Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

дене шынытыру

.docx
Скачиваний:
56
Добавлен:
06.03.2016
Размер:
20.45 Кб
Скачать

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Дене шынықтырудың маңызы міндеттері

2.Дене шынықтыру кезінде өзін-өзі бақылау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Өзін-өзі бақылаудың дене тәрбиесі және спортпен айналысатын студенттер үшін үлкен тәжірибелік маңызы бар. Ол дене тәрбиешілері м ен спортшылардың үлгерімін қарастырады, өзін-өзі талдау дағдысын сіңіреді, дәрігердің, жаттықтырушының және дене тәрбиесі оқытушысының жұмысын барынша тиімді етеді және спорт нәтижелерінің өсуіне ықпал етеді. Өзіндік бақылау-бұл өзінің денсаулығынды, дене дамуынды, қызмет жағдайынды, көтеретін жарыстық және жаттықтырулық жүктемелерінді қадағалау жүйесі:

- өз денсаулығыңа көңіл бөлу қажеттігін түсіну;

- өзіндік қадағалаудың қарапайым әдістерін меңгеру және қадағалау нәтижелерін жазып алудың қарапайым амалдарын үйрену;

- өзіндік бақылау көрсеткіштерін бағалап және талдауды үйрену;

- алған білімді тәжірибеде қолданып, бекіту.

