Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 5.6.7.8.9..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.29 Кб
Скачать

Тақырып 7. Ұжым - тәрбие құралы

Ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттің мәні.

Тәрбие істері - бұл тәрбиеленушінің нақты іс-әрекеттерін ұйымдастырудың және іске асырудың бір түрі. Оның негізгі ерекшелігі

- қажеттілігі;

- пайдалылығы;

- іске асырылатындығы;

Тәрбие процесі өзара қиылыс болмайды, тәрбиелік ісінің тізбегінен тұрады. Тәрбиелік істер ұжымдық және шығармашылық сипатқа ие болады. Сонымен қатар ұжымдық тәрбие істер немесе ұжымдық шығармашылық істер деп аталады. ХХ ғ. 60 ж. ленинградтық педагог И.П. Иванов, ұжымдық шығармашылық істер әдістемесін жасады. Оның негізгі мәні:

1. Бұл қоғамдық іс, себебі ол өз ұжымның өмірін, айналадағы өмірді жақсарту үшін қамқорлық жасайды. Жалпы бірдей қуаныш пен игілік әкелуге арналған практикалық және ұжымдық әрекеттің жиыны болып табылады.

2. Бұл ұжымдық істер. Өйткені, ортақ азаматтық, қамқорлық ретте оны оқушылар мен тәрбиешілер бірлесіп жоспарлайды, дайындайды, талқылайды және іске асырады.

3. Бұл шығармашылық істер. Өйткені ойластырылатын істі жоспарлауының, іске асыруының, істелген істі бағалаудың негізінде бар оқушылар тәрбиемен бірге болашаққа сабақ ала отырып, тәрбиенің басшылығымен өмірлік маңызды практикалық міндеттерді шешудің, жетілдірілген тәсілін, құралдарын, жолдарын іздестіреді. Оның үстіне бұл догмаға айналмай шабуын бойынша іс болмайды, әрқашан жаңа нұсқалар түрінде көрінеді. Бұл әдісті коммунарлық деп аталады. Негізгі мақсаты: ұжымдық тәрбие болады. Қазіргі уақытта адам мүддесі туралы ұғым өзгергенмен Иванов әдісі өз мәнін жойған жоқ. Себебі ол ересектермен балаларды ұжымдық іс-әрекет, дербес және ұжымдық шығармашылық арқылы ынтымақтастыққа үйретуді көздейді.

Жеке тұлға әр түрлі іс-әрекет арқылы дамып қалыптасады. Іс-әрекет – адамның айнала қоршаған ортаға қарым-қатынасын белсенді түрде білдіретің ең маңызды форма.

Іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру, оның өмірге қөзқарасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді.

Шығармашылық іс тек көз алдау үшін жасалмайды, онда балалардың күш-жігері жаңа мүмкіндіктері, ұшқыр ойлары көрініс береді.

Әрбір шығармашылық іс өзінің сипатына қарай бір-бірінен ажыратылады.

1. Еңбекке баулитын шығармашылық іс. Оның негізгі мақсаты айнала қоршаған орта туралы балалар білімін молайту, қуанышты өмір негізі еңбек екндігіне балалардың сенімін, көз қөзқарасын қалыптастыру, еңбекті өз еркімен, шығармашылықпен істеуге үйрету.

2. Танымдық – қабілет пен білімді дамытатын шығармашылық іс.

Танымдық шығармашылық іс өмірде әлі сыры ашылмаған, анықталмаған беймәлім нәрселерді, жұмбақтарды ұжымдық түрде береді.

Танымдық шығармашылық іс оқушылардың білімге ұмтылуын, табандылығын, байқағыштығын шығармашылық ойлауын, рухани байлығын дамытады.

3. Көркем өнерге баулитын шығармашылық іс. Бұл шығармашылық іс мақсатты түрде балалардың эстетикалық талғамын дамытып, өнерге деген рухани мәдениетін көтеріп, жан дүниесін байытады.

4. Спорттық шығармашылық іс. Спорттық шығармашылық шаралардың басты тәрбиелік мәні балаларды спорттық сауықтыру шараларына, дене тәрбиесі сабақтарына шынайы қөзқарастарын дамытып, қоғамның мүшесі болуға дайындау қуатты.

