- •Негізгі лабораторияның «лас занасында» сақтайтың ережелер:
- •4. Светооптикалық микроскопия.
- •Қоректі орталар келесі талаптарға сай болу керек.
- •Қоректі орталардың классификациясы.
- •3. Микроағзалардың пигменттері, ферменттері, токсиндері.
- •Топырақ микрофлорасы.
- •Су микрофларасы.
- •Ауа микрофлорасы.
- •2. Адам организімінің микрофларасы.
- •Дезинфекцияның екі түрін ажыратады:
- •Биотехнологияның объекттерімен процесстері.
- •Антибиотиктер шығу негізіне байланысты бес топқа бөлінеді:
- •Антибиотиктер әсерету спектрі бойынша төрт топқа жiктеледi. Сонымен қатар әр топ екі шағын топқа бөлінеді.
- •Микробтарға әсер ету механизіміне байланысты антибиотиктер, төрт топқа бөлінеді:
- •Инфекциялық процесстің даму динамикасы.
- •Инфекцияның тарау, жұғу жолдары.
- •Инфекциялық процесстің түрлері.
- •Организмнің спецификалық емес факторлары мен механизмі.
- •Антиген, антиденеге (иммуноголобулиндер) түсініктеме беру.
- •Вакциналар және қанның сары сулары. Қолдану принциптері.
- •1. Патогенді кокктар.
- •Стафилококктар
- •Стафилококктың жіктелуі
- •Культуралды қасиеттері
- •Ферментативті қасиеті.
- •Химиялық және физикалық факторларға төзімділігі
- •2. Грам теріс кокктар. Менингококктар
- •Менингококктар түдыратың аурулар.
- •Морфологиясы.
- •Ферментативті қасиеті.
- •Химиялық және физикалық факторларға төзімділігі
- •Зерттеуге алынатың материал.
- •Негізгі зерттеу әдістері.
- •Энтеробактериялардың жалпы мінездемесі.
- •Ішек таяқшасы.
- •Дизентерия қоздырғышы.
- •Салмонеллез қоздырғыштары
- •Тырысқақ қоздырғышы.
- •Ішек иерсиниозының қоздырғышы
- •3. Кампилобактериоз қоздырғыштары.
- •Хеликабактериоз қоздырғышы.
- •1. Дифтерия қоздырғышы.
- •Көкжөтел қоздырғышы.
- •Туберкулез қоздырғышы.
- •Қазіргі кезде қолданылатын эпидемиялық паротиттің диагностикасы. Лабораторлы диагностика.
- •Сіреспе қоздырғышы.
- •Ботулизм қоздырғышы.
- •Сібір түйнеме қоздырғышы.
- •Бруцеллез ( сарып ) қоздырғыштары
- •Эпидемиялық қайталама сүзек.
- •Эндемиялық қайталама сүзек.
- •Лептоспироз қоздырғышы.
- •2. Риккетсиялар.
- •Эпидемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғыштары.
- •Эндемиялық бөртпе сүзегінің қоздырғышы.
- •Тұмау вирусы.
- •Қызылша вирусы.
- •2. Құтыру вирусы.
- •3. Полиомиелит вирустары.
- •Гепатит вирустары.
- •Адамның иммунды тапшылық вирусы.
- •6. Онкогенді вирустар.
- •Баяу вирусты инфекциялардың қоздырғыштары.
3. Микроағзалардың пигменттері, ферменттері, токсиндері.
Колониялардың түсі бактериялардың пигмент түзуімен байланысты. Пигменттер түсі, химиялық құрамы және ерігіштігімен ажыратылады.
Пигменттер бактерияларды УК-сәулелерден сақтандырады, улы оттегі радикалдарын залалсыздандырады, антибиотиктерден қорғайтын қаблеттерге ие болады.
Бактериялар өндіретін пигментер ішінде:
каротиноидтар – қызыл, сары және ашық қызыл түсті майда еритін пигменттер.
пирролдылар – спиртте еритін пигмент.
фенозинділер – суда еритін пигмент пиоцианин жатады, ол қоректік ортаға бөлініп, оны бояйды.
меланиндер – қара және қоныр түсті ерімейтін пигменттер.
Бактериялардың ферменттері.
Бактерия жасушаның барлық метоболиттік реакциялары негізінде 6 сыныпқа жататын ферменттер арқылы атқарылады: оксиредуктазалар, трансферазалар, гидролазалар, лигазалар, лиазалар, изомеразалар. Бактерия жасушасы түзетін ферменттер жасушаішілік эндоферменттер немес қоршаған ортаға бөліп шығарылатындар экзоферменттер деп бөлінеді.
