7Сынып.
1.Табиғат құбылыстары- табиғаттағы кез келген өзгерістер.
2.Физика-табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым.
3.Астрономия-аспан денелерінде және олардың жүйелерінде өтетін құбылысты зерттейтін ғылым.
4.Материя-зат түрінде, жарық толқындары түрінде бізді қоршаған барша болмыс.
5.Табиғатты зерттудің негізгі әдістері( бақылау, эксперимент, теориялық әдіс)
6.Гипотеза-ғылыми деректер негізінде ұсынылған болжам.
7.Физикалық теория-физикалық құбылыстарды,олардың өзара байланыстарын түсіндіретін жүйелі білім.
8.Өлшеу-физикалық шаманы бірлік үшін қабылданған басқа біртекті шамамен салыстыру.
9.Физикалық шама-физикалық нысанды немесе құбылысты сипаттайтын өлшем бірлігі бар сан.
1. Заттың құрылысы
1.Кез келген денені ұсақтап бөле отырып, ең соныңда бөлінбейтін бөлшек – атомды алуға болады.Атомдар үздіксіз қозғалады, әр түрлі денелердің атомдарының пішіні мен көлемдері де әр түрлі болады деп пайымдайды.
2.1827 жылы ағылшын ғалымы Р.Броун тәжірибе жүзінде молекулалардың үздіксіз әрі ретсіз қозғалыста болатынын дәлелдеді. Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтықтардағы ретсіз әрі үздіксіз қозғалуы броундық қозғалыс деп аталады.Бөлшектердің броундық қозғалысы атомдар мен молекулалардың бейберекет үздіксіз қозғалысының салдары болып табылады.
3.Қазіргі кезде молекулалар мен атомдарды үлкейтіп көрсететін электрондық жіне сканерлік зондтық микроскоптар мен иондық проекторлар бар.
4. Қазіргі кезде зат құрылысының молекулалы-кинетикалық теориясы жасалды. Зат құрылысының МКТ негізгі қағидаларын М.Ломоносов енгізді: 1.Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден – молекулалар мен атомдардан тұрады.2.Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады.3.Молекулалар мен атомдар өзара әрекеттеседі.
5.Кез келген атом үш түрлі элементар бөлшектердің жиынынан тұрады. Оларды электрон,протон және нейтрон деп атайды. Электрон мен протон зарядталған бөлшектер. Олардың зарядтары бірдей, бірақ таңбалары қарама-қарсы.Нейтрондың заряды жоқ.Нейтрондарда электр зарядтары сезілмейді.Протон мен нейтронның массалары бір-біріне шамалас.Протонның массасы электрон массасынан 1836 есе үлкен.
6.Әр элементтің атомы – сол элементтің химиялық қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.
7.Әр заттың молекуласы – сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.
8.Бір заттың молекул-ның екінші заттың молекул-ның араларындағы бос орындарға өтіп таралуын диффузия деп атайды. Диффузия кезінде: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады.Дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.
9.Заттың жылулық күйін сипаттау үшін температура деген ұғым ендіріледі.Дененің немесе заттың жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп атайды.Температураны өлшегенде Цельсий,Кельвин және Фаренгейт шкаласын қолданады.Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.Дененің температурасы төмендеген сайын молекула мен атомдардың қозғалысы баяулай береді. Бірақ абсолют нөл градусқа жету мүмкін емес. Өйткені қозғалыс материяның ажырамас қасиеті. Цельсий,Кельвин және Фаренгейт шкаласынның байланыс өрнектер:
Т0К = t0С + 273,15 ; 0С = ( F – 32)*100/180 ; 0F= (0С *180/100) + 32
10.Температураның өзгеруіне байланысты зат үш түрлі күйде: қатты, сұйық және газ күйлерінде бола алады. 1. Қатты күйдегі денені қысып сығу немесе тартып созу өте қиын. Ол өзінің пішінін де, көлемін де өзгертпей, сақтайды.Пішіні мен көлемін сақтау – қатты денеге тән қасиет. 2.Сұйық күйдегі дене өзінің пішінін оңай өзгертеді, бірақ көлемін сақтайды. Сұйық құйылған ыдыстың пішінін қабылдайды.Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту – сұйыққа тән қасиет.
3.Дененің газ күйіндегі молекулары оның басқа күйлеріне қарағанда тіптен алшақ орналасады.Газдардың қатты денелерден, сұйықтардан басты айырмашылығы олар берілген көлемді түгел қамтып орналасады. Газдың тұрақты көлемі мен нақты пішіні болмайды, ол берілген көлемді түгел қамтиды.