Спорттық шығармашылық іс шапшандық, ептілік, шыдамдылық, батылдық, ерлік қасиеттерінің қалыптасуына көмектеседі.

Шығармашылық шараларды ұйымдастырудың маңызды жақтары бар.

1. Балалардың өз өмірін өздері басқара білуге сенімін қалыптастыру.

2. Оқушылардың ойлауын, қиялын дамыту.

3. Оқушыларды өз беттерімен шешім қабылдауға үйрету.

4. Бала бойындағы қорқыныш, үрей сезімдерін жойып, өзіне деген сенім туғызу.

5. Оқушыларды әр түрлі өнер саласына баулу.

6. Оқушылардың күлкі, әділ-сықақ сезімдерін дамыту.

7. Бала бойындағы рухани күшінің басым жақтарын байқату.

Әрбір істе балаларға өз шығармашылығымен қатысуына, ізденуіне мүмкіндік беруіміз керек. Бала ойы таза шындықтан құралады. Бала тазалығы шындықтан құралады. Бала тазалығы жай аңқаулық емес, тәжірибесіздік, бағалылық. Кейде үлкендер бала жан дүниесіне өзіміздің ой жүйемізді күштеп ендіріп бала психикасына әсер етіп отырамыз. Ал баланың әрбір істегі шығармашылығы үлкен жетістік. Әрбір педагог өз тәжірибесін бала күш-қуаты, шығармашылығымен біріктіруі қажет.

Ұжымдық тәрбие істерді жоспарлау ұжымның жалпы жиынында өтеді. Жоспарлау барысында мынадай мәселелерін ің түйіні шешіледі.

- Бұл істі кім үшін өткізу керек?

- Оны қалай жақсы өткізу керек?

- Бар ұжым немесе жекеленген шағын ұжымдар, еріктерімен қатысқан жөн бе?

- Іске кім басшылық жасау керек?

- Бұл істі қай жерде өткізген қолайлы болады?

- Қашан өткізу керек?

Күрделі тәрбие істері тізбекті-сызба әдісін жоспарлауында болады. Мұндай жоспарды көрнекті және қабылдауға жеңіл болатындай етіп, мақсат міндеттеріді, оларға жету жолдырымен қатынасушыларды жұмыстың формалары мен әдістерін, аралық кезеңдерді айқын көрсету және идеяны түсіну үшін қосымша ақпараттар беру көзделеді . Тізбекті сызбалар көрнекі жерге ілінеді. Өткізілген бөлімдер арнайы белгіні белгіленеді .

Жоспарлау барысында мынадай талаптарды басшылыққа алу керек.

1.Тәрбиелеушінің даярлық деңгейіне сүйену, жас және дербес ерекшелктерін есепке алу.

2.Жоспарға ұжымдық сипат беру. Барлық ұжым мүшелерінің жоспарлауға қатынасуына мүмкіндік туғызу.

3.Оқушылармен бірге жоспарлау тәсілдерімен танысу.

Ұжым тәрбие істі ұйымдастыру технологиясы мынандай қағидаларға негізделеді:

А) Алдағы жұмысының мақсатын нақты айқындау, басынан аяғына дейін толық шолу жасап шығу.

Ә) Әр ұжым мүшесінің нақты міндетін нақты көрсетіп беру

Б) Алдағы жұмысқа бәрін дайындау.

В) Қол жеткізуге болатын нәтижелер мөлшерін бекіту.

Г) Жауапты адамды тағайындау, есеп беру белгілеу.

Д) Әр орындаушыға істі жүзеге асыру бойынша нақты нұсқаулар беру.

Ұжымдық тәрбие іске қатысу, алған қойған мақсатқа жету, жауапкершілікпен бастаған істі аяғына дейін жеткізу биліктілігі , тәртіптілік, орындаушылық тәрбие тұлғалық сапаларды тәрбиелейді. Ұжымық тәрбие істерді ұйымдастыру барысында мына талаптарды басшылыққа алу керек:

1. Әр ұжым мүшесінің құқығы мен міндеттерін нақты анықтау. Атқарған жұмыс туралы кімге және қашан есеп беру тәртібін анықтау.

