- •Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
- •Тақырып Қауіпсіздік ережесі Қысқа қашықтыққа жүгіру
- •Тақырып Орта және алыс қашықтыққа жүгіру
- •Тақырып Орта және ұзақ қашықтыққа жүгіру
- •Тақырып Секіру және оның түрлері
- •Тақырып Әртүрлі құралдарды лақтыру
- •Тақырып Эстафеталық жүгіруді түрлендіру
- •Тақырып Ойын әдісін жақсарту
- •Тақырып Ойын әдісін жақсарту
- •Тақырып Ойын әдісін жақсарту
- •Тақырып Командадағы көшбасшылық дағдыларын дамыту
- •Тақырып Командадағы көшбасшылық дағдыларын дамыту
- •Тақырып Қауіпсіздік ережесі. Саптық жаттығуларды оқып үйрену
- •Тақырып Акробатикалық элементтер кешені
- •Тақырып Акробатикалық элементтер кешені
- •Тақырып Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері
- •Тақырып Гимнастикалық қондырғылардағы жаттығулар түрлері
- •Тақырып Орындауды құрастыру процесі және топта бағалау
- •Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
- •Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
- •Тақырып Қазақтың ұлттық ойындары
- •Тақырып Зияткерлік ойындар
- •Тақырып Зияткерлік ойындар
- •Келтіру әдістері
- •Тақырып Кедергілерді өтуге арналған арнайы жаттығулар
- •Тақырып Баламалы ойын жағдайын құру
- •Тақырып Баламалы ойын жағдайын құру
- •Тақырып Топтарда шытырман оқиғалы ойындар құру
- •Тақырып Топтар да шытырман оқиғалы ойындар құру
- •Тақырып Өздерінің ойындарын құрастыру және өткізу
- •Тақырып Сауықтыру жүгірісі
- •Тақырып Белгілерге тез жауап қайтару ойындары
- •Тақырып Денені қыздыру және қалыпқа келтіру құралдары
- •Тақырып Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту
ПРОЕКТ
Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
7-сынып
Дене шынықтыру
ЖОБА
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
2
ЖОБА
Мазмұны
1-тоқсан 4
1-бөлім. Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту және жақсарту 4
2-бөлім. Спорт ойындары арқылы командалық бірлесу әрекеттері 10
2-тоқсан 17
3-бөлім. Гимнастика арқылы когнитивті және денені басқару дағдылары 17
4-бөлім. Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары 24
3-тоқсан 29
5-бөлім. Шаңғы /кросс/ коньки дайындығы 29
4-тоқсан 43
7-бөлім. Басып кіру ойындарындағы түсінік пен дағдыларды оқып дамыту 43
8-бөлім. Жеңіл атлетика арқылы белсенді өмір салты 50
3
ЖОБА
1-тоқсан
1-бөлім. Жүгіру, секіру және лақтыру дағдыларын дамыту және жақсарту
Тақырып Қауіпсіздік ережесі Қысқа қашықтыққа жүгіру
Оқу мақсаты 7.3.4.1 Денсаулықты нығайтуға бағытталған дене
жаттығулар кезіндегі болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтай білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындау барысында техника
қауіпсіздік ережесін сақтайды
• Нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттерді
атайды
• Жүгіру машықтарына қатысты өз бойындағы жақсы
және осал тұстарды сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Төменгі сөреден шығу техникасын үйреніңіз, нәтижеге жету үшін орындайтын әрекеттеріңізді атаңыз және жақсы, осал тұстарын сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
− жаттығуды талапқа сай орындайды;
− жаттығу барысында туындауы мүмкін қателіктерді (қолды қате қою, аяқты дұрыс қоймау, сөреден дұрыс шықпау) атайды;
− жүгіру барысындағы жақсы және қате тұстарды (сөреден дұрыс шығу, мәрені қиып өту, кеңістіктегі ауаға қарсы тұру, жылдам жүгіру) анықтайды.
4
ЖОБА
Тақырып Орта және алыс қашықтыққа жүгіру
Оқу мақсаты 7.3.3.1. Түрлі дене жаттығуларын іс жүзінде орындау,
олардың ағзаға тигізетін әсері мен энергетикалық
жүйемен байланысын ішкі және сыртқы белгілері
бойынша анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Серіктеспен жүгірудің тиімділігі мен орындалу
әдістерін ажыратады.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Тапсырма
Серіктеспен бірге 400 метр ара қашықтыққа жарыса жүгіріңіз. Орта қашықтыққа серіктеспен жүгірудің тиімділігі мен орындалу әдісін ажыратыңыз.
Дескриптор Білім алушы
− жүгіру кезінде ережелерді сақтайды;
− жүгірістің (қарапайым жүгіріс, аяқ ұшымен, тізені жоғары көтеріп, аяқты артқа көтеріп) түрлерін қолданып шұғылдануды анықтайды;
− орта қашықтыққа жүгірудің тиімділігін ажыратады.
5
ЖОБА
