- •Тақырып 6. Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
- •Тақырып 7. Ұжым - тәрбие құралы
- •Тақырып 8. Тәрбие формалары
- •1921 Жылы Ұлыбританияда, Германияда, Италияда, Францияда, Индияда өз жұмыстарын жалғастырса, ал 1972 жылғы көрсеткіш бойынша оның таралуы 106 мемлекетті қамтыған.
- •Тақырып 9. Отбасы тәрбиесі
- •Тәрбиедегі атан-ананың ролі
Тақырып 9. Отбасы тәрбиесі
Бастауыш мектеп мұғалімі және ата-аналары кіші оқушылардың негізгі тәрбиеушілері болып табылады. Сондықтан да педагогтың тәрбие жұмысының пайдалылығы көп жағдайда оның ата-аналармен жұмыс істеу іскерлігіне, олармен жалпы тіл табуына, олардың көмегімен қолдануына сүйенуіне тәуелді.
ТЖӘ-нде ата-аналармен жұмыстың келесі формаларын бөліп көрсеткен:
Жалпы ата-аналар жиналысы.
Ата-аналармен топтық және жеке дара әңгімелесулер.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарға ата-аналар назарын аударту.
Ата-аналар арасында педагогикалық білімді насихаттау.
Мұғаліммен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас стилінен тәрбие жұмысының эффективтілігі тәуелді.
Ата-ана – мұғалім қарым-қатынасында тәрбиелеу оның мамандығы болғандықтан жетекші рольді педагог ойнайды. Ол тәрбие құралдарының арсеналын меңгере және арнайы дайындыққа ие. Ата-анамен өзара түсінік көп жағдайда көп жағдайда егер мұғалім жағымды және жағымсыз бағалар өлшемдерін бақылап отырған жағдайда ғана қол жетерлік болады. Сондықтанда оқушының тұтасымен жеке басын емес нақты іс-шарасын бағалау қажет және міндетті түрде туылған жағдайды жөндеуге немесе жақсартуға ата-анамен бірге жол табу керек. Баланы жағымсыз бағалай отырып мұғалім ерікті немесе еріксіз ата-ананы бағалайды. Айтқандай жеке адам ретінде де, тәрбиеші ретінде де. Мұғалімнің балаға деген дұрыс талап, дұрыс бағалау тәрбие процессін эффективті құруға көмектеседі, және бұл тактикалық, жақсылық тілеуші формада болуы керек.
Педагогикалық мақсатты бағыттылық қарым-қатынасты орнату үшін мұғаліммен ата-аналардың әрбір баланың дамуының перспективтілігін және қиыншылығын көре білуі балаға деген бірдей көзқарас, тәрбиенің мақсаты мен міндеттері туралы бірдей түсініктері болуы қажет. Мысалға, ерекше қиындық артта қалған және тәртіпсіз оқушылардың ата-аналарына қиын болады. Іскерлік талқылаудың орнына мұғалім жиналысты мына оқушы туралы айтудан бастайды, кезі келгенде мысқылдап та алады және бұл келген ата-аналардың көзінше, ал ата-аналар бұл уақытта ұятты және қайғыра, кейде ашулана енді мектепке келмейтінін ойлап отырады. Сондықтан да таңдануға болмайды, мектепеке көп қамқорлы қажет ететін балалардың (гөрі) ата-аналарынан гөрі жақсы оқушылардың ата-аналары жиі келеді.
Осылайша, мұғалімнің бала тағдырына аландаушылығы, оны жақсылықтілеуші ниеті ата-аналардан серікті көруге ұмтылуы – олармен жалпы тіл табуға көмектеседі. Мұғалімге әрқашанда ата-анаға баланың жеке басының күштірек жағын атап отырған жөн. Ата-аналармен жұмыстың осындай бағыты мұғалімге олармен контактыны жеңіл орнатуға, тәрбиелік қатынастын бағытын анықтауға көмектеседі.
Педагог пен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас стилі балаға бағытталған тәрбие қарым-қатынасының анықталған принциптерінен негізделген жұмыс құралдарын және әдістердің тұрақты жүйесін береді. Педагогқа да, ата-аналарға да әрбір оқушыға жағымды, онда нені дамытуға болады оптимистикалық сеніммен қарау қажет.
Педагог және ата-аналар қарым-қатынас стилінің сипаттамалық белгілерін бөліп көрсетуге болады:
бір-біріне толық сенімділік;
шынайлық;
тактикалық;
жақсылықтілеушілік;
Бірінші сынып оқушы жанұясымен мұғалімнің танысуы. Ата-анамен тәрбиелік жұмыс олардың бірінші кездесуінен басталады – баланы мектепке жазу кезінде. Бірінші әңгімелесу ата-анаға баланы мектепке даярлау туралы ақыл-кеңес беруге арналады.
