Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
псииих. реферат.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
214.02 Кб
Скачать

2 Жоғары мектеп психологиясының ғылым және пән ретінде дамуы

Жоғары мектеп психологиясы ХХ-ғасырдың екінші жартысында ғана дербес ғылым саласы ретінде танылды. Дегенмен, жоғары мектеп психологиясы жоғарыда айтылғандай, педагогикалық психологияның бір саласы болып табылады. Сондықтан, педагогикалық психологияның даму жолы жоғары мектеп психологиясының тарихын анықтайды.

Педагогикалық психологияның дамуында негізгі 3 саты ажыратылады:

Бірінші саты - ХVІІ-ғасырдың ортасынан басталып ХІХ-ғасырдың соңына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл саты педагогиканы психологиямен байланыстыру қажеттігі мәселе ретінде қойылып, оны жалпы дидактика арқылы шешуге елеулі талпыныстар жасалған кез еді. Бірінші саты И. А. Зимняяның «Педагогикалық психология» атты оқулығында «жалпы дидактикалық» саты деп аталған. Дегенмен, бұл сатыны «педагогика теориясы мен тәжірибесінде психологиялық білімге зәрулік танылган кезең» деп анықтаған жөн болар. Педагогикалық психологияның пайда болып, дамуына балаларға білім берудің өзектілігі мен оны ұйымдастыру шарттары; қоғамда оқыту, тәрбиелеу және дамыту процестерін байланыстырып, қарастыру; балаларда білім алуға деген оңды қатынастың болуы; педагогтің рөлі сияқты күні бүгінге дейін көкейтесті мәселелерді шешуге деген талпыныстар себеп болды.

Педагогикалық психологияның даму бастауында 1657 жылы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) «Ұлы дидактика» еңбегінің жарыққа шығуы тұр. Сондай-ақ, аталмыш саты бірқатар ағартушылардың педагогикалық ұстанымдары арқылы сипатталады. Иоганн Песталоцип (1746-1827) оқытуда шығармашылыққа, өзіндік дамуға негіз болатын оқушының іс-әрекеті деп түсіндіреді. Бұл түсінік оқу әрекетін білім алушылардың субъект ретіндегі белсенділігі арқылы анықтайтын алғашқы педагогикалық ойлардың қатарын түзеді. И. Песталоцип өз заманында педагогиканы психологияландыру мәселесін көтерген алғашқы педагог-ағаргушы болып табылады.

Иоганн Гербарт (1776-1841) дидактикасында оқуға қызығушылықтың болуын, оқу мен тәрбиенің өзара байланысын негізге алған. Алғаш рет оқыту арқылы тәрбиелеу тұрғысын қорытқан педагог-ойшыл Иоганн Гербарт болды. Адольф Дистервег (1790-1866) еңбектерінде педагогтің білім беру процесіндегі жетекші рөлі анықталған. Ол педагогтің белсенді әрекетін тәрбиелеудің, тәрбиелей отырып оқытудың шарты, негізі ретінде түсіндіреді.

1861 жылы «Халық ағарту министрлігінің журналының» бірінші нөмірінде Константин Дмитриевич Ушинскийдің (1824-1870) ересек адамдарға білім беру бойынша ғылыми мақаласы жарық көреді. Онда К. Д. Ушинский қазіргі кезде де өзекті больш тұрған ересектерге білім беру дидактикасының мәселелерін қояды. Сонымен қатар, оның еңбектерінде тәрбие психологиясына ерекше көңіл бөлінеді. К. Д. Ушинский еңбектерінде балаға терең білім беру үшін алдымен оны жан-жақты зерттеу қажеттігі жазылады. Сонда, ағартушы оқу-тәрбие процесін психологиялық диагностика, психологиялық дамыту істерімен қатар қойып, шешетін мәселе екендігін көрсеткен.

Бұл сатының соңына қарай қоғамдық талаптар педагогика мен психологияның жақындасуына пәрменді ықпал ете бастады. Педагогикалық психология саласының дамуына елеулі үлес қосқандардың бірі Петр Федорович Каптерев (1849-1922) болып табылады. Ол — алғашқы «Педагогикалық психология» (1877) атты кітаптың авторы. Сонымен қатар, П.Ф. Каптерев ғылымда «білім беру», «педагогикалық психология» терминін алғаш рет паидаланған. П.Ф.Каптерев өз еңбектерінде педагогикалық көзқарастардың, дидактикапық теориялардың психологиямен байланысының жеткіліксіздігін, білім берудің психологиялық жағынан дәйектелмеуін басты мәселе ретінде көрсеткен. Осыған байланысты ағартушы оқу мен тәрбиенің ықпалдасуын; педагог пен білім алушының өзара байланысты іс-әрекетін; білім беру процесінің қағидаларын психологиялық ұстаныммен қарастырады[9].

1891 жылы әлемдік психологияда алғаш рет америкалық психолог Стэнли Холл арнайы педагогикалық психология мәселелеріне арналған «Педагогикалық семинар» атты журнал шығара бастады. Педагогикалық психологияның дамуына әлеуметтік ортада тәрбиені игілендіру және демократиялық негізде ұйымдастырып, жүзеге асыруды тұжырымдаған Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934) еңбектері де ықпал етті.

