Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС микроб каз.гр..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
320.76 Кб
Скачать

Ішек иерсиниозының қоздырғышы

Ішек иерсинозы – Yersinia enterocolitica тудыратын жұқпалы ауру, бұл ішек –асқазан жолының зақымдалуымен ғана емес, сонымен қатар басқа да мүшелермен жүйелердің паталогиялық процеске кіруімен және жайылымды тенденциямен сипатталады. Қоздырғышты 1939 жылы Д.Шлефстейн мен М.Колеман ашқан (1939).

Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Иерсиниоз қоздырғышы полиморфты: таяқша ұшы домаланған, сопақша, биполярлы боялады. Спора түзбейді, кейде капсуласы болады. Перитрих, тек 18 -20°С ғана қозғалады, 37°С қозғалысын жоғалтады. Кейбір штамдарда пили болуы мүмкін . Грам теріс.

Дақылды өсіру. Факультативті анаэроб. Қолайлы рН 7,2-7,4. 22-250С-та ең қолайлы температура, бұл осы микроорганизмнің ерекшелігі болып табылады. Қарапайым орталарда өседі.

Резистенттілігі. Иерсиноздар қоздырғыштары жоғары температураға, күн сәулесіне, дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал, дегенмен, төменгі температураға өте тұрақты, 15-20 °С жақсы сақталады, 4 °С көбейеді.

Эпидемиологиясы. Адам үшін инфекция көзі көбіне үй жануарлары (доңыз, сиыр, мысық ) болып келеді. Ауру механизімі –фекалды- оралды, негізгі таралу жолдары –тағамдық: ауру тіпті тоназытқышта сақталған сүт, ет, жеміс –жидек, көкеністі пайдаланғанда тууы мүмкін. Тұрмыстық- қарым - қатынас (ауру малмен адамның қатынас кезінде) және су арқылы таралуы мүмкін.

Патогенезі. Қоздырғыш ауыз арқылы ағзаға түседі де ащы ішектің төменгі бөлігінің шырышты қабығына бекіп, қабыну процесін тудырады. Кейде процеске аппендикс қатысуы мүмкін. Әлсіз адамдарда сепсис, мида, бауырда, көк бауырда екіншілікті ірінді ошақтың пайда болуымен жүретін септикопия дамиды.

Клиникалық белгілері. Ауру ауырлығы мен клиникалық белгілері бойынша әртүрлі. Гастроэнероколитикалық, аппендикулярлық, септикалық түрін ажыратады. Жасырын кезеңі 1-4 күн. Ауру жедел басталады, дене температурасы 37-38°С жоғарылайды, жалпы интоксикация белгілері пайда болады, аурудың түріне тән белгілері дамиды.

Иммунитеті. Иерсиниоз кезінде аз зерттелген.

Микробиологиялық диагностикасы. Зерттеу материалдары нәжіс, зәр, қан, жұлын–ми сұйықтығы. Диагностиканың негізгі әдісі бактериологиялық, қосымша түрде серологиялық зерттеу қолданады.

Емдеуі. Антибиотиктер дағайындайды.

Сақтандыруы. Санитарлық–гигиеналық ережелерін сақтау, әсіресе тамақты сақтау мен дайындау кезінде.

3. Кампилобактериоз қоздырғыштары.

Кампилобактериоз – Campylobacter (грек. сөзінен аударғанда кампилос – қисықғ иілген, деген мағынаны білдіреді) туыстығына жататын бактериялар тударытын жұқпалы ауру, көбіне асқорыту жолдары зақымдалуымен ерекшеленеді.

Морфологияся және тинкториальдық қасиеті. Кампилобактерия жіңішке таяқша, латынның «S» әріпіне ұқсас немесе орамдарға иілген. Спора мен капмсула түзбейді. Өте қорзғалғыш, араларында амифитрихтер, лофотрихтер кездеседі. Анилинді бояулармен нашар боялады, оларды анықтау үшін карбол қолданылады. Грам теріс.

Дақылды өсіру. Кампилобактериялар – әдетте (оттегінің төмен мөлшерінде өседі). Ортаның қолайлы температурасы 370-420С. Кампилобактерияларды өсіру үшін күрделі қоректік орталар, олар қан, аминқышқылы, тұздар, ақуыз қолданылады, орталарда ұсақ тамшы тәрізді колониялар түзеді. Өте баяу өседі.

Ферменттік белсенділігі төмен.

Резистенттілігі. Жоғары температураға сезімтал, дегенмен төмен температурада жеткілікті ұзақ сақталады – мұздатынлған еттен біренеше айға дейін бөлінуі мүмікн, бөлме температурасындағы әртүрлі заттарда 2 аптаға дейін сақталады.

Эпидемиологиясы. Бұл зоонозды ару. Инфекцияның көзі жануарлардың әртүрлі болуы мүмкін, көбінесе үй және ауылшаруашылық жанауарлары: орқояны, мысық, үйректер. Адамна адамға таралуы өте сирек. Инфекцияның таралу механизімі фекальді-оральді. Таралу жолдары тағам және су арқылы (ауру малдың етін, сүтін пайдаоанғанда). Ауру малды қарағанда тұормыстық-қатынас арқылы жұгуы м.мкін. кампилобактериозбен иммунитеті төмен адамдар, балалар, қарт адамдар, жүкті әйелдер ауырады.

Патогенез. Кампилобактериоз ағзаға ауыз арқылы, кейде жарақатталған тері арқылы түседі. Асқазанда, ащы және тоқ ішекте қабыну реакциясы пайдап болады. Бактериемия дамиды, соның нәтижесінде әлсіреген адамдарда екіншілікті қабыну ошақтары пайда болуы мүкін (менингит, энцефалит, перитонит). Жүкті әйелдерде инфекция транспланцентарлы таралуы мүкін, нәтижесінде түсікке немесе ұрықтың зақымдалуына әкеледі.

Клиникалық белгілері. Жасырын кезеңі әдетте 1-2 күнге созылады. Ауру көбінесе гастроэнтерит түрінде өтеді, жеде басталуымен, жоғарғы температурамен, іштің ауырсынуымен, жүрек айнумен, құсумен, іш өтумен (кейде қан немесе шырыш қоспаларымен) сипатталады. Ағзаның сусыздану белгілері байқалуы мүмкін. Ағымының сипатына байланысты жедел және созылмалы кампилобактериоз болап бөлінеді.

Иммунитеті. Қазіргі уақытқа дейін анықталмаған.

Микробиологиялық диагностикасы.

Бактериоскопирляқы әдіс; нәжістен жасалынған жағындыны Грам әдісімен бояп, микроскоппен зерттейді. Науқастың нәжісіндегі, қанандағы, ми-жұлын сұйықтығындағы қоздырғыштың таза дақылын бөлу үшін бактериологиялық әдәс қолданылады. Қосымша сорологиялық әдсті қолданады.

Емдеуі. Антибиотиктерді тағайындау.

Сақтандыруы. Науқастарды анықтау, жануарларды күту барысында санитарлық-гигиеналық ережені сақтау, сүт және ет тағамдарын мұқият түрде өндеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]