Оқу жылының көлемінде мұғалім өзінің оқушысының жанұясында болып шығуы керек. Жанұяларға барғанда, мұғалім қызығушылық танытуы керек:
1) Жалпы атмосфера, жанұядағы микроклимат: ата-аналар арасындағы, олармен және жанұяның басқа мүшелері арасындағы қарым-қатынас қалай орналасқан.
2) Үйдегі жалпы реттілік: балаға сабақ оқу үшін арнайы орын бөлінген бе, оның заттары қандай реттілікпен орналасқан, оқу мүліктері кітаптары ойыншықтары, оқушының бұрышы дұрыс ұйымдастырылған, балаға сабақ оқу ыңғайлы ма оның бойына үстел мен орындық сәйкес келе ме, жарықтың түсуі дұрыс орналасқан ба.
3) Мүмкіндік болса, әңгімелесуге жанұяның үлкендерінің барлығы қатысқан жөн. Олардың бала тәрбиесі туралы түсініктері, олардың баласына қай әдіс көбірек эффекті беретіндігі турлы түсініктерін білу өте қажет. Үлкендер бала ерекшелігі, оның қызығушылығы мен бейімділігі туралы, оның күшті және әлсіз жақтары туралы, баланы тәрбиелеуде қандай қиыншылықтар кездестіретіндіктері туралы айтып өткендері жөн.
Тәрбиелік жұмысқа ата-аналар назарын аударту келесі формаларда негізделеді:
1) Бір іс-шараны өткізуге эпизодтық көмек. Экскурсия уақытындағы, таңертеңгіліктерге, мерекелерге дайындыққа қатысуға балаларды шығарып салу және т.с.с.
2) Өзінің еңбегі және мамандығы туралы балалармен әңгімелесу өткізу. Әңгімелесудің ұзақтылығы 15-20 минут,. Құрылымын анықтай отырып ата-аналар жарқын, қолжетерлік фактілерді таңдауы керек.
3) Сурет салу, қолөнер, спорт және т.с.с. бойынша әртүрлі үйірмелерді ұйымдастыру.
4) Экскурсия жетекшісі ретінде экскурсияны өз кәсіпорнында өткізу. Балалармен өтілетін тәрбие жұмысына ата-аналардың назарын аударта отырып мұғалім бұл жұмыстың негізгі құрылымын анықтайды. Мұғалім ата-аналарға балалармен тәрбие жұмысының әдістері мен тәсілдерін меңгеруіне жұмыстың барысын бақылауда туғызуына көмектеседі.
Ата-аналар жиналысын тартымды өткізу жолдары
Сынып жетекшісі – біркелкі жаңа және көне мамандық. Әрине, көп нәрселерді ұстаздар өздері жинақтайды, бірақ, психологиялық жағынан оларға көмек қажет. Мысалы, мұғалімдерді жиналыста ата-аналармен дұрыс қарым-қатынас жасауға бағыттау.
Ата-аналардың бәрі толық тыңдап отыр екен деп, барлық эмоция, ақпараттарды айтып салуға жағдайды пайдаланбаңыз. Ескертетін жай: әңгіме барысында басқа жаққа кетіп қалмаңыз. Тақырыпты нақты анықтап ол бағыттан ауытқымаңыз.
Сөз арасында аздап ата-аналарды қызықтыруға болады: «Біз мынау туралы да әңгімелейтін боламыз...», «Бұл сұрақ бойынша сіздерге айтатыным бар...» бар деген секілді. Келесі кездесу өте маңызды және қызықты болатынына қарай одан қалмауға тырысатын болсын.
Ата-аналар мұндай кездесулердің зор мағынасы бар екенін жақсы сезінулері керек. Олар қысқа және нақты нәтижемен аяқталатын болсын. Бұл үшін ақпарат жүйелі, кезекпен және нақты берілуі керек.
Барлық қажетті ақпарат берілгеннен кейін, оны талдауға және шешімдер қабылдауға болады.
Баланы мектепке бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиедегі жарасымдылық мектеп пен ата-ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазына, ата-анаға, құрбы-құрдастарына, олардың күнделікті іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сырт көрісіне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т.б. қасиеттеріне байланысты. Халық «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Ата-ана балаға жеке тұлға ретінде баға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Осыған сәйкес жасөспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүйесін жүзеге асыру – педагогикалық ұжымның басты міндеті.
