қабілеттерін

жетілдіреді

• Шыдамдылық қабілеттерін ойындар арқылы дамытады

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану

Тапсырма

Бір ер бала, бір қыз бала болып жұптасыңыздар. Алаңның белгілі жерлерін кедергілермен белгілеп қойыңыздар. Осы жұптар арасында «қуыспақ» ойынын ойнаңыздар. Ойын ережесі: жұптаса қашады немесе жұптаса қуады. Ажырап кеткен жағдайда сол жұп ойынды қайта бастау ретінде басқа жұптарды қуа бастайды. Жетіп алып қуыспақты бергенде қайтып ала алмайды. Ойынды 10-15 минут ойнату. Одан кейін, жұп жетіп алып ұстаған жұптарын өздеріне қосып алады да, төртеуі ажырамай келесі жұптарды қуып жетіп, қосып алулары керек. Барлық жұптарды осылай ажырамай ұстап алулары керек. Ойын осылай жалғасады.

Дескриптор Білім алушы

  • ойын ережесін сақтайды;

  • жұбымен бірге жүгіреді;

  • қимыл іс–әрекеттерді сәтті орындайды.

51

ЖОБА