Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20. Коркем енбек каз .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
185.41 Кб
Скачать

61

Қ азақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы « » ___________

№ ____ бұйрығына 20-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі

№ 115 бұйрығына 21-қосымша

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

  2. Жалпы орта білім беру жүйесіндегі «Көркем еңбек» пәнінің ерекшелігі әртүрлі өнер түрлерін зерделеу, идеяларын өнер тәсілдері арқылы көрсету, әмбебап (тұрмыстық) және арнайы (пәндік) білімдер мен икемділікті, материалдар мен нысандарды түрлендіру және көркем өңдеу дағдыларын, үй шаруашылығын жүргізу, технологиялар мен техниканы қолдану машықтарын иелену болып табылады.

  3. Оқу бағдарламасының мақсаты – өнер және еңбек технологиясы саласында функционалды сауаттылықты қалыптастыру, шындыққа шығармашылықпен қарайтын тұлға дамыту.

  4. «Көркем еңбек» оқу пәнінің бағдарламасы:

1) қоршаған ортада өнер, дизайн мен технология туралы түсінік пен білімді дамытуға;

2) Қазақстан және әлем халықтарының көркем-мәдениет мұрасын оқып үйренуге;

3) өнер мен дизайнның көркем тәсілдері арқылы шығармашылық идеяларды, технологиялық дағдыларды дамытуға;

4) зерттеу, жасау, талдау, нысандарды көркем түрлендіру үдерісінде оқушылардың шығармашылық және сыни тұрғыда ойлау дағдыларын дамытуға;

5) оқу қызметінің барлық түрлерінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы тәжірибе алуға (зерттеу, идеялардың шығармашылықпен іске асыру, жұмыстардың таныстырылымы);

6) жұмыс нәтижесі үшін түрлі ақпарат көздері мен ресурстарының маңыздылығын түсіне отырып, зерттеу мен пайдалануға;

7) эстетикалық, еңбекке баулу, экономикалық, экологиялық, патриоттық тәрбиелеу мен рухани-өнегелік құндылықтарын қалыптастыруға;

8) уақыт, материалдың қасиеті мен басқа да факторлардың әсерін анықтап және оны ескере отырып қызметін өз бетінше жоспарлай алуға;

9) оқу мақсаттарына жетуде бірігіп жұмыс істеуді ұйымдастыру (жеке, жұптық және топтық жұмыс) бойынша тәжірибе жинауға бағытталған.

  1. Оқу бағдарламасының мазмұны материалдарды бес ортақ білім беру бағыттары арқылы оқып-үйренуді қарастырады:

1) Визуалды өнер;

2) Сәндік-қолданбалы шығармашылық;

3) Дизайн және технология;

4) Үй мәдениеті;

5) Тамақтану мәдениеті.

  1. «Визуалды өнер» бөлімінің мазмұны:

  1. Классикалық және заманауи өнер;

  2. Қазақстандық суретшілердің шығармашылы;

  3. Бейнелеу өнері жанрлары мен түрлері;

  4. Сандық өнер (фотосурет, анимация, медиа құралдар);

  5. Бейнелеу (визуалды) өнерінің көркем тәсілдері;

  6. Көркемдік материалдар және техникалармен эксперименттеу бөлімдерін қамтиды.

  1. «Сәндік-қолданбалы шығармашылық» бөлімінің мазмұны:

  1. Сәндік-қолданбалы өнер ерекшеліктері мен негізгі пішіндері, Қазақстанның және басқа елдердің сәндік-қолданбалы өнері;

  2. Сәндік-қолданбалы өнер материалдары, технологиялары мен құралдары;

  3. Ұлттық ою-өрнек;

  4. Ішкі көріністі сәнді безендіру қарастырады.

  1. «Дизайн және технология» (ұлдар) бөлімінің мазмұны:

  1. Негізгі конструкциялық, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды;

  2. Материалдарды өңдеу құралдары мен жабдықтарын;

  3. Материалдарды әртүрлі тәсілдермен өңдеуді;

  4. Әртүрлі материалдардан бұйым дизайнын;

  5. Ұлттық тұрмыстық заттарды дайындау технологиясын;

  6. Қазақстандық және әлемдік сәулет ескерткіштерін;

  7. Макеттеуді;

  8. Ішкі көрініс дизайнын;

  9. Робототехника, көлік құралдарын модельдеуді қамтиды.

  1. «Дизайн және технология» (қыздар) бөлімінің мазмұны:

  1. Негізгі тоқыма, табиғи, жасанды және дәстүрлі емес материалдарды;

  2. Тоқыма материалдарын өңдеу құралдары мен жабдықтарын;

  3. Тоқыма материалдарын әртүрлі тәсілдермен өңдеуді;

  4. Тоқыма материалдарынан бұйым дизайнын;

  5. Сән индустриясын, стиль және образ, ұлттық киім элементтерін дайындау технолоиясын қамтиды.

  1. «Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (ұлдар):

  1. Тұрғын үйдің экологиясын;

  2. Өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін;

  3. Электр қуатының көздері туралы жалпы мәліметтерді, тұрмыстық техника және электр құралдарын қолдану мен жөндеуді;

  4. Тұрмыстық жөндеу жұмыстарын, ішкі көріністі ұйымдастыру мен жоспарлауды қамтиды.

  1. «Үй мәдениеті» бөлімінің мазмұны (қыздар):

  1. Жеке гигиенаны, тұрғын үй экологиясын;

  2. Өсімдік шаруашылығы, сәндік өсімдіктер шаруашылығы, ландшафтты дизайн негіздерін;

  3. Киім күтімі мен ұзақ мерзімді сақтауды қамтиды.

  1. «Тамақтану мәдениеті» бөлімінің мазмұны:

  1. Дұрыс тамақтану негізін;

  2. Дастарқан басында өзін-өзі дұрыс ұстау ережелерін, дастарқанды жабдықтауды;

  3. Тағам әзірлеу технологиясын;

  4. Әлем халықтарының тағамдарын қамтиды.

2- тарау. «Көркем еңбек» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]