- •Негізгі лабораторияның «лас занасында» сақтайтың ережелер:
- •4. Светооптикалық микроскопия.
- •Қоректі орталар келесі талаптарға сай болу керек.
- •Қоректі орталардың классификациясы.
- •3. Микроағзалардың пигменттері, ферменттері, токсиндері.
- •Топырақ микрофлорасы.
- •Су микрофларасы.
- •Ауа микрофлорасы.
- •2. Адам организімінің микрофларасы.
- •Дезинфекцияның екі түрін ажыратады:
- •Биотехнологияның объекттерімен процесстері.
- •Антибиотиктер шығу негізіне байланысты бес топқа бөлінеді:
- •Антибиотиктер әсерету спектрі бойынша төрт топқа жiктеледi. Сонымен қатар әр топ екі шағын топқа бөлінеді.
- •Микробтарға әсер ету механизіміне байланысты антибиотиктер, төрт топқа бөлінеді:
- •Инфекциялық процесстің даму динамикасы.
- •Инфекцияның тарау, жұғу жолдары.
- •Инфекциялық процесстің түрлері.
- •Организмнің спецификалық емес факторлары мен механизмі.
- •Антиген, антиденеге (иммуноголобулиндер) түсініктеме беру.
- •Вакциналар және қанның сары сулары. Қолдану принциптері.
- •1. Патогенді кокктар.
- •Стафилококктар
- •Стафилококктың жіктелуі
- •Культуралды қасиеттері
- •Ферментативті қасиеті.
- •Химиялық және физикалық факторларға төзімділігі
- •2. Грам теріс кокктар. Менингококктар
- •Менингококктар түдыратың аурулар.
- •Морфологиясы.
- •Ферментативті қасиеті.
- •Химиялық және физикалық факторларға төзімділігі
- •Зерттеуге алынатың материал.
- •Негізгі зерттеу әдістері.
- •Энтеробактериялардың жалпы мінездемесі.
- •Ішек таяқшасы.
- •Дизентерия қоздырғышы.
- •Салмонеллез қоздырғыштары
- •Тырысқақ қоздырғышы.
- •Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •3. Кампилобактериоз қоздырғыштары.
- •Хеликабактериоз қоздырғышы.
- •1. Дифтерия қоздырғышы.
- •Көкжөтел қоздырғышы.
- •Туберкулез қоздырғышы.
- •Қазіргі кезде қолданылатын эпидемиялық паротиттің диагностикасы. Лабораторлы диагностика.
- •Сіреспе қоздырғышы.
- •Ботулизм қоздырғышы.
- •Сібір түйнеме қоздырғышы.
- •Бруцеллез ( сарып ) қоздырғыштары
- •Эпидемиялық қайталама сүзек.
- •Эндемиялық қайталама сүзек.
- •Лептоспироз қоздырғышы.
- •2. Риккетсиялар.
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғыштары.
- •Эндемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •Тұмау вирусы.
- •Қызылша вирусы.
- •2. Құтыру вирусы.
- •3. Полиомиелит вирустары.
- •Гепатит вирустары.
- •Адамның иммунды тапшылық вирусы.
- •6. Онкогенді вирустар.
- •Баяу вирусты инфекциялардың қоздырғыштары.
Туберкулез қоздырғышы.
Туберкулез – (tuberculosis; латынның tuberculum – төмпешік) – микобактериялар туғызатын жұқпалы ауру, әр түрлі мүшелер мен жүйелерді (өкпе, асқорыту жолдары, тері, сүйек, зәр шығару және т.б.) зақымдауымен сипатталады.
3 түрлі микобактериялар тудырады: M.tuberculosis (адамдық түрі – адамдарда 92 % жағдайда туберкулез тудырады), M.bovis (өгіздік түрі – 5 % жағдайда), M.africanum (3% жағдайда). Қоздырғышты Р.Кох 1882ж ашқан.
Таксономиясы. Қоздырғыш Firmicutes бөліміне, Mycobacteriaceae тұқымдасына, Mycobacterium туыстығына жатады.