2. Тәрбие ісіне қатысуына мүмкіндігінің ынтасы бойынша бір ғана жұмыс тапсыру берілген тапсырмамен ауыртпалық түсірмеу, істің ерікті екенін естен шығармау.

3.Оқушының ұйымдастыру дағдыларының қалыптасқанының есепке ала отырып жеңілден күрделіге қарай принципін негізге алу.

4. Балаларды ұйымдастыру біріккен күш керек ететінін күш бірлікте екендігін түсіндіру.

Ұжымдық тәрбие істі мақсатын, жетістігі мен кемшіліктерді айқындап болашақтағы іске нақты шешімдер қабылдау болып табылады.

Ұжымдық тәрбиелік іс талдау үлгісі:

1. Жоспарланған шараның бәрі іске асырылды ма?

2. Іс бағдарламаларының мазмұны қойылған мақсатқа сай болама?

3. Ұйымдастыру деңгейі, қойылған мақсат, міндеттер талапқа жауап берді ме?

4. Тәрбие ісі уақытында өткізілді ме?

5. Қандай жетістіктер болды? Оларға қалай ненің арқасында қол жеткізілді.

6. Қандай кемшіліктер болды, неліктен? Оларды келешекте болдырмаудың жолы қандай?

7. Тәрбие істері оқушыларды қанағаттандырама? Қандай мәселелерді болашақта ескеру керек?

8. Тәрбие істеріне қатысқан әр ұжым мүшесі қандай бағаға ие болды ?

9. Келесі тәрбиелік істер істерде қандай жаңашылдықтар еңгізу керек? Ұжымдық тәрбие істі талдау ұжым жиынында бірлесіп шешіледі жүргізушілер осы мәселені дұрыс шешудің ұжымдық ізденуге бағыт береді. Айтылған пікірлерін ұсыныстарың, құндылықтарың жүйелеп жинайды. Ұжымдық тәрбие істерді талдауға оқушының тікелей қатысуын т.б. әдістер, әңгімелесу, сауалнама, қабырға газеттері немесе шығармашылық есеп арқылы жүзеге асыруға болады.

Ұжымдық шығармашылық істі ұйымдастыру алты кезеннен тұрады.

1-ші кезең: Дайындық жұмысы. Мұғалімдер сынып ұжымымен болашақта атқарылатын шығармашылық істің жоспарын алдын-ала белгілейді, оның нақты тәрбиелік міндеттерін анықтайды, балаларға оның әртүрлі жобасын талқылау ұсынылады, олардың пікірлерімен санаса отыра.

2-ші кезең: Ұжымдық істі жоспарлау. Балалар бұл кезеңде өздері әрекет етеді. Яғни, олар қойылып отырған мәселеге сай оның шешімін ұжым болып немесе топ-топ болып бірлесе қарастырады. Шараның құрылымын белгілеп, нақты жоспарын құрады. Белсенді топ құрылып, жауапты адамдар тағайындалады. Басшысы сайланады.

3-ші кезең: Ұжымдық шығармашылық істі әзірлеу. Ұйымдастыру тобы дайындық жұмыстарының жоспарын құрып, оны нақтылып, қажет болған жағдайда түзетулер енгізеді. Оны ұйымдастыру барысында жекеленген оқушыларға немесе топқа тапсырмалар бөлініп, олардың барысын қадағалап отырады. Сынып жетекшісі бұл кезеңде оқушылардың бастауларына қолдай көрсетіп, олардың шығармашылықпен ынталы жұмыс істеуне себепкер болады. Кейбір жекеленген оқушының бастамасы мен белсенділігін басқаларға үлгі тұтып отырады. Әзірлік орталығын құру үшін уақытша ұйымдастырушы орган іс кеңесі сайланады. Кенесшілер ата-аналар, педагогтар бола алады. Кеңестің мақсаты – жоспарды іске асыру үшін, жоспарды нақтылау, әзірлікке бақылау жасау.

