Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.76 Кб
Скачать

Хеликабактериоз қоздырғышы.

Хеликобактериялар – Helicobacter туыстығына жататын бактериялар, хелибактериоздың негізгі қоздырғышы Helicobacter pylori. Кеміргіштер мен приматалардың асқазанының кілегей қабатынан бөлінеді. Көптеген ересек адамдардың асқазан кілегей қабығын мекендеп, дамыған мемлекеттердің тұрғындардың 80% кездеседі. Кейбір түрлері асқазанның және 12 елі ішектің ойық жараларын, созылмалы гастрит, асқазанның аденокарцинома мен лимфомасын тудыратын Helicobacter pylori.

Хеликобактериялар – ұсақ грам теріс бактериялар, иілген, S-тәрізді немесе сәл спиральді пішінді. Қолайсыз жағдайда морфологиясын өзгертіп, кокка тәріздіге ауысуы мүмкін. Капсула түзбейді, қозғалғыш; бір полюсында 1-6 талшығы болуы мүмкін, микроаэрофильдер. Асқазанда паразитизм жағдайында бейімделу үшін көптеген хеликобактериялар патогенді факторлар жиынтығына ие.

Хеликобактериоздардың таралу механизмі – фекальдіоралды, ластанған су және көкөністер арқылы. Асқазанды тексеру және эндоскопия жүргізген кезде таралуы мүмкін (ятрогенді ару).

Микробиологиялық диагностикасы. Бактериологиялық, серологиялық және генді-молекулярлы әдістері қолданылады.

Пайдаланылған әдебиет:

  1. Қаз.ММА-ғы ҚР медициналық жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік секциясы, Ү.Т. Арықпаева, К.Х. Алмаганбетов, Н.М. Бисенова, Ә.Ө. Байдуйсенова, Н.Б. Рахметова, Г.Д. Асемова.

  2. К. Д. Пяткин «Микробиология».

  3. Ф.К. Черкес. Руководство к практическим занятиям по микробиологическим исследованиям.

  4. К.Л. Утевский «Микробиология с техникой микробиологических исследований».

  5. А.А. Воробьев «Микробиология и иммунология».

  6. Л.Б. Борисова. Руководство к лабораторным занятиям по микробиологии.

ДӘРІС № 5

Тақырып: «Ауа-тамшы инфекциялардың қоздырғыштары. Анаэробты инфекцияның қоздырғыштары».

1. Дифтерия қоздырғышы.

Дифтерия (күл) қоздырғышы: Дифтерия Corynebacterium diphtheriae туғызатын жұқпалы ауру, ол аран, жұтқыншақ, кеңірдек т.б. мүшелерде фибринозды қабынумен және интоксикациямен сипатталады. Дифтерия қоздырғышын 1883-1884ж. Т. Клебс және Ф. Леффлер ашқан.

Таксаномиясы: Corynebacterium diphtheriae Firmicutes бөліміне, Corynebacterium туыстығына жатады.

Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. Дифтерия қоздырғышы полиморфизммен сипатталады – жіңішке, сәл иілген таяқша, кокктар тәрізді және бұтақталатын түрі бар. Бактериялар бір-біріне бұрышталып орналасады. Спора түзбейді, талшығы жоқ, көптеген штамдарында микрокапсуласы бар. C. diphtheriae-ның негізгі қасиеті: таяқшаның соңында волютин дәндерінің болуы, ол жасушалардың анилин бояуларымен біркелкі емес боялуын қамтамасыз етеді. Грам оң.

Дақылды өсіруі. C. diphtheriae – факультативті анаэроб, өсу үшін ең қолайлы температура 37°С, рН ортасы – 7,6 арнайы қоректік орталарда өседі (көбіне элективті ортада – ұйытылған сарысуда); калий теллурит пен қаннан тұратын Клауберг ортасында үш типті коллониялар өседі: ірі, сұр, шеттері түзу емес, радиалды созылған, дәстүргүл (маргаритка) гүлі тәрізді; ұсақ, қара, шығыңқы, шеттері біркелкі; екі типке де ұқсайтын колониялар. Дақылдық және ферменттік қасиетіне байланысты 3 биологиялық варианты бар C. diphtheriae: gravis, mitis, intermedius.

Ферменттік белсенділігі. Дифтерия қоздырғышының биохимиялық белсенділігі жеткілікті жоғары. Басқа ферменттермен қоса ол өзге коринебактерияларда жоқ цистиназа ферментіне ие. Mitis биоварына қарағанда gravis биовары крахмал мен гликогенді ыдыратады.

