Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-11физика теория.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.87 Кб
Скачать

4. Қысым.

1.Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. Қысым түсетін күштің модуліне ғана емес, осы күш перпендикуляр бағытта әрекет ететің беттің ауданына да тәуелді болады. Демек, Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады. P= F/S ( Па) F= p*S ( Н )

2.Паскаль заңы бойынша: Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеді. Демек, сұйыққа немесе газға түсірілген қысым барлық бағыт бойынша өзгеріссіз беріледі. Сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізе алуы оларды құрайтын молекулалардың еркін қозғалғыштығымен тусіндіріледі.

3. Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қимасының ауданы әр түрлі болып келген екі жылжымалы поршеньдер орнатылған. Цилиндрлер бірімен-бірі өзара жалғастырылып, оларға сұйық толтырылады. Кіші поршеньнің ауданы S1 ал үлкен поршеньнің ауданы S2 белгіленеді. Егер кіші поршеньге бір күш F1 әрекет етсе, онда сұйыққа қысым P= F1/ S1 түсіріліде. Паскаль заңы бойынша сұйық бұл қысымды үлкен поршеньге береді. Соның нәтижесінде үлкен поршеньге күш F2 әрекет етеді. Р1 = Р2 ; F1=P1*S1 ; F2= P2*S2 онда, F2/F1= S2/S1

Яғни үлкен поршеньнің ауданы кішісінен қанша есе үлкен болса, үлкен поршеньге сонша есе үлкен күш әрекет етеді. Бұл дегеніміз S2 S1 ; S2/S1 1 ; F2 F1 деген сөз. Сөйтіп, гидравликалық машинаны пайдаланып , күштен ұтуға болады. F2/F1= h1/h2

Басқа сөзбен айтсақ, яғни біз күштен қанша есе ұтсақ, арақашықтықтан сонша есе ұтылады.

4. Газ молекулалары үлкен жылдамдықпен ретсіз қозғалып жүретіні белгілі. Сонда олар бір-бірімен әрі өзі тұрған ыдыстың қабырғаларымен соқтығысады. Газдың молекулалары өте көп, сондықтан олардың соқтығысу саны да көп. Жеке молекулалардың соққысы әлсіз болғанымен, барлық молекулалар соққысының ыдыс қабырғасына тигізетін әрекеті едәуір үлкен болып шығады. Міне, осыдан газ қысымы пайда болады. Сөйтіп, газдың ыдыс қабырғасына н/се газдың ішіндегі денеге түсіретін қысымы газ молекулаларының соқтығысуынан пайда болады. 1.газдың массасы мен температурасын өзгертпей, газдың көлемін кішірейтсе оның қысымы артады, ал көлемін ұлғайтса қысымы кемиді.2. газдың көлемі өзгермеген жағдайда, жабық ыдыстағы газдың температурасы неғұрлым жоғары болса, оның қысымы соғұрлым үлкен болады. 3.Сұйық қабаты неғұрлым төмен орналасқан болса, ондағы ауырлық күші әрекетінен болатын қысым соғұрлым үлкен болады. Сұйық бағанының ыдыстың табанына түсіретін қысымын былай есептейміз: P= 4. Кез келген пішінді қатынас ыдыстардағы тыныш тұрған біртекті сұйықтың еркін беттері бір деңгейде болады. Демек, қысымдары тең болғанда, тығыздығы үлкен сұйық бағанының биіктігі тығыздығы аз сұйық бағанының биіктігінен кем болады. h1/h2= /

Олай болса, қатынас ыдыстардағы іртекті сұйық бағандарының биіктігі олардың тығыздықтарына кері пропорционал.

5.Атмосфера бірнеше қабаттан тұрады. Ауырлық күшінің әрекетінен оның жоғарғы қабаттарына қысым түсіреді.Атмосфера – газ, соңдықтан ол Паскаль заңы бойынша өзіне түскен қысымды барлық бағытта таратады. Соның салдарынан Жер бетіне және ондағы барлық денелерге атмосфералық қысым түседі. Итальяндық ғалым Э.Торричелли жасаған тәжірибе бойынша 1м шыны түтікше сынаппен толтырылады, сол түтік ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны қалады. Торричелли алғаш рет сынап бағанын атмосфералық қысым ұстап тұрады деп ой түйді. Атмосфералық қысымының ауа райына байланысты өзгеретінін де алғаш байқаған болатын. Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі бойынша есептейді. Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1 мм.сынап бағаны алынады. 1 мм.сын.бағ.= 133,3 Па =1,33 гПа. Қалыпты жағдайда атмосфералық қысым 105 Па тең. Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал барометр деп аталады. Қалыпты атмосфералық қысым – биіктігі 760 мм.сын. бағ. Қысымына тең, 00С температурадағы атмосфералық қысым. 760 мм.сын.бағ. = 105Па. Атмосфералық қысым биіктікке байланысты өзгереді. Манометр – сұйықтың немесе газдың қысымын өлшеуге арналған аспап. Ареометр – сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған аспап.

6.Архимед заңы – сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді. Сұйыққа батырылған денені ығыстыратын күшті архимед күші деп атайды. FA= *g*Vд

Денеге әрекет ететін екі күш бұл жағдайда тең және қарама –қарсы бағытталғандықтан ( ауырлық күші төмен қарай, ал архимед күші жоғары қарай), дененің сұйық ішіндегі Р1 салмағы дененің ауадағы салмағынан архимед күшіне FA= *g*Vд тең шамаға кем болады, яғни Р1 = Р - FA

Демек, сұйыққа батырылған дене өзі ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең салмағын жоғалтады. Онда , FA = P – P1 немесе *g*Vы.с = P – P1

Vы.с – дене ығыстырған сұйықтың н/се газдың көлемі. Р – дененің салмағы, Р1—дененің сұйық ішіндегі салмағы. Егер дене сұйыққа толық бататын болса онда Vд=Vы.с тең болады.

7. Денелердің жүзу шарттары: 1. Егер дене сұйыққа толық батып, оның ішінде жүзіп жүрсе,онда денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшіне тең, яғни FA= Fa

2. Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық, яғни Fa FA болса, онда дене сұйыққа батады.

3. Егер ауырлық күші архимед күшінен кем, яғни Fa FA болса, онда дене жүзе бастағанға дейін сұйық бетіне көтеріледі.

8.Сұйық бетіндегі молекулаларға әрекет ететін теңәрекетті күшті беттік керілу күші деп аталады. Қылтүтіктер бойымен сұйықтың көтерілуі немесе төмен түсуі кезінде байқалатын құбылыстар қылтүтіктік құбылыстар деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]