4-ші кезең: Ұжымдық шығармашылық істі өткізу. Бұл кезеңде жоспар нақты жүзеге асады.

Оқушылар алдын ала дайындық жұмыстары және белгіленген жоспар бойынша өздерінің ойларын ұжым болып атқарады. Сынып жетекшісі шараның өту барысында ынталы топқа қолдау көрсетіп, бағыт бағдар беріп, жағымды көңіл-күй тудырып, кейбір кемшіліктер туындап отырса, оны бейресми түрінде түзетіп отырады. Мұнда ұжымдық жоспар іске асырылады. Бұл кезең әр түрлі таңғажайыптарға толы болады.

5-ші кезең: Ұжымдық істің қорытындысын шығару. Шараны өткізіп болғанан кейінгі кезекте, оның нәтижесін қорытындылап, жоспар бойынша қалай белгіленген, ал ол қалай атқарылды деген сұраққа ұжым болып жауап іздейді.Бұл жауапкершілігі мол кезең. Сондықтан, оған оқушылардың барлығы белсенді қатысуын ұйымдастыру сынып жетекшісі үшін маңызы ерекше.

Мұндай жағдайда оқушыларды асықтырмай, олардың өзара талқылауына біраз уақыт және мүмкіндік берген жөн.

Шараның жетістігі мен кемшілігі сарапталып, болашақта оны болдырмаудың жолдары қарастырылады.

Пікір алмасуы барысында оқушылардың ұсыныстарын ескеру қажет.

Сынып жетекшісі онда айтылған пікірлерді қорытындылап, кейбір ұнамдысын өзінің ойын дәптеріне жазып отырады.

Ұжымның жалпы жиынында өткізілген істің қорытындысын шығару.

6-ші кезең: Шығармашылық істің әсерін бақылау.

Ұжымдық шығармашылық жұмыс өзінің ұйымдастыру формасы жағынан бірден бір қолайлы әлеуметтік және педагогикалық құбылыс.

Ұжымдық шығармашылық әрекеттің қандай да бір формасын алмайық, оның нәтижелі болуы мұғалімдер болсын, оқушылар болсын барынша ой фантазиясын, тапқырлығын, өзінше көзқарасын көрсету қажет. Сонда ғана ол олар үшін көңілді де қызықты болады.

Оқушылармен ұжымдық шығармашылық шаралар, сайыстар өткізуге болады, мысалы: «Фабрика» рөлдік ойыны, «Қысқы қарлы операция», «Қарлы ертегі», «Десант», «Рейд» жорық операциялары.

Танымдық аукцион, ауызша журнал, телекөпір, күлкі эстафетасы сайыстары.

Бұл шаралар ұжымдық түрде оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер етеді.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы – олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі. Мысалы, сынып жетекшісі сынып ұжымын ұйымдастыруда оған балалардың белсенді қатынасын ескермесе, ол өктемшілдік басқару жүйесі болып есептелінеді.

Бұған керісінше, оқушылар өздеріне туындап отырған мәселелерді өздері шешіп отырса, онда ол демократиялық жүйе болып саналады.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс.

Сондықтан да оның қозғалмалы күші ең алдымен оқушыларға бағытталған. Себебі, ол өзінің болашақ қоғамдық маңыздылығымен ерекше.

Онай болса, оқушылардың өзін-өзі басқаруы - қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы.

Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:

  • оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдау және оны жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;

  • дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;

  • сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдаған демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;

  • ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп және қоғамдық өмірлерін басқаруға дайын бола білуі т.с.с.

Тәрбиенің гуманистік сипатында оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін құру және дамыту негізгі мәселенің бірі ретінде қарастырылады.

Өзін-өзі басқару арқылы мектеп өмірін демократияландыру идеясы жүзеге асырылады.

Сондықтан қазіргі тәрбие теориясында өзін-өзі басқару идеясы балалар ұжымының негізгі бір қағидасы болып қалыптасты.

Оның мәні, оқушылардың сайланбалы ұйым арқылы сынып, мектеп өмірін басқаруға шынайы қатысуы.

Сол үшін де, өзін-өзі басқару ұйымы шынайы құқыққа ие болып, өзінің әрекетіне іс жүзінде нақты жауап береді.

