Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 5.6.7.8.9..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.29 Кб
Скачать

Тақырып 8. Тәрбие формалары

Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүремейтіні анық.

Себебі, оның жан дүниесі тек айналасымен қарым-қатынас жасау үстінде, тәлім-тәрбие, оқу-іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмүнға ие болып отырады.

Сондықтан да, оның айналысатын іс-әрекетіне қоса, бүкіл тыныс тіршілігіне, ұстанған бағытына себеп болатын түрткілер мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі.

Адам баласына ой салатын осындай әртүрлі ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады.

Адамның бір-біріне сенімі жоғалса, тіршілігінің де мәні болмайды.

Сенім адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәрбие жинақтау арқылы екінші жаққа өз тағдырын тапсырады.

Сенім – адамның ерік-жігерін, оның бір-біріне қарым-қатынасының қандай екенін дәлелдейтін ұғым.

Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір-біріне ынтымағы да жойылады.

Сенімсіздік болған жерде топ ыдырайды, іс-әрекет құлдырайды.

Балалар бір-біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады.

Ондай іс-әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады.

Іс-әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты.

Ол - адамның түрлі қасиеттеріне, мақсатына жетуге жан-жақты көмек беретін күш. Соған сәйкес, оның нақты мақсаты мен міндеті, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.

Олай болса, балалардың және жас жеткіншектердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы.

Бала өзінің құрбыларымен қарым-қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады, әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады т.с.с.

Сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын – тұлғаны дамытудың маңыз береді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7 – 18 деп қарастырылған

Жастар қозғалысына назар аударсақ, ол – дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы.

Қайсы бір қозғалыс болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді.

Кенес Одағының тарауымен, соған сәйкес 1990 жылы Бүкілодақтық пионер слетінің шешіміне орай балалар мен жас жеткіншектердің қоғамдың қозғалысының формасы мен басқару өкілдігі тоқтатылды.

Біздің елде де пионер және комсомол ұйымдарының өз жұмыстарын тоқтатуы салдарынан, балалар қозғалысы белгілі бір уақыт аралығында құлдилау жағдайында болды.

Ол мектепте және балалар ортасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесіне кері әсерін тигізді.

Бүгінде жағдай өзгеруде. Көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда, оны ұйымдастыруң әдістемесе және мазмұны жаңаша сипатқа ие болуда.

Қазіргі кездегі балалар қозғалысы жаңа жағдайға байланысты принциптік тұрғыдан өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда ерікті, өзін-өзі басқаратын қоғамдық негізде жұмыс істеуде.

Әрине, бұл тұрғысында мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанымен де, өз әрекеттері барысында олар әлеуметтік жеке мәртебеге ие болуда.

Соған сәйкес, балалар мен жас жеткіншектердің өз қалауы бойынша ұйымдастырылып жатқан бірлестіктерінің мақсаттары – олардың өмір сүріп отырған қоғамның азаматы болып қалыптасуына жағдай

Түдыру, ол үшін олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.

Өзінің бүрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткіншектер қозғалысы ХХ ғасырдың бастапқы кезеңінде «Скауттер» деген атпен тұнғыш рет дүниеге келді (шамамен 1907 жыл).

Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Р. Баден-Поуэлл (1857-1941) болды.

Скаутизм – ағылшын тілінде SCOT, яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді.

Оны құрудағы негізгі мақсат - балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі ұстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]