Өзіндік бақылау, ағзаның объективті және субъективті жағдайын талдап, бақылауды карастырады. объективтіге санмен өлшеп, түсіндіруге болатын көрсеткіштерді, мысалы, антропометрлік-дене ұзындығы мен оның салмағы, кеуде қуысының қоршауы, т.б.; қызмет көрсеткіштерін-ЖЖЖ, тыныс алу тереңдігі мен жиілігі- ӨӨС және т.б.; жеке бұлшықет топтарының күш көрсеткіштері, спорт нәтижелерін қарастырады. субъективті көрсеткіштерге өзіндік сөзінуді, көңіл-күйді, қажуды және шаршауды дене жаттығуларымен айналысуды қалауы немесе қаламауы, жарыстардан қорқу, ұйқы мен тәбеттін бұзылуы, өз жұмыс қабілеті мен оның өзгергенін сөзінуді және т.б. жатқызуға болады. Ұйқы-адам ағзасы қалпының өте нәзік көрсеткіші қатты, бірқалыпты және мазасыз ұйқыны, сонымен бірге ұйқысыздық деп те ажыратады. Ұйқының ұзақтығын, оның бұзылуын, м ысалы қиналып ұйқыға кетуді ескеру қажет . Тәбет-жақсы, қанағаттанарлық және нашар болып бөлінеді. Тәбеттің жоғалу ауру жағдайына немесе жаттықтыру тәртібінің бұзылуына байланысты. ЖЖЖ (пульс)-адам ағзасы жағдайының барынша мағлұматты көрсеткіші, оның жүрек -тамыр және тыныс алу жүйесінің шыныққандығы туралы мәлімет береді. ЖЖЖ тыныштық жағдайында әр адамда әртүрлі болып өзгереді, мысалы, 40-тан 70-80 рет минутына соғады. Қыздар мен әйелдерге жүрек соғысы жиірек, минутына 5 рет соғады көлемі мен қарқыны бойынша орташа жүктемелерде ЖЖЖ 130-150-ге, ал елеулі, үлкен жүктемелерде 200-ге дейін және одан да көп жүрек соғысы болады (минутына). Тыныс алу. Тыныс алу аппараттары мүмкіндігі туралы көп мағлұмат беретіні ӨӨС-көрсеткіші, ол адам терең тыныс алғаннан кейін шығарған ауаның үлкен көлемі болып табылады. ӨӨС-ті есептеу сулы немесе құрғақ спидометрмен, әдетте жаттықтыруға дейін және одан кейін өлшенеді. 16+18 жастағы жігіттер үшін орташа көрсеткіш-4000-4500 см3, ал осы жастағы қыздар үшін 300-3500 см3 шегіндегі көлемді айтады. Дене тәрбиешілері мен спортшыларда бұл көрсеткіштер заңды түрде жоғары болады, ал жекелеген жағдайларда 6000-7000 см3-ке жетеді. ӨӨС рекордты көрсеткіштерін жүзушілер, шаңғышылар көрсетеді.Дене салмағы. Өзіндік бақылауда дене салмағын қадағалауға көп көңіл бөлген жөн. Оны мүмкіндігінше апта сайын бірдей уақытта, бір таразымен, оның алдын ала дұрыстығын тексеріп барып өлшеу керек. Әдетте дене салмағы денсаулық жағдайына, су мен тамақтану тәртібіне, оқу, өндірістік және жаттықтыру жүктемелеріне, жыл мезгіліне, ауа райына және басқа әсерлерге байланысты болады. .Мына мәтел әділ айтылған: «Ақша жоғалтсаң – ештеңе де жоғалтпағаның, уақыт жоғалтсаң – көп нәрсені жоғалтқаның, денсаулығыңды жоғалтсаң – бәрін де жоғалтқаның». Бірақ біз өз денсаулығымызды әрқашан да күтіп, оны жақсартып отырамыз ба?Айқын жасалған күн реттелімі денсаулықты сақтауға көмектеседі. Тамақтану, ұйқы, гигиеналық тазалық және басқаларын белгілі бір дағдыланған мезгілде орындау пайдалы. Айқын жасалған күн реттелімінің арқасында ағзаға түсетін ауырлық бірқалыпты болады, жұмсалған күш тезірек, әрі толық қалпына келтіріледі, ағза мезгілінен тез қажымайды.Дене еңбегі денсаулықт нығайтады. Қазіргі заманғы адам аз қозғалады. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығында механикаландырылмаған еңбектің үлесі үнемі кеміп , көлік құралдары жетілген, адамның ойын-сауыққа қажеттілігін теледидар айтарлықтай қанағаттандыруда. Соңғы онжылдықта ғылыми әдебиеттер мен мерзімді баспасөзде гиподинамия деген сөз айтарлықтай кең таралуда. Ол гректің «гипо» - астында, төменде және «динамис» - күш жиынтығы деген сөздерінен шыққан. Демек, гиподинамия – бұл жеткіліксіз дене (күш) жұмысы дегенді білдіреді. Бұл жағдай көптеген адамдардың өміріне тән ерекшелікке айналып отыр. Қазіргі кезде негізінен жүрек-тамыр аурулары дене еңбегін қажет етпейтін жұмыспеy айналысатын, аз қимылдайтын адамдар арасында аса көп тараған. Гиподинамия кезінде жүрек қызметі әлсірейді , дене салмағы артады, бұлшық ет бөліктері әлсірейді. Бұлшық ет пен психологиялы қ әрекет арасындағы қалыпты арақатынастың бұзылуы орталық жүйке жүйесінің шамадан тыс қозуына әкеліп соғады, оның ауруларға төзімділігі кеміп, жұмыс қабілеті төмендеп, қартаю кезеңі тездейді. Үнемі шамаға лайықты дене еңбегін атқару - ағзаны қажытпайтынын былай қойғанда, оның ауруларға төзімділігі мен шыдамдылығын арттырады. Үнемі табиғат аясында, таза ауа, су, күн көзінде болу, адамға денсаулықты нығайтып, дертті жеңуге көмектеседі. Таза ауада ағзаға жеткілікті мөлшердегі оттегі болады және ол ширақ та ойнақы көңіл-күй, жоғары жұмыс қабілеті болуына жәрдемдеседі. Қауырт жұмыстан, адамдармен белсенді қарым-қатынастан соң: көлге, орманға барып демалу, жидек теру, шаңғы тебу, шомылу немесе саяхатқа шығу өте пайдалы. Демалыстың мұндай әдістері адам жүйкесіне игі әсер етеді.Дене тәрбиесі - денсаулықты нығайтуға, тіршілік үшін маңызды дағдылар мен ептіліктерді игеруге, жоғарғы жұмыс қабілетіне жетуге бағытталған. Оның еңбекке даярлауда зор маңызы бар. Мұнда адамның жылдамдық, күш, ептілік, төзімділік секілді дене қасиеттерінен басқа: табандылық, ерік, мақсаттылық, шешімділік, өзін-өзі ұстай білу секілді бағалы психологиялық қасиеттері де дамиды. Алуан түрлі дене жаттығулары, қимылды ойындар, спорт, дене тәрбиесінің құралдары болып табылады. Олармен үйде, мектепте, спорт және туристік үйірмелерде, балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептерінде айналысады. Әр түрлі бұлшық ет топтарын, буындар мен сіңірлерді ұдайы жаттықтыру - олардың атқаратын қызметі мен үйлесімділігін күшті дамытады. Дене еңбегі ағзаның мүшелерін жаттықтырады, қимыл мүшелерінің қалыпты жұмыс істеуін, зат алмасу бөліктерін қамтамасыз етеді. Белгілі мөлшерде әр түрлі жаттығуларды күн сайын орындап отыру, оларды алдын-ала белгіленген көлемде, өзіңді ешбір босаңсытпай, дұрыс істеуге тырысу - белгілі әдетті, одан соң бұлжытпай орындау мұқтаждығын қалыптастырады. Осының арқасында оқушының тәртіптілігі артып, оның еркі нығаяды.