А.С. Макаренконың көз қарасынша «Өзін-өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес».

Олай болса, өзін-өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.

Өзін-өзі басқарудағы ерекшелік, оның кейбір мүшелерінің белсенділік әрекетінің болуымен сипатталады. Ол тек ерікті жағдайда пайда болады.

Сондықтан да оның жоғары ұйымы ретінде оқушылардың жалпы жиналысы болып табылады.

Ұжымның жасампаз істері – қазіргі кезде тәрбие жұмысы құралдарының ішінде ең өзектілерінің бірі. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесі, ән-жыр көктемі, тақырыптық кештер, т.б. мектепте үйреншікті құбылыстарға айналды. Осындай іс-әрекеттер түрлі жастағы оқушылар жігерін біріктіріп аға ұрпақ өкілдерінің бірлескен қатынастарын дамытуға көмектесуде. Бұл бірлік ұжымдық шығармашылық істер жүйесін оқушылармен тәрбие жұмысында нәтижелі пайдаланудың шарты болып табылады.

Мектеп тәжірибесі болашақ үміт дүниесін алға қоюдың төмендегідей екі жолы бар екенін көрсетеді:

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, мұғалімнің өзі олардың алдына болашақ үміт дүниесін міндет етіп қояды және міндетті шешудің шарттарын және жолдарын көрсетіп, балаларды еліктіреді;

  • өздеріне – болашақ үміт дүниесі ретінде алдына қойған мақсатқа жету жөніндегі оқушылар бастамасын мұғалім қуаттап, оған жету жолдарын табуға көмектеседі.

Мұғалімнің міндеті болашақ үміт дүниесін жүйесін құру және ұжымдық шығармашылық іс-әрекетті пайдалану жүйесіндегі негізгі шарттары қолдану балаларға қажетті сапаларды тәрбиелей отырып, бір міндет шешімінен екіншісіне ұжымды қозғалту болып табылады.

Ұжымның дамыуның бірге ұжымның өзін-өзі басқаруы іске асады.

Өзін-өзі басқару – ұжымдық мақсатқа жету жолындағы, балалардың өз бетімен ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыруы.

Жеке тұлғаға қатысты өзін-өзі басқару мынадай міндеттерді атқарады:

Бейімделушілік (жеке тұлғаның ұжымдағы қарым-қатынасын қамтамасыз етеді).

Біріктірілген (ұжымдық және жеке іс-әрекет түрлерін есептеуге мүмкіндік береді, педагогтар, ата-аналар, балалардың іс-әрекеттерін біріктіреді).

Болжаушылық (диагностика негізінде нақты мақсаттарды анықтауға көмектеседі).

Басқару мәдениетін меңгеру (өздері және ұжым үшін өз беттерімен маңызды шешім қабылдауға мүмкіндік береді).

Балалар ұжымындағы өзін-өзі басқару іс-әрекетті анықтаудаң басталады, ол басқару құрылымын құрып, міндеткерліктер бөлуде ескеріледі.

Сонымен оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару жұмыстарына тоқталайық.

Ұжымның жалпы жиналысы өзін-өзі басқару орталығын сайлайды (оқушылар комитеті, іс кеңесі, т.б.), олардың міндеткерліктерін анықтайды.

Әрбір бала тапсырма алғанда, өзінің міндетін жақсы түсініп, оны орындау жолын іздестіруі тиіс.

Өзін-өзі басқару балаларды еркіндік, жауапкершілік сезімдеріне үйретеді.

Қазіргі кезде көптеген мұғалімдер педагогикалық әрекеттегі тұлғалық – бағдарлық көзқарасқа сай сыныптың көңіл-күйі мен психологиялық жағдайын жақсартуға көңіл бөле бастады.

Олай болса нағыз оқушылар ұжымын қалыптастыруды нәтижелі ұйымдастыру, шынайы әлеуметтік өмірге сай балалардың қажеттілігін ескеріп, мұғалімдермен өзара әрекеттесуінде ынтымақтастық сипат орын алған жағдайда ғана өз жемісін берері анық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]