- •Психологиялық ойындар
- •1.«Жунглидағы жаңбыр»
- •2. Жағымды сөздер.
- •7. «Қолдағы хат».
- •8. «Көңіл-күй неге ұқсас».
- •9. «Тасбақалардың жүгірісі».
- •10. «Көкөністер арқылы ұрысамыз»
- •11. «Тыныштықты жақсы көретін патша»
- •2 Танысу жаттығуы
- •4 Сөйлемді жалғастыру
- •5 «Бүгінгі менің ойым» деп аталады. Оқушыларға мынандай сұрақтар беріледі.
- •1 Психологиялық дайындық
- •2 Амандасу тренингі
- •3 «Есіміңді бейнеле»
- •4 «Мимика» тренингі Көңіл-күйлерің қалай?
- •6 « Майшам» (шырақ)
1 Психологиялық дайындық
Балалар, ыңғайлы отырып, бір-біріміздің көзімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Әрқашан сендердің көңілдерің көтеріңкі болсын.
Балалар, сәлемдесу сөздерін естеріңе түсіріп, айтып беріңдерші ( Амансыз ба?, Сәлематсыз ба? Деніңіз саума? Қаліңіз қалай тб)
Дұрыс айтасыңдар, адамдар бір-бірімен кездескенде осы жылы сөздермен амандасып, бір-біріне денсаулық, жақсылық тілеп жатады. Сондықтан адамдар әрқашан да осындай жылы сөздерді естігісі келеді. Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға тілектеспін.
2 Амандасу тренингі
Қарым-қатынас амандасудан басталады. Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі-бейнеленсе, онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз. Қол-бейнеленсе қолымызды қысып амандасамыз. Күн- бейнеленсе жақсы ықыласпен сәлемдесеміз. Жүрек-бейнеленсе құшақтасамыз.
3 «Есіміңді бейнеле»
Шарты: Оқушылар өздерінің есімдерін айта отырып есімінің қандай мағына беретінін кім қойғаны туралы мәлімет бере отырып, алдын-ала үлестірген гүлдердің күлтешелерін тақтаға кезекпен-кезек іледі.
Соңынан психолог балалар мына тақтада әдемі гүл пайда болды. Бізде осы гүл секілді өміріміз жайнай берсін, өміріміздің гүлі болыңыздар дегім келеді.
4 «Мимика» тренингі Көңіл-күйлерің қалай?
1 Көңілді болғанда не істейміз?- Қол шапалақтаймыз.
2 Ренжігенде-бұртияды, қабақ түседі
3 Қорыққанда-көздерін жұмады.
4 Қуанғанда, көңілденгенде- күледі.
5 Таң қалғанда-көздері шарасынан шығады.
Мимика-беттің қимылдары арқылы өз сезіміңізді, ойларыңызды, көңіл-күйіңізді көрсету өнері. Сөзге қарағанда бет әлпет, көзқарас адамдарға көп әсер етеді.
5 Адамның айналадағы адамдармен тілдесуі кезіндегі кішіпейілділік, сыпайылық қарым-қатынас жарастығының басты шарты болып табылады. Осыны білетін, іскерлікке зор мән беріп, оның психологиясын терең зерттеген өркениетті елдерде адам бойында бұл қасиетті қалыптастыруға зор мән береді.
Мәселен, Жапонияда адамдар бір-мәнін керсінше атаумен яғни жағымды мағыналы сөздер арқылы білдіреді екен. Тағы бір мысал: Ертеде өте алыс елде бір қала болыпты. Бұл өте мұңлы еді, өйткені бірімен сөйлескенде «жоқ», «білмеймін» деген сияқты сөздерді қолданбауға тырысады екен. Олардың онда не күн жарқырамаған, не бақшалар гүлдемеген, не гүлдері бүршік атпаған. Кісілердің көңілдері жабыраңқы, қайғылы, ал балалары жылап жүреді екен, өйткені аналары оларды еркелетіп, жылы да мейірімді сөздер айтпаған. Өмірлері қуанышсыз еді. Күндердің бір күнінде бұл қалаға бір ақылды сиқыршы ұшып келеді. Ол өте биязы, сыпайы еді. Ол қаланың көшелерімен өтіп жүріп, барлық кісілерге мынандай сиқырлы сөздер айтады: «рақмет», «өтінемін», «рақым етіңіз» оның сөздерінен адамдар күлімдей бастайды. Адамдар биязы, сыпайы, ізетті бола бастағаннан кейін олар күннің жарық шашқанын, бақшалардың гүлдегенін, гүлдердің бүршік атқанын көрді.
6 « Майшам» (шырақ)
Психолог: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын. Ал қазір мен майшамды жағаман. Барлығымыз бір-бірімізбен бірігіп жұмыс жасағанымыз үшін бір жылы сөз айтып май шамды беріп отырамыз.
Қоштасуға майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе, сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек білдіремін.
7 «Гүл»
Балалар әр жерде отырады. Жүргізуші: балалар біз бәріміз енді өсіп келеді (қолдарын созады). Кенеттен баяу жел соға бастайды, гүлдер желмен жан жаққа шайқалады( қолдарын жан-жаққа шайқайды) Бір мезгілде аспанға бұлт төніп , жаңбыр жауа бастайды, гүлдер тонып, бүрсіп жабылады. (қолдарын тізелерінің үстіне қойып бүрсіп отырады) Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастайды, сол уақытта гүлдерде құлпырып, жайнап ашыла бастайды. (балалар үлкен шеңбер жасап, бір үлкен гүл шоғына жиналады)
Қазіргі уақытта көтеріңкі көңіл-күймен жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз. Олай болса бір-бірімізге күлімсірей қарап, сіздерге гүл
Сыйлаймын!