Олай болса, педагогикалық психологияның дамуындағы бірінші сатыда педагогикалық мәселелерді психологиялық жолмен шешудің жолдары іздестірілді. Бұл сатыда педагогикалық психология саласының ғылым-білім қоры теориялық талдау мен бақылау, практикалық зерттеу әдістері бойынша жинақталып, құрылды.

Екінші саты ХІХ-ғасырдың орта кезінен ХХ-ғасырдың ортасына дейінгі аралықты қамтыды. Бұл кезде эксперименттік психологияның пайда болуы, педагогикалық теориялар мен психологиялық, психофизикалық эксперимент нәтижелерін ықпалдастыру мүмкіндіктері артты. Сондықтан педагогикалық психологияның тарихында бұл саты алгашқы эксперименттік зерттеулердің пайда болуымен сипатталады.

Осы кездегі педагогикалық психологияны Г.Мюнстерберг, Л.С.Выготский қолданбалы психологияның дербес саласы ретінде анықтайды. Себебі, педагогикалық психологияның екінші сатысында оқушылардың білім деңгейін; қабілеттерін; оқыту әдістемесінің тиімділігін тексеруге арналған психологиялық диагностика әдістері, соның ішінде, тест түрлері педагогикалық жүйеге кіріктіріле бастады. Бұған еуропалық А.Бине, Б.Анри, Т.Симон, Ә.Мейман, Дж. Селли, Дж. Кэттелл сынды психологтардың эксперименттік зерттеулері мен мектептердің жанынан эксперименттік зертханаларды ашуы айтарлықтай ықпал етті.

Психологиялық, анатомиялық, физиологиялық, медициналық, әлеуметтану ғылымдарын ықпалдастыру нәтижесінде педологиялық бағыт пайда болды. 1889-жылы Грэнвилл Стэнли Холл (1844-1924) психология мен педагогика ғылымдарын ықпалдастырып, жеткіншектердің психологиялық дамуын тиімді ету мақсатында педологиялық зертхана ашады. Ал, «педология» атты терминді оның шәкірті О. Крисмент пайдалануға кіргізеді. Педологияның негізін қалап, оның идеяларын тәжірибеге енгізуді мақсат еткен С. Холл, Дж.Болдуин, Ә. Мейман, В. Прейер, Ә. Киркпатрик, А.П. Нечаев, В.М.Бехтерев, М.Я. Басов, А. Б. Залкинд, П. П. Блонский, М. Я. Басов, Л.С.Выготский, С. С. Моложавый және басқа да психологтар мен педагогтер болды. Алайда, Кеңестер Одағында тест қолданудың, дамудың биологиялық және әлеуметтік жақтарын анықтауға тырысқан зерттеулердің қайшылықты тұстары шешімін таппай, педология сынға ұшырап, 1936 жылы мемлекеттік деңгейде жабылып калады. Кейіннен батыста да педология өз жұмысын тоқтатты[10].

Сондықтан, педагогикалық психологияда білім берудің теориялық негіздерін тұжырымдап, ғылыми талдау мен зерттеу; педагогикалық жүйені психологияландыру жұмыстарына жаңаша назар аударыла бастады.

Ал, педагогтың психологиялық қасиеттерін зерттеуді 1930 жылдары алғашқылардың бірі болып бастаған ғалым Б. Г. Ананьев болды.

Американдық психолог және педагог Эдвирд Ли Торндайк (1874 – 1949), оқытудың психологиялық негіздегі қағидаларын қорытып, педагогикалық психологияның жоғары мектеп психологиясының іргетасын қалады. Ол 1931 жылы «Ересектерді оқыту психологиясын» жариялады.

Олай болса, психологиялық даму, білім алу теориялық қана емес, сонымен қатар, тәжірибелік негізде болуын ғылымның, қоғамның қажетсінуі екінші сатының басты сипаттамасы болып табылады.

Үшінші саты педагогикалық психологияның қазіргі кезеңін сипаттайды. Ал, оның басталуы шамамен ХХ-ғасырдың орта кезіне сәйкес келеді. Педагогикалық психологияның бұл сатысын ажыратуға оқыту мен дамытудың бірқатар психологиялық теорияларының пайда болуы негіз болады.

Қазіргі психологиялық зерттеулер мен тәжірибеде қарастырылып, жүзеге асырылатын өміршеңдік сипаттағы құнды теориялар, идеялар, тұжырымдамалар аз емес:

- бағдарлап оқыту (Б. Скиннер, Л. Н. Ланда);

- мәселелік оқыту (В. Оконь, М. И. Махмутов);

- ақыл-ой әрекетін сатылы қалыптастыру (П. Я. Гальперина, Н.Ф.Талызина);

- дамыта оқыту (Л. В. Занков, Д. Б. Эльконина, В. В. Давыдова);

- оқу әрекетінің құрылымы (А. К. Маркова, И. И. Ильясов, Л.И. Айдарова, В. В. Рубцов, С. М. Жақыпов және т.б.);

- оқу әрекетіндегі топтық ынтымақтастық, топтық динамика (А.В.Петровский, Л. А. Карпенко, және т.б.);

- педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас (Л.И. Новикова, А.А.Леонтьев, А. А. Бодалев, А. В. Мудрик, В. А. Кан-Калик, X.Т.Шерьязданова, және т.б.);

- контекстілік оқыту (А. А. Вербицкий); т.с.с[11].