Дене тәрбиесі ағзаға дамытушы, жетілдіруші және оңдаушы түрінде әсер етеді. Ол омыртқа жотасының қисаюы, бүкірлік секілді мүсін кемшіліктерін жоюға мүмкіндік береді, дене шынықтыру жаттығуларының жәрдемімен көкірек қабысыңқылығы, иық қушықтығын, бұлшық ет әлсіздігін оңдауға болады. Сонымен қатар, дене шынықтыру жаттығулары адамның психикалық күйін, сыртқы көрінісі мен көңіл-күйін жақсартып, жалпы тіршілік әрекетін арттырады.Дененің жетіліп, мүсіннің дұрыс қалыптасуы үшін күнделікті жаттығуларды неден бастап, қалай аяқтау керек екендігін білгені абзал. Ұйқыдан оянғаннан кейін, тіршіліктің бастамасы – таңертеңгі бой жазу жаттығуларын орындау. Ертемен алғашқы рет бой жазғанда: демді ішке алу, демді сыртқа шығару кезінде-ақ өкпе кеңейіп, оттегімен толады да, көмір қышқылы сыртқ а шығарылады. Жүрек соғуы жиілеп, барлық мүшелерге, олардың ішінде дене шынықтыру кезінде біртіндеп қызу жұмысқа араласа бастаған бұлшық еттерге де қан жүгіре бастайды. Кеудеге, аяққа, қолға, мойынға арналған әр түрлі дене жаттығулары барлық бұлшық еттерді созылғыш, буындарды икемді етеді. Міне, сондықтан да ертеңгі дене шынықтыру жаттығуларынан кейін, бүкіл дене икемді, қозғалғыш келеді. Ертеңгі дене шынықтыру - міндетті түрде салқын суға жуынумен аяқталуы керек. Демек, дене тәрбиесі, дене шынықтыру жаттығулары баланың ағзасын тұтас қатайтады. Тек қана олар баланың жасына, күш-қуатының шамасына, денсаулығына сәйкес болуы және демалыспен алмасып отыруы жөн.к жағынан да, көрнекілік жағынан да пайдалы.Дәрігерлік бақылауды ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері мен түрлері. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы көрсеткіштер мен қарама-қайшылықтарАдам денсаулығын нығайту-дене тәрбиесі жүйесінің басты міндеттерінің бірі . Барлық дене тәрбиесі мен спорт шараларының сауықтыру қағидаларын сақтауды маман-дәрігерлер қадағалайды, олардың осы ғылыми-тәжірибелік қызметі дәрігерлік-бақылау деп аталады.Дәрігерлік бақылау дене жаттығуларымен және спортпен айналысатындардың дене дайындығын, дене дамуын, денсаулығын нығайтуға және үйренуге бағытталған.Дене тәрбиесі барысында студенттерді дәрігерлік бақылаудың мақсаты дене тәрбиесі мен спорт құралдарын денсаулықты нығайтуға, дене дамуы деңгейін көтеруге, қыздар мен жігіттердің спорт нәтижелеріне үздік жетуі үшін дұрыс қолдана білуге жәрдемдесу болып табылады. Дәрігерлік бақылауға мынандай жеке міндеттер қойылады.

а) оқу-жаттықтыру сабақтарын, дене тәрбиесі мен сауықтыру шараларын және спорт жарыстарын ұйымдастыруда тазалық-гигиеналық және емдеу-алдын алу талаптарын орындауды қадағалау;

ә) дене тәрбиесі мен сауықтыру, көпшілік спорт шараларының жоғары әсерлілігін қамтамасыз ету; оқушылардың өмірі мен тұрмысына дене тәрбиесі мен спорт құралдарын ендіру;

б) әртүрлі дене жаттығулары мен спорт түрлерін сауықтыру мақсатында өз бетінше пайдалану үшін оқушылар сауаттылығын көтеру

.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Yandex.kz сайты

  2. “ Дене тәрбиесі негіздері” Жарықбаев Қ.Б. 2008ж

  3. K.k.sport.kz