Морфологиясы және тинкториалды қасиеттері. Ұзын, аздап иілген, грам оң, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, Циль-Нильсен әдісімен боялатын таяқшалар.
Дақылды өсіруі. Сүйық орталарда 2-3 аптадан кейін әжімді қабық түзеді, ал тығыз ортада сүйел тәрізді жайылып өседі. Өсіру үшін қолайлы орта – глицерин қосылған жұмыртқалық орта (Левинштеин-Йенсен).
Қолайлы биологиялық үлгі – теңіз шошқалары. Шынының үстінде сұйық ортада микродақылдау жүргізгенде 3 тәуіліктен кейін микроколониялар түзіледі, мұнда вируленттік миобактериялар «өрілген шаш, бұрым» немесе «ширатылған жіп» түрінде орналасады. Бұл феномен корд-фактор деп аталады.
Резистенттілігі. Микобактериялар қоршаған ортаға тұрақты:
шаңда – 10 күн;
кітап, ойыншық үстінде – 3 айға дейін;
суда – 5 айға дейін;
қақырықта 10 айға дейін сақталады.
Қайнатқан кезде 5 минуттан кейін жойылады. Дезинфекциялау үшін хлорамин және хлорлы әктің белсендірілген ертінділерін қолданады.
Эпидемиологиясы. Туберкулез барлық жерде таралған, әлеуметтік мәселе болып табылады. Тұрғындардың зақымдалуы, аурушылдығы және өлім-жітімдігі жеткілікті жоғары, әсіресе төмен дамылған мемлекеттерде. Туберкулезге барлық адамдар жаппай сезімтал. Аурушылдыққа халықтың әлеуметтік жағдайы әсер етеді. Инфекцияның көзі ауру адам, инфекцияның таралу жолы – көбінесе ауа-тамшы жолы, серек тұрмыстық-қатынас арқылы. Эпидемиологиялық қауіптілігі тек ашық формадағы науқастар көрсетеді, қоздырғыш сыртқы ортаға бөлінген жағдайда.
Патогендік және клиникалық белгілері. Жұққан кезде (жасырын кезеңі 3-8 апта) қоздырғыштын енген жерінде алғашқы туберкулезді кешен пайда болады (қабыну немесе қабыну-некрозды реакция), ол таралып және ауруға әр түрлі форма беруі мүмкін - әр түрлі мүшелер мен жүйені зақымдау отырып жеңілден ауыр септикалық күйге дейін. Туберкулез көбінесе өкпені зақымдайды.
Иммунитет. Тұрақсыз және ол ағзада микобактерия болғанда ғана зақымдайды.
Микробиологиялық диагностикасы. Туберкулезді зертханада дәлелдеу үшін әдетте қақырықты, зәрді, бронхтарды шайған су, ми-жұлын сұйықтығы тағы басқаларды зерттейді.
Циль-Нильсен әдісімен боялған жағындының бактериоскопиясы тек зерттелетін материалда микобактерияның мөлшері жоғары болғанда ғана тиімді. Бактериологиялық әдіс: Левинштеин –Йенсен ортасында егу (сұйық және тығыз қоректік орталарға себу тиімді, бірақ 3-4 апта қажет). Серологиялық әдіс пен биологиялық әдіс (теңіз шошқасы мен қоянды зақымдайды) қолданылады.
Емдеуі. Изониазид, рифампицин, этамбутол, протионамид, пиразинамид, циклосерин, стрептомицин, канамицин, флоримицин, пара-аминосалицил қышқылы тағайындалады.
Сақтандыру. Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы кешенді шаралар қолданады (кәсіпорындардың, мектептерде, балалар мекемесінде және тағы басқалардың санитарлық жағдайы, аураларды анықтау, жанұяларды тіркеу, диспансеризациялау, эпидемиологиялық бақылау). Тірі вакцина енгізу жолымен спецификалық сақтандыру іске асырылады – ВЦЖ. Жаңа туған балаларға егу тері ішінде, келесі ревакцинациялау 7, 12 және 17 жаста жүргізіледі. Ревакцинация алдында Манту сынамасын қояды. Реакция оң болса, ревакцинация жүргізбейді.