Жоғары мектеп психологиясы дербес психологиялық ғылым саласы және оқу пәні ретінде жоғары білім беру жүйесіндегі оқу-кәсіби іс-әрекетгің психологиялық астарларына, мәселелеріне қатысты пайда болған. Бұл педагогикалық психологияның ең «жас» сапасы болып табылады.

Жоғары мектеп психологиясының пәніне қатысты зерттеу жұмыстары ертеректе ұйымдастырылып, ғылыми нәтижелер алына бастаған. Алайда, ол дербес пән дәрежесіне ХХ-ғасырда жоғары мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыру, оларға ғылыми-педагогикалық тағылымдама ұйымдастырып, жүзеге асыру мақсатында жеткен.

Сонымен қатар, қандай ғылымның, пәннің өсіп-өркендеуіне, тарихи жолының саралы болуына қоғам сұранысымен бірге, біртуар ғалымдардың, оқытушылардың, тұлғалардың орасан еңбегінің нәтижесі екендігі белгілі. Осы орайда, «Жоғары мектеп психологиясының» дербес ғылыми сала, жоғары білім беретін оқытушы, ғалым дайындауда ерекше орны бар пән ретінде дамуы да өз заманының зиялысы, зиятты азаматы болған, шәкірт тәрбиелеген психолог-зерттеушілер мен психология пәнінің оқытушыларының ақыл-ойының, іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады. «Жоғары мектеп педагогикасының және психологиясының негіздері» кафедрасы бойынша алғашқы оқу бағдарламасы ресейлік психолог-ғалым А. В. Петровскийдің жетекшілігімен 1981 жылы жасалған. Аталмыш бағдарлама М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жоғары мектепте оқыту педагогикасы, психологиясы және әдістемесі кафедрасында біліктілікті арттыру факультетінің тындаушылары мен аспиранттарына арналған. Жоғары мектептегі оқу-тәрбие процесіне қатысты оқу құралын ресейлік педагог, акмеология ғьшымдарының корнекті өкілдерінің бірі Н. В. Кузьминаның жетекшілігімен жазылған. Бұл оқу құралы 1972 жылы Ленинградта (қазіргі Санкт-Петербургта) «ЖОО-дағы педагогика негіздері» деген атпен шығарылған.

Студенттерге кәсіби білім берудің психологиялық мәселелеріне арналған «Жоғары мектеп психологиясы» атты тұңғыш оқу құралы 1978 жылы Минск қаласында жарияланған. Оның авторлары белоруссиялық психолог-ғалымдар М. И. Дьяченко мен Л. А. Кандыбович болды.

Ал, мәскеулік ғалым С. И. Архангельский 1980 жылы «Жоғары мектептегі оқу процесі, оның заңды негіздері және әдістері» атты оқу құралын дайындап, жариялады.

Сондай-ақ, педагогика және психология ғылымдарын ықпалдастықта қарастыратын «Жоғары мектеп педагогикасының және психологиясының негіздері» атгы оқу құралы 1986 жылы А. В. Петровскийдің редакциялық жетекшілік жасауымен жарыққа шыққан.

Содан кейін ресейлік бірқатар психологиялық орталарда жоғары мектеп психологиясының пәнін анықтап, қарастыруға қатысты ғылыми, оқу-әдістемелік жарияланымдар жарық көрген. Ал, 1980 жылдардың соңына қарай тек Ресейде ғана емес, Кеңес Одағының құрамына кіретін республикаларда, соның ішінде Қазақстанда да, барлық мамандықтардағы аспиранттар мен ізденушілерге арналған «Жоғары мектеп педагогикасының және психологиясьгаың негіздері» пәні элективті курс ретінде оқу жоспарына енгізіледі[12].

Оның бағдарламасы 1988 жылы халыққа білім беру бойынша Мемлекеттік комитетпен бекітілген.

ХХ-ғасырдың соңында А. А. Вербицкий зерттеулері арқылы жоғары мектеп психологиясында оқытатын пәндердің мазмұнына және студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекетінің әлеуметтік үлгісін байланыстырып, контекстілік оқыту идеясы пайда болды.

Қазіргі кезде С. И. Самыгин, М. В. Буланова-Топоркова, Л. Д. Столяренко және т.б. (Ростов - на - Дону, 1993, 1997, 2002), М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры С. Д. Смирнов (2001 ж.); Ф.В. Шарипов (2012 ж.) сияқты ғалымдар жоғары мектеп психологиясы бойынша зерттеулер жүргізіп, оқу-әдістемелік материалдар дайындап келеді.