Микроб токсины дегеніміз – микробтың тіршілік әрекеттерінде пайда болған улы зат, ол ауру тудырады немесе өлімге соғады. Экзотоксин микробтын ішінен сырқа бөлінеді, эндотоксин микроб организімі ерігенде, бұзылғанда ғана бөлініп әсерін білдіреді.
Микробтардың ферментативтік қасиеттері бар: протеолитикалық, сахаралитикалық және гемолитикалық.
Сахаралитикалық касиет деген, ол қантты және көп атомды спирттерді қышқылға немесе қышқылмен газға дейін ажыратады. Бұл қасиетті Гисс, Эндо, Плоскирев орталарында зерттейді.
Протеолитикалық қасиетті желатин, сүт, қанның сары суы және пептоны бар орталарда зерттейді. Желатинды ферменттейтін желатинды ортада өскенде, оны сұйылтырады.
Микроорганизмдердің гемолитикалық қасиетін қаны бар агарда зерттейді. Сұйық орталар эритроциттер бұзылғанда мөлдір болады, ал қатты орталарда колониялардың айналасында мөлдір зона пайда болады.
4. Бактериофагтар («бактерия» және гректің phagos – жалмаушы) бактерияға спецификалы енетін, оларды толық жойғанша (лизистегенше) ішінде паразиттенетін бактериялардың вирустары. Фагтардың мөлшері 20 дан 800 нм болады. Фагтардың басы және қүйрық сиыяқты өсіндісі бар фагтар нуклеин қышқылы мен белоктан тұрады. Нуклеин қышқылы спираль тәрізді фагтың басында орналасады. Фагтың арнайы қасиеті бар: білгілі бір фаг микроорганизмдердің тек белгілі бір түрлерінде ғана паразиттік түрде өмір сүреді. Фагтар қай микробтың организімінде өмір сүрсе сол микробтың атымен аталады. Мысалы: колифаг, стафилофаг, актинофаг, микофаг т.б.
Фагтың жасушаға ену стадиясы:
фагтың клетка қабырғасына адсорбция жасауы немесе орналасуы.
фагтың нуклеин қышқылының клеткаға енуі.
белок пен нуклеин қышқылы клеткаға тарап бөлініп жайылады.
осы белоктарда жаңа фагтар пайда болады.
микроб клеткасы еріп кетеді де жаңа құралған фаг клеткадан шығады.
Әрекеттесу түріне байланысты, вирулентті және әлсіз бактериофагтарды ажыратады. Вирулентті фагтар бактерияны лизистеп сыртқа шығады. Әлсіз фагтар клетканың бір бөлшегін ғана ерітеді, бірақ клетка өлмейді. Фагтар өзіне сезімтал микроорганизмдер бар жерлерде өмір сүреді: суда, топырақта, адам және жанауарлар бөлген сұйықтықтарда болады. Адам вирустарына қарағанда, бактериофагтар қоршаған орта факторларына төзімді болып келеді. 65-700 С температурада, жоғары мөлшерде УК-сәулеленудің, иондаушы радиация, формалин және қышқылдар әсерлерінен инактивацияланады.
Екі пробиркаға ет пептон сорпасын бірдей мөлшерде құйып 1 тамшы микроб культурасын егеді, біреуіне осы микробтың фагын қосады. Екінші пробиркасын (бақылау) 18-24 сағатқа термостатқа (37)-қа қояды. Осының нәтижесінде бақылау пробиркасында микроб өскендіктен лайланады, ал сынақ пробиркасында, спецификалық фаг микробы лизисқа үшырататындықтан өсу болмайды, сондықтан фаг микробтарды лизисқа үшыратады.
Бактериофагтарды жұқпалы ауруларға зертханалық диагноз қоюда, бактериялардың түрілік идентификациясын анықтауға қолданады. Фагтарды сондай-ақ бірқатар ауруларды емдеу және алдын алу үшін пайдаланады.
ДӘРІС
Тақырып: «Микробтардың экологиясы – микроэкология. Сыртқы ортада микробтардың таралуы. Микробтарға сыртқы орта факторлардың әсері. Сыртқы ортада микробтарды жою. Санитарлы микробиология».
1. Микроорганизмдер экологиясы – (oikos грек. созінен –үй, тіршілік ету орны) микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді.
Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организімінде және жанураларда, комсоста да табылады.