Жедел респираторлы аурулар дегеніміз – тыныс алу жолдарының зақымдауымен жүретін полиэтиологиялық аурулар тобы. Осы инфекциялар тобына барлық инфекциялардың 20% жатады. Таралу жолы - аэрогендi. Берiлу жолдары :ауа - тамшы (қоздырғыштың сыртқы орта факторларының әсерiне әлсiз тұрактылығы ) ауа- шаң (қоздырғыштың сыртқы орта факторларына жоғары төзімділігі) Қоздырғыштың орналасуы: ауыз қуысы, жұтқыншақта, тыныс алу жолдары.Қоздырғышың таралуы - жөтелу, түшкіру, әңгімелесу кезінде. Тыныс алу жолдары ауруларының эпидемиологиялык ерекшеліктері: Таралу жолының жеңіл болуы. Соған байланысты кездесу жиілігі жоғары. Қызылша,қызамық,желшешек сияқты инфекцияларды жұқтыру жиілігі жоғары. Бұл аурулар эпидемия немесе пандемия түрінде өтеді.
Қызылша – жалпы интоксикациямен жоғарғы тыныс жолдарының катары, патогномиялық Бельский-Филатов –Коплик дақтарының болуы, коньюктивит пен дақты папулезді бөртпемен көрінетін жедел жұқпалы ауру.
Инкубацилық кезеңі 9-17-21 күн.
Ауру кезеңдері:
Катаральды кезеңі дене температурасының 38-39 С дейін жоғарлауы мен жоғары тыныс жолдарының катары мен конъюнктивиттің болуымен сипатталады. Осы кезеңде азу тістерінің маңайында ұрттың шырышты қабатында немесе еріннің шырышты қабатында және қызыл иекте ақшыл-сұр қызыл шекаралары бар Бельский-Филатов-Коплик дақтарының болуы.
Бөртпе кезеңі қайта дене қызуының жоғарлауымен жалпы жағдайының нашарлауымен көрінеді. Бірінші элементтер құлақ артында мұрын арқасында пайда болады, алғашқы күннің соңына қарай бөртпе бүкіл бетті мойынды және кеуде мен арқаның жоғары аймағына тарайды.
Екінші күні бөртпе дененің бүкіл аймағына және қолдың жоғарғы беткейі, үшінші күндері аяқ пен бүкіл қолдың беткейіне тарайды. Бөртпенің кезеңділігі – қызылшаның маңызды диагностикаылық белгісі.
Бөртпелі кезеңде қызылшамен ауыратын науқастың беті ісінген, қабағы қалыңдаған, мұрны мен жоғарғы ерні ісінген, көзі қызарып, мұрыннан көп мөлшерде іріңдеген бөліністердің болуы.
Қызылша бөртпесі көбінесе күнгірленіп, қоңыр түске боялады- пигментация кезеңі басталады.
Қызылшаның реконволесценция кезеңінде астения жағдайы көпке дейін болады.
Көкжөтел – циклдық ағымды жоғарғы тыныс жолдарының катары мен ұстамалы жөтелмен, айқын емес интоксикациямен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
КАТАРАЛЬДЫ КЕЗЕҢ. Ауру біртіндеп басталады.Құрғақ жөтел, кейде дене температурасының шамалы жоғарлауымен, мұрыннан су ағуымен жүреді. Спазматикалық кезеңде спазматикалық жөтелдің айқын ұстамалары, спазматикалық кезеңнің ерекшелігі дем шығарғанда жөтел толқындарының сериялылығы.Жөтел толқындарынан кейін дауыс саңылауы спастикалық тарылғаннан тыныс алуы ысқырықты дыбыспен (реприз) шығады.Кейін қайта жөтелу толқындары мен сықырықты тыныс алуы жүреді.
Спазматикалық хөтел кезінде науқастың беті қызарып көгереді, мойын көктамырлары ісініп, көзі жасаурайды, басы алдына қарай тартылып, тілі сыртқа шығып,төменгі тістерімн жарақаттанады.