Қорытынды
Адам денсаулығына жақсы қарым-қатынастың әсері мол. Халықта мынадай даналық сөз бар. «Адамның саған қалай қарағанын қаласаң, басқаларға да солай қара». Сондықтан оқушыларды жарасымды қарым-қатынаста болуға шақырамын.
Бізді қоршаған әлем
Тақырыбы: Бізді қоршаған әлем
Мақсаты: 1) Табиғат біздің алтын ұямыз, қоршаған ортамыз, тіршілік
көзіміз екенін, оларды қорғау, аялау, ардақтау біздің мін-
детіміз екенін түсіндіру.
2) Табиғаттың әрбір бөлшегі азамат баласы үшін асқан
байлық, қайталанбас қазына екенін, денсаулықтың қорғаны
екенін ұғындыру.
3) Табиғат аясында өзін мәдениетті ұстауға, қоршаған ортаны
ластамай сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үн қағаз, табиғат туралы нақыл сөздер, табиғат туралы сурет-
тер
Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру
Түрі:
Жүру барысы:
- Балалар, Мұзафар Әлімбаев атамыз:
"Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу-парыз,
Қасиетін ұғу-парыз
Күзетінде тұру- парыз- деп айтқандай кең байтақ еліміз жайлы, бізді қоршаған әлем туралы білуіміз керек.
Мынау біздің үн қағазымыз. Ол бес беттен тұрады. Әр беттің өз тілшісі бар.
1 бетте-бала көңілсіз, ол неге көңілсіз. Ол үшін сөз тілшіге береміз.
1-ші тілші. Ауа туралы жұмбақ айтады
Бір нәрсе жер мен көктің арасында,
Көрінбейді өзі түгіл, қарасы да.
Білінбей жер үстінде жүсе-дағы
Пайдалы адамзаттың баласына.
(ауа)
- Ауа жөнінде кімнің тақбағы, кім қандай ауа туралы пікір айтады?
Балалар ауа туралы такпақ айтады.
Балаларға сұрақтар беремін.
-Ауа арқылы не болады?
-Грипп
-Ауаны не ластайды?
-Машина түтіні т.б
Жер бетінде ауа үнемі қозғалыста болады. Жел арқылы лас ауа екінші жерге жетеді. Лас ауамен дем алу адам өміріне өте зиян. өсімдіктер мен жануарларға да таза ауа керек.
Сондықтан ауаны таза ұстау керек. Ауа таза болса баланың көңілі шат көңілге бөленеді.
2-ші бетте микробтар тұр. Оларды біз тазарттық.
3-ші шеңберге тілші сөйлейді.
Балалар кімнің ән тыңдағысы келеді, кімдер билегісі келеді? Қандай әншіні білесіңдер?
Балалар өз өнерлерін ортаға салады. Балаларға дыбыстар туралы түсіндіремін. Қатты дыбыстар адамға зиянды. Қатты дыбыс адамның құлағын кемітеді. Мына белгілер сол үшін керек. Жағымсыз дыбыстарды қалай жоямыз. Оларды жайлатамыз деп стрелкаларды аламыз.
4-ші шеңберге тілші: Су туралы жұмбақ айтады.
Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді-ол не?
(су)
Су жайлы қандай мақал-мәтелді білесіңдер?
Су қалай ластанады? Мына дақтар микроптар. Ал, енді балалар бұл суды тазалайық. Суды біз барлық тірі жанға пайдаланамыз. Су бар жерде тіршілік өмір бар. Су туралы мағлұмат айтып суды микробтан тазалаймыз. Суымыз тап-таза болды.
5-ші шеңберге тілші сөйлейді:
Балалар табиғат туралы қандай тақпақ, тыйым сөздер, пікір айтамыз.
Балалар:
1. Табиғат адам үшін жаралыпты
Бар қызық табиғаттан таралыпты
2. Ақындар табиғатты анаға теңеген. өйткені онда тіршілік өніп өседі. Шынында да табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамдарға жан-жануарға береді.
Балалар табиғат туралы тыйым сөздер айтады. Құстар, аңдар, өсім-
діктер туралы тақпақтар айтады.
Ал, мінекей, балалар біздің 5-ші шеңберіміз де микроптан тазаланды. Орнына көбелек, құстар, аңдар, жәндіктерді т.б ілеміз.
Енді мына баланы қараңыз. Ол енді күле ме екен. Олай болса күліп тұрған баланы қарайық.
Қорытынды:
Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой деймін. Бізді қоршаған әлем өте таза болу керек. Сонда біз күліп жүреді екенбіз. Табиғат байлықтарын қорғай білу азаматтық борыш. Оны аялап сүйе білейік. Табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.
Бәрі хормен: Табиғаттың панасымыз
Түйіп айтып сөзіміз
Табиғаттың панасы
Біздің мына өзіміз.
Айналамызға көз жіберсек, алуан түсті бояуға шомылған сұлу көріністі байқаймыз. Ол суреттің ішінде ағаш та, бұта да, шөп те, гүл де, өзен-көлде де, тау мен тас та кіреді. Бұлардың бәрі сені қоршаған әлем немесе табиғат деп аталады. Осы әлемнің ішінде барлығымыз бармыз деп аяқтаймын.