Антигендік құрылымы. Дифтерия қоздырғышының О және Н антигендерінің құрылымы негізінде 11 серологиялық варианттарын ажырытады.

Резистенттілігі. Дифтерия таяқшасы кептіруге және төменгі температураға тұрақты болады. Ойыншықтарда 15 күнге дейін, ал суда 6-20 күнге дейін сақталуы мүмкін.

Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – тасымалдаушы және ауру адамдар. Инфекция таралудың негізгі жолы – ауа-тамшы, бірақ ойыншықтар, ыдыс-аяқ, киім арқылы тұрмыстық-қатынас жолы да болуы мүмкін. Дифтерияға сезімталдық жоғары, көбінесе қоздырғышқа балалар сезімтал, бірақ соңғы жылдары аурудың «есейгені» байқалады. Ауру әсіресе күзде жиі кездеседі.

Патогенезі. Инфекцияның ену қақпасы – аран, мұрын, тыныс алу жолдары және т.б.-дың шырышты қабаттары. Ену қақпасында фибринозды қабыну байқалады, астында жатқан тіндерден қиын ажыратылатын дифтериялық қабықша түзіледі. Бактериялармен түзілетін экзотоксин қанға түседі, соның нәтижесінде токсинемия дамиды. Токсин миокард, бүйрек, бүйрекүсті безі, жүйке жүйесін зақымдайды.

Клиникалық белгілері. Орналасуы бойынша дифтерияның әртүрлі түрлері бар: аран, мұрын, көмей, көз, сыртқы жыныс мүшелері, тері, жара дифтериясы және т.б. 85-90% жағдайда аран дифтериясы байқалады. Жасырын кезеңі – 2-10 күн. Ауру дене қызуының көтерілуімен, жұту кезіндегі ауырсыну сезімі мен бадамша бездерде қабықшаның пайда болуымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен басталады. Ересек адамдарда дифтерия лакунарлы баспа түрінде өтуі мүмкін. Кішкентай балаларда әдетте аран мен мұрынға қоса патологиялық үрдіске көмей қосылады. Көмей ісінуінің нәтижесінде дифтериялық круп дамиды, ол асфексия мен өлімге әкелуі мүмкін. Токсикалық миокардит, гипофизарлы-бүйрекүсті жүйесінің жедел жетіспеушілігі, тыныс алу бұлшықеттерінің сал сияқты ауыр асқынулар өлімнің себебі болуы мүмкін.

Иммунитеті. Ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Вакцинадан кейін иммунитет (3-5 жасқа дейін) жеткілікті түрде ұзаққа созылады.

Микробиологиялық диагностикасы. Дифтерияның бактериологиялық диагностикасы үшін аран және мұрыннан материал алады. Алдын ала диагноз қою үшін бактериоскопиялық әдісті қолдану мүмкін. Бактериоскопиялық әдістің бағдарламалы маңызы бар: бірінші жағынды Леффлер сілтілі метилен көгі немесе сірке-қышқылды толуидин көгімен, ал екіншісін Грам әдісімен бояйды. Волютин дәндері метилен көгімен метахромазиялық қасиеті бойынша күңгірт-қызылға боялады (жасуша көк түске боялады). Негізгі әдіс – бактериологиялық: Клауберг II, Бучиннің хинозолды ортасына, Тинсдаль модификацияланған ортасына (цистин-теллурит-сарысу ортасы), қанды агарға, цистиназа өнімін анықтау үшін (Пизу сынамасы – «шаншу» түрінде өскен қоңыр аймақ) тығыз сарысулы ортаға (агар геліндегі преципитация) егеді. Алынған C. diphtheriae таза дақылының идентификация барысында өзге коринебактериялардан ажыратады.

Емдеуі. Емдеудің негізгі әдісі – дифтерияға қарсы антитоксикалық сарысуды жедел енгізу Сонымен қатар антибиотикотерапия жүргізеді.

Арнайы сақтандыруы. Арнайы сақтандыруы АДС (адсорбцияланған дифтерия-сіреспе анатоксині), АКДС (адсорбцияланған дифтерия-сіреспе вакцинасы) препараттарының құрамына кіретін дифтериялық анатоксинін үш айлық жастан бастап балаларға егу болып табылады. АДС-анатоксині арқылы ревакцинация тек балалық шақта ғана емес, сонымен қатар ересек адамдарда әр 10 жыл сайын жүргізіледі. Ауру адаммен қатынаста болған антитоксиқалық иммунитетінің деңгейі төмен адамдарға дифтериялық анатоксин (АД) енгізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]