ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КӘСІПТІК ОҚЫТУ КАФЕДРАСЫ
МӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанда және шетелдегі жоғары мектепте психологиялық дайындаудың тарихи жолы
Орындаған: Тоеке Т. Т.
Тексерген: Кенбаева Г. К.
А
Мазмұны
|
Кіріспе |
3 |
1 |
Жоғары мектеп психологиясының негізгі сипаттамасы |
5 |
2 |
Жоғары мектеп психологиясының ғылым және пән ретінде дамуы |
10 |
3 |
Қазақстандағы жоғары мектеп психологиясы |
15 |
|
Қорытынды |
21 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі |
23 |
|
Глоссарий |
24 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
КІРІСПЕ
Еліміздің егемендік aлуынa бaйлaнысты, хaлқымыздың ұрпaқ тәрбиесіндегі aсыл мұрaлaрын елеп-екшеп, бүгінгі тaңдaғы оқу-тәрбие үрдісіне ендіру – келелі де, кешенді іске aйнaлды. Елбaсымыз Н.Ә.Нaзaрбaев «Қaзaқстaн – 2050» стрaтегиялық жолдaуындa еліміздің болaшaқ ұрпaғы инновaциялық, aқпaрaттық технологиялaрды меңгеруге лaйық зерек те білімді, бәсекелестікке қaбілетті болуы керек екендігін бaсa aйтып көрсеткен [1, 2 б.].
Бүгінгі тaңдa әрбір aдaмзaт бaлaсы көзі aшық, көкірегі ояу, жaн-жaқты болуғa тaлпынaды. Жеке aдaмның бaрлық қaсиеттері бaлaлық шaқтaн бaстaп қaлaнa бaстaйды. Зaмaнa тaлaбынa сaй aзaмaт тәрбиелеу үшін мектептегі әр aзaмaт мектептегі әр оқушығa жекеше, тереңірек қaтынaс қaжет. Мектеп мұғaлімінің міндеті тек білімді aзaмaт дaярлaу ғaнa емес. Сонымен қaтaр, жоғaры морaльды, дұрыс тәрбиеленетін, жaңa ғaсырдың нaғыз өнегелі aзaмaтын дaярлaу. Бaлaлaрмен дұрыс жұмыс жaсaу үшін мұғaлімге олaрдың бaрлық психологиялық ерекшеліктерін білу мaңызды.
Бұл контексте жоғары мектепте кәсіби білім берудің маңызды бір құраушысы болып табылатын психологиялық дайындаудың және адам бойындағы әлеуеттерді, қабілеттерді ықпалдастықпен танытуға, дамытуға деген белсенді әрекетті түсіндіретін жастарды психологиялық дайындаудың маңызы мен мәнділігі артады.
Болашақ мамандарды психологиялық дайындау процесі әдіснамалық тұрғыдан негіздеуді қажет етеді. Атап айтсақ:
- психологиялық даярлық детерминанттарын;
- студенттерді психологиялық дайындау негізінде болған өзгерістердің әлеуметтік орта, қоғам талаптарына сәйкестігін;
- психологиялық дайындау нәтижесінің басқа да психологиялық қасиеттер жүйесіне ықпалын;
- психологиялық дайындауды іске асырудың, оңтайландырудың психологиялық-педагогикалық ахуалын сипаттауға әдіснама негіз болуы керек [2, 102 б.].
Жүйелік тұрғы бойынша студенттерді психологиялық дайындау өзара байланыста болатын мынадай құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады: психологиялық дайындау мақсаттары, психологиялық дайындау процесінің субъектілері (психология пәнінің оқытушылары және студенттер), психологиялық дайындау мазмұны (жалпы және кәсіби бағытта), психологиялық дайындаудың нәтижелері және психологиялық дайындау технологиялары. Жүйелілік тұрғы психологиялық дайындауды ретті, бірізді және үзіліссіз жүзеге асыруды талап етеді. Осыдан барып студент психологиялық дайындау, оқу-кәсіби іс-әрекет, қарым-қатынас, өзін-өзі бақылауы, өз-өзіне талдамасы, өзін қандай-да бір «өлшеммен» салыстыруы, өз тұлғасының үлгісін жасауы дәлме-дәл бола бермейді; өзін-өзі сыйлау, өзін-өзі ынталандыру қасиеттері орын алмайды.
Жүйелік тұрғы арқылы психологиялық дайындау нәтижелері де біртұтас құрылым ретінде анықталады. Сондықтан аталмыш қағида студенттер мен оқытушыны жаңа құрылымдарды түзуге қабілетті, ашық, күрделі, көп деңгейлі жүйе дегенді дәлелсіз түсіндіруге бағытталған[3, 42 б.].
Ақиқаттың көпжақтылық қағидасы жастардың психологиялық даярлықтарының ғана емес, жалпы олардың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерін де, студенттік топтың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарын да түсіндіру мен түсіну әрқашан толық емес, олай болса, ақиқаттыққа да толық жетпейтінін білдіреді. Қалай түсіндірілсе де, қалай түсінсең де тұлғаның немесе топтың мінез-құлқына әсер ететін бірқатар жәйттар ескерусіз қалады. Сондықтан жеке адамның немесе топтың психологиялық дамуы бойынша анықталған заңдылықтар тек нақты бір жағдайға қатысты және белгілі бір ықтималдықпен ғана ақиқат болады.
Субъект - бағдарлы психологиялық дайындықтың көпжақтылық қағидасы студент тұлғасының, мінез-құлқының әр жағына қатысты психикалық процестерді, кейіпті, қасиеттерді оқу-кәсіби іс-әрекет пен қарым-қатынас негізінде дамыту мен өзіндік дамытуға, жетілдіру мен өзіндік жетілдіруге, осыдан барып студенттердің өзін-өзі актуалдандыруына жағдай жасайды.
Психологиялық дайындаудың басты қағидасы оның ғылыми дәлелдігі болу керек деп санаймыз. Бұл психологиялық дайындықтың мақсаттары, міндеттері, әдістемелері, оны жоспарлау психология мен педагогика ғылымдарының жетістіктеріне, объективті ғылыми деректерге негізделуі керек дегенді білдіреді.
Психологиялық дайындаудың жоғары мектептегі кәсіби білім беруге сәйкес болу қағидасы оның мазмұнының оқу-кәсіби іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатынас қисынына тәуелділігі жайлы тұжырымнан тікелей шығады. Іс-әрекеттің әр түрлеріне орай тұлғаға әрқалай талаптар қойылады. Сондықтан психологиялық дайындаудың тиімді болуы үшін оның мазмұны әрбір кәсіби іс-әрекетке, студенттердің оқу ерекшеліктеріне, қарым-қатынас жасауына, олардың қажеттіліктері мен құндылықтарына қатысты құрылу қажеттігін көрсетеді.
Саналылық қағидасы оқытушы мен әрбір студенттің болашақ кәсіби іс-әрекетті меңгеруде және кейін оны жүзеге асыруда психологиялық дайындықтың аса қажет болатынын саналы түрде аңғаруды, олардың аталмыш процесті қажетсініп, субъект ретінде белсенділік көрсетуді талап етеді. Бұл психологиялық дайындаудың белсенді сипатын айқындайды. Бұл қағидамен психологиялық дайындауды оңтайландыру тығыз байланысты болады. Оңтайландыру қағидасы мақсатқа жету үшін барлық оқу іс-әрекетінің қажетті түрлерін қолдану мүмкіндіктерін анықтайды [4, 82 б.].
