Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.76 Кб
Скачать
  1. Антибиотиктер әсерету спектрі бойынша төрт топқа жiктеледi. Сонымен қатар әр топ екі шағын топқа бөлінеді.

  1. кең спктрлі антибиотиктер грам оң және теріс микробтарға әсер етеді (цефолоспориндер, гентамицин, ампицилин);

  2. тар спектрлі әсер ететін грам теріс және ең баяуланған микробқа байланысты (пенициллин, стрептомицин, эритромицин).

а) антибактериалды антибиотиктер, көбінесе барлық бактерияларға әсер етеді.

б) санырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер, мысалы: кандидоз, аспергиллез және т.б.

в) прозоидтерге қарсы антибиотиктер, мысалы амебиазда – фумагиллин деген тар спектрлі препараттар.

г) қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер, бұл препараттар көбінесе әр түрлі қатерлі аурларда пайдаланылады.

  1. Микробтарға әсер ету механизіміне байланысты антибиотиктер, төрт топқа бөлінеді:

а) микробтардың клетка қабығының синтезiн бұзатын антибиотиктер, олар (пенициллин, цефоласпорин);

б) микробтардың клеткалық мембрана синтезін және молекулалық ұйымды бұзатын антибиотиктер, олар (полимиксин, полиендер);

в) микроптардың ақуызының синтезін бұзатын антибиотиктер, олар (тетрациклин, левомицетин, эритромицин)

г) микробтардың нуклеин қышқылына әсер ететін антибиотиктер, көбінесе қатерлі ісікке арналған антибиотиктер жатады, актиномицин (РНК), рубомицин (ДНК).

Осы жүйелеу, тәсіл арқылы антибиотиктің бактерияға әсер ететін механизімі анықталды. Антибиотиктердің бактериоцидтік және бактериостатикалық әсері болады. Бактериостатикалық әсер, дегеніміз бактериялардың өсуін және дамуын тоқтатады. Бактериоциттік микробтарды бір уақытта құртып жіберетін әсер.

Антибиотиктер әр түрлі аурулардың емінде пайдалы болғанмен, олардың адам организміне тыс зияны да бар: токсикалық реакция, аллергиялық реакция, дисбактериоз, иммунитетті тежейді.

3. «Инфекция» (лат. сөзінен infectio – жұқтыру, зиянды нәрсені еңгіземін) немесе инфекциялық процесс, физиологиялық және патологиялық реакцияларының жиынтығы, патогендi бактериялар еніп және көбейіп қабылдағыш орагнизммен өзара әрекеттесуінде пайда болатын нәтиже.

Инфекциялық процестің негізінде паразитизм феномені жатыр. Инфекциялық процестің пайда болуы, дамуы және аяқталуы үш топ факторлармен анықталады:

  1. инфекциялық процесс қоздырғыштары – микробтардың сандық және сапалық сипаты;

  2. макроорганизм жағдайы, оның микробты қабылдаушылық дәрежесі;

  3. микроб пен макроорганизімге қоршаған ортаның факторларының әсері.

Микробтардың негізгі қасиеттері:

  1. патогенділік

  2. вируленттілік

  3. инвазиялық

  4. токсигендік

Патогенділік син: ауру туғызушылық – ол микробтардың инфекциялық процесс қоздыруды потенциалдық қаблеттілігі, яғни осы микроб үшін табиғи жұғу жағдайында тиісті ие организіміне ену, онда өсіп-өніп көбею, гомеостаздың әр түрлі бұзылыстарын туғызу және микроорганизм жағынан жауап ретінде қарсы реакциялар қоздыру қаблеттілігі.

Осы патогенділікке сәйкес микробтар үш топқа бөлінеді:

  1. патогенділер

  2. сапрофиттер

  3. шарртты-патогенділер

Патогенділербұл адамдарда жұқпалы аурулар тудыратын қоздырғыштар.

Сапрофиттер – грек. sapros – шіріген, phiton - өсімдік, немесе патогенсіздер бұл өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар.

Шартты-патогенділер бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде ішкі ортасына түскенде ауру туғызатын микроорганизмдер. Айналадағы ортада өмір сүре алады.

Вируленттілік – инфекциялық процесс дамуын қоздыра алатын тек қана осы микроб штамына тән өзгермелі индивидуалдық қасиет. Ол патогенділіктің өлшемі, оның сапалық сипаттамасы немесе генотиптің фенотиптік көрінісі.

Зертханалық жағдайда микробтардың вирулентілігін және олардың токсиндерінің күшін летальдық (LD) және инфицирлеуші (ID) дозалары бойынша анықтайды.

Инвазия (лат. invasion – шабуыл, басып кіру) Клеткаға өздері өнімдеп шығаратың ферменттер арқылы (гиалуронидаза, фибринолизин) және табиғи барьерлерді өтіп қоздырғыштың қасиетің инвазиялық деп атайды.

Физикалық-химиялық құрылысы және биологиялық қасиеттері бойынша бактериялардың токсиндері екі топқа бөлінеді: экзотоксиндер және эндотоксиндер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]