Қызамық . Қызамықтың типтік формалары инкубациялық, продормальды, бөртпелі, реконволесценция кезеңдерінің циклдылығымен ерекшелінеді.
Инкубациялық кезең :орташа 13-24 күн.
Продромальды кезең бірнеше сағаттан 1-2 күн, айқын емес симптомдармен жүреді..
Бөртпелі кезең – экзантема, айқын емес интоксикация, өкпеле катаральды көріністерімен сипатталады. Бөртпе- ұсақ дақты, ақшыл-қызғылт түсті, локализациясы- бет пен жазғыш беткейлерінде.
Полиаденит – қызамықтың тұрақты белгісі, артқы мойын және шүйде лимфа түйіндерінің ұлғаюымен сипатталады.
Реконволесценция кезеңі жайлы өтеді.
Желшешек- қызба, тері мен шырышты қабаттарында полиморфты папула-везикулярлы бөртпе мен интоксикациямен жүретін жедел жұқпалы ауру.
Инкубациялық кезең- 11-21 күн.Жедел басталады.Дененің қызуы жоғарылайды, бастың шаш аймағында папула- везикулялы бөртпемен сипатталады.
Эпидемиялық паротит
Продромальды кезең астеновегетативті, катаральды және диспепсиялық симптомдармен жүреді. Продром кезеңі 1, кейде 2-3 күн
Ауру жедел басталады. Дене қызуы 39-40°С, ауызды ашқанда және шайнағангда ауырсынуы, құлақ маңы сілекей безінің ісінуі мен ауырсынуы, кейде жақасты және тіл асты сілекей бездері де зақымдануы мүмкін.Науқастың беті торай тәріздес, құлақ маңы өзегі мен ұрттың шырышты қабатында қызару мен ісінуі байқалады.( Мурсон симптомы оң )
Эпидемиялық паротитте жиі орхит, панкреатит, серознды менингит, менингоэнцефалит және басқа аурулар дамиды.
Қазіргі кезде қолданылатын эпидемиялық паротиттің диагностикасы. Лабораторлы диагностика.
Вирусологиялық әдіс-науқастардан вирусты бөліп алу ческий метод - выделение вируса от больных
Экспресс әдіс –иммунофлюорисценция-жеңіл, тез, ыңғайлы, люминисцентты микроскопия көмегімен..
Бактерилогиялық әдіс..
Серологиялық әдіс-РГГА, РПГА, РСК.
Микоплазмалық инфекцияда қосымша қоздырғыштың қанында, қақырықта микробиологиялық бөліп алуы.
ПЦР диагностика
Емі
Науқасты күту тәуелі және тәуелсіз кірісулерге байланысты жүргізіледі.
Тәуелді кірісулер: Дәрігер тағайындауларын орындау(дәрі қабылдау, парентеральды процедуралар, бактериологиялық және клиникалық зерттеуоерге материалды алу). Тәуелсіз кірісулер:
-дене қызуын және АҚ өлшеу, нәжіс пен зәрді қарау. – науқасқа қатал төсек режимін сақтау;
-диетаны,сұйықтықты қабылдауды сақтау .
- науқастың жалпы жағдайын қадағалау.
- науқас төсегінде өтпелі дезинфекцияны жүргізу.
Емдеу принциптері:
Базис-терапия
Симптоматикалық терапия
Этиотропты терапия
Патогенетикалық терапия
Эпидемиялық паротит
Продромальды кезең астеновегетативті, катаральды және диспепсиялық симптомдармен жүреді. Продром кезеңі 1, кейде 2-3 күн
Ауру жедел басталады. Дене қызуы 39-40°С, ауызды ашқанда және шайнағангда ауырсынуы, құлақ маңы сілекей безінің ісінуі мен ауырсынуы, кейде жақасты және тіл асты сілекей бездері де зақымдануы мүмкін.Науқастың беті торай тәріздес, құлақ маңы өзегі мен ұрттың шырышты қабатында қызару мен ісінуі байқалады.( Мурсон симптомы оң )
Эпидемиялық паротитте жиі орхит, панкреатит, серознды менингит, менингоэнцефалит және басқа аурулар дамиды.
